Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі. » Қазақстан ұстаздарына арналған

0

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.3.1  мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып)  қою

1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған  мәтіндердегі ақпаратты  сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

 Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Ресурстар

Аудиожазба , таныстырылым. Интерактивті тақта,проектор, электронды оқулық, рефлексия парағы, А-4 қағаз, маркер, суреттер, ойыншықтар,стикер

Тілдік құзыреттілік

Қар-снег

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Психологиялық дайындық
— Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа ата — аналарымыз, апайлар,ағайлар келіп отыр. Сол кісілермен  амандасып алайық.

Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп көрейік

 

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

 

III. Жаңа сабақ

     Жұмбақ
Ертегі айтып береді
Сені жақсы көреді
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі   /Әже/

«Әже» сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?
Ә — ә — ә — ә

Бұрап қойған сағаттай ,

 Айғайлайды таң атпай.

Бұл не?         /Әтеш/

Ә ә — жіңішке дауысты дыбыс.

— Ә – Ауыз мол ашылып, тіл мен иектін төмен түсуінен пайда болады.Ә дыбысы сөздің басында,ортасында кездеседі.
Әріп таңбасымен таныстыру.
Ә дыбысынан басталатын тағы қандай сөздерді білесіңдер?

Ойын «Кім шапшаң»
Мен сөздерді айтып тұрамын, ал сендер, сөз ішінде «Ә»дыбысын естіген бетте, алақаныңды шапалақта:
Әділет, адам, дәрі, доп, әтеш, ине, сәби,
Дина, әже, сәбіз, дәрігер

№1 Оқылым.

Ән, сән,  дән,  әке,  Сәкен ,тәтті , дәрі  дәрігер,   тәулік , сәуір, Дәуір ,  Әсет.

№2 Жаңылтпашты оқы және жаңылмай жатқа айтып көр.

Келген малшы

Әрі әнші,

Әрі аңшы.

 Дәптермен жұмыс
Оқушылар серігіп болсақ қане Ә дыбысының таңбалануымен танысайық, таңбасын біз әріп дейміз.
Әріптің баспа жазба түрі бар

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Жаңбыр

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

 

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут

 

Аяқталуы

16 минут

 

 

1-топ   Әріптер тобы  Түсіп қалған әріпті тап

2-топ   Сөздер тобы  Дыбыстық талдау жасау

3-топ   Буындар тобы  Адасқан буындар

№3 Әріптерден сөз құра. Оларға сәйкес суретті таңда.

    Дәрігер,әтеш,Дәурен деген сөз шығады.

 

 

Оқулық, дәптерлер.

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі  бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

 

Микрафон

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.