шығарма туған өлке туралы
Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы борышымызды атқарғанымыз. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» — демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын — қыстау күндерді өткізген кезде ата — бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп — өркендеуіне барымызды салайық!
Туған өлкем байлығы мол қазынам,
Сол байлықтың шуағында шомылам.
Бәрінен де артық көрем мен сені,
Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.
Су мен тасын, өзен — көлін сүйемін,
Аң мен құсын арыстандай көремін.
Туған өлкем ол менің жер жәннатым,
Осындай елде туғаныма мақтанамын – деп ақындар жырлағандай, осындай байтақ даламызды аялайық та, сүйе білейік.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Асықата кенті
«№121ЖОМ» коммуналдық мемлекетттік мекемесінің
7 «Ә» сынып оқушысы Шахабай Жанарыс
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Турмаханбетова Ғалия Қалдыбайқызы
Дереккөз: http://bilimsite.kz/