Спорт тақырыбына арналған веб — портал құру
8
9
Аңдатпа
10
Жобаның мақсаты жаңа интернет технологияларын қолдана отырып
салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар арасындағы спорт тақырыбында
пікір алмасуға, қызықты әрі жаңа мақалалармен қамтамасыз ететін және
машықтану бағдарламаларын қарауға мүмкіндік беретін ыңғайлы веб-портал
құру.
Ақпараттық жүйе PHP, CSS, HTML және JavaScript тілдерін қолдана
отырып құрылған және деректер қоры MуSQL Server негізінде жүргізілген.
Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде еңбек жағдайларына, жұмыс орнына
талдау жасалынған. Жұмыс орнында ауаны кондиционерлеу бойынша
есептеулер жүргізілген.
Ал техника-экономикалық негізделуі бөлімінде барлық баптар
бойынша жобаны жүзеге асырудағы шығындар анықталған және жобаға
экономикалық пайдалылық бағасы берілген.
Аннотация
Целью проекта является
—
создание удобного веб-портала с
использованием новых интернет технологии для людей интересующихся
спортом, с помощью которого они могут обмениваться мнениями,
просматривать новые статьи и программы тренировок.
Информационная система разработана с использованием языков PHP,
CSS, HTML и JavaScript, а база данных проведена на оснавании MуSQL
Server.
В главе Безопасности жизнедеятельности анализируются трудовые
условия и рабочее место. На основании полученных данных сделан расчет
системы кондиционирования.
В главе Технико-экономического обоснования проекта по всем
статьям определены расходы по осуществлению проекта, дана оценка
экономическому приоритету проекта.
Abstract
The aim of the project is — provide a convenient web portal using the new
Internet technologies for people interested in sports, through which they can share
their views, view new articles and training programs.
Information system developed using the language PHP, CSS, HTML and
JavaScript, and the database is held on osnavanii MuSQL Server.
In the chapter «Safety» analyzes the working conditions and the workplace.
Based on these data, calculations of air-conditioning system.
In the chapter «Feasibility study of the project» in all respects determined the
cost of implementing the project, assessed the economic priorities of the project.
11
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 13
1
Ақпараттық жүйені құрудың негізгі технологиялары және қолданылатын
бағдарламалық құралдар … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 14
1.1Интернет туралы жалпы түсінік … … … … … … … … … … … … … … … … 14
1.2Гипермәтін концепциясы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 15
1.2.1 World Wide Web … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. 16
1.3 Аpache HTTP Server жобасы … … … … … … … … … … … … … … … … … . 17
1.3.1 Apache архитектурасы … … … … … … … … … … … … … … … … … … 18
1.4 Бағдарламалау құралдарын таңдауды негіздеу … … … … … … … … … .. 19
1.4.1 HTML гипермәтіндік тілі туралы түсінік … … … … … … … … … … 20
1.4.2MySQL деректер қорының сервері … … … … … … … … … … … … … 24
1.4.3 Java Script скрипті бағдарламалау тілі … … … … … … … … … … … . 32
1.4.4 CSS стильдер тілінің негізі … … … … … … … … … … … … … … … … 36
1.4.5 PHP бағдарламалау тілі … … … … … … … … … … … … … … … … … . 38
1.4.6 Yii Framework платформасы … … … … … … … … … … … … … … … . 44
2
Веб-порталды жобалау және өңдеу … … … … … … … … … … … … … … … … 48
2.1 Дипломдық жұмысқа қойылған есептер … … … … … … … … … … … … .. 48
2.2 Веб-порталды құру кезеңдері … … … … … … … … … … … … … … … … … 48
2.3 Веб-портал жұмысының алгоритмі … … … … … … … … … … … … … … .. 51
2.4 Техникалық тапсырма … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 51
2.5 Веб-портал құрылымы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 52
2.6 Веб-порталдың функционалдығы … … … … … … … … … … … … … … … 56
2.7 Дизайн және беттеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . 57
3 Техника-экономикалық негізделуі … … … … … … … … … … … … … … … … . 59
3.1 Жұмыс сипаттамасы және қажеттілік дәлелдемесі … … … … … … … … 59
3.2 Жұмыста пайдаланылатын еңбек ресурстары; … … … … … … … … … … 59
3.3 Жобалау және өңдеу бойынша жұмыс құнын есептеу … … … … … … . 59
3.4 Амортизациялық шығындар өлшемі … … … … … … … … … … … … … … 64
3.5 Зияткерлiк еңбектiң бағасы … … … … … … … … … … … … … … … … … … 67
3.6 Жұмыстың техника-экономикалық негізделуіне қорытынды … … … . 68
4 Тіршілік қауіпсіздігі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. 69
4.1 Оператордың жұмыс жағдайын талдау … … … … … … … … … … … … … 69
4.2 Кондиционерлеу және кондиционерді таңдап, есептеу … … … … … … 73
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 79
Әдебиеттер тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . 80
Қосымша А … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 81
12
Кіріспе
Бүгінгі күні адамдардың өмірін интернетсіз елестету мүмкін емес.
Өйткені, ол күнделікті жаңалықтармен, аудио, видео өнімдермен танысу
немесе әлеуметтік желілерде уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар әр түрлі
оқуға, жұмысқа керекті ақпаратты іздеуге, танысуға, оқып білуге, сонымен
бірге адамдардың өздерінің бизнестерін дамыту үшін керек.
Интернеттің басты тапсырмасы бұл — әр тәуліктік, жоғары сенімді
байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа
құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай
«Желі» сөзін қолданғанда, Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен
интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың
өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір
компьютер — бұл Желінің бір бөлігі.
WWW технологиясы алғашқысынан әр түрлі елдердің ғалымдары
арасында ақпаратпен ыңғайлы алмасу үшін жасалған болатын. Арнайы
бағдарламаны пайдалана отырып, жер бетінің бір жағындағы ғалымдар
екінші жақтағы ғалымдардың дайындаған ақпараттарына қол жеткізе алатын
болды. Сонымен бірге, олар қысқаша пікірлерімен алмасуға және
құжаттарын дұрыстауға мүмкіндіктері пайда болды, бұл қызмет түрі қазір
электрондық пошта деп аталады.
Қарым-қатынасу мен қызметтестіктің жаңа түрі өте жағымды болды,
сондықтан да тез арада бәріне қол жетімді ресурсқа айналып, Интернет
желісінің ең әйгілі мүмкіндігі деп танылды.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Спорт тақырыбына
арналған веб-портал құру. Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім:
— біріншіден, қазіргі күнде
үш тілде яғни қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде веб-портал аз;
— екіншіден, әр адам сайтқа кіру арқылы қызықты әрі жаңа
мақалалармен таныса алады және машықтану бағдарламаларын суреттелген
немесе бейнематериалдардан қарауға болады. Бұл өте ыңғайлы.
Дипломдық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады:
— кіріспе;
— жұмыс жасау әдістері мен бағдарламалық құралдарын таңдау;
— жұмыс жасалу барысы;
— қорытынды.
13
1
Ақпараттық жүйені құрудың негізгі технологиялары және
қолданылатын бағдарламалық құралдар
1.1
Интернет туралы жалпы түсінік
Интернет дегеніміз компьютерлерді бір — бірімен белгілі хаттама
арқылы (TCPIP) байланыстыратын желі, ол әр компьютерлерді өзара әр
түрлі жаңалықтар алмасуына ықпал етеді. Интернеттің кросс- қаттамалық
тәуелсіздігі оның күн сайын қуат алуына және экспоненциалдық өсуіне
себепші.
Сонымен, желі дегеніміз не? Интернетте мыңдаған компьютерлер бір
бірімен байланысады. Бұл өте жеңіл сияқты көрінеді және көптеген адамдар
Интернет сөзін күнде қолданады, санаулы адамдар ғана оның концепциясын
түсіне біледі.
1957 жылы бірінші Спутник атты жасанды жер серігін жіберді. Бұл
АҚШ — та үлкен әсер етіп, олар Advanced Research Projects Agency (ARPA)
атты Department of Defense (DoD) әскери ұйым жанынан ғылыми —
технологиялық бөлім құрады. 1969 жылы DoD APRANET атты төрт түйіннен
тұратын желі құрады: California және Los Angeles (UCLA) университеттері,
Stanford Research (SRI) институты, California Santa Barbara (UCSB)
университеті және Utah университеті 1.1-суреттен көре аламыз.
1.1 сурет — Төрт түйіннен тұратын желі
Бұл желі 50 Кбитс жылдамдығымен Network Control Protocol (NCP)
арқылы бірінші түйін — түйін қаттамаларынан тұрды. Жылдар бойы көптеген
түйіндер ARPANET желісіне қосылып, және де ол желі қаттамалар мен
бағдарламалық жабдықты қолдана бастады.
14
1974 жылы Vint Cerf және Bob Kahn «A Protocol for Packet Network
Interconnection» атты Transmission Control Program (TCP) құрды.
Бағдарламасының құрылымы мен құрылысы туралы жинақ жарық
көрді. 1978 жылы TCP екі қаттамадан тұрды: Transmission Control Protocol
(TCP) және Internet Protocol (IP).
1982 жылы DoD TCP және IP (көбісі оны TCPIP деп біледі)
қаттамаларын ресми түрде қабылдады. 1983 жылдың қаңтар айында
ARPANET ресми түрде NCP және TCPIP қосылуы арқылы, Интернет пайда
болды. Таңғажайып Интернеттің таралу жолдары: 1984 жылы қосылған
түйіндердің саны 1000 болды, 1987 жылы ол 10000 -нан асты, 1989 жылы
100000-нан асты, 1992 жылы 1000000 болды, 1996 жылы 10 000 000 болды.
Қазірде Интернет желілерінің саны 50 000 000-нан асты. Ол әлі де өсуде, оны
1.2 — суреттен көре аламыз.
1.2 сурет — Интернеттің өрістеу (қосылған түйіндер саны) және
World Wide Web (серверлер саны)
1.2
Гипермәтін концепциясы
1965 жылы Ted Nelson гипермәтін концепциясын енгізді. Сонан соң,
Brown Университетінде 1967 жылы Hypertext Editing System (HES) атты
гипермәтіндік кұжаттық жүйе жасады. 1968 жылы Douglas C. Engelbart
(1963 жылы тышқанды ойлап тапқан) «ONLine System» атты жүйесін
көрсетеді. Осы жағдай тышқан, гипермедия және бейне конференция туралы
дау тудырды.
Сонан соң гипермәтін жобасын дамытатын көптеген жүйелер жасалды
(1975: ZOG Carnegie Mellon университетінде; 1978: Aspen Movie Map; 1984:
Filevision by Telos; 1985: Symbolics Document Examiner by Janet Walker; 1985:
Intermedia by Norman Meyrowitz at Brown University;1986: Guide from OWL,
NoteCards from XeroxPARC, және т.б.). 1987 жылы Apple HyperCard5 атты
Bill Atkinson жүйені жасап шығарды. Hyper — Card дегеніміз программалық
15
жабдықтың бастауы. TEXT’87 атты конференция гипермәтінді концепцияға
бағытталған болатын. Конференцияда қаралған бойынша: Гипермәтінді
текстті немесе басқа жаңалықты көрсетеді. Біз жалғай алатын немесе түйін
(хост) деп атайтын заттар линктер арқылы байланысады.
1.2.1 World Wide Web
The client side. WWW 1.3-суреттегі клиенттік жағы дегеніміз екі жағдай
арқылы белгіленеді: Hypertext Markup Language (HTML) және
қолданушылар компьютерінде орналасқан белгілі браузерлер арқылы. 1993
жылы бірінші HTML версиясы National Center for Supercomputing
Applications (NCSA) ұйымында жасалып, Mosaic деп аталған.
1.3 сурет — World Wide Web эволюциясы
Онан кейін белгілі Netscape Navigator браузері оның жалғасы болды.
HTML SGML атты кішкене гипертмәтіндік тілден тараған, сонан кейін
ол үлкен комплексті гипермәтіндік тіл болды(мысалы, version 4.0). Басқа
тілдермен қатар және объекті модельдермен (мысалы, JavaScript, DOM),
графикалық форматтармен (мысалы, GIF, JPEG, PNG), және мультимедия
(мысалы, audio, video), WWW клиенттік жағы түстерге өте бай, комплексті,
кейде хаосты аудан болып табылады. Сол себепті көптеген адамдар клиент
жағы өте әсерлі болғандықтан WWW мен байланыстырады да, Интернеттің
басқа жағы — сервер туралы біле бермейді.
The server side. Сервер жағы бір қараған сәтте қарапайым қолданушыға
қызықты да емес. Онда түрлі — түсті суреттер және т.б. жоқ. Бірақ бұл —
Apache жері, яғни WWW- ның қызықты да және қиын жағы.
HTTP серверінің рөлі. Web сервер браузерден сұраныс алып, HTTP
байланысы арқылы жауабын жібереді. 1.4 — суреттен көре аласыз.
16
1.4 сурет — Web сервер рөлі
Бұл жағдай бір қарағанда оңай сияқты көрінгенімен, көптеген
сұраныстар анық болмайды және көп уақытты талап етеді (web сервер бір
уақытта көптеген HTTP сұраныстарын қанағаттандыру керек), сервер оңай
байланысты қалыптасуы керек, оңай орын ауысуы керек (Apache негізгі
серверлі қаттамаларда жіберіле береді), сенімді және т.б. Бірақ, Apache ең тез
және ықшам сервер болмаса да, дүние жүзіне тарауына себепші болып және
сенімділігі болып табылады.
1.3 Аpache HTTP Server жобасы
Apache HTTP server жобасы дегеніміз не? HTTP сервер жобасы деп
Apache тобының жобасын айтамыз. Яғни жаңа коммерциялық пайдасы бар,
өзгешелігі, қолдануда оңайлығы, тегін код арқылы жасалған HTTP сервер.
Бұл серверді көбінесе «Apache» деп аталады. Ал бұл серведі жасаушы
волонтерларды «the Apache Group» деп атайды.
Қалайша Apache HTTP server жобасы бастауын алған? Let Roy T.
Fielding (HTTP әкесі деуге болады) Apache тобының мүшесі оны былайша
суреттейді: «1995 жылдың ақпан айында ең атақты Web сервер
бағдарламалық жабдығын Rob McCool мен National Center for Supercomputing
Applications, University of Illinois, Urbana-Champaign. However ұйымдары
жасады. Көптеген программистер күштерін бірлестіре отырып, интернет,
17
электронды пошта арқылы серверді жаңа функциялармен, мәтіндерін жамау
мен айналасты (оларды patch деп атаймыз).
Көптеген волонтерлер Apache Web сервері үшін тер төгіп, ол дүние
жүзінде ерекше орын алды. Оның эволюциялық версияларын келесі 1.1-
кестеден көре аласыз.
К е с т е 1 .1 — Apache эвалюциялық версиясы
1.3.1 Apache архитектурасы
1.5 — суретте сізге Apache web серверінің архитектурасын көрсетеді.
Бұл архитектура бірнеше деңгейден тұрады.
1.5 сурет — Apache web серверінің архитектурасы
Let Roy T. Fielding (HTTP әкесі деуге болады) Apache тобының мүшесі
оны былайша суреттейді: «1995 жылдың ақпан айында ең атақты Web
сервер бағдарламалық жабдығын Rob McCool мен National Center for
Supercomputing Applications, University of Illinois, Urbana-Champaign.
18
Version
Lines of Code
Version
Code
Comments
Total
1.0.5
11.551
6.099
17.650
1.1.3
18.896
9.786
28.682
1.2.6
33.526
15.715
49.241
1.3.3
52.341
24.956
77.297
1.3.12
69.646
31.041
100.687
However ұйымдары жасады. Көптеген программистер күштерін бірлестіре
отырып, интернет, электронды пошта арқылы серверді жаңа функциялармен,
мәтіндерін жамау мен айналасты (оларды patch деп атаймыз).
1.4 Бағдарламалау құралдарын таңдауды негіздеу
Спорттық веб-порталын жобалау үшін келесі программалық құралдар
қолданылды:
Apache 2.0.55;
HTML 5
MySQL 5.0.24;
JavaScript
CSS 3
PHP 5.0.4.
Apache — әлемдегі танымал веб-серверлердің бірі, оның ерекшеліктері:
баптаудың үлкен мүмкіндіктері, веб-сервер жұмысы үшін көп түрлі
қаттамлардың қолдауы, жоғары өнімділік, көптеген бағдарламалау
тілдерімен және дерекқорлармен интеграциялану мүмкіндігі, ашық бастапқы
код, түрлі операциялық жүйелермен (Windows, Unix, Linux) сәйкестігі.
Apache-дың тағы бір артықшылығы — оның көп тілге аударылған толық
құжаттаманың болуы, және де баптау файлдарының салыстырмалы
қарапайымдылығы.
Сонымен қатар оның жақсы масштабталушылығы мен
кеңейтілімділігін, белгілі бір сервердің жұмысына лайық тек қажетті
модульдердің бастапқы кодтарын жинақтау мүмкіндігін атап өткен жөн.
Apache-дың аппараттық қамтамаға күй талғамайтындығы оның қазіргі
компьютерлердің кез-келгеніне қосуға мүмкіндік ашады.
MySQL — бұл жылдам, сенімді және қолдануда жеңіл реляциялық
деректер қорымен басқаратын жүйе. MySQL МББЖ GNU GPL
лицензиясымен таратылатын бастапқы коды ашық программалық қамтама.
Бірнеше жыл бойы MySQL өндірістік жағдайларда тиімді қолданады және
қажетті тұрақтылық пен жұмыстың жоғары жылдамдығын қамтамасыз ете
отыра, үлкен дерекқорлармен басқаруда қолданылады. Сонымен қатар,
MySQL дамыған функционалдылық, қол жетерлік және қауіпсіздік сияқты
қастиеттерге ие, және де осы қасиеттер Интернет арқылы дерекқорға
қатынауды ұймдастыруға жақсы келеді. MySQL-дың танымалдығына тағы да
оның әйгілі веб-программалау тілдерінде сәйкес модульдердің бар болуы
үлес қосады.
MySQL клиенттердің мәліметтер серверіне қосылудың түрлі әдістерін
қолдайды. Қосылу TCPIP сокеты арқылы кез-келген қаттамада мүмкін. Одан
басқа, түрлі қаттамаларда арнайы қосылу әдістері болады: Windows
операциялық жүйесінде бұл атаулы арналар (named pipe), Unix-ортада бұл
19
сокеттер. ConnectorODBC және ConnectorJDBC интерфейстері MySQL-ге
сәйкесінше ODBC және JDBC байланыстарын қолданатын клиенттік
программаларды қолдайды.
Жобалаушылармен MySQL көптеген тілдерге аударылған. Сервер
Unicod-ты қосқанда түрлі кодтық кестелерді қолдайды, қателер туралы
хабрламаларды түрлі тілдерде жариялай алады, MySQL мәліметтер
базасында ақпарат таңдалынған кодта сақталынады.
PHP — негізінен түрлі Интернет-қосымшалар саласында қолданылатын
скрипттік программалау тілі. PHP құрылымының синтаксисі С++
программалау тілінің синтаксисіне ұқсайды. PHP — бұл Perl-дің орнына
келген салыстырмалы жас тіл, ол негізінен веб-программалауға арналған,
үйренуге күрделі емес, оның практикалық қолдануын кеңейтетін қосылатын
түрлі модульдері бар. PHP-ді қолданудың басты мақсаты — қолданушының
талабына сәйкес динамикалық HTML құру.
PHP-дің Perl тілімен салыстырғанда оның синтаксисінің жеңілдігінде.
PHP веб-сервердің бір бөлігі сияқты жұмыс істейді, яғни хостингтің
қорларын үнемдейді, CGI сценарийлерге қарағанда операциялық жүйеде
жаңа үрдістерді тудырмайды. Әсіресе ол көп қаралатын көп бетті сайтта PHP
кодының салыстырмалы қысқа үзінділері жазылған кезде байқалады. Дәл
осы жағдайда Perl көптеген үрдістерді тудырар еді.
1.4.1 HTML гипермәтіндік тілі туралы түсінік
HTML (Hyper Text Markup Language) — гипермәтіндік өлшеуіш тілі
күрделі SGML (Standard Generalized Markup Language) өлшеуіш тілінің
мүшесі болып табылады. HTML кез келген тілдер сияқты программа
құрудың стандартты құрылымынан тұрады. Бұл жағдайда ол HTML — құжат.
HTML — тег директивалары бұрыштама жақшаларына алынады. Бұрыштама
жақшаға алынбаған барлық объектілерді интерпретатор экранда
бейнеленетін мәтін ретінде қабылдайды. Тег — браузер интерпретаторына
тиісті нақты әр мәнді қалай өңдеуді көрсететін HTML командасы. Бұл мән
тег атрибуты деп аталады. Тегтің атрибуты болуы да, болмауы да мүмкін.
Мысалы, HTML тегінің атрибуты болмайды.
HTML — құжаты қысқа түрде құжат тақырыбынан және құжат
денесінен тұрады. Осындай қолайлы да қызықты тілді үйрену арқылы өз
білімімізді дамыта алдық.
Интернеттің барлық WEB парақтарына ортақ белгі бар, олардың
барлығы HTML тілінде жазылған. WEB парақтарды құру процесі
программалау процесіне өте ұқсас болғанменен, HTML программалаудың
ерекше тілі. HTML-гипертекстті белгілеу тілі. Ол жай мәтінді WEB парақ
түрінде көрсететіндей ережелерді анықтайды.
Интернет дамуының жаңаша кезеңі 90 — шы жылдары ақпарат
алмасудың жаңа қаттамаларының пайда болуымен басталды. Бұл қаттама
20
HTTP (Hyper Text Transfer Protocol — гипертекстті мәтін беруқаттамасы). Бұл
қаттамамен бірге файлдарды интернет арқылы беретін HTML серверінің
ауқымды желісін көрсететін World Wide Web қызметі пайда болды. Бұл
файлдардың негізгі бөлігі HTML тілінде жазылған Web парақтар арнайы
файлдарды көрсетеді. Интернетте Web парақтар осындай файлдардың HTTP
серверінде орналастырылуымен көрсетіледі.
Web парақтар әр түрлі болуы және еркін тақырыптарға арналуы
мүмкін. Бірақ олардың барлығы бір негізді — HTML тілін қолданады. Әдетте,
HTML құжаттарының кеңейтулері мынадай болады: HTM немесе HTML.
HTML тілі, ол World Wide Web қызметімен қатар пайда болып, онымен бірге
дамып отырды.
Гипермәтін
—
бұл форматтау, илюстрация, мультимедиялық
қойылымдар және гиперссылкалар сияқты қосымша элементтерді басқаратын
арнайы кодтары бар мәтін. Бұл баяндамадағы ең маңыздысы — тіл.
Web парақтардың компьютер экранында өңделген түрде берілуіне
қарамастан HTML тілі құжаттарды өңдеу үшін тағайындалмаған. Мысалы,
Word мәтіндік процессор көмегімен мәтін өңделген кезде оның баспаға
қандай принтер және қағазға басып шығарылатыны туралы алдын — ала анық
болды. Ал құжат интернетте орналасса, оның қандай компьютерде
қолданылатыны беймәлім болады.
Әртүрлі құрылғылар үшін құжаттарды дайындау қажет болғандықтан
HTML тілі құжат форматын баяндауға арналмаған. Ол құжаттың
функцияналды белгіленуі үшін, яғни мәтін фрагменттерінің тағайындалуын
анықтау үшін қолданылады. Мысалы, егер мәтінде тақырып кездессе, онда
HTML коды бұл фрагменттің тақырыбы екенін көрсетеді. Көру бағдарламасы
(броузер) осындай кодты алып, тақырыппен не істеу керек екенін өзі шешеді.
Шығыс мәтінді белгілеу үшін қолданылатын HTML кодтары тегтер деп
аталады. Тег — символдар жинағы. Барлық тегтер () символымен басталып,
() символымен аяқталады. Осындай символдар жұбын кейде бұрыштық
жақшалар деп те атайды. Ашылатын бұрыштық жақшадан кейін тегті
анықтайтын кілттік сөз жүреді. HTML тілінде әр тегтердің арнайы
тағайындалуы бар. Тегтер атауындағы әріптер регисторының маңызы жоқ-
кіші әріп сияқты үлкен әріпті де қолдана беруге болады. HTML — дің 1 тегі
құжаттың бір бөлігіне ғана әсер етеді. Мысалы, абзацқа. Мұндай жағдайда
жұп: ашып-жабушы тегтері қолданылады. Ашушы тег әсер тудырады. Ал
жабушы оның орындалуын тоқтатады. Жабушы тегтер (1) символымен
басталады. Кейбір тегтер бір ретті әсер тудырады. Бұл кезде жабушы тегтін
қажеті жоқ. Егер де тегте HTML тілінде жоқ кілттік сөз көрсетілсе, онда тег
орындалмайды. Құжаттардың броузерде көрсету барысында тегтің өзі
көрінбейді, бірақ құжаттың көріну әдісіне әсер етеді.
Кейде ашушы тегтерде эффектке әсер ететін атрибуттар болуы мүмкін.
Атрибуттар — бұл қосымша кілттік сөздер. Кейбір атрибуттар, атрибуттардың
мәнін көрсетуді талап етеді. Бұл мән кілттік сөзден (=) белгісімен бөлінеді.
21
Атрибут мәні тырнақшада тұру керек. Жабушы тегтердің ешқашан
атрибуттары болмайды.
Бағдарламалау тілдерінде коментарий — мәтіндік қатарларды қолдану
мүмкіндігі бар. Олар бағдарламаның бөлігі емес. HTML тілінің де осындай
мүмкіндігі бар. HTML тілінде коментарий (!—) арнайы тегімен басталады.
Осы тегтің артынан жүретін сөз коментарий болып табылады. Коментарийді
символы аяқтайды. Коментарийде () символынан басқа, барлық
символдар бола алады.
HTML құжаты құжаттың негізгі мәтінінен және жәй символдар жиыны
болып табылатын белгілеу тегтерінен тұрады. Осылайша HTML құжаты жәй
текстік файл. Оны құру үшін текстік редактор пайдаланылады.
Мәтіндік процессорлармен жұмыс істеу барысында әдетте тізімнің екі
типі қолданылады: реттелген (нөмірленген) және реттелмеген. HTML тілі
тізімнің S түрін құруға мүмкіндік береді. Бірақ қазіргі кезде тізімнің үш түрі
кеңінен қолданылады: реттелген, реттелмеген, және анықтамалар тізімі.
Реттелген және реттелмеген тізімдер бір жолмен құрылады. Тізім
әрқашан реттелген тізім үшін OL және OL реттелмеген үшін UL
және UL ашушы және жабушы тегтерінің арасында орналасады. Тізім
ішінде тізім элементтері бар. Олар үшін LI және LI тегтері қызмет
етеді. OL, UL LI тегтерінде тізім элементтерін белгілеу әдісін
көрсететін TYPE= атрибуты болуы мүмкін. Нөмірленген тізімді арап
цифрларымен, рим цифрларымен, латын әріптермен нөмірлеуге болады.
Реттелмеген тізімдер қара, ақ дөңгелек немесе тік бұрыш маркерлерімен
белгіленеді. Тізім элементтерінде гиперсілтеуіш, сонымен қатар фраза
элементтерін белгілейтін және өңдейтін тегтер болуы мүмкін. Анықтамалар
тізімі DL тегінен басталып DL ден аяқталады. Маркерлеу және
нөмірлеу бұндай тізімдерде қолданылмайды. Тізім анықталатын терминдер
және сәйкес анықтамалардан тұрады. Анықталатын терминдер мен
анықтамалар кезектеседі. Анықтамалар экранда сол жақ шеткі шегініспен
көрінеді.
Мультимедияның кең таралуы World Wide Web қызметі бар болған
кезіне сәйкес келеді. Аудио және видео файлдар әлі күнге дейін
орналастырылған көмекші көмегімен орындалатын сыртқы объект ретінде
қарастырылады. Видео және файлдың мультимедиялық дыбыстары әртүрлі
формат қолданады. Жәй форматтар файлдың толық жүктелуін талап етеді.
Жаңаша лектің форматтар дыбыс және видео көріністерді, олардың жүктелуі
кезінде көрсетуге мүмкіндік береді. Интернеттегі лектік форматта
радиотрансляциялар беріледі. Мультимедиялық объектті Web параққа
қоюдың ең қарапайым әдісі бұл — A гиперсілтеуіш тегін қолдану. Кейбір
жағдайларда Web параққа дыбыстық немесе мультимедиялық файлды енгізу
қажет болады. Бұл мақсат үшін EMBED тегін қолданған ыңғайлы. Бұл тег
Internet Explorer және Netscape Navigator броузерлармен танылады.
22
Кесте — бұл үлкен көлемді мәліметтерді ұсынудың ең ыңғайлы тәсілі.
HTML тілі әртүрлі кестелер құрудың мүмкіндіктеріне бай. Кесте құруда
қолданылатын негізгі тегтер:
HTML тілінде кесте TABLE тегінен басталып, TABLE тегінен
аяқталады. Кесте ішіндегі мәтін кесте элементтерін анықтайтын арнайы
тегтерге алыну керек;
TABLE және TABLE тегтерінің арасында кесте тақырыбын
білдіретін CAPTION және CAPTION тегтері бір-ақ рет кездесе алады.
Кесте тақырыбы кесте үстінде немесе кесте астында орналасады;
онан кейін кесте қатарларын анықтайтын TR және TR тегтері
жүреді. Кесте қатары келесі қатар алдында немесе кестемен
аяқталатындықтан, жабушы тегін жазбауға болады;
кестенің әрбір қатары ұяшықтардан тұрады. Олар қатар мен баған
тақырыбы бар TH немесе жәй мәліметі бар TD тегтерімен белгіленеді;
ұяшықтар ішінде құжат денесінде бола алатын кез келген мәлімет
пен HTML тегтер болуы мүмкін. Мысалы, кесте ұяшығында қосалқы кесте
болу мүмкін. Броузерлер автоматты түрде ұяшықтар мен бүкіл кестенің
өлшемдерін есептейді;
атрибуттардың бір BORDER = кестені және бөлек ұяшықтарды
қоршауға мүмкіндік береді;
төменде келтірілген мысалда ұяшықтар аралығын кеңейтетін және
биіктігі үлкен ұяшықтар құратын атрибуттар қолданылған.
HTML тілі программа — броузер терезесін бірнеше бөлікке бөліп,
соңында оларды бөлек құжат етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай
аймақтар деп аталады.
фреймдерді құру үшін құрылымы жағынан ерекшеленетін ерекше
HTML құжат қолданылады. Мұндай құжатта денесі және ешқандай мәтін
болмайды. Оның орнына тегтерге алынған фреймдердің баяндалуы болады:
FRAMSET және FRAMSET. Бұл баяндауда аумақтардың өлшемі мен
броузер терезесінде орналасу ретін, сонымен қатар осы аумақтарда жүктелу
керек құжаттарды көрсетеді;
FRAMSET тегінде терезені бөлу тәсілін анықтайтын COLS =
немесе ROWS = атрибуттары болу керек. COLS = атрибутын қолданғанда
терезе аумақтарға тік сызықтармен, ал ROWS = -та көлденең сызықтармен
бөлінеді. Егер екі атрибут та берілсе, онда терезеде аумақ тор пайда болады.
Бұл атрибуттардың мәні терезе аумағының биіктігін (енін) анықтайды. Әрбір
қатар (бағанның) параметрлерін үтір арқылы, пиксельмен немесе пайызбен
(%) береді. Соңғы параметр ретінде (*) — ны қолдануға болады;
FRAMSET және FRAMSET тегтерінің арасында құрылған
аумақтардың тағайындалуын көрсететін қосымша тегтер орналасады. Ол
үшін терезені қосымша бөлетін FRAMSET немесе бөлек аумақтарда
жүктелетін құжаттарды анықтайтын жалғыз FRAME тегтері қолданылады.
23
FRAMSET және FRAMSET тегтерінің арасына салынған сан құрылған
аумақ санына сәйкес келу керек;
FRAME тегінде берілген аумақта жүктелетін құжатты анықтайтын
SRC= міндетті атрибуты болу керек.
Парақтың түрлі беттерін безендіру мен өзгерту үшін қолданылатын
негізгі құралдарының бірі CSS стилі болып табылады.
Стандартты HTML-да белгілі бір элементке белгілі қасиеттерді
(мысалы түс, өлшем, парақта орналасуы т.б.) меншіктеу үшін ол қасиеттерді
әр қолданған кезде сипаттап отыру қажет болатын. Ал CSS болса басқа
тиімді әрі үнемді әдіспен әрекет етеді. Кез-келген элементке ойлаған
қасиеттеріңізді меншіктеу үшін сіз оларды бір рет стиль ретінде сипаттайсыз
да, ары қарай сіз қолданғыңыз келген элементтің стилі сондай екендігін
көрсетіп қана отырасыз. Сонымен қатар, сіз стильдің сипаттамасын бөлек
файлда да сақтай аласыз- бұл сізге стильдің сипаттамаларын бір ғана емес
бірнеше Web-парақтарда қолдануыңызға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар CSS беттерді шрифттік безендірудің стандартты
HTML-дан да жоғары деңгейде, бетті графикамен ауырлатпай-ақ
жасауымызға жол береді.
1.4.2 MySQL деректер қорының сервері
MySQL — кішігірім, көп ағынды деректер базасы сервері. MySQL үлкен
жылдамдықты, орнықтылығымен және қолданудың жеңілдігімен
сипатталады.
MySQL тілі TcX компаниясы өзінің жеке қажеттілігіне арнап
шығарылған тілі, өте үлкен деректер базасы тез өңдеуді қамтамасыз етеді.
Компанияның айтуы бойынша MySQL-ді 40-тан астам ДБ серверлерінде
1996 жылдан бері қолданады, ДБ-лар 10000 кестеден, 500-ден көбі 7
миллионнан астам жолдан тұрады. MySQL кіші және орта қосымшаларға
арналған идеалды шешім болып табылады. Сервердің түпнұсқа мәтіндері
көптеген платформаларда компиляциядан өтеді. Серверлік қасиеттінің
көптеген мүмкіндіктері көп ағынды қолдауы бар өндірісі артық Unix-
серверлерде көрінеді. Windows нұс-қасында MySQL Windows NT сервисі
ретінде немесе Windows 9598 қарапайым процесс ретінде орындалады.
MySQL белгілі ашық кодты SQL мәліметтер базасы,
MySQL AB
қолдануымен жасалған. MySQL AB — MySQL мәліметтер базасымен жұмыс
жасайтын коммерциялық
компания. MySQL
-мәліметтер базасын
ұйымдастырушы жүйе, ол реляциялық мәліметтер базаларымен жұмыс
жасайды. Неліктен мен жұмысымда MySQL қолдандым? Себебі, MySQL —
өте тез, сенімді және қолдануға жеңіл жүйе. MySQL
үлкен мәліметтер
базаларына негізделіп жасалғандықтан, көптеген жылдар бойы өз қуатын
көрсетуде. Қазіргі кезде ол функцияларға бай және қолдануға қарапайым
мәліметтер жүйесі. Қолдану, пайдалану қауіпсіздігі жоғары болғандықтан,
24
MySQL жүйесін Интернетте көптеп қолдануда. MySQL техникалық
өзгешілігіне келсек, ол клиент — серверлік жүйе және мульти — ағымдық SQL
серверін қолдайды, көптеген клиенттік программалар мен библиотекаларды,
административтік құралдар мен программалық интерфейстермен жұмыс
жасайды.
Мәліметтер базасы — бұл құрамында белгілі бір ақпараты бар
екіөлшемді өзара байланысқан кестелер жиыны. Мәліметтер базасын
басқаратын (жаңа мәліметтер қорын, кестелерді құрады және де құрылған
объектілерді қолдануға мүмкіндік береді) программалық қамтама мәліметтер
базасын басқару жүйесі (МББЖ) деп аталады.
Клиенттердің сұрауларын сипаттау үшін тұтас тіл құрылған — ол SQL
(Structured Query Language — құрылымдық сұраулар тілі). SQLсұраулары
арқылы сіз келесі әрекеттерді орындай аласыз:
мәліметтер базасымен кестелерді құруға;
кестелерге ақпаратты қосуға;
ақпаратты өшіруге;
ақпаратты модификациялауға;
қажет ақпаратты алуға.
Әрине, admin қолданушысы бар болудан басқа сәйкес құқықтарға ие
болу керек. MySQL әрбір сұрауы үтірлі нүктемен аяқталуы тиіс.
MySQL — бұл ылғи да компьютерде жұмыс істеп тұратын сервер-
программа. Клиенттік программалар (мысалға, сценари) оған арнайы
сұрауларды сокет (демек, желілік құралдар арқылы)механизмі арқылы
жіберіп отырады, ол оларды өңдеп нәтижесін сақтайды. Осыдан кейін,
қайтадан клиенттің арнайы сұрауы бойынша бүкіл нәтиже немесе оның бір
бөлігі қайта жіберілед. Неге ылғи тұтас нәтиже жіберілмейді? Өте
қарапайым; мәселе мәліметтер жиынының нәтижесі өте үлкен болып, оны
желі бойынша тасымалдауға көп уақыт кетіп.
Сокеттерді қолдану механизмі
клиент-серверлік технологиясына
ойластырылған, бұл жүйеде программалардан арнайы сұрауларды қабылдап
және өңдейтін арнайы программа — MySQL — сервері қосылуы керек деген
сөз.
MySQL AB қолдануымен жасалған. MySQL AB — MySQL мәліметтер
базасымен жұмыс жасайтын коммерциялық компания. MySQL — мәліметтер
базасын ұйымдастырушы жүйе, ол реляциялық мәліметтер базаларымен
жұмыс жасайды. Неліктен мен жобамда
MySQL қолдандым? Себебі,
MySQL — өте тез, сенімді және қолдануға жеңіл жүйе. MySQL
үлкен
мәліметтер базаларына негізделіп жасалғандықтан, көптеген жылдар бойы өз
қуатын көрсетуде. Қазіргі кезде ол функцияларға бай және қолдануға
қарапайым мәліметтер жүйесі. Қолдану, пайдалану қауіпсіздігі жоғары
болғандықтан, MySQL жүйесін Интернетте көптеп қолдануда. MySQL
техникалық өзгешілігіне келсек, ол клиент — серверлік жүйе және мульти —
ағымдық SQL серверін қолдайды, көптеген клиенттік программалар мен
25
библиотекаларды, административтік құралдар мен программалық
интерфейстермен жұмыс жасайды.
MySQL — интернеттегі МБЖБ (мәліметтер базасын жүйелік басқару).
Ол ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс жасауға араналмаған, бірақ оның
көмегі улкен және кіші сайттарды жасау кезінде зор.
MySQL жұмыс жасау жылдамдығы жақсы, сенімді, иілгіш келеді.
Онымен жұмыс жасау әдетте үлкен қиындықтарды тудырмайды. MySQL
серверін қолдау автоматты түрде PHP жеткізушіне қосылады.
Бұрындары ақпаратты ұзақ сақтау үшін файлмен жұмыс жасайтынбыз,
оларға бірнеше жол орналастырып әрі қарай жұмыс жасау үшін кейін алып
тастайтынбыз. Web-қосымшалардың программалауында ақпаратты ұзақ
сақтау тапсырмасы жиікездеседі: кірушілер санын есептеуіште санау,
хабарламаларды форумде сақтау, сайттағы ақпарат құрамымен қашықтықтан
басқару т.с.с.
Файлмен жұмыстың мамандандырылған әдістері өте ауыр, көп уақыт
пе жұмысты талап етеді, ақпарат енгізуге, оларды реттеуге, алуға аса назар
бөлу керек. Бұл әрекеттердің барлығы Unixтің бір нұсқасы тұрған хост-
провайдер серверінде жүреді. Яғни файлдарға қатынас жасау құқығы мен
оларды орналастыру жайлы ұмытпаған дұрыс. Сонда кодтар көлемі үлкейіп
программа кезінде қате жасау ықтималдығы жоғары болады.
Осы мәселелердің барлығын мәліметтер базасы шешеді. Мәліметтер
базасы ақпараттың қауіпсіздігі мен оның реттелуіне жауап береді, бір
жолдың көмегімен ақпаратты алып, орналастыруға мүмкіндік береді.
Мәліметтер базасын қолданатын код әлдеқайда ықшам келеді, әрі түзетуге
мүмкіндік береді. Жылдамдық жайлы да ұмытпаған дұрыс — мәліметтер
базасынан ақпаратты іріктеп алу файлдан іріктеп алғанға қарағанда
жылдамырақ жүреді.
Ақпаратты сақтау үшін мәліметтер базасын (MySQL) қолданатын
РНРдегі қосымша файлдарға негізделіп жасалған қосымшаларға қарағанда
әрдайым жылдамырақ жұмыс жасай алады. Себебі, мәліметтер базасы С++
тілінде жасалған, ал РНРде жазылған программаны қатты дискіде мәліметтер
базасынан жылдамырақ жасайтын етіп жазу мүмкін емес, өйткені РНР
тілінде жазылған программалар С++ тағы программа қарағанда баяуырақ
келеді, себебі РНР интерпретатор, ал С++ компилятор.
Осылайша, мәліметтер базасы қатты дискімен жасалатын жұмысты өз
мойнына алып тиімді жұмыс істейді.
MySQL жүйесіне кіру үшін өзіңіздің командалық жолдар интерфейсіне
келесі жолды енгізіңіз:
mysql -h hostname -u username -p
Командалық жауап жүйенің әртүрлілігіне байланысты әртүрлі болып
келеді.
MySQL командасы MySQL мониторын жүктейді. Бұл MySQL
серверімен байланыс орнататын командалық жолдың клиенті:
26
— h кілті хостты білдіреді. Хост — MySQL сервері орнатылған
компьютер. MySQL сервері орнатылған машинаға бұл кілтті жазсаң,
hostname параметрін жазбауға да болады. Басқа жағдайларда hostname
параметрін сервер орнатылған компьютердің атымен ауыстыру керек;
— u параметріне қолданушының атын жазу керек. Егер қолданушының
аты көрсетілмесе, онда үнсіздікпен сіздің операциялық жүйеге кірген атпен
беріледі.
Егер MySQL сіздің компьютеріңізде немесе серверде орнатылса,
жүйеге root деген атпен кіріп, өзіңіздің мәліметтер базаңызды жасау керек.
Егер орнатылу бірінші рет жүзеге асырылып отырса, онда root жүйеге кіре
алатын жалғыз қолданушы болады.
Егер MySQL администратордың компьютерінде қолданылса, өзіңіздің
берілген қолданушы атымен кіріңіз:
— p кілті серверге сіз парольбен қосылуды қалайтыңызды көрсетеді.
Егер сіз кіріп жатқан қолданушы атына пароль керек болмаса, пароьды
қолданбасаңаз да болады.
Егер сіз жүйеге root атымен кіретін болсаңыз, тезірек пароль
жасауыңыз дұрыс. Парольсіз root қолданушысына жүйе қауіпсіз емес.
Жолға парольді енгізу міндетті емес. MySQL оны өзі сұрайды.
Enter password: ****
Welcome to the MySQL monitor. Commands end with ; or g.
Your MySQL connection id is 9 to server version: 3.22.34-shareware-debug
Type ‘ help’ for help.
mysql
Егер мұндай жауап шықпаса, mysql_install_db жолы дұрыс орындалуын
тексеріңіз.
MySQL мәліметтер базасының жүйесі әртүрлі мәліметтер база түрлерін
қолдауы мүмкін. Әдетте бір қосымшаға бір мәліметтер базасы қолданылады.
MySQL командалық жолына келесі жолды енгізіңіз:
mysql create database dbname;
Dbname орнына мәліметтер базасының атын жазу керек. Жауап
мынандай түрде берілуі керек:
Query OK, I row affected (0.06 sec)
Егер бұндай жауап берілмесе, онда жолдың синтаксисінде қате бар.
Жол соңына «;» белгісі қойылса, ол жолдың аяқталғанын және оны
жүктеу керектігін білдіреді.
MySQL жүйесі көп қолданушыларға арналған, root қолданышысы
қауіпсіздік мәселесі бойынша администрациялық мақсаттарда ғана
қолданылуы керек. Жүйедегі әрбір қолданушының аты мен паролі болуы
керек. Олар басқа парльдерден бөлек болуы тиіс. MySQL-дің ең жақсы
қасиеттерінің бірі деп күрделі жеңілдіктер жүйесінде болып табылады.
Жеңілдік —
қолданушының белгілі бір объектіге, белгілі бір
операцияны орындау мүмкіндігі 2.2-кестеде көрсет. Бұл концепция
файлдарға қол жеткізу мүмкіндіктеріне өте ұқсайды. MySQL-ге қосылған
27
кезде қолданушыға оның не істеуге мүмкіндігі бар екендігін білдіретін
рұқсат беріледі.
GRANT командасы арқылы қолданушыларды енгізуге және оларға
құқық беруге болады.
GRANT privileges [columns]
ON item
TO user_name [IDENTIFIED BY ‘password’ ]
[WITH GRANT OPTION]
REVOKE — ол құқықты алып тастауға арналған команда.
К е с т е 1 .2 — Қолданушыларға арналған жеңілдіктер
PHP-сценарийлерін MySQL мен байланыстыру үшін пайдаланушыны
күйге келтіру керек.
Көп жағдайларда сценарийлерге кесте жолдарына тек қана осы
SELECT, INSERT, DELETE және UPDATE операцияларды орындау
керек.Келесі жағдайлармен орындауға болады:
mysql grant select, insert, delete, update
-on books, *
-to bookorama identified by bookorama123*;
Қауіпсіздік туралы ұмытпаңыз!Мұндай пароль ешқайда жарамайды.
Егер сіз Web-хостинг қызметін қолдансаңыз, сіздер үшін жасайтын
мәліметтер базасы үшін басқа да пайдаланушы жеңілдіктеріне рұқсат алуға
болатыны туралы болжауға болады.Команда жолымен (кесте құру және т.б.)
және Web-сценарийлерін MySQL-ге (мәліметтер базасына қосылу үшін)
қосылу үшін сізге тура сол пайдаланушы атын және пароль береді.Ол
28 Жеңілдіктер
Қолданылу
өрісі
Сипаттамасы
SELECT
Кестеге,
бағанға
Кестеде қолданушыларға жолдарды
(жазбаларды) таңдауға мүмкіндік береді.
INSERT
Кестеге,
бағанға
Жаңа жолдарды кестеге енгізуге рұқсат
береді.
UPDATE
Кестеге,
бағанға
Кестенің жолдарының мәндерән өзгертуге
рұқсат береді.
DELETE
Кестеге
Кестенің жолдарын жоюға рұқсат береді.
INDEX
Кестеге
Кестенің белгілі бір индекстерін құруға
және жоюға рұқсат береді.
ALTER
Кестеге
Қолданушыларға кестенің құрылымын
өзгертуге, яғни бағандар қосуға, баған
және кесте аттарын өзгертуге рұқсат
береді.
CREATE
МБ, кестеге
Жаңа МБ құруға рұқсат береді.
қауіпсіздік аппатын төмендетеді.Пайдаланушыны осындай деңгей
жеңілдігімен мынадай түрде орнатуға болады:
mysql grant select, insert, update, delete, index, alter, create, drop
-on books.*
-to bookorama identified by bookorama123*.
Енді екінші пайдаланушыны күйге келтіруге болады.
Пайдаланушы жүйесінен Root- ты шығару.
MySQL мониторын quit теру арқылы шығуға болады.Web-тен
пайдаланушы ретінде жүйеге кіру қажет.
Қажетті мәліметтер базасын жүйеде пайдаланушы деңгейінде MySQL
есептік жазуында болуыңыз керек және Web-серверде сіз немесе
администратор орнатқан тестілеуге дайын болуыңыз керек.
Жүйеге кіргеннен кейін алдымен сіз жұмыс істейтін мәліметтер
базасын анықтау керек. Оны төмендегіні тергеннен кейін жасауға болады:
mysql use dbname
мұнда dbname-мәліметтер базасына лайықты атау.
use командасын термеседе болады, бірақ жүйеге кірген кезде
мәліметтер базасын көрсету керек:
mysql dbname — h hostname — u username — p
Бұл мысалда books мәліметтер базасын қолданамыз:
mysql use books
Осы команданы енгізгеннен кейін MySQL мынадай жауап қайтару
керек:
Database changed
Егер мәліметтер базасының жұмысының алдында таңдалмаса, онда
MySQL қате туралы хабарлаумен жауап береді:
ERROR 1046: No Database Selected
Мәліметтер базасы серверінің моделі (DBS) — кейбір реляционды
мәліметтер базаларында (Informix, MySQL, Ingres, Sybase, Oracle, mSQL)
жүзеге асырылған.
Оның негізін сақталынған процедуралар механизмі құрайды. Олар —
SQL-сервер программалауының құралдары. Процедуралар мәліметтер
базасының сөздігінде сақталады. Бірнеше клиенттер арасында бөлінеді, SQL-
сервер функцияланатын компьютерде орындалады. DBS-модельдегі ұсыну
компоненті компьютере-клиентте орындалады. Қолданбалы компонент
сақталынған процедуралар жиынтығы ретінде сақталынған және мәліметтер
базасының компьютер — серверінде функционерленеді. Осында мәліметтерге
қатынас жасау компоненті орындалады, яғни мәліметтер базасының ядросы.
Ақпараттық ресурс жайлы түсінік мәліметтер базасына шейін
тарылған, себебі сақталынды процедуралар механизмі — DBS-модельдің
ерекше қасиеті тек қана мәліметтер базасында … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz