Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмысы

0
868

Мазмұны.
Кіріспе.

1БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ
НЕГІЗДЕРІ
1.1. Сынып жетекшінің негізгі міндеттері мен қызметі

1.2. Сынып жетекшінің ата – аналармен атқаратын жұмысының
мазмұны мен міндеттері.

1.3. Сынып жетекшінің мектеп әкімшілігі және пән
мұғалімдерімен атқаратын жұмысының мазмұны

2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖЕТЕКШІНІҢ ЖҰМЫСЫН ИННОВАЦИЯ НЕГІЗДЕН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ

2.1. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен
тыс ұйымдастырылатын жұмысы.

2.2. Сынып жетекші жұмысының бастауыш сынып
оқушыларын тәрбиелеудегі бағыттары.

2.3. Сынып жетекшісінің бастауыш сынып оқушыларымен
жүргізетін жұмысының диагностикасы

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Тақырыбы: Бастауыш білім беру кезеңіндегі мұғалімінің сынып жетекшілік
қызметін ұйымдастыруы және атқаруы

КІРІСПе
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі,
біріншіден, ұрпақтан – ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез құлық
нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі
болады. Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін
қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру процесінің
педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде
адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай
көзқараста баланың әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру
басшылыққа алынады: оқу, еңбек, қарым – қатынас, ойын, практикалық
әрекеттер.
Бастауыш сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға
тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс
әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды.
Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға
жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мұндай педагогикалық
әрекетті – тәрбие жұмысы деп атаймыз.
Бастауыш сңынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай
ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады.
Ол оқушының жан – жақты нәтижелі дамуын соған сәйкес міндеттерін
шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.
1.Оқушыға тікелей ықпал жасау:
– оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын қоршаған ортасын
танып білу;
– тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;
– жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен
тәсілдерін жүзеге асыру;
– тәрбие ықпалының нәтижесін талдау жүргізу;
2.Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру:
– оқушылар ұжымын қалыптастыру;
– онда жағымды көңіл – күйді қалыптастыру; – оқушылардың
әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
– оқушылардың өзін – өзі басқаруын дамыту;
Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі
субъектілерге көмектесу, бақылау жасау:
– отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;
– мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау
көрсету;
– бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;
– мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс қимыл
жасау.
Сол себепті зерттеу жұмысымыздың мәнділігі сынып
жетекшінің жұмысының жүйесіне назар аудару болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптың тәрбие үрдісінде сынып
жетекші жұмысының педагогикалық бағыттарын, сынып жетекшінің жүмыс
жүйесінің инновациялық ерекшеліктеріне назар аудару болып табылады.
Бастауыш мектептің тәрбие беру ерекшеліктеріне сай тәрбие
жұмысының сапалық деңгейге көтерілуінің мүмкіндігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1.Сынып жетекшінің оқу – тәрбие жөніндегі жұмыс бағыттарының
ғылыми негіздеріне сүйену
2. Бастауыш сынып оқушылары мен тәрбиелік іс – шаралар және оны
жүргізудің жолдарының әдістемесіне негіз жасау, талдау.
3.Сынып жетекші жұмысының жүйесі мен оны жүргізу жолдарын
үйрету.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептің тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте жүргізілетін тәрбие сабақтары.
Зерттеу кезеңдері:
1.Зерттеу жұмысы бойынша әдебиеттерге әдістемеліктерге шолу жасау
тәрбие туралы авторлардың еңбектерімен танысу;
2. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбында сынып
жетекшінің жұмыс жүйесін ұйымдастырудың жолдарын жүргізу;
3. Зерттеу тақырыбының теориялық практикалық жақтарын қарастыруда
сынып жетекші жұмысының әдістемесін бастауыш мектепте жүргізіп
нәтижесін анықтау.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС БАҒЫТТТАРЫНЫҢ
ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Сынып жетекшінің негізгі міндеттері мен қызметі

Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектепте мұғалім
балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол
белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы
әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі
жауапгы міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл
міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса,
ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде
қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты
қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп
құрылымындағы ең негізгі буын ол — сынып. Мұнда оқушылардың таным
әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары
қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға
бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып
қальптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл- күй жағдайы жүзеге
асырылады.[3]
Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-төрбие әрекстін
ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып
жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі
мәселелерді шешудс нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты
ұйымдастыруға тырысады,
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып,
осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мүғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын
және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген
талаптарын ортақтастырып отырады.
Бастауыш сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты -мектеп
оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша
ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке түлғаның ғылыми дүние танымының
қалыптасуын, адамгершілік қасиетгерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін
қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның
жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы
тиіс. Атап айтқанда төрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік,
эстетикалық, еңбек және дене төрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін
мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін
тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп
ізденісті талап етеді.
Бастауыш сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке
басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы
жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
Сыныптағы пән мүғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-
аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін
педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарьм-қатынасын
қамтамасыз ету.
Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала
тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
Оқушыларды тәрбиелеуде сыньптан және мектептен тыс
түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік
шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-төрбиені сынып
жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін
«Класс жетекшісінің жұмысы туралы»1 әдістемелік хатпен, жалпы білім беретін
орта мектептердің Жарғысымен т.б. көптеген құжатгармен таныс болу қажет.
Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын
басты тұлға – мектептегі сынып хетекшісі.
Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде
арнайы тәрбие жүмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек XIX ғасырдың 70
жылдары ғана пайда болды.
Дегенмен, тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда
болды. Олар ақсүйек жөне ауқатты отбасыларында бастапқы кезде
«күтушілер»няньки, кейіннен «гувернанткалар» ретінде қызмет етті. Ал оқу
мекемелерінде, 1804 жылғы «Университеттік мекеме Жарғысына» сәйкес
оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші -ұстаздарға (ерлер гимназияларында),
ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың
тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген.
1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды таңдау
мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттігі де баса көрсетілген.
Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу ісін ұйымдастыру
мәселесі оқытушылармен. қатар, оқушыларды қадағалаушыларға да
(«надзиратели») жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің
тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістікгерін, теріс қылықтарын, не
нәрсеге бейімділігін, мінез-қүлықтарын белгілеу үшін күнделік жүргізу
тапсырылды. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап
оқуын қадағалауға да міндетті болды.
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жьшғы «гимназиядағы сынып тәрбиешісі»
Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері
мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.
Сынпта төрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады: сабақта
тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-
қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу;
сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен
қатар сынып төрбиешілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және
оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке
берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге
көптеп көңіл аударылды.[25]
Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді
бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі
мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға
көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен
айналысуға уақыттары да аз болды.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір
өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген кезқарас өзгеріп, оның
қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып
тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың
маңызды міңдеті – оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп
орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орындату
т.с.с.
XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын,
әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қимылы
(гимнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне басталды.
1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жаңа формалары пайда болды:
тілдік, сурет салу, музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын
үйірмелер; қойылым (спектакль) қою, әдеби-музыкалық, би кештерін, көрме
жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында
сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола
алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.
Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сыньп жетекшісі деген қызмет
болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мүғалімдердің бәріне
бірдей жүктелді. Оларды топ жетекшілері деп атады. Негізгі міндет
-коммунистік идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиесіне көптеп көңіл
бөлу. Оқушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды
ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл
бөлінбеді. Мүғалімдердің қызметі оқушылар және олардың ата-аналары жайында
мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды
1928 жылы сынып төрбиешісі қызыметі ресми түрде жойылып, оқушылардың
өзін-өзі басқаруұүйымына басымдылық берілді. Дегенмен де бұл бағытта да оң
нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайында болды. Ондағы
себеп, балаларда ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжірибенің
жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін-өзі басқару
мәселесінде мүғалімдердің рөлін өз дәрежесінде бағаламау. Мұндай жағдайдан
шығудың бірден-бір жолы мұгалімдерді оқушылар тобына — бастауыш ұжьмға
бекіту, олардың міндетіне оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына
жетекшілік ету (негізгі міндеті), оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру,
оқушылардың жеке басын және өмір жағдайын зертгеу, ата-аналарымен жұмыс
істеу болды.
1930 жылдары отандық метепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне
сыныптық сабак жүйесін енгізу, оқушылардың жеке-дара білімдерін жүйелі
түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б.
Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.
1934 жылы «Жалпы еңбек мектебінің» Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы,
мектептердегі оқу-тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне көшіруі, сыныптық-
сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп
өзгертіліп, олардың төрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны,
формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі
туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты
бекітгі. Осы Ережемен бірге сынып жетекшісінің қызмсті де бекітілді.
1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылданды. Онда сынып
жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі
нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары
туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны
қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық-саяси
тербиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу,
оқушьлардың «Оқушылар ережесін» үйренуі міндетте
Осыдан 1971 жылғы жаңа «Сынып жетекшісінің ережесіне» дейінгі мерзімде
сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады.
Соңғы жылдары кейбір мектептерде «Сынып жетекшісінің» орнына тек тәрбие
мәселелерімен айналысатын дербес «Сынып тәрбиешісі» деген қызмет пайда
болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық
саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық
қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект
ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң
талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін
шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді.
Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа
ізденпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес,
сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мекгеп әкімшілігі мен педагогикалық
ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске
ендіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және
тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.
Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда
болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы
білім . беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске
ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетскшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да
өзгеруде:
-пән мүғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мүғалімі;
-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мүғалім;
-сыньш тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет).
Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің
қызметі, қүқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің
педагогикалық қызметі оның жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып
жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.
Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей
белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісшің
қызметі оқушылардың әлеумеггік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, сынып
және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың
дамуына қолайлы жағдай туғызу.[17]
Бүгінде коғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен
мүғалімдерге қойьлатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып
жетекшісі қызметінің маңыздылы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара
байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта сыныптағы окушылардың әрекетін
ұйымдастыру, ондағы әрбір тулғаныц дамуына қамқорлық жасау, сыныпта
туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектессді.
70-80 жылдардағы мектептің өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші
негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып
жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі
жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие
жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс
жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын
қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте,
негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтсруге, онда жағымды психологияльқ
жағдай туғызуга, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға,
әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай
туғызуға, окушыларды шынайы әлеуметгік өмірмсн қарым-қатынас жасауга аса
көңіл бөлінсді.
Бастауыш сынып жетекшінің негізгі міндеттері мен қызметі
1)Оқушыларды тәрбиелеу:
Бұл жерде басты міңдетті шешу үшін (сынып жетекшісі) оқушыларды
зерттеп, оларды жақсы таньш, білуі керек. К. Д. Ушинский: «Адам – тәрбие
нысанасы» деген еңбегінде былай деп жазған еді: «Егер педагогика адамды жан-
жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық
жағынан білуі керек». Сонымен оқушыларды зерттеуде қаралатын негізгі
жағдайлар:
баланың денсаулығы;
жанұядағы баланың өмірі мен жағдайы;
баланыц ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;
мінез-құлқы, темпераменті, кабілеті, қызығушылығы, еркі, зейіні,
т.б. психологиялық ерекшеліктері;
үлкендермен. жасы кішілермен, ата-анасымен, жолдас-жорала-
рымен қарым қатынасы;
моральдық бейнесі, адамгершілік қасиетгері;
еңбекке көзқарасы;
– эстетикалық талғамдары, кызығулары, өнерге.әдебиетке ден
қоюшылығы;
– интеллектуалдық дамуы;
~ саяси сауаггылығы, т.б.

2) Оқушыларды зерттеп білудің тәсілдері:
бақылау тәсілі (сабақта, сенбіліктерде, басқа да сыныптан тыс
жұмыстарда);
әңгімелесу тәсілі;
– сауалнамаларды толтыру тәсілі;
– құжаггармен танысу (оқушының жеке ісі, күнделігі

оқушының шығармашылык. жұмысымен танысу тәсілі (шығарма.
сурет);
тәуелсіз мінездемелерді қорыту тәсілі.

Зерттеуге койылатын талаптар:
зерттеу үздіксіз, жүйелі, жоспарланған түрде жүргізілуі тиіс;
зерттеу оқушылардың тәрбиесі мен сабақ үлгерімін арттыруына
бағытталуы керек;
зертгеу оқушының өмірі мен сабақ оқуы кезінде әр түрлі әдістер-
ді қолдану арқылы өткізіледі;
окушылардың мінез-құлқын жан-жақты зертгеу;
зерттеу оқушылардың тұрмыс жағдайларымен, өмірімеин танысуды
көздейді.
Өзі жетекшілік ететін сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерінің жұмысьн
үйлестіруі.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен бірігіп жүргізетін жүмыстары.
Ата-аналармен жүргізетін жұмыстардың түрлері.
Сынып жетекшісінің еңбек ұжымдары мен жұртшылықты оқушылармен
жүргізілетін жұмыстарға тартуы.

Педагогикалық шағын кеңес өткізудің үлгі жоспары
1. Педагогикалық кеңес (педконсилиум) өткізу алдын-ала хабарланады.
2. Жалпы сыныпқа арналған кіріспе сөз сөйленеді де, педагогикалық
кеңеске (педконсилиумға) әзірлік жұмыстары қысқаша сараланады.
Оқушылардың зерттеу бағдарламасы бойынша кестені пайда-
ланып,жеке оқушыға мінездеме беріледі.
Пән мүғалімдері жағынан ұсыныстар айтылып, олар педа-
гогиқалық кеңес материалдарын талдауға белсене қатысуы керек.

Педагогикалық шағын кеңестің тиімділігі
Оқушыны жан-жақты, нақты білім алуға бағытгайды.
Үлгермеушіліктің және оқушылар бойындағы тәрбие бағытын-
дағы дәреженің жетіспеу себептерін анықта да мүмкіндік береді.
Оқушыларға жекелеме ыкпал жасау тәжірибесімен ортақтастыру
көзделеді.
Оқу-тәрбие жұмысында сыныптарға бірыңғай талап қоюға.
сабақтың міндеттерін неғүрлым дәл белгілеуге, мүғалімнің уақытын
үнемдеуге, оқушыны жан-жақты дамытып жетілдіру үшін оқыту және
тәрбиелік шараларды белгілеуге көмектесе

1.2.Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен
міндеттері.
В. А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналары мен жұмыс істеудің маңызына
ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру
арқасыда мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін»,-дейді.
Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі
ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте
мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-
аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің
құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары,
олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу
технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар
сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мекгепті басқару ісі біртіндеп демократиялық
бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеггегі ұшбұрыш — мүғалім — оқушы
– ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда.
Олай болса, осы қарым-катынасты реттеп отыратын әкімшілік-командалық жүйе
де ендігі жерде келмеске кетті.
Бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлГ түрлері
өзінің маңызын жоюда ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен
университетгері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен
байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы
тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер
мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр.
Әсіресе, мұндай жағдай мұгалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-
қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-
біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.[8]
Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-
қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс,
өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп
ұжымдарының тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай қу, тәрбие
процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен
мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.
Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың
байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты
ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы
арасындағы ынтымақтастыкты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің
баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жүмысына
байланысты. Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші жөңе баланы
тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып
жетекшісінің осы багыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және
балалардьң өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа
қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй мен жағдай жасау.
Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі. егерде тәрбие жұмысының негізінде сол
ынтьмақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім
мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету
ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.
Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді
қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісінс жүктелер жауапкершілік мол. Оны
оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана сай
жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке
тұрақты көмектесуге міндетті.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты
түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, отбасын және оның
отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жанжақты әрі жүйелі
зерттеуді қажет етеді.
Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналармен
жұмыс істеу кажеттілгі неде?
баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде
ортақ көзқарастың болуы;
-баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуы және әлеуметтенуін
тиімді ұйымдастыру мақсатын
тәрбиенің бірьңғай ұстанымдарын баланың әлеуметтік-педагогикалық
және кологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің саты және
міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асы ру үшін;
– баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік алды тиімді және
нәтижелі үйымдастыруда;
– балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар
мен жұртшылықтың педагогикалык қауым ұйымдастыруда;
– баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты
жақсы танып білуі үшін;
– балаға ықпал етудің жалпы тәсілі ме н техникасынқалыптастыруда,
әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсертуде күш-жігерді біріктіру үшін;
– сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күін,
өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатьнасын
орнықтыруда т.с.с.
Осыдан барып мектеп пен жанұя тәрбиесінің жағымды қорларға
негізделген өзара қызметінің маңыздылығы меншікті.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі
міндеттер

1.Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.

Ондағымақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы
мәдениет деңгейін, жанұяның жеке басқа ықпалын, ата-ананың
педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала
тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
2. Отбасы мен мектептің балага қоятын талаптарының жігін қамтамасыз
ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған
қоғамға сай белгілі-бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету,
жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамаз ету. Сол сыныптағы дәріс
беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
3. Ата-аналар ұжымын құру- Бүл күрделі, әрі
жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар
комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық
жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істсрге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды
міндеттеу
4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі
арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын
ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы,
педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда,
семинарларда, ғылыми-пракгикалық конференцияларда, ана-аналар
жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі.

Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай
5 қызметті атқаруы тиіс.
1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және
әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының
бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен
педагогакалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған
сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен
таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын
қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мүғалімдерін
және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мүғалімдер
өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі
және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен
ата-аналарды
таныстырады.
2. Ата-аналарме педадагогикалық. және психологиялық ағарту
жүмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардын,
педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне,
балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай,
оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі мектеп жағдайында ата-
аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың
педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін
орнықтырады. Дегенмен де педагогикалык. және психологиялык
зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялык
педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол
үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген
сұранысы күннен-күніге артып отыр.
Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында міндет ата-
аналар және мектеп жағдайына тура келетін іс – шара формаларын таңдау.
Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық
және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір
дәстүрлі формаларды атаймыз.[11]
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының
ықпал етету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие кештерін ұйымдастыру,
осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата – аналар мен балалардың
өзара қарым-қатынасын жақсаруды көздейді.
Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге іс – әрекетке
қатыстырудың әртүрлі формаларын қолданылады:
-сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру жорық, саяхат, кеш,
спорттық жарыстар, т.с.с);
-жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға
қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл
шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы
демалысын өткізу т.б.); -балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге,
жарысгарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.; -мекгептің кәсіптік
бағдар жұмыстарына қатысу еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат,
кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
-өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру;
-балалардың аула клубтарын құруға; -мекгептің және сынып кеңестерінің
жұмыстарына; -мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, көгалдандыруға
қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
-мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын қатыстыру және оларды
өткізуге өндіріс және фирмалар материалдық көмек көрсету т.б.
4. Отбасы әөрбиесіне қатысты ата-аналарға педагоги-
-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір от басында бала
тәрбиесіне қатысты туындап отырған неге қатысты көмек көрсету, ақыл-
кеңес беру.
5.Ата-аналар белсснділерімен жүмыс және ата-аналардың әртүрлі
қогамдық ұйымдарымен, жүртшылықпенөзара әрекеттесуі.
Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып,
оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, оларднң жұмыстарын
ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуденбасталады.
Кейбір ата-ана өз балаларының сыньшта атқарьп
жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы
спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оньң ата-анасы да өз
мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға
көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да
сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.
Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп
көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарьмен де мекгепке
қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-
аналар комитеті, кеңесі, кұқық қорғау мекемелері т.б.)-Сынып жетекшісінің
ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері Ата-аналардың өз
балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді
тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және
біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін
де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс
жүргізуі, оньң бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата-аналарды тәрбиелеу»
деген ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала
тәрбиесіне қатысгы педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес
олардың, педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді.
Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық дедагогикада
жүргізілген зертгеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын
тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар
мұгалімдердің ақыл-кеңестерін, практикалық көмекгерін аса қажет етеді.
Оларды ұйымдастыруындағы акыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-
аналарға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға
да керек. Себебі, адамның қарқынды дамуы осы бағытга жаңа талаптар
қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде, [біріншіден,
педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі
және дамуын міндетгейді. Егерде мекгеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара
әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектсп
тәрбиесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата- аналар жиналысын
ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жүмыс
істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, мәслихат
еткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.[9]
Ата-аналармен жеке кездесу
Бастауыш сынып жетекшілерінің, мүғалімдердің ата-аналармен жеке
кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. оқушылардың
отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері
олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-
құлқы, ынтасы мен білеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшслерін,
жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге,
сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық
жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен
таныстырады. і)оқушылардың күн режімі, оларды еңбекке баулу, үйге
берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға (педагогикалық
кеңес береді).
Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы зор. Ата-аналармен
әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала
жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қагысуға
ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дүрыс кеңес
беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту
мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де
шақыруға тура келеді.
Міне, осы жағдайлағга ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық
кеңес беру сынып мұғалімдерінің басшылығымен қолға алынады.
Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналарбелсенділерінен тұрақты
комиссиялар құрылып, олар мекгспжұмысының кейбір түрлерін педагогакалық
ұжым мүшелері-мен одақтасып бірге басқарады. Мысалы, оларға оқу-
тәрбиежұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы жоне
өнімді еңбек, медени көпшілік жұмысы т.б. жатады.
Ата-аналар белсенділерімен жүмыс
Белсенділер мектептің, барлық жұмысына қатысады,ата-аналармен қарым-
қатынас жасайды, пікір алысады,
оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конференциясын жәнежиналыстарын,
оқушьлардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмекгеседі, еңбек төрбиесін,
қоғамдық пайдалы жүмыстыжәне өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады.
Мсктсп үйін, спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады. Жеке
отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын жәнежауапсыз қарайтын
ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір,әсіресе қиын балаларды шефке алады,
оларға қажетті көмек көрсетсді.
Ата-аналар белсенділері мүғалімдер ұжымының үлкен тірегі.
Сондықтан, мекгеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы
жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллокиумдер ұйымдастырып,
тәрбие үрдісі мен ұстаньмдары, әдістері мен тәсілдері, баланьң жасына қарай
дене және психикалык даму ерекшелікгері жайлы теориялык және практикалық
біліммен белсенділер мүшслерін қарул андырады.
Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар
Педагогикалық және психологаялық тақырыптарға сай ата-аналарға
түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың
білім дөрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп
жайлы газет ,журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен
дәрістерде үлкен мән беріліп, оның күн тәртбіндегі өзекті мәселе екендігі
ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.
Әңгімелер мен дәрістердің мазмұны балалардың жас және дербес
ерекшеліктеріне сай баяндалуы қажет.
Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының
өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді,
адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзқарастары
қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің
сүйген мамандығын таңдау үшін мамандардан тұжырымды кеңестералады. Демек,
өмірге, еңбекке өзін-өзі даярлауға бет бұрады.
Тәрбие жұмыстарының осындай бастымәселелерін еске ала отырып, мектеп
мүғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң
қызметкерлері балалардың аталарымен әңгімелер өткізеді, дөрістер оқиды.
Ата-аналар үшін мүндай ағартушылық жүмыс алдын-белгіленген бағдарлама
бойынша, негізінде әрбір ата-аналар жиналысының бастапқы бөлімінде
белгілі бір мамнадандарды немесе озық тәжірибелі мұғалімдерді шақыру
барысында жүргізіледі.

Конференциялар өткізу.

Отбасы тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу
негізінде параллельді сыныптарды қатыстыру барысында ата-
аналарымен конференциялар өткізіледі. риференцияға жұртшылық және
еңбек ұжымдарының уәкілдері де қатыса алады. Конференцияда талқыланатын
тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы: «Балаларды биелеудс мектеп пен
отбасының ынтымақтастығы», басындағы тәрбиеде жүртшылықтың рөлі».
Сонымен бірге бір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәжірибелер
алынып, конференцияларда ата-аналардың: «Үйге берілген оқу тапсырмасын
орындауда мен балама қалай көмектесем», «Біздің отбасымыздағы еңбек
тәрбиесі», «Отбасында бала бос уақытын қалай пайдалану керек» сияқты
баяндамалары тындалады. Әдетте конференцияны мектеп басшыларының біреуі
немесе ата-аналар комитетінің төрағасы я болмаса озат мұғалім ашады. Содан
кейін баяндамалар талқыланып кең түрде пікір алысу болады. Конференция өз
жүмысын қысқа өдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды.[4]
Конференция кезінде көрме үйымдастырыльп, отбасылық тәрбие
тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуге болады. Олар ата-аналардың үлгі
істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогакалық әдебиеттер, олардың тізімі,
оқушылардың отбасындағы күн режімі, отбасы тәрбиесі туралы жасалған
баяндамалардың текстісі, теле және кинофильмдердің тізімі т.б. Конференция
соңында бала тәрбиесіне байланысты фильм көрсету т.б.
Ата-аналар лекторийлері. Бұлар мектептердің, балалар бақшаларының,
мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жүмысы бір
немесе екі жылга жоспарланып, онда арнаулы бағдарлама бойынша ата-аналар
үшін дәрістер оқылады.
Облыстық мүғалімдер білімін жетілдіру институттары мен облыстық
педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің бағдарламасын жасап, өздсрінің
біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы, мынадай тақырыпт
арды ұсынуға болады:
1. Қоғамдық және отбасылық тәрбие, олардьң бірлігі.
2. Балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда,
сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіп, ауыл
шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік ролі.
3. Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік-жанұялық өмірге
дайындау.
Университетгер. Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогакалық білім
беретін ата-аналар университеттері және халық университеттерінің жанынан
педагогикалык факультеттер ұйымдастырылады. Университеттерде оқу мерзімі
екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі-Университетке түсетін
адамдар мектеп жанындағы ата-аналар комитеті арқылы қабылданады.
Университетке түскендер педагогика балалар психологиясы, жас
ерекшелік соцологиясы, мектеп гигиенасы мәселелерінен және халықтық
жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заңдылықтарынан дәрістер
тыңдайды, семиналарға қатысады, рефераттар жазады.
Университетті тындаушылар бірінші оқу жылының ңа сынақтар, ал екінші
оқу жылыньң соңында емтихан тапсырады. Университетті бітіргендерге куәлік
беріледі. Мектеп тәжірибесінде озық ойлы шығармашылықпен істейтін
мүғалімдер ата-аналармен жүмыс істеу барысында жоғарыда аталған
дәстүрлі формалардан басқа дәстүр формаларында қолданады.
Дегенмен де мектеп пен отбасылық өзара қарым – қатынасының нәтижелі
болуы көбінесе педагогикалық дүрыс тыңдалған қарым-қатынас пен өзара
әрекет қарым – қатынасына байланысты. Олардың негізіне міндетті түрде
5 жағдайды ескеру қажет.
1.Оқушыға қатысты жағымды қарым-қатынастыңболуы
Мұндай жағдай, тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт.
Мүғалімдердің ата-аналар тарапынан болатын
кеңестеріне өте мұқият назар аударуы.
Оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз
құбылыстың себебін бірлесіп анықтау, талдау жөне оның тәсілін бірге
қарастыру
Оқушы түлғасына немесе сынып үжымына
әсер етудің формалары мен тәрбиелік ортасында бірлесе іс-қимыл көрсету.
5. Мүғалімдердің ата-аналарымен қарым-қатынасында
психологикалық тактының, этиканың қатаң сақталуы.
Олай болса, мүғалімдермен, сынып жетекшісі және ата – аналардың өзара
жағымды қарым-қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда аталған 5 жағдайдың
межеге айналуы, I тәрбиесіндегі олардың өзара тәрбиелік-ұйымдастыру
әрекетін біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі болуға септігін тигізеді.
1.3. Бастауыш сынып жетекшісінің мектеп жетекшілігі және пән
мұғалімдерінің жұмысының мазмұны.

Сынып жетекшісі мектеп жағдайында оқушылардың оқу-тәрбие
жұмысына қатысты міндеттерді шешуде, ол мектеп әкімшілігі мен пән-
мұғалімдерінің көмегіне арқа сүйейді. Кезінде, А. С. Макаренко өз
тәжірибесіне сүйене отыра, бірде-бір тәрбиешінің жеке тұрып бала
тәрбиесінде өз бетінше оң нәтижеге жете алмайтындығын, керісінше, ол
мектептің педагогикалық ұжымы және ондағы қоғамдық ұйымдармен бірлесе
қызмет жасау қажеттігін айтқан.
Осы орайда сыньш жетекшісі оқушылардын, күнделікті мекгептегі өмірі
мен еңбегіне қатысты мәселелерді мектеп әкімшілігімен келісе отыра, әрі
олардың қолдауы, көмегі негізінде ұйымдастырады. Оған, мысалы мекгептің
ішкі еңбек тәртібі, санитарлык-гигиеналық режімі, қауіпсіздік-техникалық
ережелерінің орындалуықоғамдық пайдалы және оқудан тыс тәрбие жұмыстары
т.б. мәселелерді жатқызуға болады.

Мектеп әкімшілігі педагогикалық кеңестің бекіткен жоспары бойынша жұмыс
істейді. Сынып жетекшісі мектеп жоспары бойынша белгіленген
шаралардың орындалуы барысында өз сыныбындағы оқушылардьң оған қатынасын
айқындап, оның орындалуына жауап береді, әрі оларды ұйымдастыруға
көмектеседі. Мектеп директорының оқу және тәррбие жөніңдегі
орынбасарларымен өз сыныбына қатысты мәселелерді бірігіп шешеді. Өз
оқушыларының нәтижелі білім алып, тәрбиеленуіне жағдай жасайды, мектеп
әкімшіліктёрінің барлық құрылымдарын оның жұмысын жақсартуға артады. Осы
орайда пән мүғалімдерінің көмегі ерекше.
Сынып жетекшісі мсн пән мұғалімдері арасындағы өзара байланыстың қандай
мәні бар?
Сынып жетекшісі және пән мұғалімдері сыныптағы педагогикалық процестің
тұтастығын, мақсаттылығын бірлесе ідмтамасыз етедГ. Олар оқушылар үжымы
және жекелеген оқушымен жұмыс барысында жалпы білім беру және тәрбие
к;елесіне қатысты міңдеттерді бірлесе шешеді: таным белсенділігін,
шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, жауапкершілігін дамыту т.с.с.
Мүндай жұмыстың нәтижеліболуы, көбінесе ондағы мақсат пен міндеттердің,
соған сәйкес нақтылы бір сыныпта жұмыс істейтін мүғалімдердің
пёдагогикалық әрекетіндегі түсінушілік пен өзара үйлесімділіктің болуына
байланысты. Сондықтан, кез келген . мұғалім өзінің кәсіби және тәрбиелік
әрекеттерінің нәтижелі болуын қамтамасыз етуде осы бағытта күш жігерін
біріктіру немесе үйлестіруге мүдделі болады. Оның негізгі ұйытқысы көне
ұйымдастырушысы — сынып жетекшісі. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешуі
тиіс:
-сол сыныптағы пән мүғалімдерінің дара ерекшеліктёрін, олардың
балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мүмкіншіліктерін танып білу;
-мүғалімдердің педагогикалық әрекетінің, балалармен қарым-
қатынасының ерекшеліктерін танып білу;
-мүғалімдер мен сыныптағы оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың
өзара карым-қатынасындағы үйлесімділік жағдайын реттеп отыру;
-педагогикалық әрекеттің жалпы мақсатын анықтап, оған қол жеткізуде
барлық қатысушы жақтардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру;
-мүғалімдердің балалар және ата-аналармен тәрбие жұмыстарьн
ұйымдастырудағы мүмкіндікгерін педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалану
тиімділігін қарастыру.
Сыньш жетекшісі мен пән мүғалімдерінің өзар абайлансының
негізінде
-балалар, олардың өзара қарым-қатынасы, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
және оның нәтижесі туралы өзара ақпар алмасу;
-күрделі мәселелерді шешуде өзара көмек, өзара қолдау көрсету;
-сыныптың және әрбір оқушының нәтижелі жұмыс істеуіне мүдделі болу;
-педагогикалық мәселелерді шешудің жолдарын бірлесе қарастыру,
сыныптың алдына қойылған мақсат пен міндеттерін атқаруда бірлесе күш
жұмсау;
-атқарылған шаралардың нәтижесін бірлесе талдау;
-сынып ұжымымен немесе жекелеген оқушымен болашақта атқаратын
жұмыстарын бірлесе анықтап, белгілеу. Сынып жетекшісі мүғалімдердің
оқушылар ұжымымен жұмысындағы жалпы мақсат пен міндеттерін анықтауда, оның.
жолдарын және негізгі педагогикалық қүралдарын белгілеуде, сабақтан тыс
тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сол сыныпта сабақ беретін пән мүғалімдерін
тартады, олардың оқу-тәрбие жұмыстарындағы әрекетін, оқушылар ұжымымен және
жекелеген оқушылармен жұмысын үйлестіреді. Сонымен қатар,
оқушылардың танымдық, тәрбиелік мүмкіншіліктерін танып білуде
зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады. Олармен бірлесіп әртүрлі
диагностикалық карталарын құрып, дайындайды.
Кейбір балалардың оқу қабілетгерін анықтап бағалауды олардың ата-
аналарымен жене пөн мүғалімдерімен бірлсе жүргізеді. Мұндай жағдайда әр
түрлі мәліметтерді салыстырып, талдаудың және оның нәтижесімен мүғалімдерді
таныстырып отырудың маңызы ерекше. [29]
Бір жағдайда, сынып жетекшісі балалар жайында мүғалімдерден, ата-
аналарынан және өзінің педагогикалык әрекетінен алған әр түрлі мәліметгерді
күнделікті тәрбие жұмысын ұйымдастыруда пайдаланады. Ал, екінші
жағдайда, сол сыныптага пән мүғалімдерінің сыньп туралы нақтылы көзқарасын
орнықтырып, мүмкін болған жағдайда, қосыммша тың мәліметтермен қаруландырып
отырады. Ол пән мүғалідерінің педагогикалық әрекетін, олардың
оқушылармен істеу тәсілдерін алдағы уақытта алдын ала болжап, отыруға
жағдай жасайды. Сондықтан, пән мұғалімдерін балалар мен сынып
ұжымын зерттеп тануда, амал-тәсілдерін таңдауға, педагогикалық процестің
болжауға оларды тарту орынды. Себебі, олар оқулықпен жұмыс істеу
барысында өздерінде туындап отырған … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz