Шығарма: Сарыарқаның інжу- маржаны – Жезқазған қаласы | шығарма Сарыарқаның інжу- маржаны – Жезқазған қаласы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Сарыарқаның інжу- маржаны – Жезқазған қаласы на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Сарыарқаның інжу

0

Шығарма: Сарыарқаның інжу- маржаны – Жезқазған қаласы казакша Шығарма: Сарыарқаның інжу- маржаны – Жезқазған қаласы на казахском языке

Омар Альмира
11 сынып ,№ 3 ЖББОМ
Жетекшісі: Акмолдина М.С.

Жезқазған қаласы— Қарағанды облысының ірі шаһарларының бірі. Қаланың іргесі 1954 жылы қаланды. Кеңгір өзені жағасындағы Кеңгір ауылының орнында тұрғызылды.Үш мыңнан астам ғана халқы болған. Кейін Кеңгір су қоймасына жақын маңнан үлкен қаланың құрылысы жүре бастайды. Белгілі өлкетанушы С. Бүкіров: «…Жезқазғанның арғы аты – Ақжал. Кенді үңгірдің бірін қазғанда самородок сары мыс, жез көптеп табылыпты. Содан жергілікті халық өз тіліне аударып, «Жезқазған» атаса керек», – дейді.
Жезқазған қаласы орналасқан даланың тарихы біздің жыл санауымыздан арғы заманға тамыр тартып жатыр. Жезқазған – көненің бүгінгі жалғасы.Себебі Ұлытауда аты аңызға айналған Абылай хан таққа отырып, бейтарап өмір кешкен қазақ халқының үш жүзі бірігіп, халқымыздың мақтанашы, белгілі академик Төрегельды Шармановтың кіндік тұсы, жүректерінен жыр төккен Болман, Тайжан ақындар, шындықты жырлаған Шынболат Ділдебаев, «Айтыстың жанашыры» атанған Жүрсін Ерманов, поэзияның бір тұяғы Сәкен Сейфуллин, өнерлерімен тәнті қылған Нұржан мен Қайрат ағаларымыздың кіндік қаны тамған жер. Жезқазған өлкесі тағдырдан сағы сынбаған, өнердің талай наркескендерін шыңдаған. Ұлттық өнерді дәріптеген, күй құдіретін Америка мен Ресейге танытқан, кәрісі-жасы демдерін алмай тыңдатқан- Қыдырәлі Болманов, …алтын қалам, кең далам, Жазғаннан айналам- деп әндеткен Жақсыкелді Сейіловті, талай ұрпақты , күйлерін күңірете шерткен күйшілерді, ақын-жазушыларды өсірген топырақ. Халыққа сыйлы болып ел мақтаса-оның бәрі осы топырақтың,осы елдің тәрбиесі деп есептеймін. Жезқазғанның жерасты байлығын ашқан, Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі,кенші, геолог Қ.И.Сәтпаевтың перзенті деп атауға болады.
Жезқазған-Байқоңыр атаулары – егіз ұғым. Жезқазған – ғарышқа жол тартқан ғажайып қала! Мыс шаһарында- ғарыш мекенін бағындырған талай-талай ғарышкерлердің ізі қалған. Қаламыздың басты көшелерінің бірі — «Ғарышкерлер » бульвары тарихтың куәсі. Бұл жерде ғарышкелердің қолымен отырғызылған жасыл емендері, көшеттері әлі күнге сақтаулы.
Жезқазған – заман жаңалықтарымен жарысып келе жатқан жасампаз қала.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мыс шаһарына бірнеше рет ресми сапармен келуі, қаланың нарық жағдайында дамуына, өркендеуіне айырықша назар аударып отыруы ел экономикасы мен саяси өміріндегі Жезқазғанның тарихи орнын айшықтай түсті. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында қаламыздың «денесіне қан жүгіріп», «Бейнеу» теміржол торабы салынып жатыр.
Жезқазған – әлемге аты танымал болған өндірісті қала. Бүгінде «Қазақмыс» корпорациясы – Қазақстандағы барлық экономикалық реформа талаптарына және нарық заңына сәйкес келетін қазіргі заман үлгісіндегі кәсіпорын. Корпорация ТМД елдері арасында ірі мыс өндірушілер қатарында.
“Сары мыстың” сөлін ағызған осынау қасиетті жерде табиғаттың ыстығы мен суығана төзіп, қаншама адамдар маңдай терлерін төгіп, еңбек етуде!? Менің қалам күннен-күнге гүлденіп, көркейіп келеді. Мен- осы жаңарған өңір,гүлденген Жезқазған қаласында дүниеге келдім. «Әркімнің туған жері- мысыр шаһары», сол себепті атамекеннің орны бөлек. Неге екенін білмеймін, табиғаты қаталдау болса да, маған дүниенің төрт бұрышын қанша шарласаң да, осы Жезқазғаннан артық жер жоқ сияқты көрінетіндей.
Қаныш ата іргесін қалап, кейінгілерге аманат етіп кеткен қалада тұрып жатырмын. Қаламның болашағы үшін аянбай еңбек етемін, оқу оқып, білім аламын. Туған жерді, елді нығайту – біздің басты парызымыз деп ойлаймын.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!