Табақ тарту ережесі
🔹 Сый табақ — бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе.
🔹 Құда табақ — бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық бауыр.
🔹 Құдағи табақ — жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік.
🔹 Жеңге табақ — асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, құйрық, өкпе, ұлтабар.
🔹 Беташар табақ — сүбе, төс еті, қарын, ащы ішек, құйымшақ, мойын омыртқа.
🔹 Күйеу табақ — төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, қазы-қарта, жауырын, қойдың.
🔹 Қыз табақ — құйымшақ, тоқпан жілік, бел омыртқа, құйрық, қабырға.
🔹 Құрдас табақ — тоқпан жілік, омыртқа, сүбе қабырға, қазы, құйрық.
🔹 Бала табақ — бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты жілік.