тәкаппарлық, әлсіздікті мойындау, адамдар, нақыл сөздер

0
159
Серфингке әуес адамдар жаңа толқынның келеріне сенеді. Толқынға асығып немесе кешігіп қалғандар тақтасынан міндетті түрде құлайды.
Роберт Кийосаки

Мен адамдардығы әзіл – қалжыңды бағалаймын, себебі бұл біздің барлық әділетсіздік пен оңбағандыққа қарсы жалғыз қаруымыз.
Пьер Ришар

Көп адамдар 25 жасында – ақ өліп қалады. Бірақ оларды 75 жасында жерлейді.
Бенджамин Франклин

Кейде төбеге қараймыз деп, төмендегіні ұмытамыз. Жазықты көреміз деп, жанымыздағы көрмейміз.
Әкім Ысқақ

Қарасаңдаршы,
Қаншама достан айырылдық…
Біріміз нағыз,
Біріміз жалған қайғырдық…
Тазалайықшы,
Ынтымақ деген айдынды.
Қалыпқа түспей тұрғанымызда маймылдық…
Мұқағали Мақатаев

Адамдардың арасында бол, бірақ ешкімге жүк болма.
Хусамеддин Манкпури

Кей адамдар Ғаламторда алтын боп көрінгенмен, өмірде тіпті бағалауға келмейтін бижутерия тектес.
Аяджан Майя

Тәкаппарлық мен үшін әлсіздік! Бойындағы сол бір нәрсені билей алмайтын адамды әлсіз демей не дейміз? Ең өкініштісі әлсіздікті олардың мәртебе санауында!. Әлсіздерге жаным ашиды….
Бешир Дильназ

Дереккөз: http://bilimsite.kz/