«Сыбаға» бағдарламасы қолданыста | | Ortalyq.kz

0


Оқылды:
10

2018-2027 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың ұлттық бағдарламасына сәйкес, ірі қара мал саны 7 миллионнан 15 миллионға дейін артады. Сонымен қатар, асыл тұқымды және таза тұқымды ірі қара малды импорттау арқылы өсу жоспарланып отыр. Бағдарламаның бірегейлігі сол, кредиттеу шарттары ауылдық жерлерде бизнесті жүргізудің мүдделері мен мүмкіндіктерін ескеріле отырып жасалған. Бұл стратегияның негізін ірі өндіріс орындары емес, отбасылық фермалар құрайтын болады. Бұл бағдарлама барлық қажетті инфрақұрылым мен азық базасы бар, қолданыстағы шаруа қожалықтарына арналған. Бағдарлама аясында фермерлік шаруашылықтар қажетті ауылшаруашылық техникасын және жемін сатып алуға мүмкіндік алады. Бағдарламаның өте қолайлы шарттарын айта кеткен жөн: – несие мерзімі 15 жылға дейін, негізгі борышты және пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі 2,5 жылға дейін, несие көлемі 70 млн. теңгеге дейін, субсидияларды қоса алғанда, сыйақы мөлшерлемесі 4% -дан аспайды.

Бағдарламаның артықшылықтары – асыл тұқымды түрлендіру, нарықтағы бәсекеге қабілеттілік, ет өнімдерін экспортқа шығарудың артықшылықтары, сондай-ақ сырттан әкелуі кезінде бір мал басына 225 000 теңгеге дейін субсидия алу.

Қарағанды облысында малды сырттан импорттауда бойынша үлкен жоспарлар бар. 2018 жылы малды облысқа сырттан әскелу жоспары — 10 000 бас ІҚМ құрайды, оның ішінде – 5000 бас ІҚМ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қарағанды филиалы арқылы кредиттеу жолымен.

Бағдарлама Қарағанды облысында жұмыс істейтін 12 кредиттік серіктестік арқылы жүзеге асырылады. Бұл қарыз алушыларға үлкен мүмкіндіктер береді, өйткені несие алуға өтініш жасағанда, тұрғылықты жерден шығу қажеттілігі жоқ, облыстың әр ауданында кредиттік серіктестік бар. Бұл тасымалдау шығындарын болдырмайды және, ең бастысы, уақытты үнемдейді. Қарағанды облысындағы несие серіктестіктерінің қатысуымен көршілес елдерден 5 мың бас ірі қара мал жеткізуге арналған шаруа қожалығын қаржыландыру жоспарланып отыр.

Осы бағдарлама бойынша бірінші несие берген алғашқы кредиттік серіктестіктердің бірі – Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арзан және қолжетімді несие қаражатын өздерінің қатысушыларына беру үшін 2006 жылы құрылған Абай ауданындағы «Қаржыгер КС» ЖШС болып табылады.

«2014 жылы мен «Қаржыгер КС» ЖШС-не кірдім және бірнеше рет агробизнесті қолдау бағдарламалары бойынша қаржы алдым», – деді «Жүнісов Д.Е.» шаруа қожалығының басшысы Дәулет Жүнісов. «Біз құрылған сәттен бастап сүт бағытындағы шаруа қожалығын дамытудамыз, ал 2015 жылдан бастап біз мал шаруашылығын қатар дамытып келеміз. Шаруашылықта 6 тұрақты жұмыс орны, сондай-ақ жем-шөп дайындау кезеңінде 2 маусымдық жұмыс орны бар. Жаңа «Сыбаға» бағдарламасы басталғаннан кейін-ақ барлық қажетті құжаттарды жинап, оларды кредиттік серіктестікке ұсындық. Импортталған ірі қара малдың 77 басын сатып алуға несие құжаттарын тапсырғаннан кейін 14 күн ішінде өтінім мақұлданды. Сонымен қатар, сатып алынған малды шеттен әкелу бағытын мақұлдау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне құжаттар ұсынылды. Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Ресей Федерациясының Пермь өлкесінен Герефорд тұқымының бірінші партиясы, яғни 33 төлдейтін мал басы әкелінді, екінші партиясы, 26 қарашада Герефорд тұқымының 44 төлдейтін мал басын Ресей Федерациясы, Томск облысы, Асиновск ауданы «Волкова» ШФҚ-нан әкелу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша АШМ, жергілікті атқарушы органдардың, ветеринарлық қызметтердің және Қарағанды облысындағы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының қолдау көрсеткенін атап өткім келеді.

 Бүгінгі күні «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аудан, облыс әкімдіктерінің, облыстың Ауыл шаруашылық басқармасының, облыстың ветеринарлық бөлімдерінің, Несие серіктестіктерінің бірлесіп күш салуы арқылы қарыз алушыларды тарту және игеру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде.

Өз тілшімізден.