Табиғат және адам.Лепті сөйлем » Қазақстан ұстаздарына арналған
1
Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма
Оқылым
(Т) Топтық жұмыс:
Бағалау критерийі: Білім алушы
- Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды;
- Құнықтырған сөзінің мағанасын түсінеді;
- Талдау жасайды.
Тапсырма оқушылардың сыни ойлауын, оқу рефлексиясын дамыту мақсатында «Пирамида» стратегиясы
ның көмегімен орындалады.
«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасайды. Келесі топтың постерлерін оқиды, стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстырады.
—Дескриптор: Білім алушы
- Өлеңге ат қояды;
- Өлеңдегі негізгі ойды анықтайды;
- Өз ойларын жазады;
- Өлең туралы пікірін жазады;
КБ — «Галерияны шарлау» стратегиясы арқылы топтар бір-бірін бағалайды, стикерлерге өз қөзқарастарын жазып, постерлерге жабыстырады.
2 Жазылым 2-жаттығу
Суретпен жұмыс Топтық тапсырма
Бағалау критерийі: Білім алушы
- Сурет, көпнүкте бойынша сөйлем құрастырады.
- Ой қорытындысын жасайды
Дескриптор: Білім алушы
- Суреттерге үлгі бойынша сөйлем құрастыра алады
- Құраған сөйлемдерін таңданысты білдіретін дауыс ырғағымен оқи алады;
- Не байқағанын айтып,ой қорытындысын жасай алады;
КБ – Мұғалімнің ауызша кері байланысы
3 Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма Мұзафар Әлімбай Балақай мен қалақай
Оқылым
(Ұ) Ұжымдық жұмыс:
Бағалау критерийі: Білім алушы
- Өлеңді мәнерлеп оқиды;
- Қиын сөзді оқиды, мағанасын түсінеді.
- Баланың қуанышын білдіретін сөйлемді табады, тыныс белгісіне назар аударады.
Дескриптор: Білім алушы
- Өлеңді мәнерлеп оқи алады;
- Қиын сөзді оқиды, мағанасын түсінеді.
Баланың қуанышын білдіретін сөйлемді табады, тыныс белгісіне назар аударады
КБ –« Менің сөзім»
Интер-белсенді тақта тапсырмасы: Сұхбаттағы сөйлемдерге назар аударып, керекті тыныс белгіні қою.
Лепті сөйлем ережесін оқып, талдау.
Лепті лөйлем дегеніміз— адамның көңіл-күйін білдіреді, олар үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.
Сергіту сәті: Шапалақта-топырлат
Ойынның шарты: айтылған сөйлемдерді балалар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отырып калады, сұрақ белгісі болса қол соғады, ал леп белгісі болса аяқты еденге ұрады.
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Ыстық қой, шіркін, туған жер!
Алақай, мен Астанаға баратын болдым!
Райхан апай көйлек тікті.
Ертең киноға барасың ба?
4
Жазылым.
5-жаттығу Семантикалық карта
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ойлайды;
• Сөйлемдер құрайды;
Дескриптор: Білім алушы
- Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді атайды;
- Сөйлем құрастыра біледі.
КБ «Ақылды үкі»