​Суық тиюден қалай сақтануға болады? 7 аңыз – бір шешім

0

​Суық тиюден қалай сақтануға болады? 7 аңыз – бір шешім


Көптеген адамдар суық тиюден қорыққаны соншалықты, неше түрлі аңыздарға сеніп жатады. Суық тию туралы таралған аңыздарды сіздерге ұсынамыз.1. Ауызды тұмшалап түшкіру өзгелерге ауру таралмаудан сақтайдыЖоқ. Вирустар қолыңызға түсіп, одан әрі түрлі заттар арқылы өзге адамдарға жұғады.
Кеңес: түшкірген немесе жөтелген адамнан сәл әрірек тұруға тырысыңыз. Қол орамалға түшкіріп, одан кейін қолыңызды жуыңыз.

2. Суық тию үш күн келеді, үш күнге созылады және үш күнде кетеді.Жоқ. Адам 8 күнге созылған инкубациялық кезеңнен кейін тағы 7 күн ауырады. Бұл күндері науқасқа көп ұйықтап, жылы сусындар ішу пайдалы. Орташа есеппен алғанда ересектер суық тиюмен жылына 2-3 рет ауырса, балалар 10 рет ауырады.

3. Салқыннан суық тигізіп алу мүмкін бе?Жоқ. Салқын ауа — вирус емес. Күн суықта қан тамырлары тарылады, нәтижесінде ағзада имундық жасушалар аз айналады, бұл вирустардың көбеюіне жол бермейді.
Кеңес: бас киіміңіз вирустан сақтамаса да, жылылықты сақтап, иммундық жүйеге жақсы жағдай жасайды.

4. Саунада суық тиюді емдеп алуға боладыЖоқ. Бұл жағдайды әсте нашарлатып жібереді, өйткені қатты жылудың болуы иммундық жүйені әлсіретеді, нәтижесінде вируспен күресу мүмкіншілігі төмендейді. Егер суық тию басталған болса, науқас саунадан кейін тіпті нашарлай түседі.
Кеңес: саунаға жиі бару суық тиюдің алдын алады, өйткені температураның өзгеруі иммундық жүйені қатайтады.

5. Тұмауда мұрынды ішке тарту өте қауіптіЖоқ. Тартылған сұйықтықты адам жұтады. Әрине, жаман естіледі, алайда онда тұрған ештеңе жоқ. Керісінше, қайта-қайта сіңбіру — зиян. Күшену кезінде қысым арқылы құлаққа зиян келуі мүмкін. Қабынудың қауіптілігі басым болады.

6. Суық тиюге қарсы құралдар тез айығуға көмектеседі.Жоқ. Stiftung Warentest мәліметі бойынша, мұндай құралдар бар болғаны аурудың белгілерін басады (жөтел, бас ауыруы, мұрын бітелу). Екінші жағынан табиғи құралдар анағұрлым тиімді, пайдалы, мәселен таңқурай қосылған шай, эхинацея.

7. Ауырғаннан кейін тіс щеткасын ауыстырған дұрыс.Жоқ. Вирустар тіс щеткаңызға қонақтаса да, қайтадан ауыруыңыз мүмкін емес. Өйткені сіздің ағзаңыз бұл вирусқа ем тапты, күресе білді.

Суық тиюге қарсы мықты коктейльБұл сусын суық кездері сізді суық тиюден қорғауға көмектеседі. Бұл үшін ыдысқа 1/5 шай қасық куркуманы және 1/4 шай қасық даршынды салыңыз, үстіне ыстық су құйыңыз, араластырып суытыңыз. Одан кейін қоспаға жарты лимон шырынын қосыңыз.

Бұл қалай жұмыс жасайды: куркума қабынуға қарсы әсер береді, иммундық жүйені жақсартады. Даршын бактерияға қарсы әрі қыздырғыш қасиетке ие, ал лимон — ағзаға қажетті С дәруменінің көзі.

Дереккөзі: ​.orthodox.od.ua