Табиғат белгілері — Бастауыш сынып — Bilim
Табиғат белгілері
Технология және оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
1.Бастауыш сыныптардағы технология әдістемесінің мақсат, міндеттері.- Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын игеру. Еңбекке баулу сабағының мазмұнының құрылымы мынандай. Негізгі 4 блок бойынша оқытылады.
І .Өзіне — өзі қызмет ету.
ІІ. Ауылшаруашылық еңбек.
ІІІ. Техникалық еңбек.
ІV. Көркем еңбек.
2. Технология сабағының мазмұны- технология сабағы — мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды ізденіпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі. Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі.
3. Сабақ-технология оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.- Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.
4. Оқу шеберханасындағы практикум мен бастауыш сыныптардағы технология әдістемесі.- Бастауыш сынып мұғалімдеріне «Еңбекке баулуды» оқытудың теориясы мен технологиясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізуге кәсіби даярлау. Осы мақсатты жүзеге асыруда технологиялық мәдениетке қатысты атқарылатын міндеттердің бірегейі: техникалық, тұрмыстық, қоғамға пайдалы еңбекке баулудың технологиялық негіздерін және әр түрлі материалдарды көркемдік өңдеудің технологиялары мен практикалық қолданылуын үйрету; дизайнды оқытудың теориялық негіздерін беру.
5. Қағаз және қатырма қағаздың адам өміріндегі, өндірістегі және тұрмыстағы маңызы. Бүгінгі таңда қағаз тек кітап, газет шығару үшін ғана емес, сонымен қатар ол электр машиналары, лаборатория жабдықтары, үй жиһаздары үшін де жаратылады. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын бірде-бір сала жоқ. Тіпті, ғарышты игеру, ғарышта фотосуреттер түсіру үшін де қағаздың арнаулы түрлері жасалады. Электр генераторлары мен конденсаторларында да қағаз қолданылады.
6. Қағаздар мен қатырма қағаздарды өңдеу процесіндегі өлшеу- Қағазбен орындалатын жұмысты бастамас бұрын «Қағаздан не құрастырылады?», «Дәптер қалай жасалған?» т.б. тақырыптарға әңгіме өткізіледі. Қағаздың, қатырма қағаздың ерекшеліктері, олардың қандай мақсатқа қолданылатыны жайында қысқаша түснік берілгені жөн. Еңбекке баулу сабақтарында балалардың жұмыс істеуіне ең қолайлы материал – қағаз. Қағаздың түрлі сорттары (жазуға, газет басуға, сурет салуға, зат, цемент салатын қапшық жасауға арналған т.б.) жағдайында мағлұмат беріледі.
7. Шаблондарды трафаретті штампты қолдану- Жалпы трафаретті жұқа пластиналар болмаған жағдайда, картон қағаздар көмегімен де жасауға болады. Бұйымның ртасы немесе жеке бөлшектер орыны, кішкене тіліктермен тереңдігі 5 мм алынған болуы керек. Трафареттер мен қима үлгілер көмегімен бұйымның шет өңірлері жиектеледі.
8. Қағаздар мен қатырма қағазды бүктеу және қаттау.- Қағазды бүктеу арқылы жасайтын бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар. Қағаздың өзі Қытай елінде пайда болған, ал Жапонияда одан әр түрлі пішіндерді бүктеп шығаруды ойлап тапқан. Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни салттард қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық, шашылмай жинақы болу үшін пайдаланған. Уақыт өте келе ХХ ғасырда оригами туралы бүкіл әлем білетін болды. Кейбір шеберлер бір қағаздан бірнеше әр түрлі пішіндерді жасай алады. Қағазды қолөнердің көбінде пайдалануға болады. Оригамида қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты.
9. Қағаз бен қатырма қағазды қосу- Қағаз бен қатырма қағаз жасаудың негізгі шикізаты – целлюлоза. Одан жасанды жібек тоқылады, кино, фотопленкалар және автомобиль шиналарына корд дайындалады, ал оның негізгі тұтынушысы – қағаз – қатырма қағаз өндірісі.
10. Қағазды бояу. Көркемдеу, бүгу және қаттау, желімдеу- Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша белгілеу, бүктеп-қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарда таба білумен таныстырудың да мәні зор.
11. Талшықты материалдармен, матамен жұмыс- Маталардың ассортименті дүниежүзілік рынокта химиялық талшықтардың, текстуралық материалдардың, фасондық және үлкен көлемдік иірілген жіптердің қолданылуына, сән үрдісіне байланысты жыл сайын жаңарып тұрады. Маталар талшық құрамына байланысты мақта — мата, зығырлы, жүн, жібек болып бөлінеді;
Дереккөз: http://bilim-all.kz/