тәрбие сағаты «Мейірімге толы жүрек» 4 сынып
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
тәрбие сағаты «Мейірімге толы жүрек» 4 сынып
Автор: Абдирова Минзада Турегельдиевна
Бағыты: Əлеуметтік педагог Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-07
Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогке қайырымдылық туралы сабақтарда қажетті
- Қамқорлық жасауға жетелеу
- Мейірімділікке тәрбиелеу.
- Көрнекі құралдар: тауық пен балапандардың суреті, үнтаспа, дәптер, оқулық.
Шаттық шеңбері-Балалар , қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған баланың сол қолын қысайық) бір-біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік.Мұғалім: — Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?-Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?Мәтінмен жұмысМаржан мен жауқазын З.Мейірханова Маржан бала кезінен табиғатты және оның байлықтарын сүйіп өсті. Ата-бабасынан берілген қасиет шығар , атасы Есқалиды ауылдастары Мичуриннің ізбасары дейтін. Бірде Маржан серуендеп жүріп, бір жылаған дауысқа құлағын түрді. Абайласа, аяғының астындағы тастың қуысынан естіледі. Барлық күш-жігерін салып, тасты көтеріп еді, тастың астында қылтиып өсіп келе жатқан жауқазын гүлі, жапырақтары бүрісіп қалыпты, күлтесі де мыжылған. Маржан тасты көтеріп қалған сәтте-ақ, жауқазын «ух» деп тыныстады:-Мұндай жағдайға қалай тап болдың, айтшы?Жауқазын әлсіз де нәзік даусымен мән-жайды түсіндіре бастады. -Күз айының аяқ кезінде мына тас маған пана болам деп уәде беріп еді. Міне, аяғы қандай жағдайға душар болдым. Тасты алысырақ алып тастап, жауқазынның бүрісіп қалған жапырақтарын жөндеп, топырағын қопсытып, су құйды.-Жауқазын, сен налыма, менің жауқызынымсың, саған қамқоршы боламын,- деді.
- Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?
- Тас пен Маржанның іс-әрекеттерінен қандай айырмашылық байқадыңдар?
Тапсырма-Суреттерге қараңдар. Тал мен мысыққа , үлкен кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айтыңдар.Балалардың жауаптары тыңдалады.Тыныштық сәті-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.Жаңа ақпаратМұғалім: Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.Ойын-жаттығу «Көмек»Балапандарынан адасып қалған тауыққа көмектесу үшін балапандар суретінің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап беріледі. Тапсырма үлгілері:-Сен досыңмен көлге шомылуға бардың. Кенет досыңның «құтқар» деген дауысын естідің. Сен не істер едің?-Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапанды көрдің. Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?-Әр адамның жүрегі мейірімді де қайырымды болу үшін не істеу керек?Дәптермен жұмыс1-тапсырма: Өздеріңнің жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар.2-тапсырма: Суреттегі бос торкөздерге «Ана деген кім?» сұрағына жауаптар жазыңдар.Оқушылар орындап болған соң оқып береді.Жүректен-жүреккеОқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлері мен білімдерін өлең жолдары арқылы білдіреді. Оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.
Қайырымды жандар айнала,Шеңберге келсін жайлана.Жалықпастан қайта біз,Махаббат сөзін айтамыз.Сүйеміз барлық ананы, Жүрегім оттай жанады.Бақыттымыз осы біз,Қасымызда досымыз.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.