Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелеріМақала авторы туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сабақтың мақсаты: 1. Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге машықтандыру. Дара және күрделі мүшелерді ажырата білу.
2. Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тиянақтау. Оқушының ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой — өрісін, пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Дұрыс сөйлеу мәдениетіне, сауатты жазуға, өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану, әдебиеттік оқу
Көрнекі құралдар: слайдтар, қажетті материалдар ( түсті қағаздар, жапырақтар, маркерлер т. б.)
Түрі: сұрақ — жауап, қайталау, өзіндік жұмыс, салыстыру
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
3 — жаттығу Сөйлемдерді оқып, сын есім мен сан есімнен жасалған күрделі сөздерді табу.
Сан есімнен жасалған күрделі сөздер: он екі, он бес
Сын есімнен жасалған күрделі сөздер: ұзын бойлы, мұздай суық, қара ала
а) Барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын анықтау.
ә) Оқушы білімі мен іс — әрекеттеріндегі кемшіліктерді анықтау.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
1) Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін қайталап өту.
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?(Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз)
Оның байланысын қалай табамыз?
Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы мүше (бастауыш пен баяндауыш)
Тұрлаусыз мүше (Бастауыш пен баяндауыштан басқа мүшелер)
2) Сөйлем құрылысы жағынан дара және күрделі мүше болып бөлінеді.
Дара мүшелер — Бір сөзден тұрады. Мысалы: Гүлнұр шай құйды.
Күрделі мүшелер — Бірнеше сөзден тұрады. Мысалы: Гүлнұр шай құя бастады.
Ұқсастығы: Бір сұраққа жауап береді. Бір сөйлем мүшесі болады. Бір сөз табынан жасалады.
ІV. Мағынаны тану.
Сонымен бүгінгі тақырыбымыз «Сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін пысықтау» екен.
Көркем жазу. Сары ала күз келді.
Оқулықпен жұмыс. 2 — жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, күрделі сөйлем мүшелерін теріп жазу.
Сөйлем ішіндегі дара және күрделі мүшелер сөз таптарынан жасалатынын білеміз, ендеше қазір мына семантикалық картаны толтырайық.
4 — жаттығу Екі бағандағы сөздерді қатыстырып мақалдар құрастыру. Күрделі мүшелерді
табу.
еріншектің аяғы құтқарады
қоянды бір тоғыз
білгенің от басынан
білмегенің ертеңі бітпейді
өнеге тоқсан тоғыз
Тапсырма: Осындай сөздер кездесетін тағы қандай мақалдарды білеміз. Мағынасын ашу.
Отан – отбасынан басталады.
Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.
Ү. Ой толғаныс.
1. Шығармашылық жұмыс.
1 — топ. Білім орталығы «Күзгі каникулда» шағын эссе жазу.
2 — топ. Зерттеу орталығы. Осы тақырыпта өлең құрастыру, оқу.
3 — топ. Өнер орталығы. Сурет салу.
2. Сезімнен шыққан ойлар. «Сары ала күз келді» галлериясын толықтыру.
Жапырақтар таңдап алып, осы тақырыпта сөйлем жазу
1 — топ. Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем. (дара мүшелерден)
2 — топ. Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем.( күрделі мүшелерден)
3 — топ. «күз», «жеміс» «көкөніс» « жапырақ» сөздеріне фонетикалық талдау.
Тапсырма орындалған жапырақтарын ағашқа апарып ілу.
3. Үйге тапсырма. 5 — жаттығу. 51 — бет.
БҚО, Теректі ауданы, Абай ауылы,
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Тыныштыбаева Мейрамгул Сериковна
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері. жүктеу