“Таңғажайып мақұлықтар”: Эдди сомдаған үздік рөлдер

0

“Таңғажайып мақұлықтар”: Эдди сомдаған үздік рөлдер

Жақында кино әлеміне жаңа туынды қосылып, қиял-таңғажайыпқа толы фэнтези жанрына тағы да леп сыйлады. “Таңғажайып мақұлықтар 2” (Фантастические твари 2”) фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайтын Эдди Редмэйннің осы уақытқа дейін қандай фильмдерде жұлдызы жанғанын білесіз бе?

1. Стивен Хокинг әлемі (The Theory of Everything)
Image result for The Theory of Everything
Фильм Стивен Хокингтің ғылыми жетістігімен қатар, оның сүйген жарымен танысу сәтін, дертін сипаттайды.
Эдди Редмэйн бұл рөлі әлемге танылды. “Оскар”, “Алтын глобус” секілді кинопремиялардың лауреаты атанды.

2. Босқын (Les Misérables)

XIX ғасырдың алғашқы жүзжылдығында кезінде сотталған Жан Вальжан жылдар бойы соттан қашады. Оны париждік полиция қызметері Жавер іздеумен боалды. Сүйікті жары Фантинада айырылған соң Вальжан қызық Козеттаның арманың орындап, оны бақытты етуді мақсатына айнадырады.
Редмэйн бұл жерде басты рөлді сомдамайды. Ол Мариус атты Козеттаның сүйіктісінің рөлін ойнайды. Дегенмен, бұл фильмде британдық актердің қалай әндететінін байқауға болады.

3.Даниядағы бикеш (The Danish Girl)Image result for Danish GirlФильм шынайы оқиғаға – алғаш болып жынысын ауыстырған ер азаматтың өміріне негізделген. XX  ғасырдың басында Копангагенде Эйнар Вегенер өзінің суретші жарына көмектесу үшін әйел образын сомдайды. Кейін оған әйел болып өмір сүру ұнай бастайды да, кейін Лили Эльбе есімді ару кейіпінде өмір сүруін жалғастырады. Уақыт өте жынысын ауыстыруға шешім қабылдайды.
Бұл рөлі үшін Редмэйн тек 7 килограммға арықтап қана қоймай, кейіпкерді түсіну үшін трансгендер қоғамын зерттей бастайды.  

4. Мэрилинмен бір апта (My Week with Marilyn)Image result for My Week with MarilynЖас Колин Кларк Лоуренс Оливье студиясына режиссердің көмекшісі ретінде қызметке орналасады. Әр түрлі ұсақ-түйек жұмыстарды атқарып жүрген ол, “Ханзада мен биші” фильмінің түсірілім жұмысына келген Мэрилин Монромен жақын араласа бастайды. Кейін олардың қарым-қатынасы қиындай түседі…
Редмэйн бұл фильмнің жұлдызды құрамында адасып кетпеуі үшін барын салады. Бірақ, фильмді қарап отырып, тәжірибесінің аздығына қарамастан, өз рөлін жақсы алып шыққандығын түсінуге болады.

5. Қара өлім (Black Death)Related imageОрта ғасырдағы Англияда оба дерті өршіп кетеді. Осмунд есімді монастыр қызметкері серілер( рыцарь) тұратын ауылға жолға аттанады. Өйткені, белгісіз себептермен тек солардың мекеніне ғана оба дерті жоламаған.

Аса атақты фильм болмаса да, Эдди Редмэйннің өзге образын бақылау үшін қарауға болады.