Сүйіктіңмен кездесуге арналған ерекше жерлер

0

Сүйіктіңмен кездесуге арналған ерекше жерлер

Саябақта серуендеу, киноға бару немесе тамақ ішетін жерге барудан жалықсаңыз, жігітіңізге (қызыңызға) төмендегі жерлерге баруды ұсыныңыз. 

Үстел ойыны бар кафе 

Мұндай жерлер көбінесе «кафе емес» («некафе») деп аталады. Бұл жердің негізгі мақсаты – тамақ ішу емес, түрлі ойындар ойнау. 

Мастер-класс 

Қазір кең тараған әуесқойлықтың бір түрі – мастер-класқа бару. Ол жерде көңіл көтеру және қызықты уақыт өткізумен қатар, бірдеңе үйреніп шығасыз. Мысалы, бірге сурет салу. 

Ойын автоматтары орналасқан бар 

Мұндай жерлерде ерекше әрі көңілді уақыт өткізуге болады. 

Кафесі бар кітап дүкені (немесе кітаптары бар кафе) 

Егер екеуіңіз де кітап оқығанды ұнатсаңыз, бір-біріңіздің талғамыңызды біліп, керемет уақыт өткізуге болады. 

Таза ауада өтетін концерт немесе кино 

Мұндай жерде өткізген уақыт ерекше сезім қалдырады. 

Ерекше жер 

Әр қалада сіздің барып көргіңіз келетін, бірақ әлі жолы түспей жүрген жерлер болады. Сол жерге барып қайтуды ұсыныңыз. 

Экскурсия

 

Бір-біріңізге өзіңіздің сүйікті жеріңізді көрсетіп, экскурсия жасаңыз. Не үшін ол сіздің сүйікті жеріңіз, онымен қандай оқиғаны байланыстыратыныңызды айтыңыз. Ол оның бұрын көрген жері болса да, сіздің көзқарасыңызбен қарағандықтан, ол үшін де ерекше жер болып қалады. Әңгімелесуге тақырып табылады.