Сөйлеу тілінің лексикасы | Скачать Дипломдық жұмыс

0

Мазмұны

1. Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..4-6

2. Негізгі бөлім. Сөйлеу тілінің лексикасы.

1-тарау. Сөйлеу тілінің ерекшелігі.

1.1Сөйлеу тілінің жалпы
сипаты … … … … … … … . … … … … … … … … .7- 13

2-тарау.Сөйлеу тілінің лингвистикалықбелгілері.

2.1Сөйлеу тілінің дыбыстық жүйесі … … … … … … … … … . …14-17

2.2.Сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы … … . … … … …17-
35

2.3 Ауызекі сөйлеу стилінің морфологиясы … … … … … … … . 35-42

2.4 Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксисі … … … … … … … … . . 42-50

Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … . 51-52

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … … … … .. .53-54

КІРІСПЕ
Сөйлеу стилі – адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастың басты
әрі жиі көрінетін формасы. Осыған байланысты лингвистикада тіл-тілдің
сөйлеу ерекшеліктері арнайы зерттеу обьектісі болып келеді. Сонымен бірге
сөйлеу тілін зерттеудің бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері де алуан түрлі.
Бірқыдыру еңбектерде лексикология, грамматикалық тұрғыдан ауызекі тілдің
лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін тану мақсат етілсе, басқа,
мәселен, психолингвистикалық зерттеулерде сөйлеудегі сөзді құрау, түсіну
процесстерінің психикалық астарын ашу мақсат етіледі. Қазақ тіл білімі о
баста сөйлеу тілінің фактілерін зерттеуден басталған. Бұлай болуы, бір
жағынан, ол кездегі жазбаша әдебиеттің шама-шарқына байланысты болса,
екінші жағынан, ғалымдардың қазақ тілінің таза халықтың көзін, негізін
тауып, сол фактілерге сүйеніп, зерттеуге талпынуына да байланысты еді.
Қазақ тілін алғаш зерттеушілердің бірі – белгілі ғалым Н.И.Ильминскийде осы
бағытты ұстанды. Ол қазақ тілін осы тілде сөйлеушілердің өз аузынан жазып
алынған фактілер негізінде зерттеу қажет, қазіргі кітаби материалдарда
қазақ тілінің өз заңдылықтарына сай келе бермейтін шағатай тілінің
элементтері көп деп үнемі ескертіп отырды. Н.И.Ильминский қазақтардың сөзді
өнерге балап, оған ерекше талап қойып, мән беруін жоғары бағалады. Ол:
Қазақтың шешен кісілерін тыңдау бір рақат нәрсе: олардың сөзі ұйқасты,
сымбатты, анық, көркем деп жазды. Қазақ тілі жөнінде алғаш толық, жүйелі
лингвистикалық еңбек жазған П.М. Мелиоранский де өзі, негізінен, сөйлеу
тілінің фактілеріне сүйенетінін ерекше атап отырады. Алайда революцияға
дейінгі зерттеулер сөйлеу тілін арнайы қарастыра да, жан-жақты қамти да
алмады.
Қазақ тіліне арналған алғашқы бұл зерттеулерде оның басты фонетикалық,
грамматикалық жүйесін анықтауға ғана баса мән беріліп, стильдік тармақтарын
даралап тану міндет етілді.
Кеңес дәуірінде қазақ тілін зерттеудің бағыты, мазмұны мүлде өзгерді,
ол тарихи ұлы міндетке – қазақ халқының социалистік жаңа мәдениетін жасау,
соған жол ашу мүдделеріне қызмет ету мақсатын көздеді. Сондықтан да бұл
кездегі қазақ тіл білімі баса көңіл бөлген мәселелер — әдеби тілдің
қалыптасуы, дамуы, жазуды жетілдіру, әдеби тіліміздің фонетикалық,
грамматикалық жүйесін тану болды. Сөйлеу тілінің ерекшеліктері, сөйлеу
тілі мен жазба әдеби тілдің арасындағы өзара қатынастың сыры ашылмады.
Сөйлеу тілі – қазақ тілінің қайнар көзі, негізі дегеннен аса алмады.
Қоғам мүшелерінің білім, мәдениет дәрежесінің өсуі, олардың қоғамдық
өрісінің ұлғаюы, творчестволық белсенділігінің артуы сөйлеу тілінің рөлін
көтерді. Сөйлеу тілінің жұмсалу аясы да орасан кеңіді, тақырыбы кеңейіп,
мазмұны да күрделенді. Сондықтан жұртшылықтың сөзге қоятын талабы да өсті.
Тіл білімі саласында сөйлеу тіліне ден қою осы қоғамдық, әлеуметтік талапқа
байланысты. Сөйлеу тілін зерттеу оның коммуникативтік (пікір алысу) сипатын
анықтап, фонетикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану, пайдалану
ерекшеліктерін ашуды көздейді, мұның өзі қоғамдық коммуникацияны жетілдіру,
мәдени дәрежесін өсіруге көмектеседі.
Жұмыстың өзектілігі. Функционалдық стильдердің ішінде сөйлеу стилі
қазақ әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Сөйлеу стилінде
прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айрықша көңіл аударуды
қажет етеді. Сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны
білдірмейді, бірақ коммуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын
тілдік емес ситуацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып
отырады. Олай болса, сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады. Сөйлеу
стилі функционалдық стилдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика,
грамматикасы бар күрделі әрі әмбебап стиль түрі болып саналады. Осы
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін көрсету бұл жұмыстың
өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты
табиғаты күрделі саналатын сөйлеу стилінің функционалдық стильдердің
ішіндегі өзіне ғана тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Сөйлеу стиліне тән белгілерін
көрсету мүддесі алға қойылады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Сөйлеу тілінің лексикасы құрамы жан-жақты
қарастырылып, лексикалық бірліктердің тіл жүйесінде коммуникативтік
ұстанымға орай қолданылу ерекшелігі тілдің морфология және синтаксис
деңгейлерінде қатысымдық бірлік ретінде қарастырылады.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Жұмыста М.Балақаев, Е.Жанпейісов,
М.Томанов, Б.Манасбаев, М.Серғалиев, Р.Сыздықтың қазақ тілінің
функционалдық стильдеріне қатысты аңбектері, Ғ.Қалиев, Ә.Болғамбаев,
Ш.Сарыбаев, Б.Сағындықұлының қазақ тілінің лексикалық құрамы, олардың өзара
қарым-қатынасы туралы пікірлеріне сүйеніп орындалды.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер. Жұмыстың мақсаты меның ғылыми
жаңалығы. Сөйлеу тілінің лексикасын тілдік жүйеге қаысты, қатысымдық бірлік
ретінде қарастырылуы жұмыстың жаңалығы болып табылады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Диплом жұмысында жасалған зерттеу
қорытындылары Көркем мәтінді лингвистикалық талдау, Стилистика, Қазіргі
қазақ тілінің лексикологиясы курстарына қосымша материал ретінде
пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
— сөйлеу тілі күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын тіл
болып табылуы;
— оның өзіне тән фонетикалық ерекшелігінің болуы;
— лексикалық ерекшелігінің болуы;
— морфологиялық ерекшелігінің болуы;
-синтаксистік ерекшеліктері балуы;
-алдын ала дайындықты қажет етпейтіндігі;
-оның өзіндік лексикалық құрамы болатыны тілдік қатынас кезінде олар
қатысымдық бірліктерге айналатыны тұжырымдалады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлімнен, ол
екі тараудан, бірінші тарау бір тармақтан, екінші тарау төрт тармақтан
тұрады.

1

1 СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

3 1 .1 Сөйлеу тілінің жалпы сипаттамасы

Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған
сөйлеу тілі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады.
Күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста сөйлеу тілі қолданылады. Оның
өзіне тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік
ерекшеліктері бар. Ол тұрмыстың күнделікті қарым-қатынас тілі болса да,
функционалдық стильдердің негізгі жүйесін құрайды. Сөйлеу стилінің өзіне
тән ерекшелігі алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен, еркін қолданысқа
түседі, сондықтан сөйлеу тілімен тығыз байланыста жұмсалады.
Сөйлеу стилін Е.А.Заемская және зерттеушілердің бірқатары сөйлеу
стилін ерекше тіл деп санайды [1; 7]. Ал басқа бірқатар ғалымдар тобы,
мысалы, О.А. Лаптева сөйлеу стилінің жалпы ерекшеліктері функционалдық
стильдердің ауызша түрінің бәрінде ұшырасатындығын айтады [2; 7].
Қазақ ғалымдарының ішінде Р.Сыздықова сөйлеу тілін ауызекі әдеби тіл,
ауызша әдеби тіл деп екіге бөледі. Ауызекі әдеби тілге қазіргі
функционалдық стильдердің ресми, ғылыми, публицистикалық стильдердің ауызша
формасын жатқызуға болады, себебі, ауызекі әдеби тілге Р.Сыздықова былайша
анықтама береді: “Ұлттық әдеби тілдің жазу өнері шыққанға дейінгі үлгісі,
сөз өнері хатқа түспей тұрған ерте дәуірдегі қазақ елінің қоғамдық-
әлеуметтік реттеу үшін тұтынылған бейнелі, асқақ стильге құрылған сөз
саптау үлгісі” [3; 10]. Олай болса, ұлттық әдеби тілдің жазбаша түрі
шыққанға дейін дамыған түрі бүгінгі сөйлеу стилінің негізі болып табылады.

Сөйлеу стилінде сөйлеу объектісі – адресант және қабылдаушы, адресат.
Адресат пен адресант прагматикалық факторға жатады, ерекше стиль түзуші
тәсіл болғандықтан прагматикалық орталық категориясына кіреді. Сөйлеу
стилінде адресант стилистикалық мүмкіндіктерді адресатқа ықпал етіп жеткізу
үшін жаңа білім қорын игеру қажет, оны М.Н.Кожина стильдік фон деп аталады
[4; 14].
Ғалым Д.Е.Розенталь сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың мағызды
рөл атқаратынын айырықша атап өтеді де оның тыңдаушыға аса көңіл аударуды
қажет етуді талап ететіндігін көрсетеді [5; 32]. Мысалы, айтушы ыстық десе,
тыңдаушы шөлдедің бе деп, айтушының айтқысы келген сөзін айтып бере алады.
Сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білдірмейді,
бірақ комуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес
ситуацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай
болса, сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады.
Сөйлеу тілінің тілдік ерекшелігі туралы тілшілер М.Балақаев,
Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаевтардың пікірінше, сөйлеу стилінде
стилистикалық бейнелі лексика жиі қолданысқа түседі. Бейнелі лексика
номинативті мағынасынан коннотативті мағынаға ауысуы тек қана эмоционалды-
экспрессивтік тудыру соған қажетті тілдік бірлік ретінде алынбайды,
эктролингвистикалық факторлармен қоса стиль жасайтын мәнерлі форма
тудыратын қызметіне, тәсіліне де байланысты болып келеді. Қарым-қатынас
ортасы, оның тақырыптық өзегі, жанрлары, сөйлеудің мазмұны мен мақсаты,
сөйлеуші мен қабылдаушының өзара қарым-қатынасы, сөйлеушінің құбылыс пен
затқа көзқарасы, пікірі, тілдік қатынасқа түсушілердің әлеуметтік жағдайы
т.б. тілдік қатынасына да байланысты болады [6; 27].
Сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым-қатынас функциясын
атқарады, тікелей хабар берудің айырықша формасын құрайды. Сөйлеу тілінің
тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары
мыналар:
— бейресмилік;
— сөйлеу еркінділігі;
— сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
— тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
— сөйлеудің автоматтығы;
-сөйлеудің мазмұны: диалогтық форма мен қарапайымдылық.
Сөйлеу стиліне ерекше ықпал ететін реалды ситуация, сөйлеудің заттық
психологиялық жағдайы. Ситуация сөйлеудің шегін қысқартып отырады.
Сөйлемнің кейбір компоненттері қатыса алмайды, бірақ сөйлеушілердің
коммуникативтік жағдайы ондағы сөйлеу фразасын дұрыс қабылдауға еш кедергі
жасамайды. Мысалы, Астанаға екі билет, бір адамға екі орын, бір кісілік
т.б. ( сөйлеу тілінің материалдарынан).
Сөйлеу стилінің күнделікті қарым-қатынасында сөйлеу сипатының
экспрессивтілігі тікелей ассоциативтік деректі ойлау қабілетінен туындайды,
сондықтан сөйлеу стилі стилистикалық коннотацияның ерекше формасын беріп
отырады. Сөйлеу стиліне тән стильдік белгілер оның композициялық жанрының
түрлерімен қатар стилистикалық мүмкіндіктері мына мәселелерге тікелей
қатысты болып келеді: сөйлеудің еркінділігі, бейресмилік, сенімділік, дауыс
тоны оның астарындағы ашық және жасырын прагматикалық бағдар кітаби стильге
қарағанда, стилистикалық мүмкіндіктердің ерекше тобын құрайды.
Сөйлеу стилінде ерекше реңк атқаратын сөйлеудің дыбыстық жағы. Сөйлеу
стилінде фониканың рөлі ерекше болады: дағды әрекеті, орфоэпиялық норманы
бұзу, керісінше орфоэпиялық норманы сақтау, орфоэпиялық норманы безендіру
немесе әсем дыбыстау т.б.
Сөйлеу стилінің лексикасы эмоционалды-экспрессивті сөздердің қатарын
құрайтындығы М.Серғалиев еңбектерінде қарастырылып жүр [7,15]. Оккозионал
сөздер, фамильярлық еркелету, ирониялық, эротикалық сөздер т.б. жиі
ұшырасады. Сөйлеу стилінде хабарлаудағы ең маңызды сөз бірінші орынға
қойылып айтылады: Компьютер алдым, ақша керек, ақша ең бәлесі ақша болып
тұр, ең сұмдығын айтпайын, немесе Сіз домбырада тамаша ойнадыңыз деген
сөйлем ғажап, өте тамаша деген формада беріледі.
Сөйлеу стилінде тілдік тәсілдерді үнемдеу заңы үстемдік етеді.
Сондықтан сөз-сөйлем ретінде қолданылады: келдім, жарайды, ат, жақсы,
әрине, мүмкін, келіс т.б.
Сөйлеу стилі функционалдық стильдердің ішінде өзіне тән фонетика,
лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебеп стиль түрі болып саналады.
Сөйлеу стилі лексикасында сөйлеушілердің ең басты көп қолданатыны –
эмоционалды-эксперссивті лексика. Б.Қалиев: “Күнделікті ауызекі тілде,
көркем әдебиет тілінде де сөйлеу тіліне тән сөздер мен қарапайым сөздер
тобы жиі ұшырасады. Олар тілде экспрессивтік стильдік қызмет атқарады”-
дейді.
Сөйлеу стилінде сөздік қордың барлық саласы түгел қатысады,
фразеологизмдер де, метафора да ұшырасады. Шошақай үйде тұрмас; қаңғыбас
қайда қаңғып жүр; ақымақ, өзі кінәлі; көк мылжыңды көргім келмейді; көз
сорасын ағызып отыр; еңірегенде етегі толады; көрсем көзім шықсын; қалтасы
қалың; несіне бұрқылдай береді; аштық өзегіне түсуге айналды; қалтасы
тесік; қалтасы көріну; қалтасы жұқа; жүйкесі жұқарып жүру; жүйкесі тозу;
жүйке тамыры солқылдау; зықысы шықты; еті тірі; қойдан жуас; өлермен екен;
өзіне-өзі істеп жүр; амал жоқ; қайтсем екен; барсам ба екен (ауызекі тілден
жиналған материалдардан).
Р. Сыздық ауызша функционалды стиль деп әдеби тілдің құзырындағы
құбылыс, яғни ол әдеби тілдің ауызша жұмсалу түрі, айталық, көпшілік
алдында ауызша ұсынылатын сөздерді айтады. Осы пікірлерді жинақтай келіп,
ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдердің ауызша түрінің де стильдік қызметіне
ортақ деп тануға болады.
Сөйлеу стилінде сөздердің қолдану ерекшелігі жағымды, жағымсыз
эмоцияға тікелей қатысты. Сөйлеуші әр уақытта өзі баяндаған құбылыс пен
затқа өзінің әр түрлі көзқарасын, ниет-пиғылын, ойын, көңіл-күй сезімдерін
айтатындықтан қарама-қарсы көңіл- күй сөздері қолданылып, олардың қолдану
үлес салмағы молынан ұшырасып отырады.
Сөйлеу стилінің әдеби тіл формасына қайшы келетін тұстары жоқ емес.
Мысалы, бір ғана жаңағы деген сөзді алайық, бұл сөз көп айтылатындықтан
жауыр болған әрі көп адамдар өз ойын толық жеткізе алмаған уақытта жиі
қолданылатын сөз, мысалы, әр жерден ауызекі сөйлеуде жиналған мәліметтер
бойынша орфоэпиялық қатемен айтылатын тұстары кездесіп қалады: жаңағы,
жәнағы, жаңанеке, жаңеғы, жанеғы, жаңғы, жаңақы, жәнегі т.б.
Сөйлеу стилінде кейбір грамматикалық тұлғаларының стильдік қатемен
айтылатыны оқта-текте ұшырасып отырады. Кешкісін, кештетіп, кешкілік,
кешкісін жолығармын, кештетіп келермін, кешкілік жолығармын немесе таң
азанмен жолығармын, таң атысымен, таңертеңгісін, таңертеңгілік деген сияқты
грамматикалық тұлғалардың әдеби тілдік нормадан ауытқыған түрлерін
кездестіруге болады.
Сөйлеу стилінде қайталаулар да молынан ұшырасады. Қайталаулар – көркем
әдебиет стилінде суреткердің стильдік ерекшелігі ретінде танылатын
стилистикалық тәсіл, ауызекі сөйлеу стилінде мәнерлілік қасиеті айтылған
ойға паралельдік қатар түзу үшін пайдаланылады.
Қазір бәрі өзгерді, өмір өзгерді, заман өзгерді, мода өзгерді, адам да
өзгерді, ниеті де өзгерді, пиғылы да өзгерді немесе заман жақсарды, өмір
жақсарды, бәрі де жақсарды деген сөйлемдердегі бірінші қайталау өзгерді
сөзін сөйлеуші бірнеше рет қайталап айтады, сол арқылы көлемді құбылыстың
сырын баян етеді, ал екінші сөйлемде қайталау болып тұрған сөз жақсарды, ол
бар-жоғы екі-ақ рет қайталанып тұрғанмен, заман мен өмірге ортақ зат-
құбылыстың жақсарғанын көрсету үшін қолданылып тұр.
Қ.Жұмалиев сөйлеу стилінің өзіне тән сөйлеу мәдениеті болады. Сөйлеу
мәдениеті деп жалпы сөйлеушінің жалпы адами мәдениеттілік және тіл
мәдениетін жетік меңгеруде қол жеткен табыстарын айтуға болады. Адамның
жалпы кісілік мәдениеті, ой-өрісі, эрудициясы, ақыл парасаты, киімі, жан-
дүниесімен сөзді, сөйлемді мәдениетті түрде яғни мәдениетті тілмен жеткізуі
болып табылады. Тіл мәдениеті сөз дұрыстығы, сөз дәлдігі, сөзді көркем,
әсерлі, әсем етіп жеткізу ұстанымдары, яғни коммуникативтілік қажеттілік
пен эстетикалық бағдар сөйлеу стилінің прагматикасын қамтиды[8,15].
Сөйлеу стилі тілдің лексикалық-семантикалық құрылысында еркіндікпен
қолданылатын сөздер тобы, сөз тіркестері басым болып келеді. Сондықтан бір
ғана амандасу сөзінің өзі әр түрлі орфоэпиялық немесе орфографиялық жақтан
әр түрлі вариантпен жарыса қолданылады. Бұл ежелгі ауызша әдеби тілдің
үлгісі, көркем үлгісі болып саналатын қазақтың қара өлеңдерінде көптеп
ұшырасады. Қазақтың қара өлеңінде амандасудың өзі сан түрлі қолданыста
айтылғанын көруге болады. Аманбысың, қалқатай, көрмесем де жүрмісің аман-
есен бұраң белім, жүрмісің аман-есен, сау-саламат. Аман-саударсыздар ма,
ағаларым, әріптес, алдыменен аманбысың? Жүрмісің аман-есен жайың қалай?
Барсың ба аман-есен қарашығым! Аман ба, құрдас, сырлас құрбыларым? Аман-сау
ма саңлақтар? Еліңнің есен-сау ма батырлары. Әріптес мал-жаныңыз тегіс
аман, Халайық ел-жұртыңыз есен-сау ма? Сен аман болсаң болды ағатайым.
Барсың ба, өзің аман, асыл затым? Аман-есен жүрсің бе, сау-саламат т.б.
Қазіргі амандасудың түрі сәлеметсіз бе, әр түрлі орфоэпиялық нормадан
ауытқыған: сәлематсыз ба, сәләмәтсіз бе, саламатсыз бе, сәлеметсыз ба т.б.
түрлері ауызекі сөйлеу стилінде көптеп айтылып жатады. Амандасудың
сәлеметсіз бе деп айтылу мәнерінде дауыс тонына қарай әр түрлі мағыналық
мән аңғарылады. Сәлеметсіз бе? дауыс тонының айтылу мәнеріне қарай әр түрлі
көңілді, сезім-күйді аңғартады, бірде асқақ көңілдің шабытымен айтылады,
бірде менменсінген көкіректікті білдіреді, сынау мәні де, қуанышты үнмен,
бірде жарқын, шырайлы көңілмен айтылуы аңғарылса, бірде салқын көңілдің
ажары, бірде ілтипатты көңілдің шынайы ниетін танытатын стильдік мәнер де
айтылады.
Сөйлеу тілінің фонетикалық-интонациялық ерекшеліктері адресат пен
адресанттың арасында үлкен коммуникативтік-этикалық қызмет атқаратын
эмоционалды-экспрессивті тәсіл болып саналады.
Сөйлеу стиліндегі сөйлемдерде дауыс тоны, дауыс күші, дауыс
жылдамдығының әр түрлі қызметінің арқасында стильдік ерекшелігі айқындалып
тұрады.
Сөйлеу стилінде эмоционалды-экспрессивтілікті білдірудің ең көркем
амалының бірі –интонация. Зерттеушілер эмоционалды сипаттың ең озық
үлгілері (тіпті сөзбен айтып білдіре алмайтын түрлерін) интонация арқылы
жеткізілетінін айтады.
Сөйлеу стилінде дауыс ырғағы, дауыс тонының айтылу мәнерінен бір ғана
сөздің өзінің астарында алуан түрлі прагматикалық-стилистикалық мағына
жатқанын көруге болады. Бұл ерекшелік ауызекі сөйлеу стилінің еншісіне ғана
тиетін қасиет болып саналады. Мысалы: әдемісін-ай – сұлулықты паш ету
мағынасында; өткірін-ай – оның мінезіне сүйсіну үшін айтылады; әттеген-ай —
өкіну мағынасын білдіреді; шіркін-ай – аңсау немесе дауыс тонына қарай
кейде кекету мағынасына қарай айтылады; күлкісін-ай – сүйсіну; сұлуын-ай –
дауыс тонына қарай сүйсіну, таң қалу, тамсану, қызығу, құмарту; толассыз
жаууын-ай – реніш пен кейісті аңғартады; жазуын-ай – ұнатпау, жақтырмауды
білдіреді. Ерекшелік тек оқшау сөздерде ғана емес, кез келген тілдік
бірліктерде дауыс тонын дұрыс қою арқылы сөздің прагматикалық-стилистикалық
қызметін жан-жақты тереңдетіп сөздің айтылу мәнеріндегі эстетикалық өрісті
кеңейтеді. Мысалы: өткір сөзін алайық. Өмір, өшір деп қайталап айтылғанда
өмірдің бар тауқыметін түсіну, соны бағалау, түйіндеу, саралау тіпті соған
мойынсұну, кейде шарасыздық мағынасын танытса, сол арқылы адресатты белгілі
мақсатқа шақырады, өмір, еһ өмір, аһ өмір деген тіркестерді айтқанда дауыс
тонына қарай әттең өмір өкінішін толық сезіну, өкіну, бармағын тістеу,
өмірден жіберген қателіктерін түсіну сияқты мағыналық реңкін білдіреді,
өмірде не болмайды көндігуі өмірге өкініші жоқ – ризалық, тоқмейілсу таныту
мақсатында айтылады; өмір көрсетеді — тағдырына сену, өз тағдырын уақыт
еншісіне тапсыру мағынасымен айтылады, өмір алда – үміттену, үмітін
жоғалтпау мағынасын береді. Ауызекі сөйлеу тілінің дауыс тонының
жылдамдығы, созылыңқылығы, үнділігі де айрықша бояу алады да тыңдаушыны
стилистикалық әсерге бөлейді.
Сөйлеу стилінің бір-біріне ұқсамайтын дауыс тоны, дауыс ырғағы болса,
көркем әдебиет стилінде осы қызметті автор өзі пайымдауы арқылы жеткізеді:
Қойшы, жаным. Жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөз (Ш.Мұртаза). Бұл
келтірілген мысалдағы автордың жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөздеп
автор пайымдау береді, кейіпкер тіліндегі қойшы, жаным сөздің айтылу стил
мәнері бойынша келші, жаным! деген жасырын мағынасын беріп тұрғанын автор
жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөз деген пайымдау арқылы түйіндейді.
Сөйлеу тілінде грамматикалық құрылымдардың экспрессивтілік не
стилистикалық қызметі жазба стильдермен салыстырғанда елеулі өзгерістері
мен өзіндік айырмашылықтары бар.
Сөйлеу стилі стилистикалық ерекшеліктері жазба әдеби тіл нормасынан
өзгеше стильге құрылады. Мысалы, жалғаулық шылаулар сирек қолданылады. Оның
орнын интонация немесе басқа грамматикалық тұлғалармен қолдану жиі
ұшырасады.
Сөйлеу стилі синтаксисінің экспрессивтік және стилистикалық
ерекшеліктерінің қызметі сан алуан. Синтаксис саласынан бұл ерекшелік айқын
байқалады.
Сөйлеу стилінде клише сөздер көп қолданылады. Адамдардың көпшілігі
дайын формулалардың, клишелердің, сөйлеу стереотипінің көмегімен сөйлейді
және жаза алады.
Клише сөйлеу тіліне ғана тән емес, сондай-ақ әскери, ғылыми,
публицистикалық стильдерге де тән.
Сөйлеу стилінде белгілі әлеуметтік топтардың арасында қолданылатын
жаргон сөздер көп қолданылады.
Студенттердің жаргон сөздері: танкісі бар, балмұздақ, балқаймақ,
крышасы ба, общак.
Ұрылардың жаргондары: хирург, доцент, шапка.
Сөйлеу стилінде дөрекі сөздер, қарапайым, жергілікті сөздер мен
диалект сөздер жиі ұшырасады. Бөгде тілдік элементтер орыс тілінен енген
сөздер, табу мен эвфемизмдер жиі қолданылады.
Ал табу мен эвфемизмдер ауызекі сөйлеу стилінің сөздік қорынан орын
алады. Табу мен эвфемизмдер – сөздік құрамның лексикалық және семантикалық
жағынан баюдың бір жолы. Ә.Болғанбаев эвфемизмдері синоним тудыратын
тілдік қатарына жатқызады [9,45]. Ал табу мен эвфемизмдерді қолдану
ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшелік болып табылатындығын көруге болады
дейді Ә.Ахметов [10, 117].
Сөйлеу стилі қоғамдық ортаның барлық саласында қолданылады. Екі
адамның қарым-қатынас әңгімесінде, телеэкранда жүргізушінің сөзі, кейіпкер
сөзі, радиода кез келген қоғамдық-әлеуметтік топ өкілі, дүкенде сатушы мен
сатып алушы, көлікте жолаушы, сотта айыптаушы мен айыпталушы, қорғаушы мен
куәгер, ғылыми ортада ғалым мен студент, ауруханада дәрігер мен науқас
осының бәрі сөйлеу стилі болып табылады. [11, 69].

2 АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ СТИЛІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі
Әдеби тіліміз нәр алып сусындаған сан салалы бұлақ бар, солардың
ішіндегі ең бір сарқылмасы деп халық тілін атасақ лайық болар еді. Толғауы
тоқсан қызыл тілді шын қастерлеп, оны өнер танып өскен халқымыз сөз
жиһазының ең тамаша асылын жинап, көкейіне түйе білген, кейінгі нұсқау
қалдыра білген. Сан ғасыр бойы халқымызбен егіздің сыңарындай бірге жасасып
келе жатқан ана тіліміздің ұзақ-ұзақ тарихы бар, ежелден ірге теуіп
орныққан дәстүрі бар тіл. Қазақтың халық тілі деп атап отырған тілімізді
әр өлкенің жергілікті қазағының тіліне тән диалектілік белгілер мен
құбылыстардың жиынтығын, басқаша айтқанда, халық диалектілері мен
говорларын білдіретін, ауызекі тілді білдіретін, бірақ ауызекі тіл болғанда
да оның тек жергілікті нұсқасын, жергілікті формасын ғана білдіретін ұғым
деп түсінген дұрыс.
Халық тілі деген ұғымның бұл жердегі терминологиялық мәні, әдеби тіл
деген ұғымға қарама-қарсы. Әдеби тіл деп, әлбетте, белгілі бір жүйеге түсіп
қырланған, жанылған, ел-жұрттың бәріне бірдей ортақ нормалары бар тілді
айтады. Жалпы халықтық сипаты болғандықтан әдеби тілдің нормаларын сақтай –
сол тілдің өкілі болып саналатын әрбір адам үшін парыз. Ал халық тілі деп
атап отырған тілде бұл секілді жұрттың бәріне бірдей міндетті норма деген
болмайды [12, 4].
Диалект, говор, наречие атаулының қай-қайсысын алсақ та, ол – ең
алдымен халықтың ауызекі тілінің, адамдардың күнделікті тұрмыстағы бір-
бірімен сөйлесіп қарым-қатынас жасайтын тілінің жемісі. Бірақ, ауызекі тіл
дегеннің өзінің де шеңбері аса кең ұғым. Мұның ауқымына осындағы біз айтып
отырған әр өлкенің жергілікті халқының тілі де (диаект, говор, наречие),
сондай-ақ осы тілдің барша өкілінің бәріне бірдей ортақ қызмет ететін,
белгілі нормаға, жалпы халықтық арнаға түсіп сұрыпталған, әдеби тілдің
ауызша формасы да қоса сыйып кетеді. Ауызекі тілді халықтың ауызекі тілі
деп арнайы атап көрсетудің өзі, асылында жергілікті халықтың тілін әдеби
тілден ажырата білу мүддесінен туған.
Ауызекі тілдің сөз құрамында, грамматикалық құрылысында, сөздердің
айтылуында белгілі жүйе болғанмен, олардың жетілу, тұрақтану жағдайы халық
өкілдерінің бәріне бірдей үйреншікті болмағандықтан, оларда бірізділік бола
бермейді. Тілдің жүйелілік негізінде пайда болған грамматикалық нормалар
ауызекі тілде белгілі бір қалыпта жұмсалмай, ауытқып отырады [13; 29].
Қазақ тілінің жергілікті тіл ерекшеліктерінің ішіндегі бір саласы –
дыбыстық ерекшеліктер. Бұл шағын құбылыстың өзі қазақтың әдеби тіліндегі
әрбір дыбыстың өзіндік ерекшеліктерімен сәйкес келеді. Алайда дауысты және
дауыссыз дыбыстардың бірінің орнына бірінің қолданылуы бұл өңірдегі
қазақтар тіліндегі фонетикалық ерекшеліктің негізі болып саналады. [14;
19].
Енді осы айтылғандарымызды дәлелдейтін болсақ, Көкшетау
экспедициясының материалдарынан мысал келтіріп көрейік[15; 105].Көкшетау
облысында тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау
мақсатымен Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл мен әдебиет институты 1958
жылы май-июль айларында диалектологиялық экспедиция ұйымдастырған болатын.
Көкшетау қаласының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан Қызылту ауданындағы
тұрғындардың тіл ерекшелігін зерттеу барысында мынандай фонетикалық
ерекшеліктер байқалған.
1. Орыс тілінен еңген кейбір сөздердің соңындағы а дыбысы кейде
түсіріліп айтылады. Мысалы: Машин жөнді жүрмеді. Кімде карт бар ойнайтын.
Мұндай құбылыс әдеби тілімізде де бар (анкет-анкета). Бірақ әдеби тілде
және қазақ тілінің басқа говорларында а сақталып айтылатын сөздерде, бұл
жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде түсіп қалады.
2. ұ дыбысы кейбір сөздерде о болып айтылады. Мысалы: шорайлы —
шұрайлы. Мына жер шорайлы екен, қандай жақсы.
3. Сөз басында келетін ұ дыбысы кейбір сөздерде түсіп қалып отырады:
шан-теңіз (ұшан-теңіз), шұқтау (ұшықтау). Баламды бақсыға шұқтаттым, —
депті.
4. Сөздің екінші буынында келетін еріндік б дыбысы в болып
дыбысталады. Това-тоба, тава-таба, жова-жоба, төве-төбе, бава-баба.
Тавадағы нанды қарай сал, тағыда таваға нан салу керек.
5. Кейбір сөздерде мб, пм, мн дыбыстары алмасады. Меш-пеш, қынтау-
қымтау, ұмтақ-ұнтақ, банағы-манағы. Үйдің іргесін қынтау керек.
6. Кейбір сөздерде қ, ғ, г дауыссыздары сақталады: кигіз-киіз, емгіз-
еміз, дарағатшы-даяшы, шылғи-шыли, суғар-суар. Қадиша, баланы емгіз жылап
кетті ғой.
7. Кейбір сөздерде ңг дыбыстары алмасады: неңізі-негізі, төгерек-
төңірек. Әлгі жіберген атты төгерекке көз салып таба алмадым.
8. Кейбір сөздерде дт, тд дабыстары алмасады: тастарқан-дастарқан,
бадырақ-батырақ, дұзақ-тұзақ, дәрелке-тәрелке. Дәрелкеге құйып бергелі
жатырмын.
9. Кейбір сөздерде сш, шс дыбыстары алмасады: секер бал-шекер бал,
мұрса-мұрша, нақыш-нақыс, шәлі-салы. Ол бұрылуға мұрса бермеді.
Сөйлеу тілінің фонетикалық ерекшеліктері әр түрлі болады. Мысалы,
дыбыстардың алмасуы, ауысуы, ұяңдануы, сақталуы мен түсіріліп айтылуы,
кейбір дауыстылардың ішінара бірде ашық, бірде қысаң дыбысқа бейімделіп
айтылуы, кейде о дыбысының а дыбысына жуық айтылуы, дауысты дыбыстарда
регрессивтік ықпалдың болуы, дифтонг дыбыстардың ұшырауы, буынның түсіріліп
айтылуы, сингарманизм саласында кейбір ерекшеліктердің болуы (ерін
дауыстыларының соңғы буындарда сақталуы), дауыс екпінінде де кейбір
ерекшеліктердің болуы т.б. [16; 147]. Осы айтылғандардың кейбірулеріне
мысалдар келтірейік:
Дауыссыз дыбыстардағы ерекшеліктер:
шч: шын-чын, шекпен-чекпен, шығу-чығу, т.б.;
бп: бал-пал, бұтақ-пұтақ, бітіру-пітіру, т.б.;
мс: тұрмыс-тұрмыш, тысқары-тышқары, ұқсау-ұқшай, т.б.;
ңн: қалың-қалын, өлең-өлен, өлеңдету-өлендету, т.б.;
жй: қай жаққа-қайаққа, бұ жерде-бұ йерде, келе жатыр-келе атыр, т.б.;
жш: ешкім-ежкім, былжырақ-былшырақ, т.б.;
зж: нәзік-нәжік, төзу-төжу, т.б.;
нм: менің-менім, шыңырау-шымырау, т.б.;
нл: нәпсі-ләпсі, жамандат-жамалдат, т.б.;
кг: киіз-кигіз, бітіру-біткіру, емізу-емгізу, бөтеге-бөтеке, нөкер-
нөгер, т.б.;
ңғ, г: төңірек-төгірек, маңыз-мағыз, т.б.
пб-у: кебек-кеуек, шалапшын-шылаушын, т.б.;
бв: төбе-төве, таба-тава, т.б.;
тд: тұз-дұз, тізе-дізе, түзу-дүзу, т.б.
им: зындан-зымдан, сену-сему, құрау-мұрау, т.б.;
лд: мандай-манлай, дуадақ-дуалақ, анда-анла, т.б.
Кейбір дыбыстардың түсіріліп айтылуы: келген-кеген, болған-боған, бара
алмау-барамау, т.б.
қғ дыбыстарының сақталып немесе сақталмай айтылуы ұрығ-ұру (ру),
жамақ-жамау, суару-суғару, т.б. Кейбір сөздерге ғ дыбысының қатаң айтылуы:
қараңғы-қараңқы, жоғары-жоқары, т.б.
Бұл айтылғаннан басқа да дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері бар.
Мысалы: йу дыбысының алмасуы (оқтау-оқтай); рл дыбысының алмасуы (елең-
ерен, т.б.); р-дыбысының түсуі (жоқырышқа-жоқышқа, т.б.); н дыбысының түсуі
( келген соң-келгесін, т.б.).
Дауысты дыбыстардағы ерекшеліктер:
аы: сайыз-сайз, айқыра-айқара, арқылы-арқалы, т.б.;
оұ: домалақ-дұмалақ, қодау-құлдау, сұрау-сорау, т.б.;
аә: асылы-әсілі, қария-кәрия, жаутаңдау-жәутіңдеу, т.б.;
үі: үнемі-інемі, шүберек-шіберек, сүмбіл шаш-сімбіл шаш, т.б.;
ұы: бұлақ-былақ, бұқтыру-бықтыру, бұзу-бығу, т.б.;
әе: кәкпір-кекпір, дәмдеу-демдеу, зәмбіл-зембіл, т.б.;
өе: көңіл-кеуіл, көбе-кебе, т.б.;
үе: күкірт-кеуірт, күдір-кедір, т.б.;
еі: ешкім-ішкім, кәне-кәні, бәйге-бәйгі, т.б.
ұу-ұо: Ұуал – жабайы тырма, Ұот – кішкене арық, Ұуату-жұбату, т.б.;
а-қауын (қауын), абысын (абысын), ащы (ащы), т.б.
Ерін үндестігі: үймүй (үй сайын), үстүн (тіреу), шөлөркеу (шөлдеу).
Дауысты дыбыстарда бұлардан басқа да жергілікті ерекшеліктер бар.
Мысалы: бұйда-пидә, бүйтіп-битіп, әдірй-әбдіре, т.б. Жергілікті халықтың
тілінде әр түрлі құбылыстар да бар. Мысалы, қақпан-қапқан, дорба-добра,
айналу-айлану, т.б.
Сөйлеу тілінде интонацияның маңызы ерекше, өйткені сөйлеу тілі
диалогқа құрылады. Диалог репликалар тізбегімен тұрады да, қысқа, тұжырымды
болып келеді. Мұнда сөйлеуге қатысушы екі адам. Бірі – сұрақ қоюшы,
екіншісі – жауап қайтарушы. Олар бірінің айтқанын бірі естіп, тез түсінеді.
Тез түсінісу сөйлеудің қандай жағдайда өтуіне, дауыс ырғағы интонацияға
және басқа дене қимылдарымен тікелей байланысты. Интонация арқылы
сөйлеушінің көңіл-күйі, сезімі еркін, жеңіл бейнеленіп, оңай түсініледі.

2.2 Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы
Адамдардың күнделікті қарым-қатынастарында, қызмет бабында (баяндама,
лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік
тұрғыда болуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Мысалы, қай
тілде болмасын ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен
қолданылмайтын, тіпті көркем әдебиет пен публицистикалық стильдердің
өздерінде де онша көп кездеспейтін, қайта бұларға қарағанда сөйлеу стилінде
жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне
осындай сөздерді қамтиды. Алайда мынадай жағдай есте болғаны жөн. Сөйлеу
стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылмайды деуге болмайды. Бірақ
сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы
міне осы жағдайға – қолдану аясына байланысты. Сөйлеу лексикасына
функционалдық сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Сөйлеу лексикасының өзіндік
ерекшелігі бар. Оған қатысты сөздер:
1) адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін
сұхбат әңгіме үстінде қолданылады;
2) алдын ала ойланылып сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне
қарай туып отырады;
3) тақырыптық аясы өте кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды,
қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін.
Сөйлеу стилінің лексикасы, лексика-семантикалық, экспрессивті-
стилистикалық сипаты жағынан өз ішінде бірыңғай емес. Сондықтан іштей
мынадай топтарға бөлінеді:
1.Тұрмыстық-қарапайым лексика;
2.Варваризмдер;
3.Әдеби-сөйлеу лексикасы.
Тұрмыстық-қарапайым лексика. Бұған күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-
қатынаста қолданылатын жалпыхалыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы
сөздер жатады. Тұрмыстық-қарапайым сөздердің ішінде бір нәрсенің бағасын
кеміту, құнын төмендету мақсатында қолданылатын, стилистикалық бояуы бар
сөздер, дөрекі, тұрпайы сөздер, қарғыс-алғыс мәнді сөздер көп кездеседі.
Кемсітіп, мұқатуды, жаратпауды білдіретін сөздер: қортық, мыртық,
қатын, су мұрын, салпаң құлақ, шүйкебас, қисық мойын, төмен етек, бөз
өкпе,сорайған сорлы, сүмелек, таз, шойнақ, тажал, жаман неме, байғұс,
қылқию, шілтию, тәлтию, жалжию, жалпию, талтию т.б.;
Мысқал-мазақ мәніндегі сөздер: шолжақай, ерке тотай, бос белбеу, шикі
сары, құлқын сары, аттеріс, қайным, О қасқа!, үрит, соқсоқ, домалақ арық,
тәйірі, кәкір-шүкір, бықсық, қитұрқы, рақатизм, селтеңбай, жыртықбай,
қазақбайски т.б.;
Тұрпайы, дөрекі мәнді сөздер: қақбас, ит неме, иттің күшігі, бетім-ай,
қара бет, көкайыл, былшылдама, кет ары, миғұла, лағып кетті, қызыл танау
болды, сазайын берді, қарны қабақтай, бұты таяқтай т.б.
Қарғыс мәнді сөздер: адыра қалғыр; атың өшкір; бықпырт жегір; тіліңе
шоқ түскір; көзің шықсын; құрдым кет; өз обалың өзіңе; атаңа нәлет; көріңде
өкіргір; құдай атсын; садағаң кетсін; пышаққа іліңгір; топалаң келгір;
қасқыр жегір; шаңырағың ортаңа түссін; тас жұт; құдай ұрсын; құран ұрсын;
мешел болғыр; малың артыңда қалсын; өз басыңа көрінгір; сақалың қырқылғыр;
өндіршегің үзілгір; сайтан аздырсын; қу бас қал; ит ішкір; кері кеткір;
көзіңді шел қаптасын; қаршадай солғыр; жолың оңғарылсын; екі дүниеде
көргенің азап болсын; береке таппағыр; атаңа некес; құрып қалғыр; көріңде
өкіргір; көріңнен жылан шыққыр; көрім көрінгір; т.б.
Алғыс-тілек мәнді сөздер: жолың болғыр; көп жасағыр; тәңір жарылқасын;
тілеуің берсін; жасың ұзақ болсын; көсегең көгерсін; бала-шағаңның игілігін
көр; Алла жар болсын; жағың түсіп, жамандық көрме; О тоба, жарылқай көр;
көсегең көгерсін; көрпең ұзарсын; жолың болғыр; иманды болғыр; жаппар құдай
қолдасын; құсың қайырлы болсын;т.б.
Тұрмыстық сөздер мен қарапайым сөздер бір-біріне өте ұқсас, бұлардың
арасына шек қойып ажыратудың өзі кейде тым қиынға соғады. Мысалы: Бензиннің
литрі үш тиын болғанда, көшеде сатылатын көгәлжім судың стаканы үш тиын
болатын не жөні бар? (Ғ.Мүсірепов). Әйтеуір бала-шағаға нәпақа іздеп жүрмыз
ғой (Ғ.Мұстафин). Ұры, жас жетім шпаналармен бірге оқып, балаларымыз
үйіміздегі нанды ұрлайтын болды (С.Адамбеков). Мен шақырады деп, қазақтың
ырым-жырым, ұят-сұятын қойсын (М.Әуезов). Осындағы көгәлжім судың, нәпақа,
шпаналармен, ырым-жырымын, ұят-сұятын сияқты сөздердің бәрі сөйлеу стиліне
жатады. Бұл тәріздес сөздерді әдеби тілде қолдану қолайсыздау. Алайда,
қайсысы тұрмыстық сөздер, қайсысы қарапайым сөздер екендігін ажырату онша
оңай шаруа емес, сол себепті бұлар бірге қаралып отыр. Сөйлеу тілінде ер
адамды кемісткісі келгенде – бұтында шалбары бар, бөрік киген, әйелді
кеміткенде – басында жаулығы бар дейді. Көлік дегеннің орнына бұт артар
немесе аяқ артар, киімнің орнына қабық немесе жабу, өтпейтін пышақты
қырғыш, кір киімді – тұтқыш, арақ дегеннің орнына ақмағамбет, тентек су,
көк су, жынды су, қолынан ештеңе келмейтін адамды – қарақшы, бойы аласа
адамды – мыртық, қортық, ергежейлі, өте арыған атты – тулақ, ыңыршағы
шыққан, әбден жүдеген адамды – тірі аруақ, жас баланы – шикі өкпе, жас
әйелді – шүйке бас, төмен етек, ұзын етек деудің бәрі де қазақ тіліндегі
қарапайым сөздердің нұсқалары. Бұлардың бірде-біреуі әдеби тілде
қолданылмайды. Қарапайым сөздер мен тұрмыстық сөздердің әлденеше түрлері
фразалық тіркесте де баршылық. Мысалы: ауыз шайымға келмейді, сіңбіруге қол
тимейді, түкке тұрғысыз, бетінің кірі бес елі, түк емес, беттің арын бес
төкті, соқырға таяқ ұстатқандай, жылан жалағандай т.б. Әдеби тілде бұлардың
орнына неғұрлым жағымды да сыпайы, неғұрлым стильдік мәні жағынан бейтарап
деген синонимдер жұмсалады.
Сонымен, қарапайым сөздер дегеніміз сөйлеуде қолданылатын,жазба
әдебиетте қолданылмайтын, әдеби тіл нормасына сай келмейтін жай дөрекі
сөздерді қарапайым лексика дейміз. Мысалы: сумұрын, тыраш (жомарт), көпей
(кенже), кемшіл (кем) т.б.
Қарапайым сөздер мен әдеби сөздердің (лексиканың) арасына нақты шек
қою қиын. Бұлар бірімен- бірі тығыз байланысып, бірінің мәнін бірі
толықтырып отырады. Қарапайым сөздер (лексика) әдеби сөздердің (лексиканың)
сарқылмас көзі болғандықтан, әдеби тіл өз қорын қарапайы сөздер арқылы
байытып отырады.
Қарапайым сөздер деген ұғым сөйлеу тілі дегенді де қамтиды. Қазақ
тілінде қарапайым сөздер сөйлеу тілінен әлі ажырап кеткен жоқ. Бұл екуі
(қарапайым сөздер, сөйлеу тілі жазу мәдениеті ерте қалыптасқан орыс тілі
сияқты тілдерде жіктелген, дегенмен соның өзінде де аралары онша алшақ
емес.
Мұндай сөздердің кейбіреулері әдеби тілде де кездеседі. Сонымен бірге,
қарапайым сөздер әдепсіз сөздермен де шектесіп жатады. Сондай-ақ, қарапайым
сөздерді кейде жергілікті сөздерден ажырату да қиын болады. Алайда, бұл
лексикалық топ та іріктеліп, шекарасы көріне бастайды.
2. Варваризмдер тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрудігі жоқ
бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Варваризмдерді қолданудың әр
түрлі жолдары бар:
Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс-салтын суреттеп көрсетпек
болғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу мақсатымен варваризмдер
саналы түрде әдейі қолданылады. Мәселен, неміс халқының өмірін суреттегенде
фрау, кухен, кайзер сияқты сөздерді, ағылшын өмірін суреттегенде сэр,
мистер тәрізді сөздерді, француз өмірін суреттенде мадам, франк, мисье
сияқты сөздерді, Орта Азия халықтарының өмірін суреттегенде шайхана,
шашлық, пәранжа, қышлақ тәрізді сөздерді қолдану орынды деп есептеледі.
Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақындары да
варваризмдерді пайдаланады. Мысалы:
Қалқатай, кари глаз екі көзің,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Третий, второйлар толып жатыр,
Ойласам как родился сенің өзің (Ақан сері)
Өзге тілдегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын тиген жағдайда,
варваризмдер сол қалпында еш өзгертілмей алынады. Мәселен, Абай
шығармаларында қазақ тіліне сіңбеген мынандай сөздер кездеседі: визит,
виноват, военный, образование, уезный начальник, военный губернатор,
назначение, закон, судья, дознание, элемент, счет, такт т.б. Сол сияқты,
Абай шығармаларында араб-парсы тілдеріне тән сөз тіркестері де қалпына
келтіріледі. Мысалы: ағләмләнған фичлы құда (алланың салған ақ ісі), алла
тәбарака уә тағала (жарылқаушы және ұлы тәңірі), саллалаһу ғәләйһи уәссалам
(алланың сәлемі мен рахметі болғай), хайрун нас мәнинфәғұн-нәс
(адамшылықтың абзалы — адамға пайда келтіру) т.б.
Варваризмдер кейде қоғамдағы жағымсыз типтерді халыққа мазақ етіп
келемеждеу үшін де қолданылады. Мысалы:
Барымта мен партия,
Бәрі мастық, жұрт құмар.
Сыпыра елірме, сұрқия
Көппияншік нені ұғар (Абай)

Нәпіл түгіл, намазы
Бәрі желге кетеді
Еннатайына кәлкаусар
Пошал дереу күнәкар,
Аяғын ойлап айтқаны,
Әні-шашы күләптар (Абай)
Абайдың алғашқы шумақ өлеңіндегі пияншікдеген орыс сөзін ел ішінде
бүлік салып, қулық-сұмдықты кәсіп еткен сұрқияларды мысқылдап, жұртқа мазақ
етіп көрсету үшін пайдаланған. Соңғы шумақтағы варваризмдерді қолдану
арқылы ұлы ақын құранның ең оңай деген бір ауыз сүресін де жаттай алмай,
бірді-бірге батыстырып, өз өзімен әлек болып жүрген надан байларды сықақ
етпек болған. Мұндағы еннатайыңа кәлкаусардеген сөз – арабша инна ағтайна
кә әлкәусар (кәусар суын саған береміз) деген сөзінің әбден бұзылған түрі.
Әні-шаны күлаптар дегені арабша иннә шәниана куәл сатар (олай болмаса
бәрінен сымпиып бос қаласың) сөзінің бұрмаланған түрі. Бұлардың арасында
орыстың пошал сөзінің жүруі бірді айтып, бірге кетіп отырған қас наданның
бейнесін көрсету еді. Абайдағы мәліш (мелочь) сөзі де осындай мақсатпен
қолданылған.
Ана тілін білуге мән бермей, оған жүрдім-бардым қарап, тіл
шұбарлаушыларды келемеждеу үшін де жазушылар варваризмдерді жиі
пайдаланады. Мысалы: Осы наметитеткен жұмыстардан реальный еш нәрсені
жарыққа шығара алмадық (І.Жансүгіров) Марфуға: Вечно сендер маған
күлесіңдер. Попробуйқатын болып мұндай күнде тамақ жасауға. Марфуға не
хорошо! Заниматься етсем, орыс грамматикасын как нибуд білуге болады. Ал
қазақ тілімен миды ашытқанды, просто не терпимо!.. Марфуға
(Қ.Мұхамеджанов).
Сөйлеу тілінде қолданылатын тіл шұбарлайтын варваризмдер де осылармен
тектес: конечно, значит, что вы, давай, ну-ка, эйда т.б.
3. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасы өзінің сөздік құрамымен ерекшеленеді.
Сөйлеу тілінің лексикасы тек тұрмыстық-қарапайым, дөрекі, тұрпайы
сөздерден, болмаса соларға жақын варваризмдерден тұрмайды. Адамдардың
күнделікті қарым-қатынасы қарапайым-тұрмыстық деңгейде ғана бола бермейді,
өмірдіңәр түрлі жағын қамтиды. Осыған орай, сөйлеу лексикасында тұрмыстық-
қарапайым, дөрекі, тұрпайы сөздерден басқа әдеби (кітаби) сөздер де аз
қолданылмайды. Олардыңқолданылу дәрежесі сұхбаттасушы адамдардың ой-
өрісінің кеңдігіне, инабатты, салиқалы, сауаттылығына байланысты. Мәдениеті
жоғары, білімді, парасатты адамдар ауызекі сөйлегенде әдеби тілдің нормалық
белгілерін сақтап, тұрпайы, дөрекі, былапыт сөздерді араластырмай, өз ойын
мәдениетті түрде жеткізіп отыруға дағдыланады. Ондай адамдардың ауызша
сөйлеу мәдениеті салауаты төмен, дөрекі адамдардың сөйлеуінен әлдеқайда
жоғары.
Ауызша әдеби сөйлеу адамдардың әр түрлі тақырыпта өзара сұхбаттасуынан
басқа, лекция оқыған кезде, интервью бергенде, теледидардан сөйлегенде
қолданылады. Бірақ ауызша әдеби сөйлеу лексикасыныңқолданылу реті оның
кітаби (жазба) түрімен тіпті де бірдей деуге болмайды. Біріншіден, қаншама
мәдениетті сөйлегеннніңөзінде ауызша әдеби тілге тән ерекшеліктер (адамның
бет, қол қимылының араласып отыруы, екпін, интонацияныңқұбылып отыруы,
үзіліс, кідіріс (пауза) жасалып отыруы т.б.) қалайда қатысып отырады. Бұлар
жазба нұсқаларда мүмкіндігінше тыныс белгілері арқылы көрсетіліп отырады.
Екіншіден, ауызша әдеби сөйлеуде жазба әдеби тілде көп кездесетін абстракт
сөздер мен арнаулы терминдер аз қолданылады. Сөйлеуші өз ойын тыңдаушыға
тым күрделендірмей, ұғымды, түсінікті жеткізуге тырысады. Дегенмен, ондай
кейбірқарапайым тұрмыстық сөздер (мысалы: лағып кету, тәйірі, бәсе,
бәрекелді, бықсық, қитұрқы т.б.) орын алуы мүмкін, бірақ дөрекі, тұрпайы
сөздер қолданылмауға тиіс. Үшіншіден, ауызша сөйлегенде сөздердің орын
тәртібі жазба тілдегідей қатаң сақтала бермейді. Баяндауышы бастауышынан
бұрын, анықтаушы анықтайтын сөзінен кейін т.б. келе беруі мүмкін. Сөйлемнің
толық айтылмай қысқарып, ықшамдалып, толымсыз түрде айтылуы жиі кездеседі.
Ауызша сөйлеу тілінің бұл сияқты ерекшеліктерін мынадай үзінді
мысалдардан байқауға болады:
1. – Сен бөлініп кетпегенде, ақ марал құтылмайтын еді! – дей салды.
– Е, ол маған да кездесті. Жан-жануар болып жаралғанның сұлуы екен.
Елу қадам жерден шілік арасынан атылып шығып еді, қумадым.
Ұлпан алғысты көзімен Мүсірептің жүзін бір сипап өтті.
– Мен ат терімді адал жан-жануарға ауыздандырмай жүрмін.
Сонша сұлу жаралғанда, итке талатып, қанға бояп соғып алуды
обалсынамын. Меніңқұмарым қасқыр мен түлкі ғой…
Шыныңба? Нағып? – дегендей Ұлпанның аз ғана күлімдеген көздері жарқ
етіп, Мүсірепке қарай тағы бір серпіліп қалды (Ғ.Мүсірепов).
2. – Бала деген қорқар болар еді. Ес бар ма өзіңде, пәруардігер, –
деп Байтас бабын таба алмай басын шайқады.
3. Жұмабай әбден болмаған соң: амалының жоқтығынан бас изеуге тура
келді.
4. – Қап, мынаның баласы!.. Мен бөрінің бөлтірігімін деп келді-ау.
Қой, не де болса қалмайық енді. Байтас жүр! – деп шаба жөнелді
(М.Әуезов).
Келтірілген текстер ауызекі сөйлеу тіліне тән диалог түрінде құрылған.
Ондай тұрмыстық-қарапайым сөз қолданыстар (е, қап, ау сияқты одағай сөздер,
шының ба, нағып, бала деген, пәруардігер, қой т.б.) ықшамдалған толымсыз
сөйлемдер кездеседі.

Ауызекi сөйлеу стилінің фразеологиясы көркем әдебиет стильінің
фразеологизмдерінен ерекшеленеді.

Фразеологизмдер тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі. Өзінің көнелеу
жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға
тән ерекшеліктер бар.
Тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты
сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат- қабат тіркес,
тізбектерді халық орынды пайдаланады. Мақал мәтелдермен парапар жоғары
бағалап, оларды қастерлей сақтап келеді. Сол сан саналы тізбек, қалыптасқан
сөз топтарын жинау, бір ізге түсірудің мәні өзінен өзі түсінікті.
Тіл тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті оның барлық
тарауларынан байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз
тіркестерінен де анық көрінеді.Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы деген
топқа алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды.
Басқаша айтқанда, сөз байлығын тексеретін саланы лексикология, ал
фразеологизм байлығын тексеретін саланы фразеология деп атау орынды.

Сөйлеу тiлiндегi фразеологизмдер сөйлеу тілінде емін-еркін
қолданылады. Себебі қазақ-тіліндегі, сондай-ақ Ю.Ю. Авалиани: «весь набор
фразеологических единиц, … жалғасы