Тәрбие сағаты «Тілашар» МАД сынып

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тәрбие сағаты «Тілашар» МАД сынып

Автор: Айхан Кулимхан

Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2018-12-25


Материал туралы қысқаша түсінік

Мектеп алды даярлық тобының»Тілашар» атты тәрбие сағатын өткіздім. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің жыл бойы үйренгендерін ортаға салып,ата-аналарына көрсеттім.Бүлдіршіндер көптен үйренген алған білімдерімен қоса өз өнерлерін де көрсетті.Бүлдіршіндер көпшілік ортада өздерін қалай ұстау керектігін үйренді.Сонымен қоса тақпақ айту мәнері,өлең айту,билеу ережелерін үйретіп отырдым.Бүлдіршіндер өте қызығушылықпен қатысты. Ата-аналары да,риза болып қуанып өз лебіздерін,алғыстарын,айтып қуаныштарын білдірді.




Тақырыбы: «Тілашар»Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру.Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер.Барысы:Мұғалім: Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер мектеп алды даярлық тобының тілашар мерекесінің куәгері болып отырсыздар. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер. Мұғалім: Қуаныш бүгін мереке,Шуағын шашып тұр әлем,Тілашарға келген қуанып,Бәрі бірге: Қонақтарға мың сәлем!Данияр Еркеңіздің мойнына,Ақ жағасы жарасар.Кел, келіңіз тойыма,Тойымның аты – тілашар.Мектебіміздің директоры Фаткулина Шолпан Мұратқызына сөз беріледі.Данияр Алты жасқа біздей толған баланы,Мектеп ана құшағына алады.Ата-ана қуаныңыз шаттанып, Шәкірт болып міне бүгін балаңыз.Айсамал Таудай биік талабым,Оттай лаулап жанамын.Салт-санасын сақтаймын,Дала менен қаланың,Мен мектепке барамын.Жанниет Қолға кітап аламын,Маржан сүзіп табамын.Жарқыратып кеудеме,Жұлдыз етіп тағамын.Мен мектепке барамын.Жанел Оқуды көп ойлаймыз,Қызығына тоймаймыз.Әріптерді үйреніп,Өлең айтып, би билепӨнерден де қалмаймыз.Ержан Мектеп — үлкен бағдаршам.Ұстаз — шырақ ұстаушы.Екеуі де аңғарсақ,Бағыт жолын нұсқаушы.Диас Еркесімін атамның,Еркесімін анамның.Толып биыл алтығаМен оқушы атандым.Арқама сөмке асынаМектепке барам асыға.

  • Ән. Хор: «Біз бақытты балдырған».

Айда Мектеп деген жақсы екенҚызығы мол думанды.Жақсы көрем бәрінен,Әдемілеп жазғанды.Ү. Нұркен Алты жасқа жеткенім,Еркеліктен кеткенім.Кітабымды қолтықтап,Мектебіме жеткенім.Әліппеден әріп танып,Алғаш рет оқимыз.Тәрбиеден тәлім алып,Санамызға тоқимыз.Мадина Өмірімнің көктемін,Сенде өткізем деп келдім,Алтын ұям – мектебім!Оқып ғылым-білімін,Ой аламын деп келдім,Оттан ыстық мектебім!Шұғыла Ойыншық қалды жайында,Әріптер бөлді көңілді.Тәбетім жоқ ойынға,Сезінем үлкен өзімді.Қуыршақты тастадым,Уақыт жоқ қой ойынға.Әріпті құрай бастадым,Сөздерді тізіп қоюға.Гүлназ Әжептеуір бойым да,Сабақ қана ойымда.Оны ұқпас інім тек,Шақырады ойынға.Дейді «Жел боп есейік»Қайдан білсін ол менің,Кеткенімді есейіп.Медеу Кіп-кішкентай баламын,Алтыдан асып барамын.Сөмке алып мойнымаМектепке мен барамын.Озат оқушы боламын,Жақсы баға аламын.Таудай үлкен талабым,Содан жақсы сабағым.2.Қыздар тобы. «Бипыл». Балалар, сауат ашудан алған білімдерімізді тексеріп көрейік.І тапсырма. Сауат ашу.-Дыбыс деген не?-Әріп деген не?-Дыбыстар нешеге бөлінеді?-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?Жарайсыңдар балалар!Алмат: Ұстаздарды мақтаймын,Сенімдерін ақтаймын.Біздікіндей мектептіӘлем шарлап таппаймын.Тақпағымды жаттаймын,Сабағымды баптаймын.Біздікіндей мектептіЕшбір жерден таппаймын.Нұрсила Алтыға толдым биыл мен,Оқушы болып киінем.Арқама сөмке асынаМектепке барам асыға.Шохан Өсіп оймен санамыз, Өмірге жол саламыз. Білім қуған баламыз, Біз оқушы боламыз.Айткүл Қуантуға елімді,Қуантуға жерімді,Білім жиып өсемін.Төгіп адал терімді, Мен мектепке барамын.Ерасыл Мектебіңді құрметте,Бесік болып тербеткен. Өзің де,жет құрметке, Азаматсың ер жеткен.Тұрар Тану үшін бабаңды,Тану үшін анаңды, Тану үшін ғаламды, Мектеп керек адамға. Қуан шаттан алақай,Қуанатын күн бүгін.Бұл қуаныш себебін, Бізге қарап ұғарсың.Ер жетті деп бөбегім,Ата-анамыз қуансың.3.Көрініс. «Амандасу салты»4. Би. «Флешмоб». Енді балалар біз математикадан алған білімімізді тексерейік.ІІ тапсырма. Математика.Айда Бір дегенім- бесік,Шықтың содан өсіп.Медеу Екі деген- елім,Далам, тауым, көгім.Мадина Үш дегенім- үміт,Үміт артар жігіт.Ерасыл Төрт дегенім- төзім,Төзе білем өзім.Шұғыла Бес дегенім- бақыт,Бағалайтын уақыт.Алмат Алты деген- ақыл,Тыңдағаның мақұл.Айсамал Жеті деген –жалау,Жүректегі алау.Мағжан Сегіз деген- сөзің,Серт беретін кезің.Жанел Тоғыз деген- тоқтау,Елдің жоғын жоқтау.Диас Он дегенім- Отан,Қорға соны, ботам!Жұмбақ есеп:Бес алманың екеуін,Досың сұрап алады.Айтшы сонда нешеуі,Өз қолында қалады? (3 алма)Сенде болды 3 алма,Досың берді 2 алма.Айтшы, кәне балалар,Болды сонда неше алма? (5 алма)Жарайсыңдар балалар!МағжанАқылшым-асыл ұстазым, Жолымды айқын нұсқадың.Қасыма кеп қанша сен,Қамқор боп қалам ұстадың.ДулатМұғалімді анамдай жақсы көрем,Қиналамын қымбат теңеу таба алмай,Өз баласын тастап кетіп үйіне,Ел баласын оқытады ,ой Алла-ай.АқгүлМұғалімді жақсы көрем сезімтал,Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.Мұғалімнің мұғалімін танимын,Көкіректе көретұғын көзі бар.ЖандаулетҰмтылайық Отан деп,Оу,балалар жараңдар.Көк туымыз желбіреп,Аспанда тұр,қараңдар.Тәуелсіз бұл Отанның,Біз бақытты ұрпағы.Ендеше біз болайық,Өрге шапқан тұлпары.НұрболОтан-ыстық ұямыз,Жүректе Отан тұрады.Отан-маған пәк ана ,Мен Отанның ұланы.А. ЕржанАна тілің-арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте!5.Қыздар тобы. Би. «Шөжелерім»МейіржанҰстаздарға мың алғыс,Алғысымыз көп біздің.Асыл анам-мектебім,Үйреткені- адалдық,Ұсынғаны-адамдық,Текті мінез даналық,Бар ұстазға тілейміз,Бақыт ,табыс, амандық!Н.Нүркен Өмірімнің көктемін,Сен де, өткізем деп келдім.Алтын ұям-мектебім!Армандарым көп менің ,Атқарамын деп келдім.Асыл анам-мектебім!Оқып ғылым тектерін,Ой аламын деп келдім.Оттан ыстық –мектебім!6. Би. «Вальс»Ендеше балалар, қоршаған ортадан алған білімімізді тексеріп көрейік.ІІІ тапсырма. Қоршаған орта.-Біздің Отанымыз қалай аталады?-ҚР-ның рәміздерін ата?-Туымыздың түсі қандай?-Қазақстанның астанасы қай қала? Жарайсыңдар балалар!Ұлдар тобы. «Жастар биі».Хор. «Әрқашан күн сөнбесін!»Ендігі сөз кезегі ата-аналарға беріледі.Құрметті оқушылар! «Оқушы» деген атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті оқушы болады деп сенім білдіремін.Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.