Тарантиноның өмірінде күтпеген оқиға болды

0

Тарантиноның өмірінде күтпеген оқиға болды

Аса талантты Квентин Тарантино 55 жасында алғаш рет үйленді. Бұл оқиға оның шығармашылығына табынушылар үшін күтпеген жаңалық болды.

Сонымен,  Тарантино өз жұбайы дәрежесіне лайық деп 35 жастағы израильдік әнші әрі модель Даниэлла Пикті таңдапты. Той 28 қараша күні Лос-Анджелес қаласында өтті. Шараға жас жұбайлардың ең жақын туыстары мен достары ғана шақырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Тарантино 1994 жылы «Криминалды оқиға» фильмі шыққаннан кейін әлемге әйгілі болды. «Алтын пальма бұтағы», «Оскар», «Алтын глобус», «BAFTA» және тағы басқа көптенген марапаттарының лауреаты. «The Guardian» журналы оны әлемдегі ең үздік 40 режиссерінің тізімінде 17 орынға қойды.

Тарантиноның америкалық кинематографистердің алдыңғы ұрпағынан айырмашылығы, ол кино өнерін өздігінен зерттеп үйренді. Оның кинематографиялық мәнері поп-мәдениет және артхаустық киноның өзіндік қосылу әсерінен дамыды. Тарантиноның барлық фильмі өзіне ғана тән, басқа режиссерлермен шатастырмас айрықша мәнері бар. Ең алдымен, ол ретсіз құрылым: дәстүрлі баяндаудан ауытқу, зорлық-зомбылықты эстетикалық көркемдеу және ұзақ диалогтар.