Табиғатты аялайық!

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Экология Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 5 сынып

Балалар табиғатты қорғауды, аялауды үйренеді

Қазақстан РеспубликасыБілім және Ғылым министрлігіЖҚМИ коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәрбиелік іс-шараТақырыбы:

Егінші мен қасқыр!

Өткізген: №15 топ тәрбиешісі Қарамурзаева О

2017 жылТақырыбы: Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)Мақсаты: Ертегінің мағынасын түсініп оқуға үйрету. Нанның дастарханға келу жолын үйренеді. Міндеттері:1. Ертегіні рөлге бөліп ойнау. 2. Нанның қайдан келетінін түсіндіру. 3. Дүниедегі ең дәмді ас туралы пікірін дәлелдеу.Көрнекілігі: слайд, үлестірме қағаз, суреттер, қуыршақтар. Нәтижелері:

  • Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады
  • Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
  • Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады
  • Бала өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізуге дағдыланады.

БарысыI.Қызығушылықты ояту. (Күннің шуағы арқылы бір-біріне тілек айтады) Топқа бөлу (Балалар қасқыр мен егіншінің суреттері арқылы топқа бөлінеді)

ІІ . Кіріспе Қасқыр қандай жануар?Қасқыр – жыртқыш аң. Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Біздің қазақ халқында да қасқыр туралы ертегілер өте көп. Егінші деген кім?Егінші — егін салып, күтіп-баптауды кәсіп еткен шаруа, егінші. Дәстүрлі ортада егіншілік жақсы өрістеген өңірлерде үлкен жерге егін салып, астық өндірген, түрмыс-тіршілігін осы егінмен байланыстырған адамдарды егінші деп атайды.

ІІІ. Тақырыпты таныстыру «Егінші мен қасқыр» ертегісі. (Литва ертегісі)Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз «Егінші мен қасқыр» туралы болмақ.

ІV. Жаңа тақырыпТәрбиеші ертегіні оқып береді.Сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу.1. Егінші не істеді? (аздап тыныққан соң, қолына нан алып жей бастады)2. Дәл осы кезде қандай жағдай болды? (бір үлкен қасқыр келді)3. Қасқыр адамнан не сұрады? (адам, не жеп отырсың?)4. Адам не деді оған? (нан)5. Қасқыр не дейді оған? (маған да наныңнан берші!)6. Қасқыр егіншіге қандай тілек білдіреді? (сен маған оны табудың жолын үйретші)

V. Сергіту сәті:

ҮІІ Жаңа сабақты қорытындылау. «Ой қозғау»«Егінші» топ: Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Еңбек туралы туралы мақал-мәтелдер айту.

Еңбегі аздың өнбегі аз.Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.Еңбегі көптің өнбегі көп.Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы.Еңбегіне қарайқұрмет, Жасына қарайізет.Еңбегіне қарай өнбегі.Еңбегіне қарай табысы, Ерлігіне қарай дабысы.Еңбегінен ел таныр.Еңбегің болмаса елге өкпелемеЫқтасының болмаса желге өкпелеме.

«Қасқыр» топ: Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің? Нан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?Нан бар жерде ән бар

Дәнді шашпа, нанды баспа.

Нан— тамақтың атасы Ынтымақ — көптің батасы.

Ас адамның арқауы.

Дастарқанда нан жоқ —Тамақта мән жоқ.

Адамнан үлкен ат жоқ,Наннан үлкен — ас жоқ.

Нарды сөкпе,Нанды теппе.(Ертегіні балалар рөлдерге бөліп қуыршақтар арқылы ертегіні сомдау).ҮІ. Қорытынды (Тәрбиешінің қорытынды сөзі)1-бала: Нан –ардақты адал ас, Кәрі-жас одан аттамас. Нандай жоқ қой асыл дән, Жеп үйреген жасыңнан. Дастарханнан нан кетсе, Береке кетер асыңнан.2-бала: Ей, балалар, балалар, Болмаңдар, сірә, нанға тар. Өмірдің алтын арқауы, Бар қасиет нанда бар.3-бала: Даланың арынан, Даланың таңынан, Даланың жанынан өседі, Нан – жемісі ол кешегі. 4-бала: Нанда өмірдің иісі мен дәні бар, Нанда адамның еңбегі мен ары бар. Нан — өмірдің ана сүті, арқауы, Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

ҮІІ. Рефлекция: Балаларлар сабақтан алған әсерлерін айтады.ҮІІІ. Мадақтау


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.