таныстыру өлеңі, тақпағы, жыр, тақпақ, өлең шумақтары

0

Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!

Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Арайлым атты кішкентай қыздарыңмын.

Жүріп келем өзін салған ізбенен,
Жақын болар әкесіне қыз деген.
Орта жүздің таз атты руынан,
Асқар таудай әкем бар Сәтжан деген.

Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.

«Қыз аруы» атты мына сайыста,
Қарсыласым шаба білген майыспа.
Өнердің өрлетейік өр кемесін,
Мына жұрт таңырқамай кетпесін.

Осы мейрам әрине.
Бәрі асыл ана үшін,
Қарыздармын мәңгіге.
Алақаны аяулы,
Ұмыттырар қайғыны.

Бұл сиқырлы алақан,
Жақсы іске баулиды.
Сайысқа мен келіп тұрмын,
Жайшылық Гүлден аты – жөнім.
Сәттілікті тілеп тұрып,
Бас иемін сіздер үшін.

Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек киген
Қазақтың ерке қызымын.
Ән айтып, мың бұрала билеген,
Маратқызы Миягүл мен болам.
Дәстүрін елдің сақтаған,
Иіліп халқыма бас иіп сәлем берем.
Ел жатқанда жатпаған,
Біз деп тыным тапаған — деп
Аналарды мерекелерімен құттықтаймын.
Құрбыларыма сәттілік
Өзіме жеңіс тілеймін.

Армысыздар халайық,
Амандасып алайық.
Менің атым Мария
Мақтануға лайық.
Руым Ойық ішінде Тазша
Құрымбай ата боламын немересі
Әкем аты Ермахан
Анам аты Баян
Қыз сынына келіп тұрмын
Мария атты мен бір гүл.

Атым Сайрагүл сұрасаңыз.
Беріш екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Құрымбай асқар тауы
Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
Анашым Зауре Сапарбекқызы
Жүзінен төгілетін күннің нұры
Атыңызға кір келтірмей өтсем сіздің
Мойныңнан сүйер ме екен перзентшігің.

Қатысам мен бақшадан жарыстарға
Өзімді көпшілікке таныстырам.
Атым — Аяулым, қызымын Пернебектің
Руым тілік, бөлімі бар Батыр деген
Құттықтап аналарды мерекемен
Билейміз дөңгеленіп, айтып өлең.
Шыңдаймыз өнер менен білімді біз
Иіліп өздеріңе сәлем берем.

Сәлем беріп алдыңызға бас ием.
Қош келдіңіздер барша жандар сайысқа,
Таныстырам өзімді.
Мен сүйкімді Жолдасқызы Аружан.
12 ата байұлы
Руым беріш Жайық мен болам
Өнерімді көрсетемін аянбай.
Әділ қазы әділ шешсін аянбай.

Асылболат немересі, атым Інжу,
Мен болдым шаңырақта тойдың басы.
Майқұйрық бала дейді әжем.
Бауырларым өсіп келеді қолтықтасып.
Жарқыраған тау тасындай баламын.
Шаңырағымның үлкені мен боламын.
Мейрім төккен балаға
Білімін құйып санаға
Ардақ, Айнұр апайлар
Мың алғыс айтсам бола ма
Өнерімді көріңдер
Дәл бағасын беріңдер
Қарақат көз бүлдіршін
Топ жарады сеніңдер
Жарқыраған балақайды
Шапалақпен демеңдер.

Таныстырсам өзімді
Атым менің Марина
Кішкентаймын мен әлі
Жұрттың бәрі тани ма
Ерлан атты әкем бар
Еркелетер күлімдеп
Лена деген анам бар
Мәпелетер гүлім деп.

Армысыздар, ардақты, асыл халқым,
Ежелден сəлемдесу ата салтым.
8 «А» ның атынан келіп тұрған,
Сəлемін Бибігүлдің қабыл алғын.

Мектебім алтын ұям, бесігім,
Білімдіге əркез ашық есігің.
Гауһарайдай апайдан тəлім алып,
Əр уақытта есте болар есімің.

Əкем Берік барлығынан ақылды,
Құрымбайдың немересі тартымды.
Баяндай əжем бар, анам Арай,
Білетұғын ата дəстүр-салтыңды.

«Көктем ару» байқауы ақылдының,
Бағалайды қазылар, ақын жырын.
Өнерімді паш етуге мен де келдім,
Бибігүлдің бағаларсыз батылдығын.