Су айналымының маңызы | Скачать Реферат
Жоспары
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Жер бетіндегі су айналымы мен жылдық су балансы маңызы
ІІІ. Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттері
Кіріспе
Жер бетіндегі су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады. Су булары ауа ағындарымен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады. атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа қайта оралса, бұл құбылыс — кіші немесе мұхиттық айналым болады. Мұхит пен атмосфераға қоса құрлықты қамтитын су айналымы — үлкен немесе дүниежүзілік су айналымы деп аталады. Дүниежүзілік су айналымына қатысып, құрлыққа жауған судың біразы өзендер арқылы (жер бетінгі ағын) мұхиттарға қайтадан ағып барады. Қалған бөлігі топыраққа сіңіп, нәтижесінде топырақтағы суды өсімдіктер сіңіріп, қайта буландырады. Ал одан қалған су бөлігі топыраққа тереңірек сіңіп, сулы қабатпен (жерасты ағын) қайта мұхитқа оралады. Құрлықтан мұхитқа қосыла алмайтын су көздері де бар.
Оларды ішкі «ағынды» немесе «ағынсыз» сулар деп атайды. Бұл аумаққа түскен жауын-шашын толық буланып кетеді. Атмосферадағы судың (ылғал) 87%-ға жуығы дүниежүзілік мұхит суынан булануға ұшырайды. Жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы да болады. Құрлықтан буланған су (ылғал, газды күй) мұхитқа жетпей тұрып, бірнеше рет жауын күйінде жауып, осылай құрлық ішінде де кіші су (ылғал) айналымы жүреді. Табиғаттағы су (ылғал) айналымы — күн энергиясы мен салмақ күші әсерінен туындай отырып, жер шарына тән ылғалдың (судың) толассыз қозғалысын камтамасыз ететін тұйықталған процесс: ауа ағындарымен аспанға көтерілген Әлемдік мұхит айдыны мен құрлық бетінен буланған ылғал (су) түйіршіктері конденсацияға ұшырайды да жауын-шашындар түрінде жер бетіне (Әлемдік мұхит және кұрлық бетіне) қайтадан оралып (жауып) отырады.
Су айналымына өсімдіктер де қатысады. Олар құрлыққа жауған жауынның (ылғалды) бойына сіңіріп, қайта буландырады. Алайда адамзат күн сайын ормандарды кесіп жатыр. Үлкен аумақтардағы ормандарды кесу өзендердің су ағынын арттырады. Олардың ағыны саға, саласынан асып, адамдарға және шаруашылыққа үлкен зардабын тигізеді. Көптеген су тасқыны нақ осындай мәселенің болуынан туындайды.
Су айналымының маңызы өте зор. Айналым жер бетінен шексіз көрінетін су қорымен қамтамасыз етеді. Жердегі судың жаңарып отыруына септігін тигізеді. Бірақ судың жаңаруына кететін уақыт ұзақ мерзімді талап етеді. Мысалы, жерасты суларының жаңаруына жүз мың, миллиондаған жылдар кетеді. Өзен сулары 11-14 тәулік, атмосфераның құрамындағы су 8-9 тәулік сайын жаңарып отырады.
Негізгі бөлім
Су балансы(французша balanсе — таразы) — табиғаттағы не жеке шағын аймақтағы, атмосферадағы ылғалдың жалпы кірісі мен шығынын бейнелейтін сандық сипаттама, нақты бір аудан бойынша судың келуі мен ағып кетуі және жұмсалуы (шығыны) арасындағы байланыс. Су балансының құрамдас бөліктеріне: атмосфералық жауын-шашын, жер үсті сулары, булану, өсімдік транспирациясы, шаруашылықта пайдалану және су ағындары (жер үсті және жер асты) жатады.
Жердегі тұщы су мөлшерінің неліктен азайматынына көңіл аудардыңдар ма?
Күн жылуының әсерінен су беті жылынып, бу болып жоғары көтерілетінін Дүниетану, Жаратылыстану пәндерінен білесіңдер.
Бу жерден биікке көтеріліп суынады да, одан бұлт пайда болады. Оларды жел бір жерден екінші жерге айдап алып барады. Бұлттардан мұхитқа да, құрлыққа да жауын-шашын жауады. Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Мұны кіші су айналымы дейді.
Мұхит үстінде пайда болған су буы мен бұлт желдің күшімен құрлыққа жеткенде жауын-шашынға ұласады. Құрлық бетіне түскен жауынның бір бөлігі буға айналып, қайтадан атмосфераға барады, ал екінші бөлігі өзенге, көлге қосылады, жерге сіңеді, қар түрінде мұздықтарға түседі. Қар да, мұз да буланады. Бұл кезде олар қатты күйден газ тәрізді күйге ауысады. Үлкенді-кішілі көптеген өзендер құрлық бетімен ағып барып, мұхитқа құяды. Жерге сіңген су да жер астымен ағып, мұхитқа қосылады. Мұны үлкен су айналымы дейді. Демек, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы, жер астындағы сулар үнемі айналымда болады. Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу үрдісін Дүниежүзілік су айналымы деп атайды.
Су айналымының маңызы. Су айналымының әсерінен литосфера, мұхит және атмосфера арасында жан-жақты күрделі өзара әрекеттер жүріп жатады.
Біріншіден, су айналымының әсерінен ылғал құрлыққа ауысады және керісінше, құрлықтан мұхитқа ауысады.
Екіншіден, жылу да ауысады. Жерге түсетін күн жылуының көпшілігі мұхит суын жылытуға кетеді. Мұхит бетінің жылуынан беткі су тамшылары буға айналып, жоғары … жалғасы