Табиғи өндіріс | Скачать Материал

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КеАҚ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары

Атырау 2018

1. Өндіріс түрі туралы түсінік

Өндірісті ұйымдастыру, Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Өндірісті ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады. Ол өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын – салалық және ішкі салалық экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыру қоғамдық және жекеше нысандарға бөлінеді. Қоғамдық нысан қоғамдық еңбек бөлінісінен туындайды және өндірістің мамандануы мен кәсіпорындардың мамандануын, кәсіпорынның ұтымды мөлшерін таңдауды және негіздеуді, өндірістің құрамдастырылуын, кәсіпорындардың кооперациялануын қамтиды. Өндірісті жекеше ұйымдастыру бірыңғай еңбек бөлінісінен туындайды, ол еңбектің кәсіпорын ішіндегі бөлінісі мен ұштастырылуын қамтиды. Өнеркәсіп өндірісін кеңістікте ұйымдастыру өнімді дайындау үдерісінің жеке үдерістерге бөлшектелуінен және кәсіпорынның жекелеген өндірістік буынынан тұрады. Осы деңгейде өндірісті ұйымдастырудың үш түрін бөліп алуға болады, олар: үдерісті жұмыс орнында, цех ішінде және цехтардың арасында ұйымдастыру. Негізгі өндірісті ұйымдастырумен қатар көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Олардың атқарымдық міндеті – машиналар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс жағдайында болуын қолдау, энергиямен, еңбек заттарымен, құрал-саймандармен, аспаптармен, бейімдемелермен қамтамасыз ету. Көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастыруда кәсіпорын мен басқа да бөлімшелердің аспаптық және жөндеу өндірісінің, көлік және энергетикалық шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру қамтылады. Өндірістің оңтайлы ұйымдастырылуы тиісті сапада өнім өндіру көлемінің ұлғайтылуын, бұйымдардың жетілдірілуін, еңбек өнімділігінің арттырылуын, өндіріс шығынының азайтылуын, еңбек жағдайының жақсартылуын, кадрлардың мәдени-техникалдық деңгейінің көтерілуін қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы экономикалық теория өндірісті ұйымдастыруды үш негізгі нысанға бөледі:
Табиғи өндіріс;
Тауарлық өндіріс;
Жоспарлық өндіріс;
Оның ішінде табиғи өндіріс тарихи жағынан бірінші болып табылады.
Табиғи – деп адамдардың өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізуге ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Натуралды шаруашылықтың материалдық негізі әлсіз, қоғамдық еңбекті бөлуінің дамуы төмен болады.
Тауарлық өндіріс – бұл рынокта сату- сатып алу әр түрлі қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыруға мүмкіндік бергендегі, белгілі бір өнім түріне лайықтанған арнайы ерекшелінген жеке өндірушімен өндірілетін өнім өндіретін шаруашылық жүйесі.
Жоспарлық өндіріс – үшін сол сияқты тауарлық-ақшалық қатынастарға тән.
Өндіріс түрі бұл атаулар тізімнің енділігі, ұдайлығы, тұрақтылығы және өнім шығару көлемі көлемі белгілері бойынша ерекшеленетін өндірістің жіктелу категориясы.
Басқаша анықтама: өндірістің түрі машина жасау өндірісінің, мамандандырылуымен, бұйымдарадың атаулар тізімінің тұрақтылығымен және көлемімен, сондай-ақ бұйымның жұмыс орындары бойынша қозғалыс нысанымен қамтылған техникалық, ұйымдық және экономикалық ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасы.
Өндірістің үш негізгі түрі сипатталады: жеке, сериялық және жалпы.
Өндірістің жеке түрі бұйымның кең атаулар тізімінің анықталмаған уақыт аралығында қайталанатын немесе тіпті қайталанбайтын және сандарды жасаумен сипатталады.
Өндірістің сериялық түрі бұйымның шектелген атаулар тізімін кең мамандандырылған жұмыс орындарында белгіленген уақыт аралығы қайталанатын партиялармен жасаумен сипатталады. Бұйымдар сериясы конструкторлық (немесе технологиялық) құжаттар бойынша, бұл құжатқа өзгерістер еңгізбей жасалынған бұйымдар.
Өндірістің сериялық түрі ірі сериялыққа, орта сериялыққа және ұсақ сериялыққа бөлінеді. Өндірістің ірі сериялық түрі өзінің сипаттамасы бойынша жалпыға жақындайды, ұсақ сериялық жекеге.
Дербес түрге тәжірибе жасау өндірісі жатады. Оның мақсаты бұйым партиясының немесе серияның үлгілерін өндіру, яғни олардың өнеркәсіптік өндірісін игеру алдында зерттеу жұмыстарын келтіру, жетілдіру, бұйымның конструкциясын сынау үшін жасалынады.

2. Өндірістің әртүрлі түрлерінің ұйымдастырушылық және техникалық экономикалық ерекшеліктері

Жеке немесе ұсақ сериялық өндіріс түрінде бірліктермен немесе ұсақ партиялармен жасалынатын өнімдердің көптеген әртүрлілері өндіріледі.
Мұндағы жабдық пен аспаптық жабдықтау әмбебап. Өндірістің автоматтандырылу деңгейі салыстырмалы түрде жоғары емес. Автоматтандырылған жабдық ұзақ күйге келтіруді талап етеді. Оны бөлшекке қайта күйге келтіру әр кез ұзақ үзілістермен байланысты. Сондықтан автоматтандырылған жабдықты өндірістің осындай түрлерінде қолдану тиімсіз.
Арнайы жабдықтың жоқтығы кейбір бөлшектердің жоғарғы жоғарғы дәлдігін қамтамассыз етуге мүмкіндік бермейді, нәтижесінде құрастырылғанда жетілдіру жұмыстарының көлемі көбейеді.
Әмбебап жабдықты кең пайдалану және арнайы станоктарды сирек қолдану жеке өндірісте жоғары маманды жұмысшылардың еңбегін пайдалануды талап етеді.
Жұмыс орындарына көлік мұнда шақыру бойынша беріледі, берілген сәтте жұмысшы әмбебап, оған қандай аспап қажеттігін өзі таңдайды.
Технологиялық үрдістер тікелей цехтарда бөлшектелетіндіктен және анықталатындықтан, ал үлкен атаулы тізімінің орталықтанған жоспарлауы қиындайды, онда зауыт басқармасы аттарынан технологиялық және жоспарлауды басқарудың басым бөлігі жасаушы-цехтарда ауыстырылады.
Үлкен шектермен байланысты өнімнің жоғары еңбек сиымдылығы, жұмысшының жоғарғы мамандығы, материалдардың жоғары шығысы жеке өндірісте өнімнің жоғарғы өзіндік құнын белгілейді.
Жалпы және ірі сериялы өндіріс қатаң шектелген азғантай атаулар тізімінен тар мамандандырылған жұмыс орындарында ұзақ уақыт мерзімінде үздіксіз жасалынатын өнімді көп көлеммен шығарумен сипатталады.
Осындай жағдайлар жоғары деңгейде автоматтаңдырылған арнайы жабдықты кең қолдануды қамтамассыз етеді.
Жалпы өндірістің өлшемі болып, технологиялық үрдістің бағыты бойынша орналасқан, қатаң анықталған, соларға бекітілген операцияларды орындау үшін белгіленген жүмыс орындарының жиынтығы «тасқынды желі» болып саналады.Тасқынды желелердің көптеген әр түрлілері бар. Тасқын операцияларды орындау дағдыларының жылдам қорлануына, өте жоғары еңбек өнімділігіне, кей жағдайларда оның физикалық жеңілденуіне әкеп соғады. Дегенмен ол жұмысшыға қолайсыз әсер етеді, өйткені конвейердің жанындағы жұмыс бір сарынды және бір қалыпты. Толқында тағы басқа кемшіліктер бар.
Жалпы өндірісте аспап тасқынды желілерге топтама, сағат кестесі бойынша беріледі. Үздіксіз көлік басымдырақ.
Өндірістің осындай түрінде зауыт немесе цех өнімнің бір-екі атауын шығарады. Бұл конструкцияларда үйлестірілген және өзара алмасатын өлшемдердің кең қолдануына экономикалық мақсаттылық жасалады. Бұйым ауысымы жаппай өндірісте сирек жүргізіледі және тәртіп бойынша кәсіпорынның немесе цехтың қайта құрылуымен бірге жүреді. Шығару көлемінің көптігі мен конструкциясының жоғарғы түрақтылығы технологиялық үрдістердің жеке жасалуы экономикалық пайда береді. Технологиялық үрдістердің операциялары жеке ауысымдарға дейін сараланады және арнайы жабдықтың көлеміменорындалады.
Технологиялық үрдістердің мұқият жасалуы, арнайы жабдықпен жабдықталу ұзақ дайындауды талап етпейтін тармамандандырылған жұмысшы операторлардың еңбегін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жоғары мамандандырылған жұмысшы реттеушілердің еңбегі кең пайдаланылады. Қол жұмыстарының көлемі кенет кемиді, жетілдіру мен қиюластыру жұыстары шығып қалады. Жалпы өндірістегі технологиялық үрдістер бас технологтың бөлімімен жасалынады.
Өндірістің сериялы түрі көбірек таралғаны. Бұйымдар атаулары тізімі мұнда жетерліктей көп болады бұйымдардың бөлігі конструкциялық – технологиялық белгілері бойынша тектес болып саналады. Сериялық өндірістің белгісі бұйымдардың шығарылуының қайталануы. Бұл бұйым шығаруды көбірек немесе азырақ ырғақты ұйымдастыруды мүмкіндіндіреді. Бірдей бұйымдарды салыстырмалы көп санмен шығару бұймдар мен технологиялық үрдістерді маңызды үйлестірумен жүргізу, бұйымдардың партияларымен шығаруды қамтамассыз етеді, олардың өзіндік күні төмендейді.
Мұнда әмбебаппен қатар арнайы жабдықпен жабдықтау да қолданылады. Орта сериялы өндіріс үшін мақсатты түрде технологиялық үрдістерді толық жасау, операцияны ауысымдар түрінде көрсетумен аяқталады.
Сериялық өндірісте әрбір жұмыс жұмысшы мен жабдықтың уақытының тең бөлігін ғана қамтиды. Оның аяқаталғанынан соң ол басқа операцияны орындайды және соған сәйкес жабдықтары қайта жөндейді. Қайта жөндеу үшін үзілістердің шарасыздығы жұмыс орындарын жүктеуді төмендетеді.
Өндіріс түрі түсінігі жұмыс орнына, бөлімге, цехқа, жалпы кәсіпорынға қатысты. Бір кәсіпорында бір мезгілде бірнеше өндіріс түрлері болуы мүмкін.
Сериялықтан жекеге, сонан соң өндірістің жаппай түрін ауысқанда байқалатыны: а) жоғарғы өнімді үрдістердің қолданылу аумағының үздіксіз кеңеюі, операцияларды орындаудың автоматтандырылуының жоғарылауы;
б) технологиялық жабдық пен арнайы жабдықтың үлесі артуы;
в) өндірістің тиімділігі мен еңбек өнімділігі жоғарылауы, өндірістік қорлардың (материялдың және еңбектің) пайдалануының жақсаруы;
г) өндірстік циклдің тиімділігі мен еңбектің ұзақтығы қысқарды.

3. Өндірістің түріне байланысты жұмыс орындарын мамандандыру
Жұмыс орындарын мамандандыру деңгейі өндіріс пен өнмнің конструкторлық-технологиялық және ұйымдық жоспарлау ерекшеліктерінің сипаттарының бірнеше көрсеткіштерімен анықталады. Бұлар: бөлімшелердегі мамандандырылған жұмыс орындарының өзіндік үлесі, оларға бекітілген бөлшектік операциялардың саны, белгілі бір уақыт арлығында бір жұмыс орнында орындалатын операциялардың орташа саны. Ақыры көрсеткіш өндіріс түрінің экономикалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерін көтермей толық сипаттайды. Ол операцияны бекіту коэффициенті деп аталады және мына байлансыпен өрнектеледі:

мұндағы, О – ай бойы орындалуға тиісті немесе орындалатын әртүрлі технологиялық операциялар саны;
S – бөлімшедегі жұмыс орындарының саны (S біртұтас жұмыс тәртібі бойынша есептелінеді)
Операцияның бекіту коэффициенті сырттай айқындалмғандықтан өзінде жұмыс орындарындағы өндірістік жағдайлардың тұрақтылық дәрежесін анықтайтын көтеген факторларды біріктіреді. Барлық тұрақтылығына әсер ететін өлшемдерді, шартты түрде үш топқа біріктіруге болады:
1. Өндірістік үрдісті анықтауға (дайындық-қорытынды уақыт коэффициенттері, операциялар саны, бұйымдар атауларының саны, операция уақытының нормасы) конструктивтік-технологиялық арттыру өлшемдері;
2. Өндірістік үрдістің «статикасын» (негізгі жұмысшылрдың шыққан санын, жұмыс уақытының қоры, бұйымды шығару бағдарламасы, уақыт нормасын орындау коэффициенттері, жұмыс орындарының саны) сипаттаушы … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз