Сымсыз байланыс | Скачать Іс-тәжірибеден есеп беру

0

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
1
Өндірістік практика өткен мекеменің техникалық мінездемесі
4
1.1
IB NANО қызмет көрсету саласы
4
1.2
Сымсыз байланыс
8
2
Техникалық тапсырма
12
2.1
Телекоммуникацияның негізгі даму бағыты мен жағдайын талдау
12
2.2
Коммутация процессі
14
2.3
Электронды АТС,станция комплексі
15

Қорытынды
18

Әдебиеттер тізімі
19

———————————— ———————————— ———-

КІРІСПЕ

Телекоммуникациялық жүйелерді қолдану салалары:АТС,мобильді байланыс,спутниктік,байланыс,әскери ,ғылыми,байланыс,телекөрсетілім. Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele — қатынасу, байланысу, грекше — қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon — байланыс) — ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде Телекоммуникацияны шартараптандыру, дербестендіруезі Шартараптандыру — әлемдік (шартараптық) желі құрып, оған барлық мемлекеттердің және олардың аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау; дербестендіру — UPT (Unіversal Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы бойынша дүние жүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат абонентін іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен автоматты түрде орындалады. Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі — телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды.

1 ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ӨТКЕН МЕКЕМЕНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕСІ

IB NANО қызмет көрсету саласы

Біздің мақсатымыз бір уақытта қарапайым және күрделі. Біздің тапсырыс берушіміздің табысы мен тиімділігі — бұл біздің жетістік. Сондықтан біз: Ең алдымен, жұмысқа кіріспес бұрын көптеген сұрақтар қоямыз.Сіздің нәтижелеріңізге сүйене отырып, сіздің тапсырмаңыз үшін ең қолайлы платформаны таңдап аламыз, біз қысқа мерзімде жобаны екі жақты консультациялық режимде жүзеге асырамыз — біз сіздерге алғыңыз келетін нәрсені, ал біз сіздерге озық тәжірибелер туралы, оның қалай жүзеге асуы жақсы. Біз сіздің қызметкерлеріңізді үйретеміз. IB nano корпоративтік басқарудың автоматтандырылған жүйелерін жобалау, енгізу және қызмет көрсетумен айналысатын консультант болып табылады. 2011 жылы біз өз қызметімізді бастадық, ал қазір компания қызмет көрсету ортасын қарқынды түрде кенейтуде.Көрсететін қызметтерінің ең негізгі түрлері диаграмада корсетілген 1.1 — сурет.

1.1 — сурет IB nano қызмет ара қатынасы

Қазақ көлік және коммуникация академиясына келесі сервистік қызметтерді көрсетеді офистік жұмыс,қызметкерлер туралы құжаттар, техникалық мәселелерге арналған жәрдем көрсету.
Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі — телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды.Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас).
Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.»Қазақтелеком» акционерлік қоғамы — Қазақстандағы телекоммуникациялық компания.1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан «Қазақстан телекоммуникациясы» ұлттық корпорациясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда «Қазақтелеком» ААҚ болып құрылған. Акциялардың 50 пайызы мемлекетке тиесілі. «Қазақтелеком» телекоммуникациялардың барлық желісін — телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы, жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілген. 2001 — 05 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көл. 265 млн. АҚШ долларын құрайды. 1995 жылдан бастап көрсетілетін байланыс қызметтерінің жалпы көлемі ұлғая түсті. 1999 жылға дейін оның көл. 43 пайызға артып, 29,5 млн. теңге болды. 1999 жылы жергілікті желіге 144 мың жаңа абонент қосылды. Телефон арналарының жалпы ұзындығы 2002 жылы 186,8 млн. арна-км, оның ішінде оптикалық кабельдерді қолданатын арналардың ұзындығы 130,6 млн. арна-км болды. қалааралық және халықар. телефон байланысы арқылы сөйлесу көлемі жылына 310 млн. арнакм-ге жуық. Ауылдық жерлерде 162 станиялары қалпына келтірілді, 30 мыңнан астам телефон іске қосылды. ТрансАзия талшықты-оптикалық байланыс желісінің қазақстандық телімі (1754 км) арқылы Қазақстан Тынық мұхитқа, Қытай мен Еуропаға шықты. Осындай байланыс желісінің Шымкент — Ақтөбе — Атырау — Ресей бағытындағы батыс телімі (2500 км) салына бастады. Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Орал қалаларында ең жоғары талаптарға сай келетін электронды станциялар іске қосылып, республиканың қалааралық байланыс желісін жаңғырту аяқталды. Жол қатынасы қиын шалғайдағы және халық аз қоныстанған аудандарға байланыс қызметін көрсету үшін ДАМА ұлттық спутниктік байланыс желісі орнатыла бастады, оның құрамына 250 станциялары кіреді, бұл желінің қызметін пайдаланатын абонент саны 2 млн-ға жетті. «Қазақтелекомның» «Kazakhstan on-lіne» сауда таңбасымен көрсетілетін қызметі Қазақстанның 18 ірі қаласын қамтиды. Телекоммуникацияның негізгі телімдерін жаңғырту шеңберінде «Интернет аймағы» қызметі көрсетіледі. Ол телефоны мен модемді компьютері бар тұтынушылардың Интернетті пайдалануына жол ашты. Бұл жүйені жетілдіру мақсатымен 1999 «Қазақтелеком» өз абоненттеріне «Қазақстан Интернеті» атты жаңа қызмет ұсынды. 2000 жылдың ортасына қарай Интернетті пайдаланушылардың саны 20 мыңға жетті. 1999 жылдан Қазақстанның барлық облысы орталықтарында, қалалары мен аудандарында әмбебап таксофондар орнатылды. Осы жылы қалааралық телефон станцияларын толық цифрлау бағдарламасы аяқталды. Ақтөбе, Тараз, Оралда қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары іске қосылды. Алматы мен Астанада қалааралық коммутациялық орталықтарының салынуы Қазақстанның басқа ұлттық телекоммуникация желілерімен байланыс ұйымының халықаралық қағидаттарына көшуге мүмкіндік берді. Барлық облыстардағы қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары халықаралық коммутация орталықтарына қосылды. Ел тұрғындарының бүкіл дүние жүзімен сандық телефон байланысы жолға қойылды. Ел Президенті Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты биылғы Жолдауында ұлттың ұйытқысы болар қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды деп мемлекеттік тілдің маңызына ерекше тоқталған болатын. Расында, бүгінгі күні қазақ тілін дамытуға әр сала өз үлесін қосуда. Құрылғанына 20 жыл толған Қазақтелеком АҚ ұлттық компания­лар арасында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік тілді ­дамыту­да нақты қадамдармен және жемісті нәтижелермен көзге түсіп жүргенін айта кеткен жөн. Осы орайда Қазақтелеком АҚ-ның Атырау облыстық филиалында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар жайлы сөз қозғауды жөн көрдік. Мәселен, 2014-2016 жылдарға арналған Мемлекеттік тілді енгізу және дамыту бағдарламасы бойынша Атырау филиалы ұйымдастыру-техникалық шараларын жүзеге асыруда. Әуелі, қызметкерлердің қазақ тілінде еркін сөйлеп, сауатты болуы басты назарға алынды. Себебі компания қызметкерлерінің тілдік әлеуетін дамытуды басты мақсат еткен.Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін компания ісқағаздарында мемлекеттік тілді толық деңгейде пайдалану, телекоммуникация қызметінде тұтынушыларға өтініш жасаған тілінде қызмет көрсету, қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде насихаттау бағытында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру, телекоммуникация және байланыс саласының терминологиялық базасын жүйелендіру және әрі қарай дамытуға ұсыныстар беру, ақпараттық және коммуникативтік технологияны белсенді пайдалану жұмыстары іске асырылуда.Қызметкерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгеріп кетуіне де барлық жағдай жасалған. Мәселен, олар үшін Қоғамның корпоративтік Тілтаным сайты жұмыс істейді. Соңғы бес жылдан бері оқу порталына тіркелген қызметкерлер Қазақтелеком АҚ филиалы — Инфокоммуникациялық технологиялар академиясы дирекциясы әзірлеген Ағылшын тілі, Іскери ағылшын тілі, Қазақ тілі іскери қатынас үшін (бастауыш деңгей және инфокоммуникациялық, коммерциялық бағыттағы қызмет­керлер үшін жалғастырушы деңгей), Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу (бастауыш, жалғастырушы, жетілдірілген деңгейлер) курстарын қашықтықтан меңгеріп жатыр. Оқу курсы аяқталған соң оларға тиісті сертификаттар беріледі. Бұл курстың артықшылығы, қызметкерлер өндірістен қол үзбей, қажетті білімдерін ала алады.Мемлекеттік тілді үйренуде көптеген артықшылыққа ие жүйелердің тағы бірі — вебинар. Ол қоғамның ИКТА дирекциясымен интернет арқылы нақты уақыт тәртібінде онлайн-кездесу, семинар, конференциялар ұйымдастыруға арналған құрал. Интернет-технологиялардың қарқынды дамуы корпоративтік орта, қызметкерлерді оқыту саласындағы іс-шараларды виртуалды кеңістікте өткізуге жол ашатыны анық. 2013 жылдан бастап бұл оқу жүйесі бойынша филиалдың мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі мамандары мен менторлары трансферт курстардан өтіп келеді. Сонымен бірге филиал қызметкерлеріне салалық терминологиялық лексиканың негізінде әзірленген Кәсіби қазақ тілі электронды оқулығы таратылып, жұмыс үстелдеріне орнатылғанын айта кеткен жөн.Атырау филиалында қазақтілді көпдеңгейлі оқыту жүйесі бойынша курстар өтеді. Оған биыл 153 тыңдаушы қатысты. Қызметкерлердің тілдік деңгейін көтеру мақсатында көпдеңгейлі оқыту жүйесіне негізделген Лексикалық-фразеологиялық өлшемдер топтамасы оқытылады. Жыл сайын мемлекеттік тілді меңгерудің негізгі жүйесі — Қазтест талаптарына негізделген салалық тест сұрақтары бойынша тестілеу жүргізіліп, қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі анықталып отырады. Бұл да бір жағынан қызметкерлердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне көмектесетіні анық.Тағы бір айта кетерлігі, филиалдың сервис және анықтамалық-ақпараттық қызметтері (160, 165 және т.б.) мамандарының тұтынушылар талап еткен жағдайда мемлекеттік тілде жауап беруі тұрақты қадағаланып отырады. Яғни арнайы бағалау парақтары әзірленіп, онда операторды бағалау өлшемдерінің бірі ретінде мемлекеттік тілді білуі ескеріледі. 2013 жылдан бастап сервистік қызмет көрсету бөлімшелерінің қызметкерлерін аудиобақылау және тікелей бақылау жұмыстары қолға алынды. Ал сапа сарапшыларының (www.165.kz сайты) бағалау нәтижелеріне сүйенсек, операторлардың тұтынушымен түсінісу тілін білу көрсеткіші 90%-ды құраса, орташа көрсеткіш 95%-дың межесіне жетті.Мемлекеттік тілдің кең ауқымда насихатталуына өткізілетін ұжымдық шаралар да маңызды. Батыс аймақтық көшпелі семинарлар, мемлекеттік тілді енгізу мен дамыту үдерістерін қолдау бағытындағы конкурстық шаралар, Тілдер күні, Наурыз мерекесі, Ең үздік іс жүргізуші, Ана тілі аруы, Ең үздік байланыс қызметкері, Ең үздік блок командасы және т.б. шаралардың да мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ықпалы зор. Оның жалпы қамту аумағы жеке базалық станциялардың қамту аумағымен анықталатын ұяшықтарға бөлінген. Ұяшықтар бір-бірін көмкеріп, желі құрайды. Тегіс және ашық жердегі қамту аумағының базалық станциялары шеңбер пішінді болып келеді, сондықтан олардан құралған желі алты бұрышты ұяшықтардан құралған бал арасының ұяшығына ұқсас болып келеді. Желі бірдей жиілікте жұмыс істейтін, кеңістікте таралатын қабылдағыш-таратқыштардан, қозғалыстағы абоненттердің орнын алдын ала анықтау және оның бір қабылдағыш-таратқыштың қызмет көрсету аумағынан басқа қызмет көрсету аумағына ауысу кезіндегі байланыстың үзіліссіздігін қамтамасыз ететін коммутаторлық жабдықтардан тұрады. Сонымен қатар телекоммунмкациялық желілір бизнес жүргізідің ең негізгі казғаушы күші болып табылады ID Nano компаниясы ақпарат базасын басқару,терен анализ жасау ,аналитика секілді қызметтер көрсетеді.

Сымсыз байланыс

Ұялы байланыстың алғашқы жүйелері 1946 ж. АҚШ-тың Сент-Луис қаласында жасалды. Бұл байланыс жүйелері автомобильдерде орнатылып, жеткілікті дәрежеде үлкен аумақты қамтамасыз ететін бірыңғай орталықпен байланыстырылды. XX ғасырдың 70-жылдарының аяғында Солтүстік Еуропа мемлекеттерінде 450 МГц жиілікте жұмыс істейтін NMT-450 стандарты енгізілді. 1986 жылдан жүйенің абоненттік сыйымдылығын кеңейтетін және функционалдық мүмкіндіктерін арттыратын NMT-900 стандарты қолданыла бастады. Алғашқы тәжірибелі GSM желісі 1990 ж. пайда болып, 1992 ж. алғаш рет Германияда қолданысқа енді. GSM-900 — қозғалмалы байланыс жүйесінің ең кең тараған түрі. Оператордың жиілік ауқымы 890 — 960 МГц. GSM-900 стандартының басқа стандарттармен салыстырғандағы басты артықшылығы телефон аппараттары өлшемдерінің шағын болуы және аккумуляторының зарядталмай ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі. GSM операторында орнықты байланыс ең жақын базалық станциядан (үдеткіштер мен антенналар қолданғанда) 35 км-ге дейін жетеді. GSM-900 стандартында бөгде қосылудан қорғану үшін абоненттің арнайы модулі — SIM-карта қолданылады. Бұл картада белгілі абонент туралы нақты ақпарат жазылған микросұлба орнатылады, сондықтан оны GSM стандартты кез келген ұялы аппаратта қолдануға болады. Әрбір картаның арнайы идентификациялық нөмірі болады. SIM картаның тағы бір жетістігі абонент аппаратты ауыстырғанда оның ұялы нөмірі және ондағы барлық ақпараттар сақталады. Қазақстанның ұялы байланыс операторы GSM Қазақстан — Қазақстанның байланыс нарығындағы GSM-900 стандарты бойынша көш бастаушы оператор. Компания 1998 ж. құрылып, Kcell және Actіv сауда белгілерімен жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасының 1058 қаласы мен елді мекенінде Kcell ұялы байланысының қызметтері көрсетіледі, ол негізгі автомагистралдардың 85%-ын қамтыған. Базалық станциялар халықтың 66%-ы тұратын аумағында сигналдың сапалы қабылдануы мен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Kcell 113 елдің 236 операторымен автоматты роуминг, 32 елдің 48 операторымен GPRS-роуминг қызметімен байланысқан. Қазақстанда сондай-ақ, Bеelіne, Pathword, Neo, т.б. байланыс жүйелері қызмет көрсетеді. Активті ретранслятор — байланыс жасаушы екі пункт арасында жыл-жымалы немесе жылжымайтын етіп орналастырылып, байланыс жасалатын негізгі радиосигналды қабылдауға және оны күшейтіп әрі қарай бағыттауға арналған қабылдаушы-беруші радиостанция. Космонавтикада радиоқабылдағышпен, радиотаратқышпен және олардың энергия көздерімен, тиісті антеннамен жабдықталған жер серіктік ретранслятор ретінде пайдаланылады;Пассивтік ретранслятор — негізгі сигналды күшейтпей шағылдыру арқылы оның бағытын өзгертуге арналған, өткізгіштен жасалған айналар, антенналар және басқа жазықтықтар. Оның қатарына металдардың буынан тұратын бұлт, ғарышқа орналастырылған мыс, инелер белбеуі, жер серіктеріне орналастырылған шағылдырғыштар жатады.Ретрансляция аралық пункттерде (ретрансляторларда) сигналдарды қабылдау, оларды күшейту және басқа аралық немесе соңғы пункттерге беру. Ол байланыс қашықтығын ұлғайту үшін колданылады. Сигналдар қандай түрде қабылданса сол түрде күшейтіп қана беретін Ретрансляция және сигналдарды беру кезінде пайда болған қателіктерді түзетіп қайта өңдейтін регенеративті Ретрансляция болып бөлінеді. Сигналдарды ретрансляциялау жылдам немесе кідіріспен жүзеге асырылуы мүмкін (сигнал арнайы құрылғы жадында сақталып және алдын ала қарастырылған уақытта әрі қарай беріледі. Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.28.8 kbits модем Motorola.Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтаукодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек. Және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады — сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде, модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді. модем сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер — бұл сым арқылы жүйелік блокқа қосылатын модемдер.Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген болуы мүмкін. Мұндай модемдер Ішкі модемдер деп аталады. Модем — компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы — мәліметтерді жеткізу жылдамдығы (битсекунд). Недәуір кең тарағандары — стандартты Dial-up модемдер (56кбитсекунд дейін), DSL модемдер (128кбитсекунд дейін) және кабелдік жолдарға арналған модемдер (30 000 кбитсекунд дейін). Модемдер ішкі және сыртқы болады. AT&T Dataphone Modems компаниясы Америка Құрама Штаттарында SAGE (яғни әеуге қарыс қорғаныс) бір бөлігі болды. Ол әртүрлі әуе базаларында, радарларда және бақылау орталықтарындағы терминалдарды АҚШ пен Канада бойынша шашыраған SAGE орталықтарымен байланыстарды. SAGE бөлінген байланыс желілерін пайдаланды, бірақ осы желілердің әр соңында болған құрылғылар қазіргі заманауи модемдер секілді болды. Дербес компьютерлер үшін алғашқы модем Hayes Microcomputer Products компаниясының құрылғысы болды, ол 1979 жылы Apple II дербес компьютері үшін Micromodem II өнімін шығарды. Модем 380 доллар тұрды, және 110300 бсек жылдамдықпен істеді. 1981 жылы Hayes фирмасы Smartmodem 300 бсек модемін шығарды, командалар жүйесі стандарт де-факто болды.Модем типтері :: Сыртқы — COM, USB порттары немесе желілік картадағы RJ-45 тіркеуіші бойынша қосылады, олардың көбінесе сыртқы қоректеу блогы болады;Ішкі — компьютердің ішіне ISA, PCI, PCI-E, PCMCIA, AMR, CNR слоттары арқылы қосылады;Кірістірілген — кез келген құрылғының, мысалы ноутбуктың немесе док-станцияның ішкі бөлігі болып табылады.Жұмыс принципі бойынша:Аппараттық — сигналды айналдырудың барлық операциялары, алмасудың физикалық протоколдарын қолдау модемге кірістірілген есептеуішпен жасалады (мысалы DSP, контроллер қолдану арқылы). Сонымен бірге, аппараттық модемде тұрақты есте сақтау … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz