Шығарма: Ұлттық патриотизм – елдікті сақтап қалудың негізі
Мұхаметқали Саян
А.Құнанбаев атындағы
Саран гуманитарлы – техникалық колледжі
Саран қаласы
Жетекшісі: Муфталова А.Қ.
Қазақ халқының сан ғасырларға созылған ұлт — азаттық күресінің нәтижесі – тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы. Осы жолдағы ұлы белестерде, қиын-қыстау асуларда бабаларымыз кемеңгер ақылы мен ержүрек батырлығын көрсетіп, ұлан байтақ жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, біздерге мирас етті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтсақ: “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін , Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз”. Сондықтан да ата — бабаларымыздың қанымен келген тәуелсіздікті сақтап қалу — қазақпын деген әр азаматтың парызы . Осы парызды білетін әр адамның патриоттық сезімі қашанда жоғары болмақ.
Осы сөздің мағынасына терең үңілсек , қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: “Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар — өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары.
Өз отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім”,– деп анықтама берілген . Олай болса, патриотизм дегеніміз — Отанға деген сүйіспеншілік. Ал Отан дегеніміз – ол сенің отбасың, туған жерің , туған елің, ана тілің, салт-дәстүрің, әдет-ғұрпың, асыл дінің. Осы қасиетті ұғымдарды қастерлей білсең, мағынасын түсіне білсең ғана өз еліңнің патриоты бола аласың. Біздің ата-бабаларымыз өз ұрпағының бойына осы қасиеттерді дарыту үшін тәрбиеге аса мән беріп, кішкентайынан баулыған. Оған дәлел, шыр етіп дүние есігін ашқан сәбиін бес түлететін бесікке салып, аналары:
«Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің?»,-деген сынды сөздерді жастайынан құлағына сіңдіріп, бесік жырын айтып, тәрбиеге аса жауапкершілікпен қараған.
Сондай -ақ баяғыда аталарымыздың немерелерін қасына ертіп жүрудің де өзіндік мәні болған. Қасына ерте жүріп ауылдағы игі жақсылардың би-шешендердің нәрлі сөздерін естіртіп, елге келген жыршы-жыраулардың, әнші-күйші өнерпаздардың өнерін тамашалатқан. Міне, осы тәрбие арқасында сол кездегі ұрпақ құйма құлақ болып өсіп, соларға еліктеп, ұқсауға тырысқан, ел қамын ойлауға ұмтылған.
Кең байтақ қазақ жеріне көз тігіп, жаулап алуға күш салған жоңғар, қалмақ , бір сөзбен айтқан шет ел шапқыншыларынан қорғауда, ерен ерлігі аңызға айналған жаужүрек батырларымыздың шығуына себепші, осы — кемеңгер, дана халық десек артық айтқан емес. Отты да уытты, орынды да тапқыр қазақ тілімен халықты бірлікке шақырып , ру-тайпаның басын қосып, қандай қиындықта да мойымауға, қайратты да қайсар болуға өлең-жырларымен рухты көтере білді. Міне, осындай жолда аянбай тер төгіп, халықтың ынтымақ, бірлігін сақтап қалуда қызмет атқарған ардақты жыраулар қатарында Бұқар, Шалкиіз, Ақтамберді, Шал т.б ақындар болғандығын бізге жеткен жырларынан оқып–біле аламыз. Ал барша адамзаттың Абайы атанған бас ақынымыз Абай Құнанбаевтың шығармаларын зерделеп қарайтын болсақ, ұрпақты тек патриотизмге баулып, намысшыл, еңбекқор, отаншыл болуға үндейтініне куә боласыз. Оның «Адамзаттың бәрін сүй – бауырым» деген бір ауыз сөзінің өзі қанша ой қалдырады түсінген адамға. Барша жұртты жауласудан, кек алу дегенді білместен тек тату – тәтті өмір сүруге шақырып, көп өлеңдерінде туған жерге адал қызмет етуді борышым деп санаған. Сондықтан өз ұлтының өзге елдерден артта қалмауын тілеп:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз,-деп нағыз адам болудың қасиеттерін ашық көрсетеді, білім-ғылымсыз адам алысқа ұзамайтынын ашық айтады.
Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлтына деген шынайы пәк махаббатын дәлелдеген Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, М.Шоқай т.б еңбектерінен кездестіреміз.
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің көгіндегі көкбайрақты желбіретуге атсалысқан, рухани өмірімізден ерекше орын алған тарихымызда мәңгі есте қаларлықтай еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері, суырып салма ақындарымыз былай деген екен:
Иә, Жұбан ақын айтпақшы: «мен –қазақпын, мың өліп, мың тірілген». Сан жаугершілік заманда ерлік пен өрлік танытқан, ашаршылық пен соғыс жылдарында төзімділік пен сабырлылық танытқан, қайта құру мен тоқырау кезеңдерінде асқан көнбістік көрсетіп, желтоқсанда жай жатпай, намыс туын желбіретіп, тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақ тағдыр талайын аз көрмеді. Соған қарамастан ұлттық намысын, салт-дәстүрін, діні мен тілін, ұлттық болмысын ғана емес мемлекеттігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар да жауынгер, кемел де кемеңгер халықтың ұрпағы болғаныңа қалайша мақтанбассын?!
Бабалардың қанымен келген тәуелсіздік арқасында бүгінде Қазақстан атты қуатты мемлекет болып отырмыз. Сол мемлекетіміздің негізі – ана тіліміз– тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Себебі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтсақ: «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады».
Ал жаһандану дәуірі – ХХІ ғасырда еліміздің алдында тағы да бір үлкен сын тұр. Ол — әлемдегі озық 30 елдің қатарына ену. Ол үшін елдігімізді сақтап қалудың негізгі жолы – патриотизм, ал ол дегенің — Отаныңды, еліңді, туған жеріңді, ана тіліңді, салт-дәстүріңді сүю деген сөз. Олай болса, Отанға деген махаббатты тудыру үшін, өз ұлтыңның осы басты құндылықтарын жетік білуің керек, сүюің керек. Сондықтан да мен де елімнің болашақ тіл маманы ретінде өз үлесімді қосу парызым деп білемін. Тілді сақтау жолында елімізде жүргізіліп жатқан саясатты қолдай отырып, дамыту үшін, өскелең ұрпақтың бойына тілге деген құрметті, сүйіспеншілікті ояту – басты міндетім деп білемін. Өйткені озық елдер қатарына ену үшін сапалы білім, жетілген ғылымға қол жеткізуде мемлекеттік тілімізді білудің де маңызы жоғары болмақ. Өйткені басқа елдерді мойындату үшін, таң қалдыру үшін ұлтыңның өзіне ғана тән ерекшеліктері болуы тиіс. Ол – алдымен халықтың тілі, одан кейін әні, күйі, жыры, биі, жалпы алғанда мәдениеті.
Ал Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»,- деуі Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды.
Осы егемен Қазақстанның тізгіні – жастар қолында. Сондықтан да қазақ елінің азаматымын деген әрбір адам өз ұлтын сүйіп, елінің тарихын біліп, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сақтап, өнері мен мәдениетін дамытып, білімін жетілдіріп, Отанына қызмет етуі тиіс. Осыны түйсініп ұғынған да ғана Қазақ елі – Мәңгілік ел бола алады. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!