Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік!»

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Мақсаты: балаларға еліміздің егемендік алуы үшін талай талай тер төккен батырларымыз туралы жеткізу.
Ата аналардың балабақшамен,тәрбиешілермен,басқа ата аналармен тұрақты қарым қатынасын қалыптастыра отырып,патриоттық тәрбие беру.
Өз еліміздің елтаңбасы,әнұраны,туын қадірлеп қастерлеуге,елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

«Елімнің еркіндігі тәуелсіздік!»Мақсаты: балаларға еліміздің егемендік алуы үшін талай талай тер төккен батырларымыз туралы жеткізу.Ата аналардың балабақшамен,тәрбиешілермен,басқа ата аналармен тұрақты қарым қатынасын қалыптастыра отырып,патриоттық тәрбие беру.Өз еліміздің елтаңбасы,әнұраны,туын қадірлеп қастерлеуге,елін, жерін сүюге тәрбиелеу.Залдың іші мерекеге сай безендірілген.Балалар музыка ырғағымен жалауша ұстап музыка ырғағымен залға кіреді.Жүргізуші: Құрметті балалар,қадірлі қонақтар! Бүгін бізде үлкен мейрамотанымыздың тәуелсіздік күні.Қазақстан Республикасы әлемдегі өз заңы,ережелері,мақсаттары,жетістіктері бар мемлекеттердің бірі.Сіздерді тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!Сіздерге бақыт,зор денсаулық,ашық аспан тілейміз!Сендердің болашақтарың айқын,бақытты болсын.Бүгінгі мерекемізді еліміздің мемлекеттік гимнымен бастауға рұқсат етіңіздер.Қазақстанның Республикасының мемлекеттік гимныАлтын күн аспаныАлтын дән даласыЕрліктің дастаныЕліме қарашыЕжелден ер дегенДанқымыз шықты ғойНамысын бермегенҚазағым мықты ғойҚайырмасы:Менің елім,менің жерім,Гүлің болып егілемінЖырың болып төгілемін елімТуған жерім менің,Қазақстаным.Ұрпаққа жол ашқан,Кең байтақ жерім бар.Бірлігі жарасқан,Тәуелсіз елім барҚарсы алған уақыттыТәуелсіз елім барҚарсы алған уақыттыМәңгілік досындайБіздің ел бақытты,Біздің ел осындай.Қайырмасы:

Жүргізуші: Мұз жастанып, тәуелсіздік жолында,Тәуелсіздік туы тұрды қолыңдаЖеңіп шықты,бас имеді,қасарып,Сойыл,таяқ,ойнаса да жолында.Жүргізуші:Желтоқсанау,ұмытылмайсың жүректе,Ұрпақ өсер айналатын тіреккеЕгемендік тиді міне еншіме,Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке.Тәуелсіздігім баянды болсын дей отырып, «Ботақан» тобының елімнің еркіндігі тәуелсіздік атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!Жүргізуші ендігі кезекті сүйкімді ұлдарымыз бен сұлу қыздарымыздың тақпақтарына берсек.Ортаға Рүстем,Жамиля,Ерназ келе қойыңдар.РүстемКөк туымды қолымаБүгін берік ұстадымТүсті бақыт жолымаМенің Қазақстаным!

ЖамиляХалықтың енді,міне жетілгені,Құрыштың білінбейді,кетілгені.Аталып,Қазақстан ел боп туып,Үй тігіп,ірге қалап бекілгені.Айша БЕн даласын егін жапқан,Бар баласы бақыт тапқан.Менің жерім,туған елім,Күн сәулелі Қазақстан.

ЕрназӨзіңдікі туың да,Отпен ауа,суың да.Жаса Қазақстаным,Белді бекем буын да.

Көрініс:Әжесі: Е-е-е-тәубә!Бергеніңе шүкір!Немересі: Әже,әжетай!Далада керемет болып жатыр,аспанға жарқылдатып салют атып,адамдар қуанышқа бөленіп жатыр!Жүріңіз,көрейік!Әжесі: Е-е-е жарығым бұл қуаныш!Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой.Жақсылығымыз ұзағынан болсын!Немересі: Әжетай,тәуелсіздік деген не?Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің,бостандығың,бақытың балам.Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізшіӘжесі: Әй,балам-ай,өткен өмірімді көз алдыма елестетсем,құлағым шуылдап,басым айналады.Аздап тынықпасам болмас (әжесі немересімен қисайып жата кетеді)Немересі: (Көзін уқалап тұрып) –Әже жап-жарық күнді көрдім.Көп түс көрдім.Әжесі: Е-е-е ол сенің бақытың балам!Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні.Немересі: Ендеше мен ұстаздарымнан,жолдастарымнан сүйінші сұраймын.Алақай,сүйінші!Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келеді!Олай болса келесі кезекте ұлдарымыздың «Сарбаздар» биін қарсы алыңыздар. Ұлдар: «Сарбаздар» биіТағы да біздің кішкене бүлдіршіндеріміздің жаттаған тақпақтарына кезек берсек.Ортаға тақпақтарымен Дильшат,Зере З,Ақжол,Абай шыға қойыңдар.АқжолТәуелсіздік елдеміз,Қуанамыз күнде біз.Ата-бабам қалдырған,Қазақтың біз Батырымыз сенсеңіз!Аяла Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.ДильшатҚұтты болсын тәуелсіздік мерекесі,Мықты болсын елімнің керегесі.Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,Кетпесін туған жердің берекесі.Зере ЗОн алтыншы желтоқсанТәуелсіздік алған күн.Ерекше боп мәңгілік,Ел жадында қалған күн. Біздің болашақ ержүрек батыр ұлдарымыз бен қыздарымыздың орындауында «Тәуелсіз елдің ұланы» атты әнін тыңдасаңыздар«Тәуелсіз елдің ұланы»1.Қазақстаным Отаным,Шалқыған шаттық ордасы.Тәуелсіздіктің ұраны,Шалқыған жырдың арнасы.Қайырмасы:Елім де тыныш,жерім де тыныш,Бейбіттің әні шырқалсын.Бақытты жерім,жақұтты жерім,Тілкөзден сені сақтасын.2.Тәуелсіз елдің ұраныҚырандай көкке самғасын.Көк туым менің желбіреп,Тұғыры мәңгі таймасын.

Жүргізуші: Балалар біздің елбасымыз кім?Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевЖүргізуші: Еліміздің Астанасы қай қала?Балалар: АстанаЖүргізуші: Дұрыс айтасыңдар,осы тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздер пайда болды.Балалар ҚР Рәміздерін айтайықшы.Жақсы балалар,мемлекеттік туымыз,әнұранымыз,гимніміз.Мемлекеттік Туашық аспан түстес көгілдір,ортасында шұғылалы алтын күн.Күн астында қалықтап ұшқан қыран.Көк байрағымыздың сол жағында тік жолаққа қазақи ою-өрнек салынған.Мемлекеттік Елтаңбакөгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақты күн сәулесіндей айнала уықтар қоршайды.Аңыз әңгімелерде пырақтардың қанаттары бар.Бас жағында жұлдыз тұр,ал астыңғы жағында Қазақстан деген жазу бар.Мемлекеттік Гимніміздіңавторлары Шәмші Қалдаяқов пен Құрсұлтан назарбаев.Міне осылар біздің ұлттық нышандарымыз болып табылады.АделяМақтансаң мақтан елім деп,Тани біл елдің таңбаңды.Елтаңба,ту,әнұран,Тәуелсіздікке тән белгі.Қасиетті осы рәміздер,Еліме рух,мән,берді.АланРәміздерім-елдігімнің белгісі,Білу керек баладағы,ең кіші.Рәміздерімәнұран,ту,елтаңба,Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.ӘлиСарылып күткеніміз ақ таң екен,Тәуелсіз қазағымды мақтан етем.Елтаңба,көк туымды биік ұстап,Әнұранды бас иіп жаттап өтем.

Айша ҚЕлтаңбасы елімнің,Неткен әйбат,әдемі.Тұнығындай көңілдің,Ортада аспан әлемі.Ендігі кезекте әдемі қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар.Ортаға:

Бүлдіршіндеріміздің тәуелсіздікке арнап жаттаған тақпақ жолдарын тыңдасақ.Ортаға Зере З,Абай,Айзере келе қойыңдар.

Абай Мерекеге шығадыБүкіл халық, біліп қой.Отандастар ұғадыТәуелсіздік — ұлық той.

Айзере Желбірейді көгімде,Қазақстан жалауы.Көкте қыран қалықтап,Қанат қағып барады. Жүргізуші: Жарайсыңдар,балалар!Олай болса ендігі кезекте көретіндеріңіз батыр ұлдарымыздың «Сарбаздар» биіҰлдар: «Сарбаздар» биі

МақсатБарша халық таныған,Біздің үміт,тілекті.Шырқалғанда әнұран,Шаттық кернер жүректі.

АсияӨзіңдікі елің де,Өзіңдікі жерің де.Өзіңдікі еккен бақ,Тәуелсіздік төрінде.

ЕралыҰланымын елімнің,Болам жігіт зор әлі.Қазақстан жалауын,Көтеремін жоғары.

ГүлдарияТәуелсіздік елімізМәңгі жасар жерімізТәуелсіздік жасағанАға, Әпкелеріміз.

СұлтанБабамның да арманы,Осы еді ғой аңсаған,Тәуелсіздік тандарыБақ береді баршаға

Жүргізуші: Балалар менің сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.Сендердің ойын ойнағыларың келе ме?Балалар: Иә!Жүргізуші: Олай болса балалар ойын шартын мұқият тыңдап алайық жарай ма?Ойын: «»

АйтолқынОтан-туған үйіміз,Отан-туған жеріміз.Отан-ортақ үйіміз,Көңілді ән мен күйіміз.

НұрсұлтанБіз бақытты баламыз,Тәуелсіз елдің ұланы.Мәңгі жасап ,гүлденеміз,Ұлы елдің қыраны.Інжу ШОтан деген-Атамекен,Отан деген-туған жер.Отан-ана,Отан –үлкен,Қазақстан-туған ел.   АлимжанЖадырап жарқын жүзіміз,Жарқырап әрбір күніміз,Ертеңінен елімнің,Үміт күткеннің біріміз.

Отан деген- атамекен.Отанымды сүйемін мен.Отан жерім,Отан елімМіне,менің Қазақ жерім.Кезекті ұлдарымыздың әніне берсекҰлдар хормен:Ән: Әнұран мен елтаңбаАзаттық теңдік бостандық,Аңсаған бабам арманы.Бастады көшін ұлтымның,Намыстан туған ұлдары. Желбіреп көкке елімніңКөк аспанымдай байрағы.Әнұранмен елтаңба,Еркіндік әні айғағы.

Келесі кезекте «Жігіттер» биін қабыл алыңыздарОйын:Жібек Айнымайды аспаннан,Біздің тудың бояуы.Оны халық қашан да,Биікке іліп қояды.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.