Телефонмен әдемі сурет түсіру жолдары
Телефонның ең ұтымды тұсының бірі адамдар өзінің қай жерде саяхаттап, демалып, ұйықтап, серуендеп немесе тамақ ішіп жатқанын камераға түсіріп, желі арқылы достарымен бөлісуге тамаша мүмкіндік сыйлауында. Әрине, барлық адам жоғарғы сапада не керемет түсірілген суреттер сала бермейді. Өйткені, фотоға түсіру ережелерін білмейтін жан үшін бастысы – суретте өз келбеті қалай көрінуі. Кейде өз телефоныңыздың камерасы ойдағыдай фото түсірмей, көңіліңізді түсіруі мүмкін. Өйткені кәсіпқой фотоаппарат болмағасын, сапалы суреттің ауылы алыста қалады.
Бірақ, телефоныңыздың камерасы сіз ойлағаннан да зор мүмкіндікке ие екенін білесіз бе? Ол үшін қарапайым тұрмыста пайдаланатын заттар ғана қажет. Ендеше жақсылап жайғасып, пайдалы кеңестерге зер салыңыз.
Түнгі мезгілде мүлдем өзге көрініс түсіруге болады. Ол үшін картон қағазы немесе пластикке арнайы фигуралар ойып, сол материалмен камера бетін жабасыз. Түнгі көшенің жарығы қағазға түсіп, тек сіз ойған фигура ғана анық көрінеді. Мысалы, мына суретте, қағазға кішкене адамдар бейнесі ойып салынған, қағаздың бүтін жеріне түскен жарық арқылы айналасына бұлыңғыр бейне беріледі.
Кейде кішкентай нәрселерді фотоға түсіру қиынға соғады. Себебі сіздің телефоныңыздың камерасы мұндай суреттерге арналмаған. Бірақ, сіз енді кішкентай заттардың өзін ойдағыдай түсіруге мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін қыздардың шаш безендіргіші мен линазның кішкентай бөлігі ғана қажет немесе кез келген линзаны камера тұсына қойсаңыз болады.
Камераның сапасыз суреттерін өңдеп шаршаған жандар арнайы жасалған түрлі қондырғыларды пайдаланады. Телефоныңыздың камерасына капрон колготкидің кішкене қиындысын қойып не телефонды капрон ішіне салып түсірсеңіз, керемет суреттің куәгері боласыз.
Камераның обьективіне бір тамшы су тамызсаңыз, керемет үлкен фото түсіре аласыз. Суды қолданарда абай болыңыз, камераңызға зақым келтіріп алмас үшін медициналық ине (укол) пайдаланғаныңыз дұрыс.
Күнделікті тұтынып жүрген күннен қорғайтын көзілдірігіңіз фото түсіру кезінде де пайдаға асады. Жарық күнде керемет жерге барып суретке түсуге қиналсаңыз көзәйнек пайдаланыңыз. Егер «балықтың көзі» деп аталатын әсерлі фотоға ие болғыңыз келсе, көзі алысты нашар көретіндерге арнлаған көзілдірікті пайдалансаңыз болады.
Түрлі үсті пластикалық қабықшалар да суреттің түсін өзгерту мақсатында кәдеге жарайды. Әр түрлі түстің қиындыларын қалтаңызға салып жүрсеңіз, болашақта пайдасы көп болмақ.
Бір сөзбен айтқанда, телефонның камерасы тым жарық жерлерде сапалы сурет түсіре алмайды. Себебі оның дайындығы қалыпты болып келеді. Ал, сізге мұндай фотолар керек емес екенін өзіңіз де жақсы білесіз. Сондықтан мүмкіндігіңіз барда бағыңызды сынап көріңіз. Тәжірибе жүзінде пайдаланып, ойыңызды пікір ретінде қалдырсаңыз болады. Іске сәт.
Дереккөз: Reactor
reactor.inform.kz