Тәрбие сағаты «Дос және достық»

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 4 сынып

Достықтың қадірін ұғындыру мақсатында өткізілген.

Тақырыбы: «Дос және Достық»Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.Пайдаланылатын көрнектілер:Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер, видеопроектор.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. «Дос және достық» тәрбие сағаты.Ән тыңдау «Достарым»ІІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары

  • Дос деген кім?

Сыр бөлісетін адамМені өте жақсы түсінетін адамКөмекке әрдайым дайын адамҚандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адамСенімді адам2.Достық дегенді қалай түсінеміз не?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)1— жауап:Адамдар арасындағы байланыс 2-жауап: Достықты шеңберге теңедім3-жауап: Жүрек 4-жауап : Гүл

3.Досың бар ма? Ол кім?4. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?5. Достық жасқа байланысты ма?6. Қыз бала мен ер балавның арасында достық бола ма?7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?9. Дос қандай болу керек?Адал жомарт адамгершілігі мол қарапайым мейірімді Дос кешірімді төзімді ақылды сабырлы салмақты кек сақтамау ашықтық бүкпесіздікДостықӘйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

Достықтықтың екі түрі болады. Бірі — адал достық, екіншісі – амал достық.«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа болады, — деп жауап береді екен.Оқушылардың пікірлері тыңдалады.IV. «Сөйлемді аяқта» тренингіЕкі топқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені …Ә) Сыйластық бар жерде …V. Жағдаяттан шығу.«Достық» және «Сыйластық» топтары1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?Y. «Мінездеме беру» тренингіҚазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіәңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.Тірек сөздер:Адал арамжомарт өз қамын ойлайтынадамгершілігі мол кекшілқарапайым сөзге түсінбейтінмейірімді жалқаукешірімді тәккапартөзімді қаталақылды мейірімсізсабырлы сараңсалмақты қызғаншақкек сақтамау тұйықашықтықбүкпесіздік«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейікYІ.Мақалды жалғастыр1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».3. «Жаңылмайтын … жоқ, сүрінбейтін тұяқ …….».4. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».5. «……….ақшаң болғанша, көп досың …».6. «Досы көппен …. ,Досы жоқпен … ».7. «Досы … , өзі де жақсы».8. «…. басқа қарайды,. аяққа қарайды».9. «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».10. « Досың мың ….,… біреу болса да көп».11. « … адам тамыры жоқ … тең»

12. « … дос болсаң,Сасқанда ақылың айтар.… дос болсаң,Топ ішінде бетің қайтар».Жауаптары1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».6. «Досы жоқпен сырлас,Досы көппен сыйлас».7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».8. «Дос басқа қарайды,Дұшпан аяққа қарайды».9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».10. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»12. «Білімдімен дос болсаң,Сасқанда ақылың айтар.Білімсізбен дос болсаң,Топ ішінде бетің қайтар»..Қорытынды:Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.Досыңды алдамай, оған адал бол.Досыңды қорлама.Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.Досыңды барда да сына, жоқта да сына.Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Оқушылар арасында треннинг ойнату


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.