Тәрбие сағаты: Желтоқсан жаңғырығы.

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тәрбие сағаты: Желтоқсан жаңғырығы.

Автор: Орынбаева Базаркул Есиркеповна

Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 5 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-02


Материал туралы қысқаша түсінік

«Желтоқсан жаңғырығы»тақырыбындағы тәрбие сағатын 2018жыл,14 желтоқсан жұлдызында Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы,Қазығұрт елді мекені,Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде,5Г сыныбында өттім.Әр апта сайын сынып жетекші болғандықтан әр тақырыпта,жоспар бойынша тәрбие сағатын өткізіп отырамын.Бұл тәрбие сағатын өткенде оқушыларды Отансүйгіштікке,ұлтжанды болуға тәрбиелеу мақсатында сол 1986 жылы болған желтоқсан қырғыны туралы,ол кезде өзім Жезқазған қаласында педагогикалық институтта 3курс студенті болғанымды,көтеріліс сол қалада болғанын,Жезқазған қаласының оқу орындары студенттері мен жұмысшы жастар жиналып,біз оқып жатқан пед.институт алдына топ болып,лозунг,плакаттар ұстап келгені туралы,біздерді қамап далаға шығармай қойғанын,сол топтарды ұстап,жоқ қылып жібергені туралы әңгімелеп бердім.Желтоқсан жаңғырығы тек Алматыда ғана емес,Қазақстанның басқа қалаларында да болғанын,оны жымын білдірмей басып тастағаны туралы айттым.




Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы,Қазығұрт елді мекені,Т.Рысқұлов мектеп-лицейі 14 12 2018 жыл Тәрбие сағатының тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы.5г сыныбыСынып жетекшісі. Орынбаева Базаркүл ЕсиркеповнаМақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыраотырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бентарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;Көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат,нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына,желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.