Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету

0
53

Білім беру саласы: Шығармашылық
Коммуникация
Тақырыбы: Құстар (үйректің балапаны)
Мақсаты: Балалардың құстар туралы білімдерін байқау. Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету
Балаларға мақал – мәтел, тыйым сөздер айтқыза отырып ойлау қаблеттерін тілдерін дамыту.
Балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, ермек сазбен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау мадақтау.
Көрнекі құралдар: А – 4 формат қағазы, әр балада, ермексаз, тақтайша, кескіш, сүрткіш, ыдыста салынған ұнтақ жармасы, дидактикалық ойын құралдары
Билингвальды компонент: Құстар – птицы
Үйрек – утка
Балапан – цыпленок
Шаттық шеңбері
Қол алысып қане біз
Достасайық бәріміз
Айтарым бар сендерге
Тез тұрыңдар шеңберге
Қандай жақсы бір тұру
Достарыңмен бір жүру
Қандай жақсы дос болу

– Балалар қазір бізде Мүсіндеу оқу қызметі
Тақырыбы: «Құстар»
Балаларға сұрақтар қою
– Жылдың қай мезгілі?
– Аптаның қай күні?
Жұмбақ жасыру
Орманда жоғары
Ағашқа қонады
Тұмсығын балға қып
Тоқ тоқ соғады
Балалар жұмбақтың жауабын шешеді
– Балалар құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?
– Барлық құстар қыстап қалады ма?
– Құстар қалай және немен қоректенеді?
– Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
– Балалар ондай болса біз – өздерің айтып отырған үй құсы «Үйректің» балапанын мүсіндейміз
Балалардың назарын тақтаға аудару Үйректің суреті және мүсінделіп көрсетілген дайын жұмыс ілінеді Пластинография
Балаларға жұмыстың барысы түсіндіріледі, мүсіндеу оқу қызметінде қандай әдіс тәсілдер қолданып жүргендерін айтып өту. Әр баланың алдында алдын ала дайындалған А – 4 форматта үйректің суреті, ермексаз, кескіш тақтайша сүрткіш. Тәрбиеші түсіндіру жұмысын жүргізеді балапан қандай түсті, ол қанша бөліктен тұратынын сұрап, ермексаздың түстерін дұрыс таңдауға, балаларға айтып түсіндіреді. Балалар қызығушылықпен жұмысқа кірісіп кетеді Н. А Тілендиевтің «Аққу» күйі қойылды
Аяқталған жұмыстарын мадақтап көрме ұйымдастыру.
Сергіту жаттығуы
Қане қанат жазайық
Ұшып, ұшып алайық
Орнымызды табайық
Білімді біз алайық
Дидактикалық ойын «Өз мекенін тап»
Балалар алдарындағы құстарды өз мекеніне орналастырады. Мысалы: Бүркітті тауға, тырнаны суға, тауықты тауық қораға, қарлығашты үйдің шатырына. Балалар жұмыстарын түсініп жасап сұрақтарға жауап береді. Келесі кезекте балалар алдындағы ыдысқа салынған ұнтақ жармасын пайдалана отырып құстардың ізін, қанатын саусақтарының ұшымен салады.
Қорытынды бөлім:
– Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
– Біз ермексазбен қандай жұмыс жасадық?
– Тағы қандай жұмыстар атқарылды?
– Балалар сендер құстар туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

1. Бала: Құс адамның досы
2. Бала: жаралы құсқа тиме
3. Бала: Құс жұмыртқасына тиісуге болмайды.
4. Бала: Баға білсең құсты бағлан
5. Бала: Құс терісіне қарай сұлу, адам ісіне қарай сұлу
6. Бала: Құсқа алтын төрден қу бұтақ қымбат
Балалар сендерге үлкен рахмет!
Оқу қызметі аяқталды

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№18 «Еркежан» бөбекжай – бақшасы
Терликбаева Жанар