Тарих, болашақ, бүгін, кешегі кезең, Нұрсұлтан Назарбаев сөздері тарих жайлы
Ахмет Байтұрсынұлы
Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.
Ахмет Байтұрсынұлы
Қазіргі тарихта инабатты әрі сұлу, бірақ жүрегінен айрылған жаңа әйелдердің тобы пайда болды.
Михаил Лермонтов
Әлем тарихы — бұл ұлы адамдардың өмірбаяны.
Томас Карлайл
Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі және ол өнегелер — адамдарды алға жетелейтін жарығы мол шамшырақтардың бірі.
Виктор Гюго
Тәуелсiздiгiн жаңадан алған елдердiң көптеген ғасырлық тарихы бар немесе тәуелсiздiгiн елу жыл бұрын алғандарға қарағанда өзiнiң саяси инфрақұрылымында, саяси дәстүрi мен мәдениетiнде төзiмдiлiк сапасы төмендеу екенiн естен шығармаған жөн.
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзiнiң егемендiгi мен тәуелсiздiгi үшiн күресiп келдi. Өзiнiң ең жақсы қасиеттерiнiң: қатер төнген сәтте бiрiгiп, ұйымдаса бiлуiнiң, сондай — ақ басқа халықтармен бейбiтшiлiк, келiсiм мен тату көршiлiк жағдайында тұруға деген ынта — ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзiнiң мемлекеттiгiн қалпына келтiре алды.
Нұрсұлтан Назарбаев
Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.
Әлихан Бөкейханов
Тәуелсiздiктiң бiздiң бәрiмiзге артар мiндетi мол. Ендi еңселi ел болудың жолына шындап түсуiмiз керек. Әулетiмiздiң асуы да, дәулетiмiздiң тасуы да өз қолымызда. Тарих көшi ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елiмiзде дәулеттi де сәулеттi өмiр орнайтынына кәмiл сенемiн.
Нұрсұлтан Назарбаев
Бiз Тәуелсiздiктi ұлтты сақтау мен өркендетудiң түп негiзi ретiнде, аса ұлы құндылық ретiнде қарастырамыз. Ол мемлекеттiлiктi қалпына келтiрудiң, дербес дамуға деген қабiлеттi дәлелдеудiң және өткен кезеңдерде қордаланған проблемаларды еңсерудiң тарихи мүмкiндiгiн бердi.
Нұрсұлтан Назарбаев
Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтей ақша алса — сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді.
Әлихан Бөкейханов
Еуропа тарихпен құрылды. Америка философиямен құрылды.
Маргарет Тэтчер
Төңкеріс тирандарды орнынан алып тастаған емес, асылы, бір тиранның екіншісімен ауысуына мүмкіндік берген.
Бернард Шоу
Газета — өркениеттің жойылуы мен велосипедтен құлаудың айырымын білмейтін баспасөз органы.
Бернард Шоу
Тарих — біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы.
Мигель де Сервантес
Тарихшы ғылыми жаттандылық біткеннің бәріне күмәнмен қарағаны жөн.
Олжас Сүлейменов
Жылнамаларда халық тарихының тек драмалық сәттері, соғыстар ғана қамтылады. Бейбітшілік тарих жадында ұзақ сақталмайды.
Олжас Сүлейменов
Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші, яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі.
Сарсен Аманжолов
Тарих дегеніміз – бір халықтың тек қана еркіндікке қарай ұмтылысының тарихы ғана емес, сол халықтың тәрбиесінің де тарихы.
Жозеф Ренан
Тіл — жазғыштардың тәлкегінен аман қалған тарихи ақпараттың ең бай резервуары.
Олжас Сүлейменов
Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп — тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата — бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.
Шерхан Мұртаза
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.
Мағжан Жұмабаев
Өзіңді — өзің тану тәрізді, тарихты танып — білу де — қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол — болмай қоймайтын жоғалтулар мұңын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол ашады.
Олжас Сүлейменов
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата — бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Бауыржан Момышұлы
Бүгінгі күнді түсініп — түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек.
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақ даласында не көп — бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ.
Шоқан Уәлиханов
Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп, еріне медет бола алады. Қорлана бермей, арлана білейік. Намыстың сөзін сөйлейік.
Әбіш Кекілбаев
Елді ояту үшін, тарихты ояту керек.
Мырзатай Жолдасбеков
Сөздік – тарихи мәліметтердің қайнар көзі.
Олжас Сүлейменов
Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді.
Махатма Ганди
Ғұсмания түркі тарихы бойынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы ауа райы, жері келісті Еуропаға барып, мал бағуды қойып, өзге шаруаға айналып отыр.
Әлихан Бөкейханов
Жазба деректерге көзсіз сену – тарихнаманың ғылымнан айырмашылығы осында жатыр.
Олжас Сүлейменов
Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған.
Бауыржан Момышұлы
Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туадығына көзі жетпейді.
Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Дереккөз: http://bilimsite.kz/