Тақырыбы: Достық неден басталады?

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Мақсаты; остық, достық құндылық жайлы түсінік беру
ересек топтарға арналған ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті

Достық неден басталады?

Достық – асыл қасиет.
Халық даналығы
Мақсаты: Дос, Достық құндылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
__ Дос, Достық құндылығы туралы түсінік беру;
__ достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету;
__ достаса білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Өзін-өзі тану әлемінің картасы, қарындаш, хрестоматия, жүрекшелер.

Шаттық шеңбері
__ Амансыңдар ма, достарым!
Қалай жанымызға жылы естіледі бұл сөз- Достарым!
Ендеше ен алдымен бір- бірімізбен амандасып алайық

Ән салуға барамыз, (шеңбер бойымен жүреді)
Досымызды табамыз.(тоқтайды)
Сәлемет пе! Міне, мен! (қолдарын екі жаққа сермейді)
Доспын енді сенімен. (көршілерімен қол алысады)

Балалар,егер адамдар бір-біріне шын жүректен жылы сөздер айтып жүрсе, онда айналамыз қуанышқа, шаттыққа, махаббатқа, достыққа толы болады.
Балалар, Өзін-өзі тану әлемінің картасындағы үшінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрсыңдар? Кәне, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырайық.
Балалардың жауаптары.
__ Дұрыс айтасындар балалар бұл суреттен бір-біріне қамқор, тату, адал достардың суреттерін көріп тұрмыз. Біз осы Өзін-өзі тану әлемінің Достық аялдамасында дос, достық туралы біліп, бір-бірімізбен достасуды үйренеміз.
Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары.
__Дұрыс айтасыңдар, балалар, достық дегеніміз екі адамның арасындағы сыйластық. Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Топтағы барлық бала бір-бірлеріңмен доссыңдар. Мен де сендердің достарыңмын.

Әңгімелеу
Үш жолдас В. Осеева
Сұрақ-жауап
-Қалай ойлайсындар, асын жоғалтқан баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?
-Сендер олардың орнында болсандар не істер едіндер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәйексөз
Тәрбиеші Достық асыл қасиет деген халық даналығын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
__Достық бір-біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды, сондықтан да достықты адам бойындағы асыл қасиетке теңеген.

Ойын. Менің досым….
Балалар,сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, Сенің досың қандай? деп сұраймын, ол маған допты қайта лақтырып, өз досының қандай екенін айтып береді.
Мысалы: ренжітпейді, алдамайды, бірге ойнайды, т.с.с.

Тыныштық сәті
Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырындар. Көздерінді жұмсандар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алындар. Өздеріңнің тыныс алуларынды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаныңтұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздерінді ашсандар да болады.

Дәптермен жұмыс
Балалар, барлығымыздың да достарымыз бар. Олар сүйкімді, әдемі, мейірімді, қайырымды. Өз достарынды естеріңе түсіріп, суретін салып көріндер. Содан кейін суретке қарап, достарың жайлы әңгімелеп беріндер.

Сергіту сәті
Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасалады.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір,
Бұрыламыз оңға бір.
Біз мейірімді баламыз!
Біздер тату боламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.

Армандайық
Балалар, мен сендерді қиял-ғажайып әлеміне саяхатқа шақырамын. Кәнекей барлығымыз көзімізді жұмып көз алдымызға елестетейік. Өздерінді жайма шуақ, нұрын шашқан күннің астында серуендеп жүрмін деп ойландар. Кенеттен алдарыңнаң махаббат Перизатын кездестіресіңдер. Оның қолында сиқырлы қобдишасы бар екен. Ол қобдишаның іші: махаббатқа, қуанышқа, ақ көңілге, денсаулыққа, бақытқа толы екен. Ал енді көздерінді ашуға болады.
Мінекей балалар, махаббат перизаты сиқырлы қобдишасын сенднрге сыйға тартты. Қанекей қобдишаны ашып бір-бірімізге қуаныш, бақыт, денсаулық тілеп мына жүрекшелерді сыйлайық.

Қорытындылау
Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымызға үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достықты тек сөздер арқылы емес, жақсы істер арқылы тануға болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі. Достықтарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір-бірлеріне көмектесіп, адал болуларын керек. Сонда ғана достықтарын берік болады.
Жүректен жүрекке
Біз әрқашан дос боламыз!
Біздің достығымыз берік!
Достығымыз жарасқан!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.