Тапқыр болсаң тауып көр.

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тапқыр болсаң тауып көр.

Автор: Оспанова Эльмира Ережеповна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Математика сабағында алған білімдерін тексеру және тереңдету.
Тез ойлауға, жылдам есептеуге баули отырып, ой-өрістерін кеңейту.




«Ойлы болсаң, озып көр»Сабақтың тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр».Сабақтың мақсаты:Білімділік: Математика сабағында алған білімдерін тексеру және тереңдету.Дамытушылық: Тез ойлауға, жылдам есептеуге баули отырып, ой-өрістерін кеңейту.Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: кеспе сандар, кестелер, жануарлардың суреті, үлестірмелер.Сабақтың түрі: Ойын сабақ. Сабақтың барысы1.Ұйымдастыру кезеңі (1,5 мин).2. Математикалық диктант (2 мин).3. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап».4. Ойлан, тап.5. Ой толғау.6. Ой қозғау.7. Қорытынды.Ұйымдастыру.Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі, бүгінгі сабаққа көп қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз қазір мына кемеге отырып, білім теңізі арқылы «математика» еліне саяхатқа шығамыз! Іске сәт! Бір-бірімізге мейірім, сәттілік тілейік. 1-кезең. «Бақытты сәт» деп аталады. Себеі, біз қазір үлкен кеменің ішінде ашық теңізде кетіп барамыз. Алдымен 3 топқа бөлініп, каютаға жайғасып отырып алайық.1-топ. «Алғырлар».2-топ. «Ойшылдар».3-топ. «Талаптылар».Білім теңізінде жарысып көрелік. Математикалық диктант. 1. Бір қолыңда неше саусақ.2. Біп аптада неше күн бар?3. 7 мен 9-дың арасында қандай сан?4. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?5. 1-қосылғыш, 7-екніші қосылғыш 2 қосындысының мәні неше?6. 1 жылда неше ай бар?7. Азайғыш 8, азайтқыш 3 айырманың мәні?8. 10-ның үлкен алдында қандай сан?9. Ең үлкен 1 таңбалы сан?10. Ең кіші 1 таңбалы сан?

Қорытынды. Тексерейік, қол шапалақтау арқылы. Жауаптары: 5,7,8,42,9,12,5,9,9,10. 2-кезең. Ойлан, тап. Суретке қарап есеп құрастырайық. Қорапта 4 қарындаш, столда 2 қарындаш. Барлығы неше қарындаш?Мұғалім: Есеп не туралы?Оқушы: Қарындаш туралы.Мұғалім: Есептің шарты бойынша не белгілі?Оқушы: Қорапта қарындаш, столда 2 қарындаш жатқаны белгілі.Мұғалім: Есепте нені сұайды?Оқушы: барлығы неше болғанын сұрайды. Жақсы, барлығын табу үшін қандай амал қолданамыз?Барлығы деген ұғым тұрғандықтан қосу амалын пайдаланамын№-Есептің шешуін айта ғой.4+2=6Тақтаға жазып көрелік. Қ – 4қ ? қС – 2қ4+2=6 (қ). Жауабы 6 қарандаш.Сонымен, есеп шығу үшін алдымен біз несін білуіміз керек?Есеп шарты, сұрағы, шешуі, жауабы.Сергіту сәті (1 мин).Тақтаға 3 топтан кезек-кезек шығып есеп шығарады. 4-кезең. Ойтолға. Балалар, біз қандай геомтериялық фигуралармен таныстық. Ендеше тақтаға қарайық. Мына фигуралардан неше үшбұрыш, неше төртбұрыш көріп отырсындар– 7 үшбұрыш, 4 төртбұрыш.– Өте жақсы, енді 1-топтағы оқушылар ұзындығы 3 см болатын кесінді сызады. 2-топ 3 см-ден 1 см кем болатындай етіп, кесінді сызады. 3-топ 3 см-ден 1 см артық кесінді сызадыҚорыту: Дұрыс және тез жауап берген оқушыларға жұлдызша беремін. Ал енді қолдарында сан және әріп жазылған оқушылар тақтаға келіңдер. Қолдарындағы сандардың кему ретімен тұрыңдар. 9 8 7 6 5 4 3 2 1Ж А Р А Й С Ы Ң Өте жақсы, ендеше білім теңізіне «Математика» еліне саяхатымызды аяқтайық.Барлығына көп рахметСабақ аяқталды. 







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.



Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз