Тағы да киетін ештеңе жоқ па?

0

Тағы да киетін ештеңе жоқ па?

Бүгін таңертең тағы да «киетін ештеңе жоқ» деп ашуландыңыз ба? Оның себебін анықтайық. Әрдайым гардеробыңыздан киетін ештеңе таба алмауыңыздың 10 себебін ұсынамыз.

Бірдей киім сатып алу

Мысалы, қара skinny шалбары сізге керемет жарасатын болса, ол шкафты солармен толтыруға себеп емес. Ұнайтын және жарасатын киімді қайталап алғанда тұрған ештеңе жоқ, бірақ мөлшерін білу керек. Мысалы, қара skinny шалбардың екеуі жеткілікті, тағы да үшіншісін алудың орнына басқа да сәнге айналған шалбар түрін (клеш, mom jeans, классикалық шалбар) таңдап көріңіз.

«Жайлы зонадан шығу» қызу әрекетіне кенеттен берілесіз

Нәтижесінде, түбегейлі басқа түстер қосқыңыз келіп, ашық жасыл түсті қысқа көйлек немесе өкшесі өте биік туфли аласыз. Содан соң ешқайда кие алмай жүресіз. Егер өз стиліңізді өзгерткіңіз келсе, оны бірден емес, біртіндеп жасаңыз. Мысалы, үнемі шалбармен жүретін болсаңыз, өте ыңғайлы және түсі өзіңізге жағымды белдемше алыңыз.

Сатып алған киіміңізді немен киетініңізді ойламайсыз

Моншақтары бар әдемі топты көресіз де, сатып аласыз. Оны немен киетініңізді үйге барғасын шешемін деп ойлайсыз. Мұндай стратегия артық ақша жұмсауға және кейін кимейтін киімдер санының көбеюіне әкеледі.

Бұрынғы сыймайтын киімдеріңізді жинай бересіз

Біреулер 10 жыл бұрын киген, бірақ қазір сыймайтын киімдерін сақтап жүре береді. Оны әркез киіп көріп, сыймайтынын біліп, көңіл күйін де түсіреді.

Базалық гардеробыңызды толықтырмайсыз

Базалық гардероб бәріне керек. Салып жатқан үйіңіздің «базасы» – ол іргетас, ал трендтік сатып алулар – қабырға, төбе және т.б деп ойлап көріңіз. Қабырға іргетассыз құр жерде тұрса, ол біртүрлі әлі жайсыз көрінеді. Сол секілді трендті киімдерді базалық киімдермен үйлестіріп киіңіз. Сол кезде стиль проблемасы туралы ұмытасыз.

Қысқы базалық гардероб

Тек «сәнді» киімдер сатып аласыз

Тек сәнді киімдерден дұрыс гардероб жасау мүмкін емес. Себебі тренд әр мерзім сайын ауысып тұрады. Егер әр мерзім сайын жаңа киім алуға мүмкіндігіңіз болмаса, базалық гардеробыңызбен жақсылап жұмыс жасап, әр мерзім сайын бір-екі трендті киім ғана алып тұрыңыз. Соның өзі сәнді киім үлгісін жасауға жеткілікті.

Жеңілдіктерден барлығын сатып аласыз

Жеңілдіктер – өте қауіпті уақыт. Қызыл SALE сөзін көрсек болғаны, киімдердің керек-керек еместігіне қарамастан, алғымыз келіп тұрады. Осындай уақытта өзіңізді тоқтата білуіңіз керек. Арзанға алған ұсақ-түйек, толған киімдер шкаф сөресінде киілмей жатады. Жақсылап ойланыңыз, оны немен үйлестіресіз, ол сізге шынымен керек пе?

Жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар жайлы бірер сөз

Гардеробыңызды реттемейсіз

Шкафтың әрдайым шашылып жатуы – таңертеңгі жиналуды созатын негізгі себептердің бірі. Егер гардеробыңызды жиі жинап, реттеп тұрсаңыз, таңертеңгі киім таңдау аз уақытты ала бастайды.

Дене пішініңіздің ерекшеліктерін есепке алмайсыз

Дене пішініңіздің ерекешеліктерін есепке алуыңыз мүмкін, бірақ оны дұрыс емес жасайсыз. Әр киім денеңізге қалай жарасатындығын жақсылап зерттеңіз. Киімді қайтаруға болатынын ұмытпаңыз, сондықтан үйге барғасын тағы да алған киіміңізді киіп, жақсылап сабырмен ойланыңыз.  

«Болашақта киемін» деп аласыз

«Бір күні арықтаймын, сол кезде киемін», «Болашақта мына жаққа барып қалсам, киемін» – мұндай сатып алулар гардеробыңыздан орын алып жатады. Ал уақыты келген кезде, ол киім сәннен шығып кетеді. Сондықтан гардеробыңыз киіммен толып тұрғанмен, ішінде нағыз киіетін ештеңе болмайды.


Дереккөз: https://massaget.kz/