Сөздің таңбалануына негіз болатын зат немесе құбылыс
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.1 Уәждеменің лингвистикалық негізі мен қимыл-ұғым атауларының зерттелуі
және қалыптасу
үдерісі … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
…
1.2 Тіл біліміндегі уәждеме мәселесі мен сөзжасамнан алатын
орны … … …
3. Қимыл-ұғым атауы семантикасындағы уәжділік сипаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат
арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты құралы ғана емес,
қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және
сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал.
Әлем бейнесінің бүкіл көрінісі мен қоғамдық сана қалыптастырған
ұғымдарды бейнелейтін тіл – адамзат танымының феномені. Тіл тек қарым-
қатынас құралы ғана емес, адамзат дүниетанымы мен сананы қалыптастырып,
дамытуға қызмет ететін күрделі құрылым. Тіл ұлттық мәдениеттің құрамды
бөлігінің бірі ғана болып қоймайды, бүкіл мәдениет пен танымның негізгі
тұғыры саналады. Мәдениет тіл арқылы жүйеленіп, қалыптасып дамиды. Тілдің
қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасау сипатымен ғана шектелмейді, адам ойының,
санасының жетілуі мен дамыуына да ықпал етеді.
Сөздің ұғымды белгілеп мағына туғызу қасиеті болмыс пен ойлау
қатынасын көрсететін құбылыс ретінде негізгі философиялық мәселеге
айналған, сондықтан мән, мағына туралы түсінік тіл білімінде когнитивтік,
-дүниетанымдық сипатта зерттелуі қажет.
Сөз тарихы қызық. Ал сөз тарихының арқауы, негізі – оның мағынасы.
Демек, мағынадан, түсініктен тысқары сөздің өмір сүруі мүмкін
емес.В.Гумбольд дәл осы жөнінде адам өз бетінің пішінің сыпырып тастай
алмайтындығы сияқты, ұғым да сөзден арылу мүмкін емес дегені бар.
Сөз мағынсының тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Сөз мағынасы
мен қалыптасу процесі тілдің танымдық байланыс қызметі негізінде жасалады.
Сөздердің жасалу сипатын анықтау үшін, семантикалық, когнитивтік,
типолгоиялық, тарихи аспектілерді бағамдап зерттеу қажеттігі туындайды. Бір
тілдің жасалу сипаты ерекше танымдық, кешенді жүйе болғанымен, диохрондық
аспектіде жеке тілдің жасалуын бөлек қарастыру мүмкін бола бермейді.
Тілдегі тұлғалардың мағыналық және тұлғалық сәйкестіктері мен ортақ
когнитивтік құрылымы тарихи-салыстырмалы, типологиялық талдауды қажет
етеді. Санскрит, латын, көне түркі, славян және басқа тілдеріндегі түбір
тұлғалардың тұлғалық және мағыналық ортақ сипатын айқындау қазіргі
тілдердегі сөздердің тарихын, жасалу, даму жолын саралауға мүмкіндік
береді.
Тіл – танымдықпен танып, талмай зерттеуді қажет ететін тым күрделі
құбылыс. Халық мәдениетінің деңгейі тілінің дамуымен таразыланады. Тіл
қоғамда қарым-қатынастың негізгі құралы ретінде қызмет ете отырып, адам
ойының өрістеуіне тікелей ықпал етеді. Ең бастысы тіл, тіл де қажеттіліктен
туындайды, сондықтан оны қоғамнан, коммуникациядан, ойлау мен танымнан
бөлек қарастыра алмаймыз. Тілге деген қажеттілік, сұраныс жаңа сөз жасауды
талап етеді. Жасалған жаңа сөздерді тіл білімінің сөзжасам саласы өзінің
зерттеу нысаны ретінде қарастырады.
Тіл білімінің өзге саласы тәріздес қазақ тілі сөзжасамының да қазіргі
күні нақты өлшем бірліктері, танымдық қасиеттері, теориялық ұғымдары
ажыратылуда. Сөзжасам сөзінің өзіне мән берсек, жаңа сөздің жасалуы,
туындауы деген түсініктің санамызға орнығатыны белгілі. Сөзжасам тіл
білімінің лексикология және семасиология саласымен бірлікте көрінеді.
Белгілі сөзжасамдық тәсілмен, амалмен пайда болған сөз міндетті түрде сол
жасау үрдісінде не барысында жаңі формамен бірге жаңа мағынаға ие болады.
Сөзжасамдық уәждеме – түбірлес сөздердің өзара қарым-қатынасты болуы.
Сол арқылы олардың біреунің мағынасы екіншісі арқылы анықталады. Түбірлес
сөздер лексикалық мағынасы бар негізгі сөзден сөз тудырушы қосымшалар
арқылы туады. Туынды түбірлердің мағыналары қашанда оған негіз болған
сөздердің мағынасы негізінде өрбиді. Сол себепті тудырушы негіз
уәждендіруші сөз, ал туынды сөз уәжденген сөз деп аталады. Сөйтіп,
сөзжасамдық уәждеме уәждендіруші сөз бен уәждеген сөздің қарым-қатынас
бірлігінен тұрады.
Тақырыптың өзектілігі. Ат қою, соның ішінде қимыл-ұғым атаулары қалай
болса, солай іске асатын процесс емес. Атаулар халықтың әлеуметтік
тіршілігіне, дүниетанымы мен мәдениеті, рухани және психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес жасалады. Қимыл-ұғым атауларының жасалуын нақты
тарихи кезеңмен, сол дәуірде өмір сүрген халықтың санасымен және болмысымен
байланыстыра зерттеу маңызды. Өйткені, кез-келген ұлттық сананың тілдегі
көрінісі екені даусыз. Атаудың жасалуының тағы бір қыры туралы зерттеуші
А.Б.Салқынбай: Болмыстағы заттар мен құбылыстарды танып, біліп, атау беру
үшін, ұқсас объектінің ұғымдық бейнесі жаңа атауды атауға, негіздеуге себеп
болады . Жаңа атаудың бұрыннан белгілі атаумен байланысы арқылы оны танудың
жолдары анықталады — деп санайды.
Бүгінгі таңда тілді тек таза лингвистикалық тұрғыдан зерттеу
жеткіліксіз. Өйткен тіл – мәдениет көрсеткіші, бір этносты екінші бір
этностан ажыратушы құрал. Соңғы кезде түркітануда тілді символдар арқылы
зерттеу үрдіс алуда.
Мақсаты мен міндеттері. Ұсынылып отырған жұмыстың жалпы мақсаты
уәждеме, уәжділік тұрғысынан жаңаша қарастырылып отырған атаулардың ғылыми
негіздемесі сөзжасам іліміне ғана емес, лексиколгоия, семасиология,
этимология, ономосиология, когнитивтік лингвистика, лексикография,
орфография сияқты салаларды теориялық тұрғыдан толықтыру, дамыту.
Атаулардың табиғатын адамның танымымен байланысыра қарастырудан туындайтын
когнитивтік бағыт болашақта туынды сөздерді жаңаша қарастыруға түрткі
болары анық.
-тіл білімінде атау уәждемесі жайында ғалымдардың зерттеулеріне
тоқталу;
-уәжділік – қимыл, зат, құбылыс пен атау арасындағы мағыналық және
формалық байланысты анықтау;
-уәжділікті салыстырмалы, функционалдық және этнолингвистикалық
секілді түрлі аспектіде қарастыру.
-ат қою, соның ішінде қимыл-ұғымдарына ат қою, мүмкіндігінше олардың
шығу тегі, тілдік қабаттары тұрғысынан ашып көрсету.
Зерттеу нысаны: Диплом жұмысының зерттеу нысаны қимыл-ұғым атаулары.
Зерттеу жұмысының құрылысы. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1 Уәждеменің лингвистикалық негізі мен қимыл-ұғым атауларының зерттелуі
және қалыптасу үдерісі
Әрбір атау өз тұсындағы қоғам тіршілігінен, жұрт қалауынан туады.
Сондықтан да кез келген сөз атау бола брмейді.Көнеде зат пен атаудың
байланысы жөніндегі мифологиялық ұғым жайлы пікір таласы ежелгі Грек және
ежелгі Рим данышпандары арасында ғасырлаға созылған екен.
Ежелгі заман, философтарының бірі: атау заттың (мейлі объктінің
болсын, мейлі субъектінің болсын) тікелей мәнін білдіреді – атау мен
заттың жаратылыстан егіздің сыңарындай бірлігі болады, – десе, енді
біреулер: атау мен заттың бірлігі қатысты түрде ғана тым мардымсыз, демек
заттың атын білу – заттың қасиетін, оның өзін білумен тең емес, – деген
екен. Сөйтіп,сол ежелгі заманның өзінде-ақ заттың атын білу дүниетанудан,
яғн жоғары өрлеудің ең төменгі сатысы болуы мүмкін деген тұжымдар айтылған.
Атау – қоғамдық құбылыс. Атау дегеніміз ол объектіге қоғам тарапынан
қойылған белгі және ол қалай да болса солай қойылған кездейсоқ белгі емес,
соған ең қолйлы, ең лайық, ең нысаналы деген, соның басты бір өзгешелігіне
ие болған, соның бір елесін беретін айшықты белгі. Белгілерді жеке
меншіктің таңбасымен топтастыру – үлкен қателік, өйткені таңбалар әуел
баста ру – тайпаның белгілері болатын – деген Ф. Энгельс. Атау немесе
белгі туралы ұғымымыздың жалпы мазмұны осыған саяды. Атау туралы ұғым
білімдері ілгері дамып тереңдеген сайын оған жүктелетін міндеттер аумағы да
арта бермек.
Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиев Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
мен фразеологиясы деген еңбегінде: сөз тілдің, оның өзіндік құрамының
заттар мен құбылыстар, олардың қасиеттерін шындық өмірдегі қатынастарды
атап білдіретін негізгі единица, дербес бөлшегі – деген түйін жасайды. Бұл
қағидадан шығатын қорытынды: сөздің негізгі қызметі атау екендігін
көреміз[8; 176].
Тілдік аталым теориясы, тілдік бірліктердің ішкі жүйелік мәнінің
қалыптасу ерекшеліктерін талдау сонау XX ғасырдың бас кезінде басталып,
XXI ғасырдың басында тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып
саналады.
Жаңа сөздерді зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда
Д.С.Лотеннің, Г.О.Винокурдың, А.А.Реформатскийдің, В.В.Виноградовтың,
Н.А.Баскаковтың, О.С.Ахманованың, Р.А.Будаговтың, Л.И.Скворцовтың, Т.Л.
Канделакидің, М.Ш.Гасымовтың, Б.О.Орузбаеваның рөлі зор болды.
Қазақ ғалымдарының көш басында тұрған А.Байтұрсыновтан бастап
Қ.Жұбановтардың ізін қуған Н.Сауранбаев, С.Бәйішев, М.Жанғалин, М.Балақаев,
Қ.Сағындықов, Қ.Шәріпов, І. Жарылғапов, Ә.Сатыбадиев, Ә.Қайдаров,
Р.Сыздықова, Ө.Айтбаев, Б.Қалиев, Ш.Құрманбайұлы сынды
ғалымдарды айтуға болады. Осы аты аталған ғалымдардың қай қайсысы болмасын
сөз жасау мәселесіне өз үлестерін қосқан.
Түрколог ғалымдар негізінен жаңа ұғым атауларының жасалу жолдарын
зерттеді. Бұл тақырыпта сөздегі уәждеме табиғатын алғаш сөз еткен –
В.Гумбольд. В.Гумбольд тіл біліміндегі лингвистикалық тұжырымдардың бірі
таңба теориясының негізін қалаушы болып саналады. Зерттеуші тіл бір
мезгілде әрі бейне, әрі таңба десе, сөз жеке ұғымның таңбасы деген түйін
жасайды. Тілдің негізгі қызметі қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды
сөздермен таңбалаудан, белгілеуден басталады. Сөз шын мәніндегі сөз болу
үшін екі жақты байланыс болу қажет: ол – дыбыс пен ұғым. Сөздің сыртқы
жамылғышы заттың толық қасиетін анықтай алмайды, сондықтан оның атау болып
қалыптасуына не себеп, уәж, негіз болатын белгілері,ерекшеліктері
жинақталып , ескеріледі. Тіл тәжірибесінде мұнадай белгілер көп кездеседі.
Зерттеуші сөздің мағынасы мен дыбысталуына тоқтала келіп: Если значние
слова как знака мотивировано понимаем предмета, т.е. понятием, то звуковая
форма слова является произвольной, лишь практикой закрепляемой в языке. …
что существует связь между звуком иего значеним; но характерно этой связи
редко удается описать достаточно полно, часто о нём лишь можно
догадываться, а в большинстве случаев мы не имеем о нем никакого
представления, – деп айқындайды. Сөйтіп, тіл зергері екінші бір
зерттеуінде: …слово как элемент языка мотивированно тем характерным
признаком предмета, который лег его наименования и был закреплен языковой
практикой – деген тұжырымдама жасайды. [17; 97]. Осы пікірден сөздің
мағынасы мен жамылғышы арасындағы байланыс заңдылықтарын толық ашудың
мүмкіндігі әр кез бола бермейтіндігі байқалады. сөз мағыналарының оларды
құрайтын тұлғалардың мағыналарына тәуелді болу дегенді білдіреді.
Уәждеме мәселесін зерттеуде орыс тіл білімінде Е.С.Кубрякованың
Номинативный аспект речевой деятельности, А.А.Уфимцеваның Семантика
производного слова, О.И.Блинованың Явление мотиваций слов деген
еңбектерін атауға болады.
XXғ. 60-ж. басы мен 70-ж. соңында орыс тіл білімінде семантикалық
зерттеулер активтеніп, сөздің лексикалық мағынасына қатысты қалыптасқан
дәстүрлі көзқарастардың шекарасы кеңейіп, сөз және оның арасындағы
мағыналық байланысты зерттеу лексика семантика саласында жаңа идеялардың
пайда болуына негіз болды. Дәл осы кезде орыс тіл білімінде жаңа бағыт,
мотивологиялық бағыт дүниеге келді.Орыс тіл біліміндегі мотивологияның
дамуын төмендегідей 3 кезеңдерге бөліп көрсетуге болады. I кезең. XX
ғасырдың басы мен 80 жылдардың ортасы. 1972 жылы тілші-ғалым О.И.Блинованың
Лексическая мотивированностьи некоторые проблемы региональной
лексикологии атты мақаласы жарық көреді. Аталған мақала келешекте бұл
саладағы ғылыми ізденістердің тууына себепші болады.1974 жылы ғалымның
Проблемы диалектной лексикологии мақаласы бұрын бұған дейін зерттелмеген
мотивология ұғымына анықтама берілуімен ерекшеленеді. Жоғарыда аталып өткен
зерттеу-мақалалары 1982-1983 жыдары жарық көрген еңбектер негізінде
Мотивационно диалектный словарь, Говоры Среднего Приобья сөздігі жарық
көреді.
II кезең ХХ ғасырдың 80-жылдар ортасы мен 90-жылдар ортасы.Өткен
кезеңдегі зерттеулер өз жалғасын осы кезеңде О.И.Блинова мен ізбасарларының
еңбектерінде жалғасын табады. Бұл кезеңде мотивологияның жалпы және жеке
сұрақтарына байланысты докторлық, кандидаттық диссертациялар, монографиялар
мен мақалалар жарық көреді.Осы кезеңде орыс тіл білімінде мотивология
мәселесін зерттеуде А.Н.Ростова, Демишкина. Наумова, Нестерова, Голева
еңбектері елеулі орын алады.
III кезең 90 жылдардың ортасы мен XXғасырдың алғашқы онжылдығы.
Мотивологияны зерттеудің осы 30 жылдық уақыт аралығына нәтижесі ретінде
2007 жылы Блинованың Мотивология её аспекты еңбегі жарық көрді.
Тіл білімінде мотивация терминіне мынадай анықтамалар берілген:
Мотивация (франц.motif-әрекетті туғызатын себеп, дәлел) уәжділік белгілі
қимыл әрекеттердің болу себептерін түсіндіру, дәлелдеп жеткізу.
Мотивациядан мотивированный -мотивтенген, уәжденген, немотивированный-
мотивтенбеген, мотивсіз, уәжсіз сөздері пайда болған. Мотивология
(франц.motif-себеп, дәйектеме, уәж, logos-ілім) сөздердің уәждемелік
сипатын зерттейтін лексиканың саласы. Мотивологияның объектісі басқа тіл
бірліктерімен уәжділік қарым-қатынасқа түсетін лексикалық бірліктер болып
табылады [7.?
]Мотивация туынды және күрделі сөз мағыналарының,оларды құрайтын
сөздердің мағыналарына тәуелді болуы. Сөзжасам барысында сөз жасаушы
бірліктер мотивацияны тудырушы негіз (себеп) болады да, ал оның нәтижесінде
туындаған жаңа атау (туындылар) мотивтенген болып есептелінеді. Яғни, жаңа
сөз жасалғанда, негізге алынған сөздердің мағынасы жойылмайды. Мысалы: оқу
оқушы, білу білгіш, білім білімпаз т.б. Мотивация мәселесі тек философиялық
ұғым емес, тіл білімімен де тығыз байланысты. Тіл адам танымымен тығыз
байланысты болғандықтан тілді таңбалық жүйе ретінде қарастырсақ, мотивация
арқылы сөздің қажеттілігін негізін айқындай аламыз. Мотивация жөніндегі
ұғым тіл ғылымында ежелгі грек философтарының шығармаларында қолданылған.
Атаудың табиғатын ашу үшін, зат пен оның атауы арасындағы байланысты байқау
үшін қолданған. Яғни, мотивация номинациямен байланыстыра қарастырылады[6,
?]
Уәждену (франц.сылтау, дәйектеме, мотивация, уәждеме, дәлелдеме,
негіздеме) тіл арқылы аталған заттың не құбылыстың, белгілерін бейнелеу.
Уәжділіктің негізгі қарастыратын мәселесі зат пен атау арасындағы қатынас.
Уәжділік лексикологияның ат беру сәтіндегі сөз бен зат арасындағы
байланысын зерттейтін бөлімі және туынды Сөздің уәжділігі мен уәжсіздігі
туралы ұғымды ғылыми айналымға енгізген – Ф. Де Соссюр. Ғалымның
пайымдауынша: сөзді таңба деп алсақ, оның екі жағы болады, бірі бейне
таңбалаушы, екіншісі – дыбыстық бейне таңбалаушы, яғни сөздің мазмұндық
мәнін, оның дыбысталуынан бөліп қарауға болмайтынын айтады. Осы жайдың
жалғасы ретінде: В слове важен не звук сам по себе, а те звуковые различия
которое позволяет различать это слово от всех прочих, так как они и
являются носителем значения, – дейді тілтанушы[10.150]. Ғалымның пікіріне
сүйенсек, сөз мағынасы оны өзге атаулардан ерекшелейтін дыбыстық
жамылғышының астарында жатыр. Жеке сөздердің жасалуында, қалыптасуында тек
құрылымдық жағының дұрыс қалыптасуымен қатар, шешушісі олардың мазмұндық
құрылымында және атайтын заттың мазмұнын дәл, нақтылы беретіндей болуы
керек, сонымен бірге ол мағыналар бір-бірімен байланысып жатуы қажет. Сонда
ғана атау тіл иесінің сұранысын, қажетін өтейді. Сондықтан жоғарыда
айтылған зерттеушілердің пікірін қолдай отырып, атау беруде немесе аталым
жасалымда, терминжасалымда сол реалийлердің негізгі ұғымдық қасиеті мен
қызметі еске алыну керек деп түйіндейді.
Ғалым Ульман: вопрос о мотивированных и немотивированых словах уже
несколько десятилетий ждет своего разрешение в лингвистике – деп
мәлімдеген. [11.20]
1984 жылы Блинова О.И. өз еңбегінде Уәжді сөздер кез келген тілдің
сөздік құрам лексикасының үштен бір бөлігін құрап, оның өзіндік
лингвистикалық әмбепаптылығын көрсетеді, – деп санайды [2.11].
Уәжділік аталым әрекетіндегі негізгі маңызды бөлшек. Тіл білімінде
соңғы жылдарда лингвистердің негізгі назары аталым теориясына бағытталып,
оның қалыптасуында уәждеме теориясын басшыллыққа алу, соған сүйену
қажеттілігі дәлелденді. Тілдік аталымның табиғатын зерттеу тілдің түрлі
аспектісімен жүзеге асады. Аталымның ең басты мәселесі ақиқат болмыстың
жеке элементтерінің атаулану амал-тәсілдерін зерттеу болып табылады. Деп
көрсетеді ғалым Матезиус В.О.[18.228] Яғни, сөзжасамның амал-тәсілдері мен
заңдылықтары аталым міндетін атқару үшін қызмет жасайды.
Сөзқосымды ономосиологиялық аспектіде аталым теориясы тұрғысынан шешу
қажет.Сөзжасамның бүкіл тілдік құралдары мен заңдылықтары, тәсілдері
аталым міндетін атқару үшін қызмет жасайды. Сөзжасамның ономосиологиялық
аспектісін сипаттау арқылы оның аталымға қатысты негізгі ұстанымдық
қырлары: сөзжасамдық құралдары, тәсілдері мен үлгілері анықталады. Тілдік
қордағы бар байырғы сөздерді, сөзжасамдық құралдарды қолдану, пайданалу,
сол арқылы жаңа атау жасау қалыптасады.
Қимыл-ұғым атаулары – сыртқы тұрпат тұрғысынан таңбалау емес, ол
танымның да көрінісі. Себебі, аталым үрдісінде бір атауды екінші атаудан
ажырататындай өзіндік ерекшелігі болуы қажет, кез келген екі сөзді
тіркестіріп, біріктіргеннен атау тумаса керек. Демек, аталым мен
реалийлердің арасындағы байланысты шешіп алмай, оның шығу тегін анықтау
мүмкін емес. Қимыл-ұғымның негізгі белгілерін айқындау аталым теориясының
негізгі міндеті болмақ. Аталым шарты бойынша атау мен аталатын нысананың
арасындағы түрлі уәжденуші белгілер арқылы қалыптасатындығы айқындалады.
Атаудың қалыптасуындағы қоршаған ортаның (табиғат, қоғам, адамзат) түрлі
қасиеттері, ерекшеліктері негіз, атау жасайтын құрал бола алады.
Проффесор Н.Оралбаева: туынды сөздің қай түрі де тілде бар сөз
негізінде жасалады, сөздің қатысынсыз еш бір сөз жасалмайды. Сөз жасауға
қатысатын сөздер сөзжасамдық бірліктер қызметін атқарады Деген
болатын[10.8] күрделі сөздің жасалуында сыңарларды сөзжасадық бірліктер
деп санап, олардың негізінде жасалады деп пайымдауын тірек етіп алатын
болсақ, сөзжасамдық мағына негізділігі туынды сөздердің қалыптасуында
қандай дәрежеде қатысып, оның түрлі қасиеттік сырын ашуға жәрдемін
тигізері анық.
Жалпы туынды сөз қазақ тілінің бір үлкен саласына айналуы сөзсіз.
Туынды сөздің жүгі ауыр, әсіресе оған батыл барып, назар аударатын
мәселелер – аталым, уәждеме салалары. Аталым ұғымы реалийге ат беру
байланысты қолданылады. Аталым атауды жасау үрдісі ретінде сөзжасамға
енген. Күрделі аталым әр түрлі сөзжасамдық тәсілдердің негізінде жасалынып,
реалийлердің танымдық ұғымы мен белгісін айқындайтын таңбаның мағынасын
бейнелейтін жаңа атау. Екіншілік мағына – сөзжасамдық үрдістер нәтижесінде
жасалатын жаңа аталым болатын туынды сөздің жаңа мағынасы.
Тіл білімінде уәждеме теориясы жаңа бағыттағы ілім болғандықтан, оның
аталым үрдісі табиғатын ашудағы маңызына соңғы кезеңдерде баса назар
аударылуда. Сөздің сыртқы тұрпаты мен мағынасының арақатынасы мәселесі
ретінде тілдің әр саласындағы тіл мамандарын ойландырып келеді.Әсіресе
әлемдік лингвистикада уәжділік теориясы терең зерттеліп, тілдің негізгі
саласының бірі сөзжасамның синтетикалық тәсілінде жан-жақты қарастырылып
келеді. Ал қазіргі кезде уәжділіктің сөзқосыда маңызды қызмет атқаратынына
тілшілер тарапынан назар аударыла бастағаны байқалады.
Уәждеме лексеманың қалыптасуында реалийлердің арасындағы байланысты,
яғни, атауға қандай белгінің, ерекшеліктің, қасиеттің негіз, өзек, себеп
болғанын қамтамасыз етеді. Сонымен, зат пен құбылысқа ат қоюда өмір
шындығы, болмыс тіл деректеріне, атауға айналады. Күрделі жасалымда жаңа
мазмұн мен жаңа мағына пайда болған уақытта, сол кезеңде барып жаңа сөз
қалыптасады. Дәуір өткен сайын атаудың қалыптасуындағы о бастағы негіз-уәж
белгілер ұмытыла бастайды. Егер тілдегі атаудың түп негізіндегі мағынасы
ұмытылса немесе көмескіленсе, атаудың шыққан негізі жоғалса, яғни ішкі
құрылым өзінің негізгі лексикалық мағынасынан алшақтаған сайын, жасалымды
дерексіз мағынаның қалыптасуына, мағынаның дамуына, ауыс мағынаның дамуына
әкеледі. Ауыс мағына
Осыған орай ғалым Р. Сыздықова тілде атаулардың кейбіреулерінің
жасалу тарихы тіпті әріден басталып, әбден жымдасып, қалыптасып кетсе, енді
бірқатары бұрынғы сөздердің үлгісі бойынша жасалатындығын атап өтеді.
Халық өз тіл қазынасының иесі ғана емес, оны жасаушы, игілігіне
жаратушы, көзінің қарашығындай сақтаушы. Тілдің әлеуметтік-қоғамдық қызметі
де осыған келіп саяды.
Күлтегін мұрасында Ол будуннық Табарда қондыртумыз. Қон сөзінің
Көне түркі сөздігінде берілген мағыналары: 1.төмендетілу, қону; 2. төмен
түсу, қоныстану, мекен — жай таңдау. Алғашқы номинация жоғарыдан
төмендетілу, қону болса, қоныстану, мекен-жай таңдау екіншілік
номинация. Екі мағынаға да ортақ ұқсастық белгі – жоғарыдан төменге түсу,
қону, жайғасу. Қазақ тілінің сөздігінде берілген мағыналары: Қон ет. 1.
Ұшып келе жатқан қанатты нәрсенің (құс, жәндік, самолет т.б.) жерге түсуі,
отыруы; 2. Көшкен ел-жұрттың үй тігіп, уақытша мекендеуі, белгілі бір жерге
тұрақтауы; 3. Түнеп шығу; 4. Экспр. Бір жерге жайғасу, отыру. 5. Ауыс. Шақ
келу, құйып қойғандай жарасып кету.
Байқап отырғанымыздай, көне түркі заманда қон сөзінің қоныстану,
мекен жай таңдау екіншілік атау мағынасы болған. Бірақ бұл сөздің
образдылығы солғындаған. төмендетілу, қону уәжділік белгілері арқылы
негізгі мағынадан уәжделіп, қоныстанып, мекен-жай таңдау мағынасына
ауысқан. Егер образ өшіп қалса метафора жоғалып кетуі мүмкін, бірақ жиі
оның орнына жаңа метафора ауыстырады. Оған мысал ретінде жоғарыда
көрсетілген Қазақ тілінің сөздігінде қон сөзінің белгілі бір қасиеттің
адам бойынан орын алуы, даруы; шақ келу, құйып қойғандай жарасып кету
жаңа метафоралы мағыналарын алуға болады. Екіншілік атау алдыңғы
мағынасымен уәжделетіні жөнінде В.Н.Телия былай дейді: В качестве имени
здесь вступает уже готовая языковая форма, по этому вторичное
использование слова в роли называния опосредовано и мотивировано его
предшествующим значением.
Уәждеме атау сөз бен сөз белгілеп тұрған реальды заттар арасындағы
мағыналық байланыс. Себепсіз салдар жоқ демекші кез-келген атау ерекше
мәнге ие, белгілі бір уәжге негізделген.Осы уәждер атауды беруші адамның
тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық әлеуметтік өмірінің көрінісі ретінде танылады.
Сөзжасамның негізгі нысаны – туынды сөз жасау, белгілі затқа ат беру,
жаңа сөз жасау. Сөзжасам сөз жасау тәсілдері арқылы іске асатындықтан
атауыштық ұғымды белгілеу үшін қолданылады. Сөзжасам жаңа ұғымды атайтын
туынды сөздердің семантикалық топтасуын, даму жүйесін, жасалу жолын
зерттейді.Белгілі бір зат пен құбылыс алдымен жалпы қасиеттері арөылы
танылып, бірте бірте жеке қасиетеріне, сапасына, мөлшеріне, белгісіне
назар аударылады. Танылған сапалық белгісіне атау беру қажеттігі туынлаған
тұста екіншілік номинация негізінде метафоралар жасалады. Уәжденелуді
қарастырғанда лексикалық матералдарды лексикологияның әспектісінен
іздестіру қажет Сөз мағынасының уәжденуі оның құрылымы мен тілдік жүйедегі
сөйлеу элементттерің тірі санамен болатын семантикалық қарым қатынасынан
көрінеді.
Сөздің уәжденуі дегенде әдетті сөздің мағынасы мен формасы әрбір наұты
тілде өзгеше көрініс табатыны еске түседі. Уәждену дегеніміз күрделі
бүтіннің мағынасынан сол бүтіннің бүлшектерінің мағынасын бүлшектеп алып
шығу.
Біз жоғарыда келтірілген деректерден аталым, уәждеме теориясының,
қимыл-ұғым атауларының зерттелуіне шолу жасай отырып, қимыл-ұғым
атауларының уәждемесі жайлы жазылған ғылыми еңбектің жоқ екендігін
байқадық. Сондықтан, қимыл-ұғым атауларының уәждемесін арнайы зерттеу
нысаны етіп алу қазақ тіл білімінде жаңаша ғылыми зерттеу арнасын тудырады
деген пікірдеміз. Ал, біздің жұмысымыз сол қажеттілікті өтеу үшін жасалған
баспалдақ боп саналмақ.
1.2 Тіл біліміндегі уәждеме мәселесі мен сөзжасамнан алатын орны.
Тіл білімінде қарастырылатын уәжділік – атау сөз бен сөзді белгілеп
тұратын шындық өмірдегі, табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы
байланыс. Кез келген атау туындау үшін, аталатын денотататың ұғымымен
уәжділік қатынас орнауы шарт. Атау уәжсіз болмайды. Осы тұрғыдан алып
қарағанда кез келген нәрсенің себепсіз болмайтыны, оған белгілі дәрежеде
әсер етуші, себеп болушы негіз болады. Ғылымда кез келген сөздің, атаудың
уәжділігі болатыны анықталған. Уәжділік мәселесі жалпы тіл білімінде көп
зерттелген. Уәжділік теориясына байланысты жазылған Ә.Қайдаров,
М.М.Капыленко, Б.Қалиев, Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, А.Салқынбай, Б,Қасым
зерттеулері бар. Сондай-ақ, Ұ. Әділбаеваның кандидаттық диссертациялық
жұмысында уәжділік мәселесі өсімдік атауларына қатысты зерттеу нысанына
айналды.
Қазақ ғалымдарының көрсетілген зерттеу еңбектерінде мотивация
теориясының зерттелуі мен оның жай жапсары біршама әңгіме болған, Айталық,
Ұ. Әділбаеваның Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының уәжділігі деген
кандидаттық диссертациясында қазақ тіл біліміндегі зерттелуіне толық талдау
жасап, уәж, уәжділік терминдеріне тоқталып, олардың өзіндік ерекшеліктерін
айқындайды.
Тіл – таңбалар жүйесі. Тілдегі атаулардың қай-қайсысы болса да,
қоғамдық қажеттіліктен пайда болады. Тілдік таңбаны немесе жаңа туынды
атауды қоғамның барлық мүшесі қолданады.
Номинативтілік сияқты күрделі құбылысты зерттегенде оны негізгі екі
бағытта қарастырған дұрыс: динамикалық тұрғыда – туынды атаулардың пайда
болу процесі ретінде, статикалық тұрғыда – нәтиже, яғни туынды атау
ретінде. Номинативтілік барысында мотивацияланған мағыналардың әртүрлі
сипатты жағдайлары кездеседі. Осыған дейін туынды атаудың сыртықы
құрылысында оның толық семантикалық бейнесінен сақталып қалған
қалдықтарды талдайтын арнайы зерттеулерде кездеспейді. Сондықтан
атаулардың семантикалық құрылысын, олардың сыртқы формальды құрылымы және
мағыналық құрылымы арқылы зерттеудің қажеттілігі бар. Семантикалық
құрылымды зерттеу туынды мағынаның басқа мағыналармен байланысы мен
қатынасы арқылы анықталады.[9.1]
Шығу тегі бойынша мотивация – уәжділік грек философиясынан бастау
алған. Көне замандағы ғалымдар да тілдің табиғаты туралы көптеген ойлар
айтқан, зерттеген. Кейін үлкен ілім ретінде номиналистік ілім қалыптасқан.
Сөздің ішкі мазмұны мен мәнің ашу үшін оның белгілеп тұрған заты мен
арасындағы байланысты анықтаудың маңызы зор. Бұл туралы Б.Қалиев пен
А.Жылқыбаеваның Сөз мағыналарының негіздері атты еңбегінде сөз мағынасы
өте күрделі мәселелердің бірі. Сөздің лексикалық мағынасы, грамматикалық
мағынасы болатыны туралы жазады. Одан әрі ғалымдар әуел баста сөзде бір
ғана мағына болуы мүмкін, жүре келе сол жалғыз мағына дамып, үстіне бірнеше
қосымша жаңа мағыналар қосылып отырады. Сөз мағыналарының дамуы деп – біз
осындай мағыналық толысуды айтамыз, – деп жазады.
Шындап келгенде, сөздің мағыналық қыры кең. Ең алдымен батыс ғалымдары
көрсетіп жүргендей, сөздің жасалуының үш жақты қыры бары анық. Оның бірі –
таңбалаушы, екінші – таңбаланушы, үшінші зат пен ұғымға қатыстылығы.
Таңбалаушы – сөз. Сөздің таңбалануына негіз болатын зат немесе құбылыс.
Сөздің мағынасын анықтау үшін, уәжділігін тану үшін, біз сөздің әуелгі
табиғатын ашуымыз керек, Бірақ, уәжділікті анықтау деген сөздің тарихи
этимологиясын ашу емес. Екеуі екі бөлек нәрсе. Бұл туралы М.М.
Капыленконың айтқан мына пікірінің мәні зор деп бағалаймыз: Этимолог
выявляет первичные значения. Но труд этимолога в известном смысле
заканчивается там, где начинаются усилия мотиволога. Этимолог вскрывает
побудительный фактор, признак, который лег на основу наименования, то есть
его мотив. Но закономерности мотивации, наличие или отсутствие
мотивированности, группировка мотивов по мотивемам, эти и другие проблемы
мотивологии в орбиту внимание этимолога не входят.
М.М.Капыленконың осы мақаласында уәжділік туралы алғашқы ғылыми
еңбектер 70 жылдардан бастап жазыла бастағанын, өзінің ғылыми
жетекшілігімен М.М.Гиннатуллиннің кандидаттық диссертациясы құс атауларының
уәжділігі туралы қорғалғанын жазады. Бұл жұмыста мотивологияның теориялық
мәселелері де зерттелгенін айтады. Зерттеуші-ғалымның пікірінше мотиволго
үшін ең басты нәрсе халықтың тіл арқылы көрінетін рухани өмірі,
психологиясы мен көзқарасы
Қазіргі таңда жалпы аталым теориясы тиісті дәрежеде зерттелгенімен
арнаулы лексика саласындағы аталым мәселелері әлі күнге дейін толық шешімін
тапқан жоқ. Өйткені аталым саласындағы барлық жаңа болып табылған, мейлі ол
ұлттық тілден тыс, өзге халықтың қабылданған болсын, ең алдымен кәсибі
лексикадан көрініс табады. Себебі арнаулы лексика үнемі толықтырып отыруды
талап етеді. Бұл өз кезегінде аталымның амал-тәсілдері мен жаңа жолдары
үнемі іздестіріп алып келеді. Демек, ұғым таным негізінде айқындалады
десек, ал оның нақты көрінісі атау (таңба) арқылы жүзеге асады, яғни
сөзжасамдық тәсілдер негізінде қалыптасады.
Таңбалар – cөздің сыртқы тұлғасы, жамылғышы – ал ішкі сипаты
мағынасынан көрінеді. Сөйтіп номинация атау ретінде сөзжасамға енген.
Сөз байлығының толығу арнасы — тілдің сөзжасамы. Алайда, сөзжасамның
әлі де қадау-қадау зерттейтін қырлары баршылық. Жалпы қағыда бойынша кез-
келген тілде де зат пен құбылысқа ат беру – бірінші орында болатыны
ақиқат. Тілдің лексикалық қабатын қамтитын заттың атаулары – атау ретінде
ұғымды таңбалауда , мағынаны белгілеуле, тиімді тәсілдердің бірі десек, сол
зат пен құбылысқа ат беріп, айдар тағарда кез келген сөзбен таңбалай
салмайды. Сол реалийлердің өзіндік ішкі, сыртқы белгілерін, ерекшеліктерін,
қасиеттерін адам баласы таңдап, талғап, ой елегінен, санасынан өткізеді.
Соның ерекші біреуі – таңдалым болып саналады да, атауға себепші негіз
болады. Сөйтіп, атау беруде реалийлердің бүкіл ерекшелігі, қасиеті,
табиғаты ескеріледі, сараланады.
Тілде тарихи кезеңдермен сабақтаса отырып жаңа ұғымдардың пайда
болуымен байланысты, оның атаулары – жаңа сөздер жасалып отырады.Бұл үнемі
үзіліп жүріп отыратын үрдіс. Әрбір кезеңнің лексикасында сол дәуірге сай
тілдік бірліктер жасалады. Ол жаңа ұғымды атау аталым заңдылығымен жүзеге
асса, оның жасалуы мен дамуы сөзжасам амалдарына тікелей қатысты.
Сондықтан тілдік бірліктердің қалыптасуында, жасалуында, дамуында олардың
мағынасы мен қызметінің қаншалықты үлесі барлығын жан-жақты зерттеп
қарастыру қазіргі лингвистика ғылымында өзекті мәселелері мен негізгі
бағыттарының бірі болып отыр.
Сөзжасам өзінің бүкіл тәсілдерімен және құралдарымен аталым мақсатына
қызмет етеді. Көне замандардан келе жатқан түбірі мен негіздері туынды
сөздердің мағынасына өзек, арқау болатындығы тіл ғылымында айқындалған.
Адам белгілі бір ұғымды көптеген жылдар бойы зерттеуі мүмкін. Кез-
келген ұғым атауының пайда болуын адам тәжірибесінен тыс қарастыруға
болмайды. Әрбір нәтижесі адам санасында көрініс түрінде із қалдырады,
сөйтіп түсінік нәтижесінде атау туады. Осымен байланысты ұғымға нақты атау
беру мәселесіне қатысты философияда сапа формасы мен сана процесін
(қабылдау, елестету, түсіну) бөліп қарастыру дәстүрі қалыптасқан. Демек,
адамның өз айналасындағы дүниені тануды, денотаттың негізгі белгілеріне
сүйене отырып таңбалауы адамның бойындағы біліміне, дағдысына тікелей
байлнысты болып келеді.
Атаудың астарында бірінші кезекте – уәж жатады. Екіншіден, аталым
негізіне себепші уәжділіктің бір белгісі түрткі болады. Уәждеме – аталымның
жасалуындағы алдын-ала жасалатын міндетті баспалдақ.
Ғылымның соңғы даму нәтижесі уәжтану мен сөзжасам тілдің екі түрлі
саласы екендігі де ерекше назар аударған жөн. Яғни, екі саланың
әрқайсысының өз құрылымы, зерттеу нысаны ретінде өзіндік тілдік бірліктері
бар. Олай болса, олардың әрқайсының өзіндік терминдері де болуы шарт.
Тілдің бұл екі саласының зерттейтін міселесі бір болғанымен, ішкі
құрылымы мен зерттеу әдістері түрліше. Орыс тіл білімінде уәждеме мен сөз
жасам айырмашылығы ішкі уәждемелі сөзжасамдық құрылым элементерінің бүтін
уәжді сөзді түрлі әдістер арқылы зерттеуіне байланысты болып келеді.
Мысалы, сөзжасам үшін қарастырылып отырған уәжді сөз оңнан солға қарай
талданып, яғни жаңа ұғымды білдіретін формант негізге алынады да, оған уәж
болған түбір сөзден ерекшелігі айқындалып, уәждеме сөзжасамның бір кезеңі
немесе сөзжасамдық үлгінің, статикалық үлгінің ауыспалы компоненті болып
табылады. Ал уәждеме үшін жаңа атау жасалу дерегі сөздің жаңа қолданысқа
түсуімен белгілі бір лексиқалық бірліктің дамуы деп қабылданады. Демек
уәждеме саласындағы зерттеулер үшін жаңа
жасалған уәжді сөзбен оған уәж болған түбір сөздің арасында айырмашылығы
жоқ, жаңа атау сөз тек жаңа синтагмалық ортаға түседі.
Сонымен сөзжасамда кезкелген түбір сөзге сөзжасамдық қосымшаның
жалғануы арқылы жаңа мағына тануы болып табылады. Ал уәжтануда жаңа дүние
өзінен өзі пайда болу мүмкін емес деген қағиданы ұстанады, ол тек белгілі
бір тілдік бірліктің жаңа қолданысқа түсуі, жаңа қызмет атқаруы жаңа
формаға ие болуы дегенді білдіреді.
Уәждеме – жаңа атауларды жасауға, қалыптастыруға уәждік қасиеттерін
анықтауда мүмкіндік беретін, туынды бірліктерді айқындайтын заңдылық,
осымен байланысты жаңадан жасалған лексималардың астарына үңіліп уәждік
негізін айқындау, сол арқылы атаудың қалаптасу түб негізін тауып, өзіндік
ерекшеліктерін тауып, өзіндік ерекшеліктерін ажырату арқылы атаудың мәні
мен мазмұнын ашу. Осы тұрғадан алғанда тілдегі уәждеме тиориясы түрлі
қырларынан алып қарастырылып жүр. Лексикалық уәжденудіңу сипаты күрделі де
көп қырлы, ол жаңа сөздің жасалуын тілдік және тілден тыс факторлармен
бацланымтыратын құбылыс. Сол себептіде қазіргі ленгвистикада лексикалық
бірліктердің уәждеме және уәждеме мәселесіне тіл мамандарының назары
бөлінуде. Тіл білімінде көбінесе уәжді және уәждеуші сөздердің ара қатынасы
және туындық сөздің уәжділік дәрежелерін анықтау мәселерәне баса көңіл
бөлінуі негізінен синтетикалық сөзжасамға бағытталды деп есептейді орыс
ғалымдары О.И. Блинова, Н.Д. Голев, Е.С. Кубрякова, И.С. Улуханов.
Уәжденің үрдісінде ат беретін санаға мән беріліп, сол туралы уәзждеуші
пайымдаманы қалыптастыру жіне тілдік құралдарды таңдау, соның негізінде
атауды жасау ал атаудың мазмұнында бұрынға пайымдау жатады. Аталатын
нысананың белгісі таңдалынып, ол белгі жаға нысанды белгілейтін сипат алады
және жаңа атауды жасауда көзге түсетін таңбаланушыңа жаңа мән беріп жаіа
мазмұнға көшеді, сонда ғана жаңа лексема қалыптасады.
Белгіні таңдау – аталымның әдіс-амалы, жаңа лексеманың жасаудың жаңа
тәсілі. Атаудың негізі болған аталым белгісін таңдау аталым үрдісі кезінде
мәні зор атауды қалыптастырудың тәсілі, алайда ол сөздің ары қарай
сементиқалық дамуына, мазмұнына өзгеріс кіруіне әсер етпейді. Қалыптасқан
лексема тілдің табиғи заңдылығымен дамып, түрлі дәрежеде өзгеріске еніп
отырады, ол ішкі мағыналық құрылымның өзгеруімен байланысты жүреді,
сондықтан оны симантикалық өзгерістің негізгісебептерінің бірі деп санауға
болады. Аталым жасауда сөздің ішкі құрылымы, яғни сөздің құрамындағы
сыңарлардың мән-мағынасына көңіл аударылып, соның негізінде атау
қалыптасады. Сөздің ішкі құрылымы сөздің алғашқы мағынасын білдіреді, әрі
қарай сөздің мағынасы кеңейеді және дамиды. Сөйтіп, атаудың қалыптасуында
ішкі мағыналық құрылымның үлесі бары даусыз, байланысты сөзжасамдық
мағынаның айқындалатыны, оның уәждемеге қатысы бары анық көрінеді. Жалпы
атаудың мазмұнын жиынтығының қалыптасуына, лексема ретінде тіл жүйесіне
енуіне себеп болады. Уәждеме заңдылығын кешенді түрде қарастырып, оның
бірліктерін атап көрсетуге болады:
• атау уәждемесі және шындық болмыстың заңдылығын ұғыну,
түсіну(уәждеменің онтологиялық қасиеті);
• атау уәждемесі және сөздің ішкі құрылымы (семантикалық аспект);
• уәждеме және оның жүйелік мәнділігі, номинативтік бірліктердің
уәжділігіндегі парадигмалық және синтагмалық қатынастардың
ерекшеліктері(лексика жүйесіне қатыстылығы);
• Уәждеме және қолданыс әрекеті(функционалды аспект).
Ал уәждеуші белгіні таңдау – ол атаудың уәжін анықтау мен табу, демек
зат пен құбылыстың бейнеленетін белгісі және оның атаудың тіл құралдары
арқылы іске асуы. Сөйтіп, уәжді атауды жасау сөзжасамдық құралдарды
таңдаудың негізінде жүзеге асады.
Тіл білімінің аталым саласы – тілдік элементтердің таңбаланушы
нысанымен бірігуін, онымен сәйкестендіру ерекшелігін зерттейтін атаулану
үрдісі. Аталымның зерттеу нысаны ретінде жеке ұғым, зат, сапа, зат немесе
құбылыс пен оның белгілері болып табылады. Аталымдық акт тілдік тілден тыс
факторлардың әсер етуімен жүргізіледі. Өйткені, кез келген атау – адамның
психологиясын, дүниетанымын, дүниеге деген көзқарасын, талғамын, әдет-
ғұрпын, яғни менталитетті білдіретін әлеуметтік қоғамдық сипаттағы таңба.
Адамның жаңа сөз жасаукына қоршаған орта, ақиқат болмыс, объективтік
шындық ең алғашқы және маңызды себепші болып табылады. Ал денотаттың
сипаты заттық аргумент аталым үдерісі мен нәтижесінде ықпал ететін
маңызды объективтік фактор болып саналады. Аталым үдерісі адамға тәуелді
болатын нысанды субъектімен біріктіріп, біртұтастықты білдіретін құбылысқа
айналдырады. Шындығында, аталым үдерісі барысындағы объекті мен
субъектінің қатынастары аталым теорясының күрделі мәселелерінің қатарына
жатқызылады.
Атау берушінің атау беру үдерісінің барысында қалыптасатын көзқарасы,
нысанды игеру мен танып білу үдерісімен, оның практикалық қызметі барысында
танысумен, тікелей жанасу жиілігімен байланысты туындайды. Ал атауланушы
нысан әрдайым көптеген қасиеттер мен оны сипаттаушы белгілерге ие болып,
басқа нысандармен байланысқа, қарым-қатынасқа түседі. Бұл ретте,
субъектінің негізгі аталымық қызметі – нысанның алауын түрлі белгілерінің
ішінен атау негізіне алынатын шектеулі бір топ белгілерін іріктеп алу болып
табылады.
Аталым актісі атау беруші субъектінің жекелік қана емес, сонымен бірге
жекеліктен тыс сипаттағы сәттерден тұратын қабылдау мен ойойлау
психологиясымен тығыз байланысты. Адам ақиқат болмыс құбылыстарын немесе
заттардың қасиеттерін ажыратуды өзінің бес сезім мүшесі арқылы жүзеге
асырады.
Субъекті нысанды қабылдау үдерісінде оның бірқатар қасиеттері бар
екендігіне көз жеткізіп, олардың ішінен ақпараттың маңызды деп таныған бір
немесе бірнеше белгілері мен қасиеттерін іріктеп алады. Осының нәтижесінде
субъекті әрі қарай аталған нысанды басқаларынана оңай танып, ажыратып
алады. Ал бұл белгілер ретінде нысанның бірден көзге түсетін ең айқын
сипаттағы тұстары мен көріністері айнықталады. Ақиқат болмыс реалий
белгілерінің іріктелу үрдістері автоматтандырылған іс-әрекеттерге көшіп,
әрі қарай тұрақты саналы бақылау мен зер салып атқаруды, күшейтуді қажет
етпейді.
Аталым үдеріске қатынасатын объективтік факторлар әрқашан
субъективтік факторлармен күрделі қарым-қатынасқа түседі. Сөздің аталымдық
бірдік ретінде әлеуметтік те, жекелік те табиғаты болады. Нысан
белгілерінің ішінен біреунің таңдалуы субъективтік негізде жүзеге
асырылады.Денотаттың көптеген қасиеттерін танып білген субъекті оның
аталымға лайық деп таныған бір-екуін ғана таңдап алады. Өз кезегінде, тіл
құзырында көптеген формалардың болуы, субъектіні олардың ішінен бәреуін,
аталымға қажеттісін іріктеу, сұрыптау арқылы таңдау іс-әрекетін атқаруын
қажет етеді.
Аталым үдерісінің ең маңызды факторы – жаңа атау жасамас бұрын атау
беруші субъектінің мақсаты. Жаңа атаудың болашақта қандай болуы, ең алдымен
жеке тұлғаның психологиялық ұстанымына байланысты. Бұл ретте аталым саналы
түрде, белгілі бір мақсатпен орындалған атаулану актісі ретінде және тіл
иесінің арнайы мақсатты көздемей-ақ атау жасау негізінде жүзеге асуы
мүмкін.
Әрбір нақтылы тілдің ерекшелі – аталым қызметін атқаратын лексикалық
бірліктерді жасау ортасы, түйіндей келгенде, сол тілдің грамматикалық
құрылысынан шығады. Лингвистикада аталымның қалыптасуының екі жолы бар:
бірі – табиғи аталым, ол – табиғи жолмен жасалған атаулар. Екіншісі жасанды
аталым, саналы түрде және белгілі мақсатқа бағытталған деп көрсетеді.
Демек, тілдегі табиғи және жасалынды құбылыстардың қарама-қарсылығы келесі
элементтерден тұрады.
Табиғи = жасалынды:
1) болмыстық = жасалған;
2) стихиялық = мақсаттылық;
3) өзінен өзі туындаған = болжам жоспар бойынша пайда болған;
4) еріксіздік = шығармашылық:
Алайда, олар адам қызметінің нәтижесінде болғандықтан, айқын шек қою
мүмкін емес. Себебі көп жағдайда жасалынды атаулар табиғи негізде жасалып,
табиғи аталым факторына айналады.
Табиғи аталым: атаулану сөйлеу коммуникациясында жүзеге асырылады;
атаулану үрдісінің сөйлеу жағдаятына орындалуының негізгі тірегі аталымдық
қызмет атқаратын денотаттың вербалды белгіленуінің қажеттілігі болып
табылады; атау берілетін нысанның нақты анықталуына мүмкіндік туғызатын ең
жоғары ақпараттық сипатындағы белгілерін іріктеп көрсетуге тырысады;
уәждегіш белгінің атаудың соңғы нұсқасында бекітілуі аталмыш белгінің атау
берушіге де, адресатқа да объективтік маңызын дәлелдейді; аталымдық
бірліктің узуалдауы халықтық тәжірибе сараптамасынан өту нәтижесінде жүзеге
асады. Табиғи аталымға зат пен құбылысты тілде белгілеу тілдік жүйенің ішкі
заңдылықтарының негізінде үнемі жасалатын қалыпты үрдіс, сонымен қатар
мақсатты түде реалийлердің түрлі қасиеттерінің жиынтығынан бір ерекше
белгісін сұрыптап алу арқылы жасалатын аталымдарды да жатқызу орынды.
Жасалынды аталым: адресат – тілдік ұжым; субъектінің аталымдық
қызметі белгілі саналы түрде орындауы комуникация міндетімен байланысты;
термин шығармашылығының жекелік сипаты аталымның субъективтік факторларын
алға тартады; атау беруші жаңадан жасалатын терминнің алдын ала
қолданылуына болжам жасауға тырысады.????????
Тілдің сөзжасам жүйесі табиғи және жасанды атаулар нминативтік бірліктер
ретінде лингвистикалық және тілден тыс жағдайлардың есебінен үнемі толығып,
дамып, жаңғырып отырады.
Адам баласы ат қоюда, атауларды қалыптастыруда көзге түсер ерекше
қасиеттерінің сапасына қарай немесе өмірдегі маңызды ерекшеліктерін ескере
отырып атау берген. Қандай да бір аталым үрдісінде түрлі уәж
ескерілгенімен, тіл иесі сол тілдің заңдылығын басшылыққа алады.Сондықтан,
мәні, ұғымы бір зат болғанымен әр тілдің таңбалау заңдылығында ерекшелік
туындайтыны, сірә осыдан ба деген ойға жетелейді.Сол себепті де тұрпаты,
дыбыстық жамылғышы әр түрлі болғанымен, берер мағынасы біртектес болады.
Кез-келген затқа, құбылысқа атау беру үшін оны адамның қабылдау сәті
өте маңызды. Өйткені атау қабылдау нәтижесі болып табылады. Осыған орай,
атау беретін субъектінің белгілі бір ұғымды қабылдау әдісі жайында біз
қаншалықты хабардар болсақ, сол ұғым атауының уәждемесі соншалықты айқын
болады. Яғни адамның қабылдаудың қандай да бір әдісін қолдануы зат пен
құбылысқа белгілі бір атауды беруге итермелейді.
Лексеманың ұғымды білдіруі, мағынаға ие болуы – сөздің ішкі мазмұнын
айқындайды. Мағына сөзден тыс болмайды. Мағына – сөзді лексема ретінде
танытатын негізгі көрсеткңш. Бұл оның негізгі қасиеті. Дербес сөз ретінде
танылып, құрылымдық тұйықтығы мен тұтастығын сақтайтын да мағына. Тек
мағынаға өзгеріс енгенде ғана құрылым өзгереді.
Сөздің ішкі мағыналық құрылымы деген тұжырымды алғаш енгізген
В. Гумбольдт. Тілдің ішкі мағына-мазмұны мен сыртқы тұрпатын бірлікте қарау
– ойды жеткізудің жүйелілігі мен тиімділігін білдіреді. Ішкі құрылым тіл
құбылыстарының тілдің тұтастай жүйелігін көрсететін және ойды берудің
жиынтық көрінісі. Мағыналық құрылым тілдің дара ерекшелігін көрсететін
белгі болып саналады. Ішкі мағыналық құрылымның басты тәсілі ұғымды
белгілеу және сөздің ішкі мағынасы мен сыртқы арасындағы бірліктерді
байланыстырады. Демек, ішкі құрылым атаудың мағыналық құрылымын қарастырушы
сыңарлардың өзара байланысын сақтайтын тұтас, жүйелі ерекшелігін көрсететін
тілдік құбылыс. Сол арқылы ғана атаудың тұтастығы түсініледі. Ал сөзлің
ішкі мағыналық құрылымы уәждеме процесін қалыптастырады. Ішкі құрылым
атаудың міндетті семантикалық белгісі.Ішкі құрылым уәждеменің жаңа атауды
жасауға негіз болатын тілдік бірлігі, жүйелі ерекшелігі, тұрақты қасиеті,
бірліктердің түп төркінің ашуға мүмкіндік беретін заңдылылық.
Адам заттар иен құбылыстарды танып білу нәтижесінде жаңа атаудың өзіне
ғана тән белгіні таңдауы, дүниетанымына байланысты белгілеу атаудың белгісі
болып саналады. Ұғымдық, танымдық белгі адам санасында қалыптасқан өмірде
бар заттар мен құбылыстарды ұқсату, елестету арқылы таңдалынып. Жаңа атау
жасалуына өзек болады. Қазақ тілінде затқа, құбылысқа, нәрсеге атау
таңдауда қазақ тілінің ұлттық болмысын көрсететін екінші жол – жанама атау
беру. Аталым әрекетінде бұл әдіс – шындық болмыстағы заттар мен
құбылыстардың жаңа танылған қырын атау мақсатында қолданылатын сөзжсамдық
амал-тәсіл.
Жалпы қазақ ұлтының дүниетанымында ұғымдарды тұспалдап атау
ерекшелігі мол. Сол себепті жанама атаулар лексикалық жүйенің түрлі
семантикалық топтарын қамтиды.
Сөздің ішкі құрылымның сөздің мағыналық құрылымын жпсаушы сыңар
ретінде қарастырылатыны тілде белгілі. Сөзжасамдық мағына сыңарлардың
арасындағы уәжділік қатынастың қаншалықты дәрежеде қатыссы, байланысы
барлығын нақтылы көрсетеді.
Сөздің ішкі құрылымы сана, түсінік, мағлұмат болады, яғнм жалпы сөздің
мағынасында бұрынғы бір белгісі сақталынады, сөздің құрылымы жаңа аталымның
жасалуына негіз болады және ол түсінік санаға жаңа мағынаның жеткізудің
құралы ретінде жұмсалады.Қазіргі кезеңде ғылыми ойдың синтезі дамуы тілдің
сөзжасам саласынан да орын ала бастады.
Сөзжасамның түйіскен жері ономосиология мен семасиология салаларын
бірлестіре қарастырғанда, олардың бір біріне деген табиғи ықпалының
барлығын ескергенде, сөзтудырымның негізгі тетігін кешенді түсінуге,
саралауға мүмкіндік туады. Семасиология сөзжасамда статикалық қырынан
танылады. Сөздің ішкі құбылысы болып саналады.
Түсінік, таным, ұғым, ойлау тіл арқылы көрініс табады. Ұғым мен
атаудың арасында … жалғасы