Сумоншақпен кестелеу | Скачать Курстық жұмыс

0
421

Мазмұны

1.Кіріспе————————– ———————————– ——
———————————– —3

2.Негізгі бөлім
2.1. Сумоншақты қолдану техникасы
2.1.1. Сумоншақты тоқу тәсілдері————————– ——————
—————————–6
2.1.2. Сумоншақтан әшекей бұйымдар дайындау————————— ——
———————12
2.2. Сумоншақты кестелеу. Тігіс түрлері
2.2.1. Сумоншақпен картиналарды кестелеу————————— ———
————————14
2.2.2 Қазақтың ұлттық киімдерін сумоншақпен кестелеу———————–
——————–17
2.3.Сумоншақты қолдану техникасы тақырыбына сабақтың үлгі жоспары———
———-17

3.Қорытынды ———————————– —————————–
———————————-2 3
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі—————————– ————–
—————————-24

Кіріспе

Өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық
сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы
– өнер. Алайда, қоғамдық сананың басқа саналардан даралайтын өнердің өзіне
тән ерекшеліктері де бар.
Өнердің өзіне тән пәні – өмір шындығына адамның эстетикалық
қатынасы, ал оның басты мақсаты дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелеу.
Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары
бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде қарапайым еңбек құрал-жабдығының
көмегімен шикізаттардан әр түрлі бұйымдар жасайтын ұсақ қол өндірісі –
қолөнері.
Осы қарапайым еңбек құралдарымен түрлі бұйымдар жасаушы шеберді –
қолөнерші дейміз. Қолөнершілік кәсібі барлық халықтарда, оның ішінде қазақ
қауымдары арасында да ертеден дамыған.
Қолөнері тек ою-өрнек ою ғана емес, олар математикалық ойдың,
есептің, бұрыштар өлшемдерінің, өң-түс сабақтастықтың, жан-жақты
шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы.
Қолөнер қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің ролін түсініп, өнер
адамдарына деген құрметке тәрбиелейді.
Қолөнері жастардың өнерге деген сүйіспеншілгі мен шеберлігін,
еңбек етуге қабілеттілігін арттырып, қоғам пайдасына шын ниетпен,
шығармашылықпен жұмыс істеп, қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке тәрбиелейді;
еңбек мәдениеті мен оны ғылыми ұйымдастыру негіздеріне үйретеді; өздері
жасаған бұйымдарға, көрме экспонаттары мен мектеп мүлкіне аялы көзқарасқа
тәрбиелейді; сынып ұжымына, мектеп және отбасы өмірі мен еңбегіне, жеке
тұрмыс салтына әсемдікті енгізуге ұмтылдырады. Қолөнер түрлерінің
осындайлық құдіретінің күштілігіне көзіміз жеткендей.
Әрбір ұлттық өнер үлгілерінің интернационалдық сипатын күшейту
үшін өз ұлтымыздың ана тіліндегі дәстүрлі халықтық мамандандырылған өнер
үлгілерін дайындау барысында басқа ұлттардың мәдениетіндегі жетістіктерді,
бізде жоқ көркемдік әдістерді, өз өнеріміздің ұлттық ерекшеліктерін сақтай
отырып шығармашылықпен пайдалануымыз орынды болар.
Қайнардың көзі – басында,
Өнердің көзі – халықта – дегендей, халықсыз өнер, өнерсіз
халық жоқ. Алдымен өнерді халықтан үйреніп, көне мұраларды іздеп, тауып,
жаңғыртып іске асыру – перзенттік парызымыз деп түсінуіміз керек. Осыған
орай қазіргі қоғамымыздың қойып отырған талабы да – халық дүниесін
топтастырып жинап, жүйелеп жіктеп, екшелей іске асыру, заман талабына сай
түрлендіре отырып тұтыну.
Осындай халық тұрмысында өзіндік орны бар, келешегі зор, ерекше
өнердің бір түрі –cумоншақты пайдалану өнері.
Сумоншақ-шыныдан, металдан, тесіктері бар фарфордан жасалған домалақ
немесе қырланған шарик. Соңғы жылдарда көне қолөнердің бірі болған сумоншақ
қазіргі заманауи сән үлгісінде ерекше рөл алды. Сумоншақпен өрудің тарихы
ертеден басталады. Шыны моншақтар сумоншақтардың бастапқы түрі, ерте
уақытта олармен фараондардың киімдерін безендірген.
Сарматтар мен скифтердің көшпенді тайпалары Кристов пайда болғанға
дейін сумоншақпен безендірілген киімдермен аяқ киімдер киген. Тұңғыш
сумоншақты киім- кешектерді әшекейлеуде пайдалану ІХ-ХІІ ғасырдан
басталады. Көптеген жылдар бойы Еуропадағы Венеция Республикасы сумоншақты
шығаратын жалғыз орталық болды. Оған дейін сумоншақтарды Германия мен
Галландия сияқты елдердің шыны дайындайтын шеберханаларында әзірленген.
Одан әрі қарай сумоншақтар Византияға, Византиядан Венецияға жеткен.
Ең алғашқы адамдардың өзінен де киімді әшекейлеу үшін қолданылатын
заттарды табуға болады. Сол кезден бастап-ақ адамдар өздерінің
үстілеріндегі киімдерге сән беріп, айналасындағылардан өзгеше болуға
тырыcқан.Бірте-бірте киімді безендіру үшін күрделі материалдар қолданыла
бастады,соның бірі сумоншақпен ең көне моншақтар-40000 жыл бұрын пайда
болған.
Сумоншақтың көмегімен көп зат дайындауға болады. Бір жағдайды нақты
айтуға болады: үй жағдайында тұрмысқа қажетті немесе қарапайым сувенир
дайындайды. Бұл мақсат үшін ескі моншақтардың қалдықтарын, көнерген
заттарды пайдалануға болады. Дүкенге жаңа сәнді бұйым сатып алу үшін
барудың қажеті жоқ, себебі кез келген үйде оны дайындауға қажетті материал
табылады, ал түрлі әдебиет парағындағы тірек сызбалар, үлгілер , өрнектер
оны қалай дайындау керек екендігін көрсетеді. Ескі бұйымды өз талғамына
үйлестіріп қайта жаңарту тіпті оқушының да қолынан келетін іс.
Сумоншақты кестелеу кезінде де пайдалануға болады. Сән
үлгілерінің соңғы журналдары сумоншақпен дайындалып әшекейленген
бұйымдардың соңғы уақытта мол сұранысқа ие болғанын айтады. Бұл жерде де ең
бастысы ұшқыр қиял басты рөл атқарады. Бас киім, қолғап пен кез келген
киімді әшекейлеуге болады.Ең оңай тәсілі сумоншақпен кестелеу. Бұйымның
сыртқы бейнесі орындау техникасының өзара үйлесімділігі бұл сізге өзіңізді
тануға көмектесетін нағыз шығармашылық іс. Ең бастысы қолданып көруден
қорықпау , шыдамды болу және мақсатты көре білу. Сумоншақпен
дайындалған жұмыстар көненің айнасы сумоншақ уақытқа бағынбайтын материал,
бұл заттан орындалған бұйымдарға ешқандай механикалық зиян келмейді
сондықтан олар бізге сол алғашқы күйінде жетеді.
Ежелгі Мысыр елі сумоншақтың отаны болып есептеледі.Бұл жерде мөлдір
емес шыныдан ірі моншақтар әзірлеген. Шыныны өңдеу үрдісі уақыт өте біртін-
біртін жетіле бастады , ірі моншақтар уақыт өте кішірейе бастады. Міне
соның нәтижесінде рубка түріндегі түрлі түсті шыныдан дайындалған сумоншақ
пайда болды. Сумоншақ кейбір елдерде монета ретінде қолданылды. Африкада
құлдық дәуір заманында сумоншақтың бірнеше түйіндісіне құл сатып алуға
болатын. Ежелгі халықтар сумоншақтың керемет бір күші бар деп сендіі.
Сумоншақты шығару біртін біртін Венецияға жетті. ХІІІ- ХVIIғғ. Мурано
теңізіндегі шыны шеберханаларына ештеңе тең келген жоқ.Мөлдір және
Венециялық түрлі түсті шыны дайындау әдісі құпия болып сақталды, оны
жариялаған адам өлім жазасын алған. ХVII ғасырдың аяғы мен ХVIII ғасырдың
басында сумоншақты Германия мен Францияда шығарды, ал ХVIII ғасырдың соңына
қарай Венецияның сумоншақ шығарудағы ең маңызды қарсыласы Богемия (Чехия)
болды. Екі сумоншақ орталықтарының бәсекелестіктерінің нәтижесінде
кестелеуге қолданылатын сумоншақ түрлене түсті. ХІХ ғасырдың аяғында
Богемияда сумоншақ шығаратын машина сатып алынғаннан кейін арзан сумоншақ
пайда болды. Осы уақытта сумоншақтан дайындалған қолөнерге қызығушылық
төмендеп кетеді. Сумоншақ іріленіп, түсі бозара бастайды. Русь елінде
сумоншақ ерте кезден пайда болды. Бұл жерде шыны шығаратын шеберханалар
шыны моншақтар, браслеттер ғана емес,сондай-ақ сумоншақ та шығарады. Сол
уақытта сумоншақ меруерт тастармен қатар жүрді.ХV-XVII ғасырдағы орыстың
түсіндірме сөздігінде сумоншақ сөзімен меруертті атаған. Тек қана ХVII
ғасырдың екінші жартысында жазба әдебиет парақтарында түрлі түсті шыны
сумоншақ жайлы жазылады. Сыртқы үлгісі меруерт тастарға ұқсайтын шыны ұсақ
моншақтар сумоншақ деп атала басталды.Татар мен моңғолдар көп уақытқа дейін
шыны шығару өндірісін тоқтатып қояды, тіпті ХVIII ғасырға дейін сумоншақ
басқа елдерден жеткізіліп отырылады. Ол өте қымбат болады және жоғары
билеуші топ арасында ғана қолданылады. Уақыт өте сумоншақты қолдану артады,
сол себепті үкімет Ресейде сумоншақ шығаратын өндіріс ашуға талпынады.
1752 жылы М. В. Ламоносов Усть- Рудуциде түсте шыныны балқыту әдісі арқылы
сумоншақ, мозомка дайындайтын шеберхана ашады. Ламоносов шеберханасында
дайындалған сумоншақтардың сапасы Венециялық сумоншақтарға жақын болатын.
1754-1765 жылдар аралығында шеберханаларында жұмыс жүргізіліп тұрды. Ғалым
қайтыс болғаннан кейін шеберхана өз қызметін тоқтатады, ал сумоншақ
қажеттілігі басқа елден әкелумен қанағаттандырылды.

1.Сумоншақты қолдану техникасы

1.1.Сумоншақты тоқу тәсілдері.

Сумоншақпен жұмыс жасау техникасы әр түрлі.
Олар: кестелеу, күршекпен тоқу, өру, былғарыға жапсыру, мозайка .
Ежелгі шеберлер ең ұсақ сумоншақпен жұмыс жасады. Арнайы инелер
қолданылды, әсіресе неміс және ағылшын инелері.
Көптеген қыз балалар мен әйел адамдардың бас киімдеріне,
меруеттен дайындалған сетканы әр түрлі атаған. Сорока әйелдер бас киімі
арт жағынан әр түрлі сумоншақпен көмкерілген тікбұрышты сеткамен
өрнектеген. Сондай-ақ сырға, белдік және тағы басқа бұйымдар өрген.
Формалары әр түрлі, бір және көп түсті бұл әшекейлер киімге мерекелік сән
беріп, әрбір костюмді қайталанбас етіп көрсеткен.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары сумоншақпен шұғылдану одан бұйымдар
әзірлеу әлсірей бастады, бірақ орыс провинциялары 60-шы жылдарға дейін
қолданып келді.Осымен сумоншақтың алтын ғасыры аяқталады. Дегенмен
сумоншақтан қолөнер бұйымдарын жасау тоқтатылған жоқ. ХІХ ғасырдың соңында
Европаның кейбір бөліктерінде Мәскеу түбі, Украина, Тамбовицина
кәсіпшілік сумоншақ өндіріс ұйымдастырыла басталды.
Сумоншаққа деген зор ықылас пен қызығушылық біздің жүз
жылдығымыздың 60-шы жылдарынан басталады. Ескі, суреттер мен өрнектерді
қайта қолдану бойынша техниканың жаңа элементтері мен әдіс тәсілдері пайда
бола бастайды. Сол уақыттағы энтузиазист шебер Вера Константиновна
Гладиловна, Светлана Владимировна Хансуворова, Киевтік Энгелиса Никитична
Литвинец және басқа да көптеген шеберлер сумоншақтан жасалған заманауи
бұйымдарды жасай отырып, атабабаларынан қалған дәстүрді, мәдениетпен
сабақтастықты сақтап қалады. Көбінесе Чехия елдерінен әкелінген сумоншақ
қолданылады. 90-шы жылдардың басында Украинада Харьков қаласы сапасы өте
жақсы сумоншақ шығаратын технология құрылып, шығарыла бастады. Бірақ кейін
Украина бөлініп кеткеннен кейін сумоншақ шығару өндірісі тоқтап қалады.
Ресейдегі сумоншақтан жасалған бұйымдар тарихы көптеген қызықты
мәліметтерді, қолданбалы өнер мен орыс халқының көне өнеріне әуесқойлары
үшін көп деректерді қамтиды. Мұражайлық және жеке жиналыстарда ХVIII аяғы
мен ХХ ғасырда дайындалған әдемі жұмыстар сақталған. Бұл бұйымдардың
техникасы да сан алуан кестелеу, күршекпен тоқу, өру, мозайка және тағы
басқа.
Сумоншақ ұсақ теңіз меруерт тастарымен бірге өрнекті оның
детальдарынан ажыратып тұру үшін орыс кестелерінде қолданылған. Бірақ
сумоншақпен кестелеу қолданбалы өнердің жеке бір түрі ретінде тек қана
ХVIII ғасырдың соңынан XIX ғасырдың 70-80 жылдарына дейін ғана болды. Осы
уақыт ішінде сумоншақты пайдалану барлық Еуропаға тарады. Ресейге кестелеу
үшін қажетті сумоншақтың (Усть-Рудидегі М.В.Ломоносов фабрикасынан
шығарылатыны аз мөлшерден басқа) көп бөлігі шекарадан тасылды. Дегенмен
орыс халқының сумоншақ арқылы кестеленіп орындалған жұмыстары сан
алуандығымен, халық өнерінің дәстүрлерін сипаттаумен, сол уақыттағы
Ресейдегі қоғамдық құрылымды бейнелеумен ерекшеленді.
Біздің заманымызға өзінің техникалық жетілімімен, түстерінің
сұлулығымен, түрлі форма мен сюжетте орындалған сумоншақ кестесінің жоғалып
кеткен өнерінің көп түрлері жетті. Сумоншақ, стеклярус пен моншақты көп
жуылмайтын және химиялық тазартуды қажет етпейтін киімдерді кестелеуде
пайдаланылады. Моншақ және сумоншақпен кестелеу үшін негізіне халст, лен,
тығыз жібек, барқыт, атлас, сукно сияқты мата түрлері алынады. Киімге
тігілген моншақтар босап қалмас үшін тығыз, мықты жіп пайдаланған жөн.
Сумоншақпен кестелеу кезінде крестик, гладь және басқа да сәнді
баумен жіңішке тесьмамен үйлестіре отырып орындайды. Матаға салынған өрнек
бойынша кестелеу жұмысы жүргізіледі. Канвада кестелеу кезінде
сумоншақтардың бір-біріне тығыз орналасқанын және жіптердің көрінбеуін
байқап отыру керек.

1.сурет.Моншақпен тігу: а-инемен тесеміз ине алға қарай бағытталады
ә, б-инені қайта қадаймыз инеге в-екінші жұмыс жіппен бекітеміз; г-
түйіндейміз.
Жұмыс істеу үшін көлемдері бірдей шағын тесіктері бар сумоншақ
пен стеклярус таңдап алған жөн. Кестелеу техникасы өте қарапайым, дегенмен
төзімділік пен дағды, икемді талап етеді. Басты шарт-сумоншақтар кестелеу
кезінде бірыңғай бағытта түзу орналасу керек.

2 сурет. Есеп бойынша тігу: а,б-стежками шва полукрест в,г-
жіпке бірнеше сумоншақ іліп алу. Есеп бойынша крестпен кестелеу кезінде
қолданылады, онда әрбір сумоншақ өрнекте көрсетілген крестиктерге сәйкес
келеді.

3 сурет. Стекляруспен кестелеу: а-в- инені алға қарай және иненің
артынан; з-штрих түріндегі аралық қолданылады. Стеклярусті матаға инені
алға қарай және ине артынан бір немесе бірнеше қатарларға орналастырады.
Гүлдер, ағаш жапырақтарын кестелеу барысында көп жағдайда штрихтік аралық
қолданылады.

4-сурет. Жылтырлармен кестелеу, а-жылтырды сумоншақ көмегімен
бекіту: б-стеклярус комбинациясында: в,г-инені астына шығару тігісін
қолдану.
Концертке киетін көйлектер мен сахналық костюмдерді әшекейлеу
кезінде түрлі көлемдегі түстер әр түрлі жылтырлар қолданылады, жылтырлар
өрнек контуры бойынша тігіледі. Оларды матаға сумоншақ немесе кішкентай
моншақтың көмегімен суреттің а нұсқасында көрсетілгендей етіп
орналастырады. Жылтырларды бекіте отыра отырып, бұйым бір уақытта
стекляруспен өрнектеледі. Әрбір жылтырды жеке тігуге болады.

5-сурет. Моншақ, сумоншақ, стекляруспен кестелеу түрлері.
Сумоншақтың көмегімен киімнің жағасын, жеңдерін, көйлектердің жырығын,
әмияндар, сөмке, диван жастықшаларын өрнектеуге болады.

Сумоншақтарды қадау әдістері.

6-сурет. Бұйымдарды моншақпен әшекейлеу: а, б-бахрамамен

Бахрама- бұл сумоншақтан, стеклярустан және ұп-ұсақ меруерт
тастармен өрнектеледі. Матаға жіпті қадап, оған қажетті моншақтарды іліп
алып, инені соңғы моншақтың арасынан өткізіп, жіпті барлық моншақтардың
арасынан тартады.

Жіпті моншақтар салбырап тұрмас үшін қолданады, содан кейін оны
матада жасалған тесікке бекітеді. Сондай-ақ одан бахраманың қалған жіптерін
байлайды, оның көмегімен стеклярус, ірі және ұсақ моншақтарды қоса отырып
көйлек, әмиян, сөмкелерді безендіруге болады.

7-сурет. Сумоншақтан дайындалған ажурлы тістемелер бахрамасы: а, б-
жұмыс тәртібі; в, г-тістемелер нұсқалары; д-стеклярусты қолдану.
Жалғыз сумоншақты бекіту: Моншақты матаға тура қадайды, шағын қатар
пайда болу үшін көлемі кішірек сумоншақты қолдануға болады. Төменгі
моншақтың орнына паиетканы пайдалануға болады. Түстері көлемді әр түрлі бір-
біріне жақын орналасқан моншақтар өте әдемі көрінеді. Оларды металлдан
дайындалған фигуралардың, контрасты моншақтардан жасалған өрнектердің ішіне
орналастыруға болады.

Инені алға қарай тігісін орындағанда, инені матаның оң жағына
шығарып, моншақты іліп алады.

1.2. Сумоншақтан әшекей бұйымдарын дайындау.

Сумоншақтан бұйым тоқу өнері кең тарап, тоқу арқылы жасалған
бұйымдар жоғары бағаланғандықтан шеберлер, өзінің өнерін көрсету үшін
сумоншақпен тоқудың шартты белгілерін ойлап, сол арқылы белгілі бір
бұйымдарды тоқу әдісін көрсетеді. Сумоншақты тоқуды қолға алған адам өз
фантазиясымен әр түрлі әшекейлерді өзі жасауға болады.
Өмір жасы ұзақ болу үшін сумоншақты мықты жібек жіппен немесе
лескімен тоқиды. Сумоншақтан тоқылған бұйымдардың түрлері өте көп.
Сумоншақпен қазақтың ұлттық ою-өрнектерін, тұмарша, өңір жиек (алқа),
бұйымдар, шашбау тағы басқа сәнді әшекейлер жасауға болады.
Бисермен жұмыс істегенде жұмыс орны жарықпен жақсы қамтамасыз
етілуі керек. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 5-10 минут үзіліс
жасау керек.
Бисермен тоқудың ең көп тараған түрі параллельді тоқу.
Сумоншақты таңдау үлкен жұмыс. Олардың өлшемдері, түстері әр
алуан. Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты сумоншақтың қандай түрін
қанша мөлшерде алуды, қандай түсін алуды, тігілетін мата түрін, ине, жіпті
таңдай білу қажет. Сумоншщақпен кестеленетін мата тым қатты немесе жұқа
емес, орташа қалыңдықта болуы керек. Жібек матаға қарағанда табиғи
қатқылдау матаны қолданған өте ыңғайлы. Өйткені жібек мата жылтыр
болғандықтан моншақтар сырғып түсе береді.
Сумоншақ тігу үшін арнайы жіңішке №10 ине қолданған жөн. Жуан
инені қолданса моншақ екіге бөлініп жарылып кетуі мүмкін. Сумоншақты тігуге
түсі әр түрлі жіпті қолдана беруге болады. Тек олардың жуандығы бірдей әрі
мықтылау, сонымен қатар сумоншақты тіккенде жұмысқа кедергі жасамайтын
болуы керек. Сонымен бірге өткір қайшы, арнайы кергіш немесе жақтаушы қажет
болады. Сумоншақтарды шыныдан жасалған қауашақтарға немесе қораптарға
сақтаған дұрыс. Өйткені мұндай қораптардан моншақтардың түрі-түсі жақсы
көрінеді.
Қазіргі кезде сумоншақтарды, негізінен, әшекей бұйымдар ретінде
қолданады, моншақ, алқа, сырға, белдік, кулон, білезік тағы сол сияқты
тағыншақтар. Сумоншақтан жасалған әшекейлер түрлі түсті шыны моншақтар
бірігіп, өрнекті композиция құрайды. Сумоншақтың декоративтік қасиеті баяғы
кезден-ақ шеберлерді қызықтырған. Олардан құмыра, тор сөмке, гүлдер,
түйреуіш ретінде тағатын кішкентай жәндіктер тағы да басқа декоративті
элементтер жасалған. Сол сияқты сумоншақтардан жасалған картиналар, панно
бұйымдары да кездеседі. Оларды жасау үшін шыдамдылық, ерекше шеберлік
керек. Шеберлік техникасы өте жоғары болуы қажет. Кейінгі кезде сумоншақпен
киімді, сөмкелерді, тіпті аяқ киімдерді де жиі әшекейлейді.
Сумоншақтар өріміне қажетті материалдарға бисер, моншақ,
стеклярус, рубка, сол сияқты декордың кейбір элементтері, ювелирлік
тастар кіреді. Түріне қарап сумоншақты қарапайым бисер, богем бисері немесе
шорлат деп бөледі. Қарапайым бисерлер-кішкентай, ортасында тесігі бар
шариктер. Түстері әр түрлі құрамына қарай бисер шыныдан және металдан
жасалған болып бөлінеді. Ал өңделуіне қарай тұтас боялған немесе
шаңдатылған күңгірт не құбылмалы түсті болады. Стеклярус-шыны түтікше (5-10
мм) қырлы немесе цилиндр пішінді. Одан басқа шабылған бисер деп те (рубка)
ажыратылады өте ұсақ ұзындығы 2-3 мм.
Сумоншақтарды тізу үшін жұқа жіңішке капрон жіпті (жібек,
лавсан), леска (қармақ жібі) немесе мыс сымды қолданады. Сумоншақтан алқа,
моншақ, сырға тоқу үшін құлыпша мен ілгіштер керек. Лесканы көлемді баулар
жасау үшін, ал мыс сымдарды гүл, түйреуіш және тағы басқа декоративті
элементтер жасауға қолданады. Сумоншақ өрімі өнерінде ең негізгісі-түстерді
дұрыс үйлестіру және өрнектердің композициясын құру. Әркімнің түстерге
деген көзқарасы, қызығушылығы әр түрлі, сондықтан түстерді таңдағанда қай
түстің қай түспен үйлесетіндігіне ерекше мән беру керек.
Сумоншақты өруге кіріспестен бұрын жұмыс орнын ретке келтіріп алу
керек. Жұмыс үстелін терезенің жанына қойған дұрыс. Терезеден жарық күндіз
сол жағынан түссе, кешке үстелдік шамды қосу қажет. Әрбір сағат сайын
үзіліс жасап, көзге арналған жаттығуларды орындау керек. Сумоншақпен жұмыс
істегенде оны тарелкаға салып үстелдің үстіне қойған ыңғайлы. Үстелді
жылжып кетпейтін жұмсақ матмен жапқан дұрыс, сумоншақ түсіп кетсе де жинап
алу оңай болады. Сумоншақ өрімі ұқыптылықты, шыдамдылықты талап етеді.
Сумоншақтан гүлтізбекті дайындау технологиясы. Гүлтізбек-төрт
күлтелі гүлден тұратын гүлтәжіне ұқсас, өте қарапайым, жасалуы тез, әсем
бұйым. Мұндай гүлтәжіне жасау үшін екі түсті (қарама-қарсы түсті) сумоншақ
керек. Олардың мөлдір болмағаны дұрыс, өйткені суреттің анық көрінгені
қажет.
1. Бірінші айқыш төрт қара сумоншақты тізіп, соңғы бисерден лесканы
өткізгенде, оны ұшы … жалғасы