Сүйек майы – иммуногенездің орталық ағзасы

0

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау
Дисциплина: Анатомия
Кафедра: Қалыпты және топографиялық Морфология
Курс: 1
Тақырыбы: Сүйек майы – иммуногенездің орталық ағзасы
Орындау түрі: Реферат

Орындаған: Сапарбаев Исламбек
Тобы: 105
Тексерген: Жұмабай Н.А
Оқытушының қолы:

АҚТӨБЕ 2018 ж

Сүйек кемігі (Майы)
Сүйек кемігі майы (костный мозг) (medulla ossium, лат. medulla — милық, os — сүйек) – қаңқа сүйектерінің жілік бастарындағы, омыртқа денелеріндегі және жалпақ сүйектердегі сүйек кемігі тақташаларының аралықтарындағы ұяшықтарды толтырып тұрған қан тұзуші мүше. Оның негізін құрамында әр түрлі даму сатысындағы қан жасушалары мен тамырлары бар жіңішке та шықты ретикулалы ұлпа құрайды. Сүйек кемігі майында түзілетін барлық қан жасушаларының бастама ізашар жасушалары — көп мүмкіндікті діңгекті жасушалар. Олардан көп мүмкіндікті жартылай діңгекті жасушалар, бір мүмкіндікті бласттар жетіледі. Бласттардан эритроциттердің даму қатары (базофилді, полихромотофилді, ацидофилді эритробласт, нормобласт, эритроцит), лейкоциттердің даму қатары (гранулоциттер, агранулоциттер), мегакариоциттің даму қатары (қантабақшалары) дамиды. Гранулоциттер жасушалар қатарынан цитоплазмасында әр түрлі дәншелері бар базофилді, эозинофилді және нейтрофилді гранулоциттер, лимфобласттардан тимус пен шеткі қан жасау мүшелерінде (көкбауыр, лимфа түйіндері, лимфоэпителтальды құрылымдар) Т- және В- лимфоциттер, монобласттардан моноциттер жетіледі. Иммунды жауапқа, эритроциттердің ыдырауына, темір қалдықтарын қайта іске асыруға, гемоглобин түзуге қатынасады және қосалқы липидтер жинайтын жер. Сүйек майы қызыл және сары болып бөлінеді. Кызылы (миелоидты) қан құрайды. Онда эритроциттер, гранулоциттер, лимфоциттер, моноциттер, тромбоциттер құралады. Сарысы май торшаларынан тұрады. Ол ешқандай қызмет атқармайды. Сүйек майы тканінде көптеген қан тамырлары және синусоидты капиллярлар бар. Ол мононуклеарлы фагоциттерге бай. Қызыл және сары cүйек майы ара қатынасы адам мен малдың жасына және түрлі факторлардың әсеріне байланысты әртүрлі болады. Сүйек майы салмағы: жаңа туған балада 40 г. (дене салмағының 1,4%), үлкен адамда 2600 — 3000 г. (дене салмағының 4,6%).

Сүйектің қызыл кемігі
Қан жасушаларын түзетін орталық мүше сүйектің кемігі. Қанның өзінің орнын өзі толтырып отыратын бағаналы жасушалары мен миелоидты, лимфоидты жасушалар тобы осы сүйек қызыл кемігінде қоныстанған.
Дамуы: Адам ұрығының 2-айында бұғана, ал 3-айында жалпақ жауырын, жамбас, қабырғаға төс сүйектерінің кемігі, 4-айлық нәрестеде түтікше сүйектерінің кемігі дами бастайды. Ұрықтың 11-аптасында остеобластық сүйек кемігі пайда болып, остеогенді қызмет атқарады. Бұл кезеңде пайда болған сүйек кемігінде алғашқы қанның бағаналы жасушалар жиынтығы пайда болады. Ұрықтың 13-14аптасында алғашқы қан тамырлар айналасында гемопоетикалық, ал 20-28аптасындағы адам ұрығының түтікше сүйектерінің қуысында остеокластар пайда болып, сүйек перделерін реобрциялау нәтижесінде сүйек кемігінің эпифизге қарай өсуі де байқалады. Осыдан бастап сүйек кемігі қан жасайтын мүше болып саналады. Сүйек кемігінде ең алдымен эритроидты топты түзетін аралшықтар біліне бастайды. Адам ұрығының 36 – аптасында түтікше сүйектердің диафизіндегі кемігінде май жасушалары мен қан жасушаларының даму ошақтары пайда болады. Ересек адамдардың сүйектерінің құрамынан қызыл және сары миын ажыратады. Сүйектің қызыл кемігі (medulla osseum rubra) бұл – сүйек миының қан жасайтын бөлігі. Ересек адамның сүйектерінің құрамында бұл жалпы дене салмағының 5% құрайды.
Сүйек кемігі қызыл түсті, қоймалжың, шынышағы оңай жағылып, жағынды (мазок) жасалатын құрылым. Сүйек кемігінің құрамында қанның бағаналы жасушалары, гемопоэтикалық эритроидты, гранулоциттер мен мегакариоциттер қатары (дифферон) және В, Т – лимфоциттердің ізашары орналасады. Осыларға микроқоршау болып табылатын – сүйек кемігінің негізін түзетін ретикулинді дәнекер тіні. Соңғы кезде бұл микро қоршау құрамына остеогенді жасушалармен қоса май (адипоциттерді), адвентициальді, эндотелий жасушалары мен макрофагтарды да жатқызып жүр.
Ретикулярлы жасушалары – механикалық, секреторлы қызмет атқаратын өсінділері бар, негізгі затты синтездейтін (проколлоген, глюкозаминогликандарды, белоктарды) қан жасушаларына негізгі қоршау бола отырып, гемопоэтикалық жасушаларына өсу факторын (бөлетін жасушалар) бөледі.
Остеогендік жасушалары – осетобласттар сүйек тінінде тіректік қызмет атқарып, сүйек эндостінің (қабының) негізін түзеді. Бұл жасушалар да өсу факторларын бөледі. Қан жасушаларының ең көп көбейетін жері осы эндост. Эндост маңында қанның бағаналы жасушаларының мқлшері сүйек қуысының ортаңғы бөлігіне қарағанда 3 есе көбірек болып келеді.

Иммуногенездің орталық ағзасы
Иммуногенез фазалары. Иммуногенезде екі фаза бар — индуктивті және өнімді. Индуктивті антиген енгізілген сәттен бастап антиденелер түзетін жасушалар пайда болғанға дейін өтеді. Осы уақыт ішінде иммундық компетентті жасушалар антигенін тану, т … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз