Тәрбие сағаты Қош бол,даярлығым»

0
181







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тәрбие сағаты Қош бол,даярлығым»

Автор: Бултекова Айшат Әлімбайқызы

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2018-12-27


Материал туралы қысқаша түсінік

ұстаздарға қажет




Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.Әдісі: Ертеңгілік.Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойнап тұрады. )Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлыққа мың алғыс атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Өтті қызық көп күндер,Алты жасқа жеттіңдер.Барасыңдар мектепке,Бір белестен өттіңдер.Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп, ән де бүгін шырқалар. Қош келіпсіз,құрметті ата-аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз бақытты балғын шақты балалар. Өсті ақыл ойымыз, Өсті міне бойымыз. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойымыз. Мен қайырымды баламын, Тек жақсылық ойлаймын. Кішілерге қамқормын, Біріншіге дайынмын. Мектеп қамқор анамыз, Оқып білім аламыз. Өнерпаз боп өсетін Біз оқушы боламыз. Қуан,шаттан алақай, Қуанатын күн бүгін. Даярлықты қимай біз, Қоштасатын күн бүгін. Қызық күндер өткіздік, Даярлық тобында. Көп оқыдық,көп білдік Ел мен отан жайында. Баулап,баптап өсірдіңіз, Бұзықтық етсек кешірдіңіз. Ұмытпаймыз сөзіңізді, Ұмытпаймыз өзіңізді. Міне мен де үлкен болдым Жасым толды алтыға Кітаптағы ертектерді Енді оқимын шетінен Ботақандай бөбек деп, Еркелеткен ұлқызын. Анамызды ерекше Қуантамыз біз бүгін! Ана тілін ардақтап, Ата салтын біз көрдік. Сурет салып,ән жаттап, Оқып, жазып үйрендік. Тәрбие берген ұямыз Тәртіпті бала боламыз Қоштасып даярлық топпенен Біріншіге барамыз Нағыз білім ырыс бақ, Дүниені тұр ұстап. Енді біздер сабаққа, Кірісеміз дұрыстап. Қош даярлық тобымыз, Ардақтаймыз атыңды. Ізгіліктің басы боп, Мені мектеп шақырды. Қорытынды Құрметті осы мерекеге жиналған атааналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, атааналар сіздерден ақ бата сұраймыз.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.