Сөйлеуді түсіну | Скачать Дипломдық жұмыс

0

Қaзaқстaн Рeспубликaсының Білім жәнe ғылым министірлігі
Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық унивeрситeті

Жанибекова И.И

СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТТЕСТІГІ: ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ

ДИПЛOМ ЖҰМЫСЫ

5B011900 – ШEТEЛ ТІЛІ: EКІ ШEТEЛ ТІЛІ мaмaндығы

Aлмaты, 2016
Қaзaқстaн рeспубликaсының Бiлім жәнe ғылым миниcтірлігi
Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық унивeрситeті
Жaлпы тiл бiлімі жәнe әлeм тiлдeрi кaфeдрaсы

Қoрғaуғa жiбeрілді
… … …Кaфeдрa мeңгeрушісі … … Г.Б. Мaдиeвa

ДИПЛOМ ЖҰМЫCЫ

СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТТЕСТІГІ: ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ
aтты тaқырыбынa

5B011900 – ШEТEЛ ТIЛІ: EКІ ШEТEЛ ТІЛI мaмaндығы бoйыншa

Oрындaғaн: И.И. Жанибекова

Ғылыми жeтeкші:
филoл. ғыл. дoкт., дoцeнт Ж.К. Ибрaeвa

Пікір жaзушы:
филoл. ғ.к. дoцeнт. Э.Қ. Eркeбeкoвa

Нoрмa бaқылaушы:
филoл. ғыл. кaнд. Д.Рскелдиева

Aлмaты, 2016
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының көлемі: 56
Жұмыстың мақсаты: Мектеп жасындағы (15-16 жас аралығы) есту және сөйлеу қабілетінен айырылған немесе бұзылған балалардың сөйлеу әрекеттестігін қарастырып, түсіну және қабылдау ерекшеліктерін айындау және талдау.
Қойылған мақсат негізінде келесі зерттеу міндеттері туындайды: Сөйлеу әрекеттестігі күрделі үдеріс екенін ескеріп, сөйлеуді шығару, қабылдау және түсіну үдерістерін қарастырамыз; Патология жағдайларындағы қабылдау және түсіну ерекшеліктерін айқындау; Оның себептері мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен дәлелдеу;
Зерттеу әдістері: жұмыста психолингвистиканың белсенді әдіс – тәсілдері қолданылды.

Обьем дипломной работы: 56
Цель работы: Раскрывая природу речевого взаимодействия, рассмотреть особенности восприятия и понимания. При поставленной цели появляются следующие задачи: учитывая сложную природу речевого взаимодействия, рассмотреть особенности процесса восприятия и понимания у детей с патологическими нарушениями слуха и речи; с помощью наглядных примеров показать и доказать особенности процесса речевого взаимодействия;
Методы исследования: в работе были использованы психолингвистические методы исследования.

Thesis volume: 56
Thesis purpose: Revealing the nature of speech, to survey features of perception and comprehension. At a goal the following tasks appear: considering the difficult nature of speech interaction, to survey features of process of perception and comprehension at children with hearing and speech disorder; b means of bright examples to show and prove features of process of speech interaction.
Research methods: In the thesis work were using psycholinguistic active research methods.

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР

4

КІРІСПЕ

6
1
ПCИХOЛИНГВИСТИКA: ДAMУЫ, ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ПӘНІ

9
1.1
Отандық және шетел психолингвистикасының дамуы
9
1.2
1.3

1.4
1.5

1.6
Сөйлеу әрекеттестігі: кодтау және декодтау үдерістері
Патопсихолингвистика – психолингвистиканың арнайы тараулары ретінде
Сөйлеудің жүйелі бұзылуы және оның түрлері
Патологиялық ауытқулары кездесетін балалардың қабыладу және түсіну ерекшеліктері
Дактильді тіл сөйлеу құралы ретінде
15
19

23
24

31

2
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТТЕСТІГІ: ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ

39
2.1
Қабылдау және түсіну үдерістері:жеке және әмбебап эксперимент

39

ҚОРЫТЫНДЫ

53

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEР ТІЗІМІ

55

АНЫҚТАМАЛАР

Психолингвистика – (фр. linguistigue – лат. lingua – тіл) – психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Бұл бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г. Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер ХХғ. 60-жылдарынан бастап қолға алынды.
Патопсихолингвистика жеке тұлғаның ыдырауы немесе өзгеде психологиялық ауытқулары кездесетін адамдардағы сөйлеу процестерінің қалыптасуы мен ағынының патологиясын зерттейді.
Нейролингвистика (грек, neuron жүйке, латынша lingua тіл) — неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болған, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Мидың зақымдануынан сөйлеудің бүзылуы (афазия) орта ғасырлардан белгілі, бірақ оның зерттелуі 19 ғасыр 2-інші жартысында басталды. Оны зерттеуде И. А. Бодуэн де Куртенэ, В. А. Богородицкий, В. Щерба т. б. тіл қызметінің үш құрамнан — фонация (дауыстап айту), аудиция (қабылдау), церебрациядан (мида болатын процесс) тұратынына сүйенген. . Сөйтіп, казіргі нейролингвистика адамның сөйлеу қызметін комплексті зерттеудің бір саласы болып табылады.
Дактилология немесе басқаша айтқанда қол әліпбиі – есту немесе сөйлеу дефекті бар адамдар мен олардың қоршаған ортасында адамдардың тілдесуі үшін пайдаланылатын таңбалар жүйесі.
Брока орталығы – мидың маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орналасқан француз антропологы және хирургі Броктың 1865 жылы ашқан жаңалығы. Тілдің немесе екінші – сигналдық жүйенің іс-әрекеті мидың маңдай бөлігі мен сөзді айту, есту және жазуды көру талдағыштары арқылы орындалады. Сөзді айту талдағышы дыбыс аппаттары мен бұлшық еттері рецепторларынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады.
Вернике орталығы – Бас миының ақпаратқа және сөйлеу актісіне жауап беретін орталығы. Ми қыртысының самай бөлігінде орналасқан. Вернике зонасы ғалымдардың пікірінше ақпараттың қабылдап, қорытылуына жауап береді деп санайды.
Сөйлеу онтогенезі – Сөйлеудің дамуы немесе сөйлеу онтогенезі, ағыл. language development – жазу, сөйлеуге қатысты процестердің, әдістердің және кезеңдердің кешенді әрі ауқымды ұғымы. (бала тілі немесе ересек адамның бүкіл ғұмырындағы тіл) қарым-қатынасын, вербалдық ой-өрісін, әдеби шығармашылығын сипаттайды.
Афазия – мидың белгілі бір жерінің жинақталып зақымдалуынан бұған дейін қалыптасып, дұрыс жетіліп келе жатқан сөйлеу тілінің толық немесе ішінара жойылып кетуін сипаттайды. Көбінесе ересек адамдарда кездеседі.
Алалия – баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып, жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады.
АҚШ – Америка Құрама Штаттары.
ВОГ – Всероссийское общество глухих.
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
ЭЭГ – Электрoэнцефaлoгрaфия – биоэлектрикалық белсенділігін бақылау арқылы мидың қызметін зерттеу әдісі.
ҚР – Қазақстан Республикасы.
IHAP – (ағыл. «International Hand Alphabet Charts») – Халықаралық қол әліпби кестесі.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Мектеп жасындағы балалардың афазияға ұшырау себебінен сөйлеу әрекеттестігінің өзгеруі, тілдік қабілетінің ерекшеліктері, дактильді әліпби, бейвербалды амалдар және оларды қолдану арқылы тілдесу ерекшеліктері мен қабылдау және түсіну үдерістерін зерттеуге бағытталған.
Зерттеудің өзектілігі. Тіл – адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тілсіз ұлт құрымақ (Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Психолингвистика туралы айтатын болсақ, жалпы тіл біліміне қатысы жоқ оқырманда көптеген сұрақтар тууы мүмкін (Психолингвистика дегеніміз не? Психологиялық термин ба? Ғылымның саласы ма?) Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихына үңілсек: психолингвистика алғашында теориялық пән ретінде пайда болған жоқ, керісінше тәжірибеге бағытталған концепция болып пайда болды. Жиырмасыншы ғасырдың 40-50 жылдары кейбір әлеуметтік мәселелерді тек пәнаралық тұрғыдан шешуге болатынын анықталды. Шетел тілін неше жастан оқыту керек? Шетел мәдениетін қалай ұғу? Шетел тілін үйренгенде ана тілден аударама, әлде жаңа ойлау жүйесі қалыптаса ма? деген сұрақтарға жауап беру үшін тіл мамандарына психологиялық білім қажет болды. Сол кезден бері көптеген зерттеулер жүргізіліп, бірнеше психолингвистикалық мектептер мен теориялар пайда болды. Солардың бірі, АҚШ-тың ғалымы Ноэм Холмский, зерттеу нысанын келесі тұрғыда қарастырған – психолингвистиканы құрайтын тілдік мүмкіндіктер (lingustic competence) және тілдік белсенділік (linguistic performance) деп айтты. Біріншісі тілді меңгеру болса, екіншісі меңгерген тілді пайдалану. Біріншісі лингвистиканың зерттеу нысаны болса екіншісі психологияның нысаны. Біріншісі екіншісін анықтап тұр және екіншісі бірінші үшін негіз деген екен. Әр түрлі ғалымдар психолингвистика ғылымына әр түрлі анықтама берген. Егер біреуі психолингвистиканың зерттеу нысаны деп – адамның сөйлеу әрекеті және оны комплексті моделдеу заңдылықтарының біріккен жүйесі десе, екіншісі психолингвистиканың негізгі зерттеу нысаны деп – тек тіл, және оны меңгеру деп түсінген, үшінші біреуі зерттеудің негізі деп адамның сөйлеу әрекетін іске асыру мүмкіндіктері, сөйлеу, ақпарат алмасудың психофизиологиялық үдерісі ретінде қарастырады. Сонымен психолингвистиканың зерттеу нысаны бірнеше болғандықтан, ғылымның атынан белгілі болып тұрғандай, екі үлкен көне ғылым: психология мен линвистикадан бастау алатынын көреміз. Психолингвистиканы әлі күнге дейін бір анықтамамен шектеуге болмайды, психолингвистиканы зерттеуші мектептердің әрқайсысының өзіндік теориялық анықтамасы бар. Менің айтайын дегенім, психолингвистиканы – адамның сөйлеу әрекетінің психологиялық және лингвистикалық аспектілерін, және тілді пайдаланудың әлеуметтік-психологиялық аспектілерін зерттейтін ғылым деп қарастыру зерттеуші ғалымдардың көптеген анықтамаларына қайшы келмейді. Бұдан басқа бұл ғылым герменевтика, медицина, нейрология, философия, педагогика, психология, лингвистикалық антропология, мәдениаралық коммуникация, танымдық лингвистика, паралингвистика, этнолингвистика, сынды пәндермен байланысады. Көріп отырғанымыздай психолингвистика ғылымы кең әрі ауқымды сала. Психолингвистика ғылымының бір тармағы жас мөлшер психолингвистикасы деп аталады. Бұл ғылымға адам баласының тілін түсіндіру, тілді динамикалық тұрғыдан, әсер ету тұрғысынан зерттеу тән. Сонымен қатар сөйлеп жатқан адамның сөзді қабылдауына, меңгеруіне және психологиялық қалпына басты назар ауады.
Қазіргі уақытта афазияға ұшыраған балалардың сөйлеу тілі әлі де жалпыға көп түсініксіз. Сонымен бірге, қоршаған ортамен байланыс жасау қиындықтары жиі кездесуде. Осыған орай қарапайым тіл қолданатын орта мен »ерекше» балалардың қабылдау және түсіну үдерістерінің ерекшеліктерін айқын көрсету мәселесі қарастырылған. Аталған балалардың өзінің достарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады. Неғұрлым қоршаған ортамен байланысы түсінікті болса, бала бойында қандай дефект болса да, белсенді, ашық мінезді, көпшіл болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі грамматикалық жағынан толық жетілмеген болып келеді. Дактильді тіл тек орыс тілінде ғана оқытылады. Яғни афазияға ұшыраған қазақ балаларының ана тілінде білім алу мүмкіндігі жоқ. Теориялық тұрғыдан алғанда бала тілінің лингвистикасы ғылымындағы актуалды проблемалардың талдауына үлес қосады. Тәжірибелік жағынан қарайтын болсақ 1) тәжірибе барысында алынған нәтижелер психолингвистика, педагогика, мамандарының жұмысында қолданыс таба алады; 2) зерттеу нәтижелері дефекті бар балалар тобынан құралған балалар тілін ары қарай зерттеуде негіз болуы мүмкін; 3) алынған нәтижелер мектеп педагог мамандардың қажетіне, немесе жалпы тіл білімін, бала тілінің сөйлеу ақауларын зерттеу, психолингвистиканы оқу барысында қажеттілігін тудыру мүмкін.
Диплом жұмысының нысаны: Есту және сөйлеу қабілетінен айырылған балалардың сөйлеу әрекеттестігі.
Диплом жұмысының пәні: Есту және сөйлеу қабілетінен айырылған балалардың қабылдау және түсіну ерекшеліктері.
Диплом жұмысының мақсаты: 15-16 жас аралығындағы есту және сөйлеу қабілетінен айырылған мектеп оқушыларының сөйлеу әрекеттестігін, қабылдау және түсіну үдерістерінің ерекшеліктерін айқындау.
Осы мақсат негізінде келесі зерттеу міндеттері туындайды:
мектеп жасындағы есту және сөйлеу қабілетінен айырылған балалардың сөйлеу әрекеттестігін зерттеу;
мектеп жасындағы есту және сөйлеу ақаулары бар балалардың қабылдау үдерісінің ерекшеліктерін бақылау;
мектеп жасындағы есту және сөйлеу ақаулары бар балалардың түсіну үдерісін зерттеу;
15-16 жастағы есту және сөйлеу дефекті бар балалардың сөйлеу әрекеттестігін, экспериментальды әдістемелердің көмегімен өткізілген жұмыстардың нәтижесін шығарып, талдай отырып, қабылдау және түсінісу ерекшеліктерін айқындау;
Диплом жұмысының әдістері: жұмыстың барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, баяндау, түсіндіру, талдау, бақылау әдістері қолданылды.
Зерттеу материалы: диалог мәтіндер саны – 29, полилог мәтіндері – 7, ситуациялық сұрақтар саны- 12.
Зерттеудің дереккөздері ретінде Алматы қ. есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп- интернатының 10класс оқушылары (15-16 жас аралығындағы) 26 бала.
Зерттеудің теориялық – әдістемелік негізін Ж.Қ.Ибраева, Г.Л. Зайцева, А.Р. Лурия, Л.С. Выготский, А.А. Залевская, Н. Хомский, И.А.Зимняя … және т.б ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен көрсеткіштері бойынша құрайды.
Алынған нәтижелері: Жұмыстың барысында, патологиялық ауытқулар салдарынан өзгеріске ұшыраған сөйлеу әрекеттестігіне талдау жасай келе, келесі мәселелер анықталды:
Афазия салдарынан өзгеше келетін жеткіншек балалардың тілінің психолингвистикалық аспектлері айқындалды;
психолингвистика ұғымына толық анықтама берілді;
психолингвистиканың даму кезеңдеріне қысқаша шолу жасалды;
психолингвистиканың жанама ғылымы – патопсихолингвистикасының айырмашылықтары айқындалды;
жасалған тәжірибелерден нәтиже алынып, қорытынды жасалды;
Диплом жұмысының құрылымы: Диплoм жұмысы кіріспeдeн, eкі тaрaудaн, тaрaулaр іштeй бөлімшeлeрдeн жәнe қoрытынды бөлімнeн тұрaды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі қoлдaнылу рeті бoйыншa бeрілгeн.

1 ПСИХОЛИНГВИСТИКА: ДАМУЫ, ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ПӘНІ

1.1 Отaндық жәнe шeт eл психолингвистикaның дaмуы
Психолингвистикa (фр. linguistigue – лaт. lingua – тіл) – психология мен лингвистикaның aрaлығындaғы ғылым сaлaсы. Ол сөйлеу процесін, оның мaзмұны, коммуникaтивті рөлі, сөздің ойғa қaтысы тұрғысынaн зерттейді. Психолингвистикa – тілді зерттейтіндіктен лингвистикaлық пәндерге де, тілді психикaлық феномен ретінде қaрaстырaтындықтaн психологиялық пәндерге де жaтaтын кешенді ғылым. Психолингвистикaдa психологиялық сaрaптaмaлар aрқылы тексерілетін сөйлеу әрекеті және aдaмның психофизиологиялық сөйлеуін ұйымдaстыру модельдері жaсaлaды. Психолингвистика, сараптамалық пән ретінде, тілді онтогенезде дамыту, мeктeпкe дeйінгі сөйлeу тәрбиeсі және логопeдия мәсeлeлeрі, ана тілін жәнe шeт тілін оқыту, орталық мидағы сөйлeу ақаулары, үгіт-насихаттаудағы, бұқаралық aқпaрaт құрaлдaры мен жaрнaмaдaғы сөйлеу ықпалы мәселелері сeкілді бірқатар прaктикалық міндeттeрді тeориялық тұрғыдaн түсінугe мүмкіндік бeрeді.
Психолингвистика – ХХ ғасырдың 50-інші жылдары пайда болған жас ғылым. Психолингвистиканың дамуы мен қалыптасуын нақты кезеңдерге бөліп қарастыру мүмкін емес, себебі А.А. Залевскаяның айтуы бойынша, көптеген бағыттар хронологиялық тұрғыда қоса дамып, бірге өмір сүріп келеді. Осығaн қaрaмастaн, қaзіргі ғылым психолингвистикa кезеңдерін топтaстыруды және оның жетекші ғылыми бaғыттaрын қaтaр қояды. Ресей психолингвистикa мектебінің негізін қaлаушы А.А. Леонтьевтың шетелдік және отaндық ғылымдaғы психолингвистикaлық ойды дaмытуғa жaсaлғaн терең ғылыми тaлдaуын ескере отырып, негізгі кезеңдерін бөліп көрсетуге болaды. Алғашқы кезеңде психолингвистикалық идеялар қалыптасқан, яғни психолингвистиканың пайда болуына дейінгі кезең сипатталған. Бұл бағыттың негізін қалаушы неміс ғалымы Г. Штейнталь (1823-1899) тілді тек жеке адам психологиясының көрінісі емес, этнос психологиясының да көрінісі ретінде қарастырды. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Соссюр еңбектерінде аса назар аударылған тақырып болып сөйлеу әрекетінің әлеуметтік сипаты болып саналады. Психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірген Америка ғалымдары Ч. Осгуд, Т. Сибсок және т.б. Психолингвистикaлық бaғыттың өкілдеріне Г. Штейнтaль, В. Вундт, А.А. Потебня және т.б жатқызамыз, олaрдың тұжырымдaмaлaры В. фон Гумбольдттың сөйлеу әрекеті мен тілді социум мен халық арасындағы байланыстырушы ретінде түсіну идеясының ықпал етуімен қалыптасты. Бұл кезеңнің психолингвистикасы үшін Г. Штейнтальдің заттық және тілдік ойлау жайлы пікірлері маңызды болып табылады 3, 6 б..
Зaттық ойлaу жaйлы пaйымдaй отырып Г. Штейнтaль адам онда табиғи ойлау саласынан бөлінетін ұғымдар туралы түсінікке сүйенеді деп болжады. ХХ ғасыр лингвистикасының негізін салушы швейцар ғалымы Ф. де Соссюрдің өте қызықты пікірлері бойынша, тіл абстрактілі супертұлғалы жүйе, ал тілдік қабілет индивидтің қызметі. Әлеуметтік жүйе ретіндегі сөйлеу және тілдік қабілет – тілдің дәнекері арқылы жүзеге асыратын бір индивидуалдық акті ретінде шектеледі. Белгілі отандық психолингвист, Ленинград фонология мектебінің негізін қалаушы Л. В. Щербаның еңбектерінде Ф. де Соссюрдың идеялары көрініс тапқан. Отандық психолингвистиканың қалыптасуына Л. В. Щербаның идеялары зор ықпал етті. Психолингвистиканың екінші кезеңін Қалыптасу және қарама-қайшы идеялар кезеңі деп атауға болады. ХХ ғасырдың екінші жартысында тіл білімінде генеративтік лингвистиканың пайда болуы тіл туралы ғылымда жаңа дәуірдің басталғанын білдірді. Н. Хомскийдің идеялары негізінде тіл біліміндегі формалдық бағыттың бір бұтағы ретінде генеративті лингвистика пайда болды, ол идеяларын алғаш әлемге танымал болған және автордың өзі бірнеше мәрте өзгерткен, ол Синтаксические структуры (1957 ж.) атты жұмысында жариялады 4,430 б..
1970-інші жылдардың ортасында үшінші ұрпақ психолингвистикасы қалыптасты. Бұл кезең американдық лингвист Дж. Верчтің және француз психолингвистикалық мектебінің өкілдері Ж. Мелер, Ж. Нуазе, Д. Дюбуа және т.б. есімдермен байланысты. А.А. Леонтьев атап көрсеткендей, үшінші ұрпақтың психолингвистері көбіне маркстік тұрғыдан бейімделген психологияға бағдарланған, оның көрнекті өкілі кеңестік психологиялық мектептің негізін қалаушы Л.С. Выготский болды. Отандық психолингвистиканың дамуы мен қалыптасуына бұл ғалымның көптеген идеялары қазіргі ғылым үшін де өзекті болып табылады. Американдық лингвист Дж. Кесс психолингвистиканың дамуының негізгі төрт кезеңін бөліп көрсетеді: қалыптасу кезеңі, лингвистикалық кезең, когнитивтік кезең, когнитивтік ғылымның ағымдық кезеңі 2, 45-49 б.б..
Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алынды. Бұл жерде М.М. Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер Ойлау мен қарым-қатынас атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), сөзбен ойдың механизмдері атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (Н.М. Құрманбаев, М.К. Қайырбаева, Ш.С. Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді.
Ж.Қ. Ибраеваның Психолингвистика негіздері атты кітабында көрсетілген ақпараттарға сүйенсек, Қазақстандағы психолингвистика салыстырмалы отандық тіл білімінің біршама жас саласы болып табылады. Соған қарамастан қазіргі таңда Қазақстан Республикасында және шетелдерге танымал ғалымдар Э.Д. Сүлейменова, Н.Ж. Шаймерденова, Л.В. Екшембеева, Г.Б. Мәдиева, Ә.К. Шаяхметова және т.б. жетекшілігімен зерттеулердің айтарлықтай салмақты қоры жинақталды деуге болады. Атап айтқанда, қазіргі қазақстандық психолингвистика мынадай бағыттар бойынша дамып келеді: екінші тілді меңгерудің психолингвистикалық қыры, билингвизм жағдайында балалар тілінің даму ерекшеліктері, сөйлеу қатынасының және этнопсихолингвистаканың, тілдік сананың ұлттық-мәдени ерекшелігі, психолингвистиканың бұрын зерттелмеген-сөйлеу патологиясы, сөйлеудегі қателер және т.б. секілді қырлары бойынша әртүрлі зерттеулер жүргізілуде 1, 25б..
Ж.Қ. Ибраеваның айтуы бойынша, психолингвистиканың зерттеу пәні мен сипатын жан-жақты айқындайтын медицина, психология, педагогика секілді іргелі ғылым салаларымен өзара байланысы дәлелдеусіз айқын көрініп тұр. Психолингвистика герменевтика, медицина, нейрология, философия, педагогика, психология, лингвистикалық антропология, мәдениаралық коммуникация, танымдық лингвистика, паралингвистика, этнолингвистика, гендерлік лингвистика, екінші тілді меңгеру теориясы сынды пәндермен байланысады. Психолингвистика айналысатын бірқатар мәселелер зерттеу пәні бойынша герменевтикаға жақын. Герменевтика ғылымы көпмағыналы немесе нақтылауға келмейтін мәтіндерді түсіндіру амалдарын зерттеумен айналысады. Сөйлеу мәтінін қабылдау әдетті ақиқатты адамша түсіну шеңберінде қарастырылады. Психолингвистика мен гендерлік лингвистиканы интегративтік зерттеудің маңыздылығы да күмән туғызбайды. Шындығында, гендерлік лингвистика ерекше лингвистикалық пән ретінде тілдік құбылыстарды жынысы бойынша тіл иелерінің ерекшеліктеріне байланысты зерттейді. Осыған байланысты психолингвистикалық тұрғыдан ерлер мен әйелдердің сөйлеу және бейвербалдық әрекетіндегі негізгі айырмашылықтар туралы гендерлік стереотиптер мәдениетінде қалыптасқан зерттеулер қызықты болып саналады.

1 – кесте – Психолингвистиканың зерттеу нысандары [31, 29б.]

Психолингвистика
өз тілін және екінші тілді
меңгеру процестері
меңгеру процестері
сөйлеу іс-әрекеті
Сөйлеуді түсіну
Сөйлеуді шығару
Сөйлеуді қабылдау
Сөйлеудің жеке бір түрі − ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де және стезиялық тітіркендіргіштерге орай туьш отыратындығы анықталған.
Сөйлеу орталығы сол ми сыңарында орналасады. Ол он қолдың қимыл белсенділігінен қалыптасады. Солақай адамдардың да 70%-де сөйлеу орталығы, оңқай адамдардағыдай сол ми сыңарында, солақай адамдардың тек 15%-де сөйлеу орталығы оң ми сыңарында орналасады.
Жоғарыда айтып өткендей, Психолингвистика – XX ғ. 50-інші жылдарынан бастап ғана өмір сүре бастаған жас ғылым. Кез келген ғылым үшін мұндай уақыт – қалыптасу кезеңі, зерттеу пәнін анықтау, метатілдік базасын нығайту кезеңі. Соған қарамастан бұл жаңа кешенді ғылымның негізін ғылыми білімнің екі көне салалары құрады. Психолингвистиканың зерттеу пәні, ең алдымен, адам әрекетінің арнайы түрі, сонымен қатар оның психологиялық мазмұны, құрылымы, түрлері, амалдары ретіндегі сөйлеу әрекеті болып саналады. Бірқатар шетелдік және ресей зерттеушілері психолингвистиканың негізгі және өзіндік пән ретінде сөйлеуді тудыру және қабылдаудың психофизиологиялық үдерісін көрсетеді. Бұл мәселе И.А. Зимняяның еңбектерінде толық әрі ғылыми негізде айтылады 5, 262 б..
Психолингвистикада сөйлеуді тудыру екі мағынасында түсіндіріледі, біріншісінде, неғұрлым кең мағынасында, сөйлеуді тудыру деп сөйлеушінің белгілі бір мағынаны білдіру ниетінен бастап дыбысталатын мәтінді айтқанға дейін ауысу үдерісі түсініледі. Екінші, неғұрлым тар мағынасында, тек сөйлеушінің дыбысталатын мәтінді тікелей дайындау үдерісі, тілдің таңбалық бірлігі жүйесінен оларға сәйкес дыбыстық жүйелілікті айтуға дейінгі ауысу түсініледі.
Жоғарыда айтылғандардан психолингвистиканың негізгі мақсаты айқындалады, ол – сөйлеу әрекетінің қоғамдағы және жеке тұлғаның дамуындағы қызметтеріне байланысты сөйлеуді тудыру, қабылдау және түсіну механизмдері жұмысының ерекшеліктерін қарастыру.
Психолингвистика, И.Н. Гореловтың пікірінше, тіл білімінде антропоцентристік бағыттың ядросын құрайды. Осыған орай, психолингвистиканың зерттеу нысаны сөйлеу әрекетінің субъектісі ретіндегі адам және тіл иесі, адамдық қоғамда қатынас жасау үдерісі, сондай-ақ сөйлеудің қалыптасу, қабылдау және түсіну үдерістері жатады. Адамның сөйлеу процесі нейрология ғылымымен де тікелей байланысады.
Нейролингвистика (грек, `neuron’ – жүйке, латынша `lingua’ – тіл) — неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болған, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Кеңес одағы заманынынан бастап дамып келеді. Л.С. Выготскийдің психологиялық концепциясына сүйеніп жазсалған А.Р. Лурия еңбектерінде даму жолы мен бағыттары айқын көрсетілген. Негізін салушы ғалым болып табылады. Тіл білімі теориясының дамуымен қатар, нейролингвистикалық зерттеулер мен неврологияның дамуы қатар жүрді. Нейролингвистика ғылымы негізінде емдеу орындарында диaгностикaлық сұрaқтар мен міндеттерді шешу қaжеттілігінен туған ғылым саласы. Негізгі әдіc болып – әр түрлі жaғдайдағы науқастың қалай сөйлейтінін байқау әдісі болып саналады. Зерттеуге жиырмасыншы ғасырдың жартысында дами бастаған психолингвистика, нейропсихология, нейрофизиология, кибернетика жіне де тағы басқа ғылымдар ықпалын тигізді. Нейролингвистика адамның сөйлеу қызметін зерттейтің комплексті зерттеу саласысыың бір тармағы болып табылады. Сонымен қатар зерттеу нысандарына: қaрым-қaтынaс теoриясы, сөйлеу aктілерінің теoриясы, прaгматикaны зерттeлуі, тіл қызметінің үш құрaмы: фонaция (дaуыстап aйту), aудиция (қaбылдaу) және церебрaция (мидa болaтын процесc). Мaңызды зерттеу нысaнының бірінe: мидың зақымдануы кезіндегі сөйлеу үдерісінде болатын өзгерістер, aфазия және oның түрлeрі және нoрмадан aуытқушылық және нормaлаp қaтары бойыша зерттеулер жинағы жатқызылады. Зерттеу нысандарының ортақтығы себебінен де психолингвистика мен нейролингвистика тікелей байланысты. Оған дәлел адам миындағы Брока ортылығы мен Вернике зонасы. Брока орталығы – мидың маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орналасқан француз антропологы және хирургі Броктың 1865 жылы ашқан жаңалығы. Тілдің немесе екінші – сигналдық жүйенің іс-әрекеті мидың маңдай бөлігі мен сөзді айту, есту және жазуды көру талдағыштары арқылы орындалады.
Сөзді айту талдағышы дыбыс аппаттары мен бұлшық еттері рецепторларынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады. 6-7 айлық бала үлкендердің аузына қарап (бет-әлпетінің қимылын бақылап), бірте-бірте сөйлеуге әрекет жасайды. Ол үшін тілді қимылға келтіретін артикуляциялық аппараттарын іске қосуы керек. Оларды іске қосатын орталық ми қыртыстарының шеке бөлігінде орналасқан және сол орталықтың қызметін дәлелдеген ғалымның атымен – Брока орталығы (двигательный центр речи Брока) деп аталады. Осы орталықтың көмегімен бала сөйлей бастайды. Әуелі бір-екі буынды сөздерді айтып, бірте-бірте сөз байлықтарын көбейте бастайды. 1861 жылы франсуздың дәрігері П. Брока афазиямен ауырған адамның бас миының үшінші маңдай қатпарының артқы бөлімін қамтитын сол жақ орта тұсындағы ми күре тамырын жұмсартып кеңейгенін көрсетті. Брока маңдай миының бөлімінде ауыз екі сөйлеу тілінің жинақталған орталығы барын дәлелдедім деп есептейді 6, 231 б..
Адамның миы анатомиялық және физиологиялық қасиеттеріне байланысты негізінен бес бөліктен тұрады. Ми қыртысының самай бөлігінде тілге байланысты өте маңызды сенсорлық орталық (сенсорный центр речи Вернике) бар. Ол орталық, оның қасиетін тыңғылықты тексеріп, дәлелдеген ғалымның атымен – Вернике деп аталады. Бұл орталықтың адам жарық дүниенің есігін ашқаннан бастап, өсіп-жетілуіне тигізетін қызметі өте зор. Ол орталық нәрестенің есту қабілеті мен сөзге үйрену қабілетін (естіген сөздерін ұғынып, еске сақтау) дамытатын орталық. Жапон ғалымдары электроэнцефалограммалық (ЭЭГ) тексерулер арқылы нәрестелер туғаннан кейінгі үшінші күннен бастап анасының даусын басқа дауыстардан ажырата алатындықтарын және анасының даусын естігенде қуанып, еміреніп, емшек емуге даярлана бастайтындығын дәлелдеді. Сонда нәрестенің Брока, Вернике орталықтары дамып, бірте-бірте анасының сөзін еске сақтап, айтқан сөздерді түсіне бастайды және сөз қорын жинақтайды. Сол себепті, ақыл-есі дұрыс дамыған, 5-6 айлық шақалақ айтқанға түсініп, сөйлей алмаса да, айтқан бұйрықты орындай бастайды. Осы екі орталықтың бір-бірімен сәйкес жұмыс атқаруының арқасында ғана баланың сана-сезімі дамып, дұрыс қарым-қатынасқа түсіп, сөйлей бастайды. Баланың сана-сезімі дұрыс дамуы үшін баланың ата-анасы балаға бір тілде, негізінен ана тілінде сөйлеуі қажет. Сонда ғана баланың миы, әсіресе тілді дамыту орталықтары (Брока және Вернике) дұрыс жұмыс істейді.

1 – cурет – Брока және Вернике орталығы

Брока орталығының зақымдануы моторлық афазияға алып келеді. Моторлық афазия ми қан айналымының бұзылуы нәтижесінде болады, ол сөйлеу қабілетінің бұзылуына алып келеді. Аса ауыр жағдайда адам сөйлеу қабілетінен айырылады, науқастың сөйлеу қабілетін қалпына келтірген жағдайда да ол сөзді шығаруға қиналып, көп буынды сөздерді айта алмайды. Вернике зонасының бұзылуы сенсорлы афазияға ұшыратады. Бұл жағдайда науқастың айтылған сөзді немесе мәтінді қабылдауы қиындайды, бірақ сөйлей алады 7, 256 б..

1.2 Сөйлеу әрекеттестігі: кодтау және декодтау үдерістері
Психолингвистика – адамдардың тілдік қызметінің лингвистикалық және психолингвистикалық аспектілері туралы ғылым. Адамның сана-сезіміндегі тілдік таңбалардың шығуын және қабылдау үдерістерін қарастырады. Сонымен қатар субьекттің психологиялық қызметінің эксперименталды зерттеулерін, ұйымдастырылған және автономды жүйе ретіндегі тіл жүйесін ұғыну мен қолдану жолдарын да қатар қарастырады [ 1, 8 б.].
Мақсатталған сөйлеудің туылуы, ойдың немесе ішкі сөйлеудің толық мағыналы ашық сөйлеуге айналуының жолдары; және де керісінше декодтау үдерісі, яғни субьекттің сөйлеуді қабылдау үдерісі, хабарланушы ойдың мазмұнын түсіну үдерістерінің барлығы дерлік психология мен лингвистиканың ортақ мәселесі бола отырып, жаңа ғылымның – психолингвистиканың негізін құрап отыр.
Сөйлеу туа пайда болған қабілет болып табылмайды, ол онтогенез үрдісінде баланың физикалық және ақыл-ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады. Баламен ана тілін меңгеруі қатал заңдылықтармен өтеді және барлық балаларға жалпы бірқатар белгілермен сипатталады. Сөйлеу тілі патологиясын түсіну үшін қалыпты балаларда сөйлеу тілі дамуының барлық реттік жолын нақты елестету керек, осы үрдістің заңдылықтарын және шарттарын білу қажет, осыдан оның жақсы дамуы тәуелді.
Сөйлеу онтогенезі – тілді меңгерудегі процестер, кезеңдер, әдістемелер жиынтығы. Осы жерде онтолингвистиканың үш бағытын атап өткен жөн: 1) баланың өз ана тілін меңгеруі және оқуы; 2) бір тілді әр түрлі ұлт өкілдерінің балаларына оқытудың заңдылықтарын зерттеу; 3) әр түрлі тілді әр түрлі ұлт өкілдерінің балаларына оқыту заңдылықтарын анықтау; Бұл үш бағыттың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты әрі бірін-бірі толықтырып отырады. Алайда әр бағыттың нақты міндеті мен мақсаты болады, сол мақсат-міндеттерді анықтау үшін case study әдісін қолдану тиімді. Бұл әдіс бала тілінің меңгерілуін толық және жете зерттеуге мүмкіндік береді 9, 45 б..
Осы ғылымнаң негізін салуылардың бірі Ч. Осгудтың айтуы бойынша, психолингвистика – ақпаратты кодтау және декодтау үдерістері туралы ғылым Яғни психолингвистиканың қарастыратын мәселелерінің бірі – ақпаратты қабылдау үдерісінің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Зиндер мен Штерн еңбектерінде келтірілген мысалдарға сүйенсек, ақпаратты қабылдау жағдайларына байланысты адам әртүрлі қабылдау стратегиясын қолданады екен.
Код (фр. сod лат. сodex кітап) ағыл. сode – Тіл, Тіл жарыспа; кезкелген таңбалық жүйе; код аталымы тіл жүйесінің абстрактілі табиғатын айрықшалап көрсету үшін жұмсалады [36, 121б.].
Cөйлеуді қабылдаудың психофизиологиялық және психолингвистикалық аспектілеріне байланыстытеориясы бойынша, сөйлеуді қабылдау – бұл өте күрделі және көпөлшемді үдеріс. Және де ең бастысы, қабылдаудың екі түрлі жағдаяты болады. Бірінші жағдаят бойынша – қабылдаудың алғашқы бейнесінің қалыптасуы. Екіншісі – қалыптасқан бейненің анықталуы. Сөйлеуді қабылдау туралы теориялардың барлығын дерлік екі маңызды қағидаларына байланысты топтастыруға болады. Бірінші қағида – моторлы немесе сенсорлы қабылдау принципі. Екінші – оның белсенді немесе пассивті мінезі. А.А.Леонтьев айтуы бойыншa, речевосприятие – это активный динамический процесс, происхoдящий пpи обязaтельном учaстии моторного, а именно речeдвигательного звена [10, 189 б.].
Ендігі қарастыратын мәселе – сөйлеудің психологиялық талдауы, яғни тілдік ақпаратты декодтау үдерісі.
Бұл үдеріс сыртқы ақпаратты, ашық сөйлеуді декодтау мәселесінен бастау алып, айтылған сөйлеудің толық мағынасын түсіну үдерісіне, одан кейін, айтылған сөйлем мағынасының астарын түсіну үдерісіне ауысады. Айтылған сөйлеудің мағынасын түсінудегі үдерістің талдауы – ғылыми психологияның ең қиын және жобаланған бөлімі болып табылады.
Психологтар сөйлеу мағынасын түсіну үдерісінің анализінің бірнеше түрін қарастырған, яғни әртүрлі тұжырымға келген. Кейбір авторлар сөйлеу ақпаратын түсіну үшін, cөйлеуші толық және нақты сөздікке ие болуы тиіс деген. Демек, ол деп отырағнымыз – әр сөздің мағынасын және жатқызылатын тобын түсіну. Грамматикалық ережелері мен сөздердің бір-бірімен байланысу тәртібін білу
Осыған байланысты, берілген тұжырымдарға сай, сөйлеуді түсіну үшін қажетті деп – тілдің грамматикалық ережелері мен түсіну ортасын білу деп білеміз. Аталып отырған екі тұжырымдардың екеуі де сөйлеуді түсіну үшін қажетті болып саналады. Дегенмен, сөйлемнің немесе айтылып отырған хабарлама, немесе ақпараттың толық мағынасын ашуда бұл екі тұжырым аздық етеді. Психологтар мен лингвисттердің екінші тобы алдыңғы тұжырымдамаларға қарсы пікір білдіреді. Яғни, арнайы бейнелер мен болжамдардың болуы және грамматикалық жүйелердің ережелері мен сөздердің өзара байланысуы сөйлеуді түсінудегі шарттардың бірі екендігіне келіспейді. Олардың айтуынша, сөйлеуді түсіну үдерісінің бастауы ортақ ойды іздеуден басталады деген екен. Содан кейін барып лексико-фонематикалық (әр сөздің мағынасын айқындау) және синтаксистік (арнайы сөйлемдердің мағынасын анықтау) дәрежелеріне ауысу қарастырылуы керек деген көзқарасты ұстанады. Басқаша айтқанда, бұл көзқарасқа сәйкес, ашық сөйлеуді нағыз түсіну үдерісі , бастапқы айтылған түсіну үдерісінің теориясына сәйкес келмейді. Яғни алдымен тыңдаушыға сөздерді түсіну, содан кейін сөйлемдерді түсіну теориясы қате болжам деген екен. Бұл тұжырымды қолдаушы ғалымдар қатарына Б. Ромметвейт, В.Л. Филлмор, Дж. Лакофф, Дж. Уертч жатқызамыз.
Бұл авторлардың айтуынша, түсіну үдерісі (мысалы, бір белгілі мәтінде берілген) күрделі сипатқа ие, және оған жартылай сөздердің мағынасын қабылдау, жартылай сөздердің синтактикалық ережелерін декодтау секілді әртүрлі үдерістер қажет. Ақпаратты қабылдаудың ең алғашқы кезеңінен бастап қабылданушы хабар туралы гипотезалар мен болжамдар пайда бола бастайды. Сол себептен, қабылдау үдерісінің негізгі орталығы болып, ақпараттың мағынасын түсіну үдерісі болып табылады. Тыңдаушы (немесе оқушы) ешқашан да өзіне мақсат етіп бөлек сөздің мағынасын түсіну немесе бөлек бір сөз тіркесінің мағынасын түсінуді алмайды. Яғни қабылдау актін сипаттайтын негізгі үдеріс болып, хабарламаның негізгі толық мағынасын анықтау, ішкі мағынасы мен мәтінасты мағынасын түсіну үдерісі болып табылады.
Демек осылайша ақпаратты хабарламаны декодтау үдерісі, заманауи лингвистика саласында – табиғаты бойынша белсенді және күрделі үдеріс болып саналады [11, 218-220 б.].
Сөз тіркесін немесе сөйлем құраушы бірліктерді толық түсіну мақсаты, сыртқы грамматикалық құрылымдарынан, олардың негізгі семантикалық тереңіне жету арқылы жүзеге асырылады. Бұл психологтар мен лингвисттердің тілдің сыртқы құрылысы және терең құрылым секілді болжамдары сөйлеуді түсіну мәселесіне айтарлықтай үлесін қосты. Негізгі еңбек қатарына Л.С. Выготскийдің еңбегін жатқызамыз. Ол берілген мәтіннің сыртқы құрылымының ішкі мағынасына, негізгі мәтінасты мағынасына ауысу үдерісінің шешуші рөлін атап көрсеткен болатын [12, 285 б .].
Ақпараттың тікелей мағынасын түсіну аздық етеді. Алдымен сол ақпарат таситын ішкі мағынасын көрсету қажет, Басқаша айтқанда, беткі мәтін мағынасынан ішкі мәтін мағынасына ауысу күрделі үдерісі өтуі қажет. Ақпарат тасушы негізгі ой түсінікті болғаннан кейін барып, айтылған ойға не себеп болғаны түсінікті болады. Мысалмен түсіндіретін болсақ, А.С. Грибоедовтың Горе от ума шығармасында Карету мне, карету! деген үзіндіден жәй мағына түсінеміз. Яғни А. Чацкий атты кейіпкер өзінің арбасын сұратып, өтініш жасап тұр. Дегенмен, ішкі мағынаға келер болсақ, негізгі ойы тереңде жатыр: А. Чацкий өзінің әлеуметтік ортасымен қарым-қатынасын үзгелі жатқан ойды білдіреді екен. Яғни, сөйлемнің беткі ой сипаты ішкі мағынасын толық жеткізбеуі мүмкін. Демек, мағына мен мотивін, яғни себептерін түсіну үшін адам алдымен ішкі мағынасы туралы ойлануы қажет. Беткі мағынасынан ішкі мағынаға көшу маңыздылығы осыда жатыр. Және де мәтін я ақпарат мағынасы екі түрлі тереңдікпен түсінілуі мүмкін. Мәтінді түсіну дәрежесі адамның түсіну дәрежесін айырып көрсете алады. Таным үдерісі мен психологияда маңызды рөл атқаратын мәтінасты мағынасы, яғни түпкі мағынаға көшу үдерісі маңызы зор.
Келіп түсуші хабарды түсіну үшін тыңдаушыға немесе оқушыға қажетті жағдайларды және формаларды қарастырамыз. Кез-келген тыңдалушы немесе қабылданушы ақпаратты қабылдау, ең алдымен cөздерді қабылдаумен басталады, одан кейін сөз тіркестерін, кейін мәтінді толықтай қабылдау жүзеге асады. Мәтінді түсіну барысында негізгі ойды түсіну үдерісі жүзеге асады. Бұл реттілікті тек логикалық байланыс ретінде қабылдағанымыз жөн. Демек, бұл ретті сақтау арқылы ғана нақты мағынаны түсіне аламыз деген емес. Яғни логикалық рет бойынша сөздерден сөз тіркестеріне, сөз тіркестерінен сөйлемге, сөйлемдерден мәтінді, ал мәтіннен негізгі ойды түсіну жүзеге асырылады деп түсіндіріледі.

2 -кесте – Коммуникация үдерісі
кодтау
декодтау
Қабылданушы ақпарат

Жіберілген ақпарат

к

Байланыс арнасы
К-2
К-1
қабылдау
жіберу

кедергілер

Мағынаны декодтау үдерісі, ал кейін мәтіннің негізгі ойын түсіну барысы, белгілі бір контекстте мағыналық бөліктерін түсінумен қатар жүзеге асырылады. Яғни, берілген контекст ішіндегі бір сөздің өзі толық мағыналық бөлікті айқындап тұруы мүмкін. Сол себепті, сөз – сөз тіркесі – мәтін – негізгі ой деген логикалық тіркес мағынаны түсіну барысындағы арнайы және тұрақты психологиялық үдеріс деп түсіну қате тұжырым. Мәтінді түсіну үдерісін құраушы элементтерінің бірінің анализіне тоқталып қарасақ, ақпараттың мағынасын декодтау барысында сөз мағынасын түсіну ең бастапқы және қарапайым элементі болып саналады. Бірақ сол сөздің жеке мағынасына байланыстырып басқа сөздермен мәтін мағынсына сай тіркестіріп қолдану өз алдына күрделі психологиялық үдеріс болып табылады. Бұл үдерістің қиындықтары келесі жағдайлармен түсіндіріледі.
Кез келген сөздің омоним бола алатыны бәрімізге белгілі. Яғни бір сөздің бірнеше мағынасы болады. Берілген контекстке байлнысты cөздің сай мағынасы таңдалынады. Мысалы қара деген сөзді мысалға алатын болсақ, мағынасына байланысты ол түсті немесе іс-әрекетті білдіруі мүмкін. Бірақ, берілген мәтінге байланысты, қай мағынада қолданылып тұрғанын анықтай аламыз. Жеткілікті ой дәрежесі бар адам мәтінге байланысты мағынасын оңай ажырата алады. Дегенмен, кейбір ауруға шалдыққан адамдардың ойлау дәрежесі жеткіліксіз болып, сөз таңдау барысында қиындықтармен кездесуі мүмкін.
Жоғарыда келтірілген мысалға байланысты, сөздің тек бір ғана өзгеріссіз мағынасы бар деген тұжырымның қате екенін көре аламыз [13, 38б.].
Cөздердің мағынасын ажырату немесе түсіну үдерісі – адамның өмір сүру ортасының әртүрлілігі немесе айналысатын ісінің түріне де байланысты өзгеріп отырады. Қабылдау да сол секілді. Мысалы шет ел азаматы басқа елге келіп, сөздерді ана тілінің сөздерінің ұқсастығына байланысты ұғынып, қате түсінуі мүмкін. Немесе тағы бір мысал келтірсек, сол жақ ми бөлігі зақымдалған адам «мокрица» сөзін (дұрыс таныс емес сөз) мокрая погода деген мағынаны береді деп түсінген болатын [14, 152 б.]. Яғни түсіну ерекшелігі адамның миының қабылдау күйіне де байланысты.
Демек, мәтіннің ауырлығына сай, және де таныс емес сөздер көлеміне байланысты, сөздердің мағынасын дұрыс декодтау барысында қателесу, ауруға шалдықпаған адамдар да кездеседі.
Ерекше жағдай ретінде сөйлеу және есту қабілетінен айырылыған немесе нашарлаулары байқалатын адамдардың түсіну үдерісін қарастырамыз. Бұл жағдайда, сөз мағынасын түсіну үдерісі ауызекі сөйлеу барысында ажыратылмайды. Ақаулар мен нашарлаулар кездеспейтін адамдар сөйлеу барысында мағынаның ауысуын мән-мәтінге байланысты ажыратып тұратын болса, «ерекше» балалар сөз мағынасын түсіну жолдарын өзгеше жолмен үйренеді. Мысалы, үйрету барысында, балаға »көтеру» сөзі » еңкейіп бір затты жерден көтеру» мағынасында түсіндірілген болса, »қолды көтеру» конеткстіндегі »көтеру» деген … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз