Тауық биікте қонақтаса, жаңбыр болады, қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады
Ұлы Дала елі
АУА РАЙЫН БОЛЖАУ ХАҚЫНДА
Әлбетте, халқымыз табиғат тылсымын бағзы заманнан — ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс — тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Солардың бірі халықтың ауа райын болжау тәсілдері еді. Жазы — қысы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі һәм құпиясын терең білгендігі сондай: айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тауып, құс, жан — жануар, құрт — құмырсқа тіршілігіне зер салып ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған. Ендеше қазақтардың ауа райын болжаудағы, халық даналығын жадына ұстаған ата — бабаларымыз қалыптастырған, қағидалары һәм тәсілдеріне аз — кем тоқталайық.
Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа — райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрсып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны.
*Мысық керіліп ұйқыға берілсе, онда ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады.
*Тауық биікте қонақтаса, жаңбыр болады. Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады.
*Тауық жерге аунап, қанатын қағып тазалана бастаса, жаңбыр жауады.
*Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни жаңбыр ұзаққа созылады.
*Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады. Жаңбырлы күндері әтеш таң ата шақырса, күн ашылады деген сөз.
*Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе, аяз сынады.
*Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады; аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады немесе боран болады.
*Қаз бен үйректер суға шомылып, қиқулап, қанаттарын қомдап мазасыздана бастаса, ауа райы бұзылады.
*Қызылқаз (қоқиқаз) былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа, жазда құрғақшылық болады. Егер ескі ұяны жөндеп, биіктететін болса, жаз жаңбырлы болады.
*Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауынды — шашынды болады.
*Далада көкектің «ку — ку» деген даусын жиі естісеңіз, алдағы күндер ашық болады.
*Шағалалар өзен, теңіз бетінде ұшып жүрсе, күн ашық болады; егер жиекте жүрсе, күннің бұзылатындығының белгісі.
*Бозторғай ән салса, күн ашық; өзі көрінсе де үнсіз жүрсе, жауын жауады.
*Қарлығаштар аспанда самғап, биіктеп ұшса, күн ашық; төмендеп ұшса, жаңбыр жауып, жел болады.
*Қатты жел, дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп мазасыздана бастайды.
*Құмырсқалар илеуін құрғақ жерге салса, жауын; дымқыл жерлерге салса, жаздағы құрғақшылықтың белгісі.
*Егер құмырсқалар илеуінің аузын бекітіп алса, ұзақ жаңбыр болады.
*Құмырсқалар илеуін биіктеу жерге салса, су тасқыны болады немесе қатты жауын жауып, су деңгейі көтеріледі.
*Қара қоңыз тығылатын жер іздей бастаса, көп ұзамай жаңбыр жауады.
*Бал аралары топтанып шырын жинауға аттанса, күн ашық; егер ұясынан ұзамаса, ауа райында өзгеріс болады.
*Егер ара жұмысын ерте бастап, кеш аяқтаса, жауын — шашын ұзаққа созылады. Ал ұяларынан шықпай, ызыңдап отырып алса, көп ұзамай жаңбыр жауады. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі