Тәрбие тал бесіктен

0
Тәрбие тал бесіктен

 

Автор: Тажибаева Жанар Женисбаевна

 

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Мақала Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

 

Жарияланған уақыты: 2019-01-05

 

Материал туралы қысқаша түсінік


Әр мамандықтың өз қиындығы бар,өз қызығы бар.Менің таңдаған –мамандығым тәрбиеші.Тәрбиеші болу қиын да күрделі жәнеи жауапты мамандық.Қәзіргі сәтте мен Алатау ауданындағы МКҚК №164 бөбекжай балабақшасында жұмысқа орналастым.Осы салада жұмыс тәжрибем мүлдем болмаған,сондықтан осындай жауапкершілігі мол жұмысқа мені қабылдағанда ,кеудемде қорқыныш сезімі болғаны рас.Мен ересек «ботақан» тобына тәрбиеші болып бардым.Жас маман болғандықтан басында қиыншылықтарым болды.Бірақ тәжрибелі,еңбек өтілі бар тәрбиеші Түстікбаева Клара Өмірақынқызы маған әрқашан бар білгенін айтып көмектесіп отырды.Қәзіргі уақытта менде басқа тәрбиешілер сияқты,балаларды ақылдылыққа,адамгершілікке,кішіпейілділікке,еңбекқорлыққа, тәртіпке,қашанда алды да жүруге тәрбиелеп келемін.Бүлдіршіндермен жұмыс істеу үлкен бақыт екенін тәрбиеші болып жүріп түсіндім.Күнделікті балабақшаға келгенімде алдымнан балалардың «Сәлеметсізбе апай» деп жүгіріп кеп құшақтағанда жүрегің елжіреп,бір сергіп түсесің.Әрқайсысы әр үйдің еркесі,тентегі,жалғызы.Қаншама тырыссаңда тәрбиеге көнбейтін қиын балалар кездеседі.Осындай жағдайда тәрбиеші жұмысының алға басуы,оның шеберлігіне байланысты екенін түсіндім.Балабақшаға тәрбиеші болып келгелі күз мезгіліне арнап «Алтын күз» ертеңгілігі,ашық оқу қызметі шығармашылық саласында оригами тәсілімен «Құстар әлемі»тақырыбында өткізілді,1-ші желтоқсан Призидент күніне арнап «Елін сүйген –елбасы»ертеңгілігін өткіздік.Барлығы ойдағыдай өтіп балаларымыз белсенді қатысты.Тақпақтарын айтып ,би биледі.Бізге ата-аналарымыздың алғысы шексіз болды.Осындай ата аналардың тәрбиешілерге айтылған жылы сөздерді естудің өзі бір ғанибет екен.Ұлы ғұлама әл-Фараби айтқандай «Адамға ең алдымен тәрбие беру керек,тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы»деген.Сондықтан бүлдіршіндердің тәрбиелі,білімді,ұлтжанды,халқын сүйетін азамат пен азаматша болып өсуіне еңбек етемін.Біздің балабақшамыз маған өте ұнайды,басшымыз Шаметова Галия Асқарқызы,Әдіскеріміз Рысқулова Ботакөз Нұрамбекқызы өте парасатты,еңбекқор,әділ жандар.Әрқашан өз іскерлік тәжірибесімен бөлісіп,ақылдарын айтып отырады.Ұжымымызда өте ұйымшыл,әріптестерімде білімді,мейірімді жандар,бір-біріміз бен өз-ара тәжірибе алмасып тұрамыз.Осындай балабақшаға тәрбиеші болып істегеніме мақтанамын және МКҚК №164бөбекжай балабақшасына ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін.

Тәрбиеші Тажибаева Жанар енисбайқызы 87778175767

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.