Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан тауыс құсын жасау |
Мұғалімнің аты-жөні: А. КадирхановнаКүні: 11.10.2017 |
Сынып: 3 «Ә» |
Қатысқан оқушылар саны:30 |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Сабақтың мақсаты: |
Табиғи материалдардан әр түрлі бейне, бұйымдар жасауға болатынын үйрету. Тауыс құсы туралы мәлімет беру . |
Сабақтың көрнекілігі: |
Оқулық, дәптері,шырша бүршігі, акация ағашының тұқымы мен бадам жаңғақ, пісте, ағаш бұтағы, түрлі түсті фламастер, ермексаз, бағдаршамның суреттері |
Сабақтың әдісі: |
Әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, рефлексия. |
Сабақтың барысы: |
Сабақтың кезеңдері: |
Мұғалімнің іс-әрекеті: |
Оқушылардың іс-әрекеті: |
І. Ұйымдастыру кезеңі:5 минут |
Оқушылармен сәлемдесу, танысу. Түгелдеу. Оқу құралдарын тексеру. Психологиялық дайындық Қайырлы күн!Мейірімді жүрекпен,Ақпейілді тілекпен.Амандасып алайықБір жадырап қалайық. Оқушылар, қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтайық. Қауіпсіздік ережелері:
Жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
Құрал – саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
Бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
Жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді пайдалану;
Жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
Жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
|
Орындарынан тұрып, мұғалімнің іс—әрекеттерін қайталап, сабаққа зейіндерін аударады. |
Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі15 минут |
Жаңа тақырыпты меңгерту. Білу және түсіну Тауыс – дүниедегі ең әдемі құс. Оның әдемілігі неде? Өйткені, тауыс құсының денесінде тек осы құсқа ғана тән бояулар бөліп шығаратын зат бар. Оның қауырсындарының әрбір талы көк, алтын сары, қоңыр түсті болып келеді. Тауыс жұлдыздар сиреп, таң атып келе жатқанда ғана мойнын таң шапағына қарай бұрады екен. Күн шуағы мол елдерді мекен еткендіктен бе, ол күн нұрын өте жақсы көреді. Оның отаны – Үндістан, Шари—Ланка, Суматра аралдары. Бұл елдерде тауысты ешкім үркітпейді, қорқытпайды, тас атып қуаламайды. Оны бақ құсы ретінде санайды. Біз бүгінгі сабақта осы тауыс құсын жасап көрейік. Жасамас бұрын, Сергіту сәтін жасап алайық. |
Мұқият айтылған мәліметтерді тыңдайды. |
ІІІ. Сергіту сәті.2 минут |
Ұзын мұртты құмырсқа,Келе жатыр жұмысқа.Допты алды қолынаОны қойды жолына.Оңға қарады, солға қарадыҮлкен тау деп ойлады. (2 рет) |
Оқытушымен бірге іс—қимылдарды қайталайды. |
IV.Шығарма—шылық жұмыс13 мин |
Қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: шырша бүршігі, акация ағашының тұқымы мен бадамжаңғақ, пісте, ағаш бұтағы, түрлі түстіфломастер, ермексаз.Тауыс құсын жасаудың реті:
Алдымен тауыстың денесі үшін шырша бүрін таңдап ал. Бүрлердің арасын қоңыр түсті ермексазбен толтыр.
Тауыстың қауырсынын жасау үшін акация хош иісті ағашының дәндерін дайындап ал. Бұл қауырсындарды фломастермен түрлі түске бояуға болады.
Тауыстың мойны мен аяғын жасау үшін ағаш бұтағын, ал оны бекіту үшін ермексазды пайдаланған. Оның басын бадамжаңғақтан, көзін қара ермексаздан жаса
|
Мұғалім айтқан оқушылар тақтаға шығып есеп шығарады. Қалғандры орында отырып шығарады. |
V. Қорытынды.2 мин |
Балалар, бүгін біз қандай құс туралы айттық?Ол туралы маған кім айтады? |
Өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап береді. |
VI.Үй тапсырмасы |
Аяқталмаған жұмысты, үйде аяқтау. |
|
VII. Бағалау
Кері байланыс3 минут
|
Бүгінгі сабақ сендерге қаншалықты ұнағанын қазір білетін боламын. Мен таратқан бағдаршамдарды бояйық.Кері байланыс. Бағдаршам әдісі. |
Оқушылар өтілген сабақ бойынша өз ойларын білдіріп, сабақты бекітеді. |