Сөйлеу мәнерін жетілдіруге арналған 7 кеңес

0

Сөйлеу мәнерін жетілдіруге арналған 7 кеңес

Сөйлеу мәнерін меңгеру – бір өнер. Ашық, айқын, айшықты айтылған сөз сүбелі де сырлы. Әр сөздің дыбысы, әр адамның дауысы айқын күмбірлеп тұрса, оған құлақ салмайтын жан аз болар?

Ойды шебер әрі көркем жеткізу үшін төрт факторды назарға алу керек. Олар: дем, сөйлеу мәнері, дауыс және ойды дұрыс жеткізу. Тыныс алудан адамның сөйлеу мәнері қалыптасады.

Жұрт алдында сөйлеуде ескерер 8 қағида

Сөйлеу мәнерін қалыптастыру мен дыбыстарды айқын айту үшін түрлі жаттығулар жасау керек. Сөздік қорды байытып, ойды нық жеткізуге дағдыланған абзал. Бойдағы талантты тұншықтырмаудың бір жолы – еңбектену. Ендеше еңбектену жолында келесі ережелерді ескере жүрген жөн-ақ.

→ 1. Дауысты дыбыстардың шығуына кедергі келтірмейтіндей, дыбыс тамақта тығылмай еркін шығатындай үлкен тіл мен кішкентай тілді икемге келтіру керек.

→ 2. Денені әрқашан еркін ұстау маңызды. Тамақ пен мойын сіресіп тұрмағаны дұрыс.

→ 3. Сөйлегенде дауысты дыбыстарға баса мән беріп, анық әрі созыңқырап айту керек.

→ 4. Иек пен жақ еркіндікте болып, тістің ашық болуын қадағалау қажет.

→ 5. Тамақтың сырқаттанып қалуынан сақтану керек. Ол үшін өте ыстық, мұздай, ащы және тұщы тағамдарды талғап жеу қажет.

→ 6. Темекі тарту, ішімдік ішу – дауысқа кедергі келтіреді. Тіпті айтарлықтай зиянын тигізуі де мүмкін.

→ 7. Сөйлеу мәнері үшін дұрыс дем алу маңызды. Ол үшін демге қатысты кей жаттығуларды жиі жасап тұру керек.


Дереккөз: https://massaget.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз