«Союзбен» — Сарыарқаға | | Ortalyq.kz

0


Оқылды:
9

Күні кеше Сарыарқа даласына «Союз МС-09» ғарыш кемесі табан тіреді. Ғарышкерлерді Жезқазған қаласының әкімі Қайрат БЕГІМОВ қарсы алды.

Көкке көтеріліп, біздің облысқа сәтті қонған мамандардың қатарында ресейлік Сергей Прокопьев, еуропалық Александр Герст және америкалық Серина Ауньен-Ченселлор бар.

Әуеде қалықтаған космонавтар ресейлік ғарыш саласының тапсырысы бойынша жұмыс істеген.

Ресми дерек көздері хабарлағандай, аталмыш әуе станция сы ресейлік «3Д-биопринтерде» зерттеу жүргізген. Адам ағзасы және өзге мәселелерді зерттеуге үлес қосқан.

Сергей ПРОКОПЬЕВ, ғарышкер:
– Сіздерге мың алғыс! Қазақстан халқы бізге әрдайым жылы шырай танытады. Құшақ жая қарсы алады.

Экипаж мүшелері өздерін күтіп алған жезқазғандықтарға алғысын айтты. Жүгі ауыр, жауапты міндетті атқару барысында кездескен қиындықтарды да жасырып қалмады.

Шаһар басшысы Қайрат Бегімов қазақы дәстүр бойынша ғарышкерлердің иығына шапан жапты. Адамзат үшін жұмылған ортақ мүдде жолында сәттілік тіледі.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз