Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік бағдарлама

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік бағдарлама

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 10 сынып

Келісемін БекітемінДиректордың оқу Мектеп директоры: жұмысы жөніндегі М.Б.Сахова орынбасары: Б.Абдуллаева

№ 60 жалпы орма мектепкоммуналдық мемлекеттік мекемесінің

«Тәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші!» атты тарих, география пәндер бірлестігінің жабылу салтанатының бағдарламасы

Жауапты: тарих, география әдістемелік бірлестігі

«Тәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші!» атты тарих, география пәндер бірлестігінің жабылу салтанатының бағдарламасы

Қыздардың орындауында би. «Шашу»1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ұстаздар, оқушылар! 2-жүргізуші:  Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші!» атты мерекелік іс- шараға қош келдіңіздер!« Ұлы даланың ұлылары» массовкаЖерім деп жылап, елім деп еңіреген ең қамқоршы хандар: (Керей мен Жәнібек )Тәуелсіздік жаршылары, қазақтың атақты да айбарлы хандары мен батырлары; (Абылай, Кенесары, Бөгенбай)ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов, ұлы ақыны Абай, ағартушы педагогі Ыбырай Алтынсарин.Қазақ елінін бір тудың астына жинап,Біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен Алаш зиялылары:(Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы)Желтоқсан құрбандары. Сахнаға көңілді балалар шығады. 1-жүргізуші: Бабадан қалып жеткен көрегендік, Еркіндік жастығында өлең өрдік. Арқалап аманатын келіп жеткен, Мәңгілік, құтты болсын егемендік! Оқушы:Тәуелсіздік таңын сүйем,Таңмен бірге келді ме өлең.Көк туына басымды ием,Көгімізде желбіреген.Аласармас асқарым да, Күнмен гүлдеп ел өседі.Қазақстан аспанындаБостандықтың желі еседі.Әнді алысқа жеткіземіз,Көкке елдің туы ілінді.Жылда той ғып өткіземіз,Тәуелсіздік Ұлы күнді.Оқушы: Маған қымбат Ұлы елімнің, Шешек атқан әр гүлі.Аялайды бәрімізді,Азаттықтың таң нұры.Сарыарқаның даласына,Күн шуағын төккен күн.Бостандығым тұңғыш рет,Ақ қанатын қаққан күн.

Айша: Қазақ елі қымбатты,Көлеңкелеп таң атты.Желтоқсанда мерт болғанҚұлындарың үн қатты.Аман ба екен анашым,Берген өмір баласын,Ботасынан айрылып,Алған өмір жарасын.Сұлу арман қуған жер,Кіндігімді қиған жер.Аман ба екен біздің жақ,Еркелеткен туған жер.Біздер өткен алаң-ай,

Сол алаңға барам-ай!Қан төгілген ол жерлергеГүл шоқтарын қоям-ай!Біз үмітпен келгенбіз,Әділ баға берді ме?Адалдығын қызыныңЖан анашым сезді ме?Жас денемді тас етіп,Мен жатырмын мұз бүгіп.Суық екен қара жер,Жылытшы ана бір келіп.

Алтынбеков Қанаттың Тәуелсіздікке арнаған арнауы 9 а сынып оқушысы Айтжан Қарашаш «Шіркін -ай» әнін орындайды 6 сыныптың қыздарының «Наурыз» биі 8 ә сынып оқушысы Данай Ханзаданың орындауында ән «Рухты ару« 6 ә сынып оқушысы Нығмет Мадинаның әні «Көкке өрле»1 — жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағынаЖас өрендер желбіретіп нық ұстаҒасырларға жалғастырып елдіктіДақ түсірме ата баба рухынаҮлгі бізге аталардың ерлігіҰлағаты өнегесі еңбегіТәуелсіздік туын ұстап жоғарыБүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 2 — жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын!1 — жүргізуші: Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Мөлдір Бекбосынқызы Саховаға береміз.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.