Техно шолу: Huawei Mate 20 Pro

0

Техно шолу: Huawei Mate 20 Pro

Huawei компаниясы Mate сериясының ең соңғы флагманы Huawei Mate 20 Pro смартфонын таныстырды. Презентациядан кейін «Бұл – жылдың басты флагманы және қанша жоғары бағаланса да жарасады» сыңайлы пікір көп болды. Ендеше смартфонды қандай қабілеттері үздік етіп тұр?

Huawei Mate 20 Pro – 7 нанометрлі чип орнатылған Kirin 980 процессоры бар тұңғыш смартфон. Бұл смартфонның қуатты әрі үнемді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Дәстүрлі Leica камералары 40/20/8 мегапиксельде оптикалық стабилизатормен жұмыс істейді, сондай-ақ кең апертураға ие (f/2.4 & f/2.2 & f/1.8).

Mate 20 Pro ең соңғы шыққан Android 9 Pie оперативті жүйесі негізінде жұмыс істейді. Батарея қуаттылығы – сағатына 4200 мА. Ішкі жады – 128 GB [+NanoSD 256 GB], жедел жады – 6 GB.

Kirin 980 процессорының арқасында смартфонның автономды мүмкіндігі едәуір артқан.

Смартфонның қабілеті мұнымен бітпейді. Назарыңызға Huawei компаниясының 2018 жылы шығарған басты флагманына жасаған шолуымызды ұсынамыз.