Шығарма: Қазақ жерінің хикметтері, Карлаг оқиғасы
Санжарова Аида
3 сынып, №76 ЖББОМ
Қарағанды қаласы
Жетекшісі: Сарсекеева Б.Е
Өткен ғасырдың 30-шы жылдарның соңында Қарағанды көмір бассейн мен бірге ірге қалаған Карлаг түрмесі салынды. Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 25 шақырым қашықтықта орналасқан.
Спасск елді мекені қазір еліміздің ішкі әскерінің бөлімшесі орналасқан маңызды нысана болып саналады.
Осыдан жарты ғасыр бұрын Спасскіде Карлагтың әскери тұтқындарға арналған арнайы түрмесі ашылды. Қарағанды көмір кеніштерімен Жезқазған, Балқаштың бай мыс қазынасын теру үшін, тегін еңбек күшімен азық-түлік базасын жасауға жоспарланып ашылған Карлагтың қақпасы Қарағанды, Жезқазған теміржолы бойында орналасқан Қарабас болатын.
30 -шы жылдардан бастап Інжілдегі, Спасскідегі және осы маңдағы ондаған түрмеге, Қарабасқа пойыз арқылы жеткізілген тұтқындар қысы-жазы жалаң аяқ, жалаңаш шеру тартатын болған. Спасскіде Карлагтан бөлек «Песчанный» деген үрейлі лагерь болған. Бұл жерден ешкім тірі шықпаған. Қарабас Карлаг қақпасы болса, Спасск оның бауырлар зираты болған. Сырқаттанып қалған тұтқындарды өлу үшін сонда жіберген.
Бұрынғы қазақ «Інжіл» деп атаған,қазір ескі аты ұмытылып «Долинка» деген атауымен ел жадында сіңірілген ауыл Карлагтың астанасы ретінде тарихқа енгізілген. 1911 жылдары онда 2630 адам тұрған. Неміс, орыс, украин
ұлттары да болған.4 мың қазақ киіз үй құрған,1200 неміс, орыс, украин үйлері болған.1930-1931 жылдары халықты зорлап көшірген. Олар Тельман, Осакаров, Нұра аудандарына қоныс аударған. Халық көшірілгеннен кейін бос қалған жерлерде мыңдаған тұтқындар мекендеді. Олар лагерьдің бүкіл аумағына орналастырылды. Теміржол салды, өздеріне барактар,мал қоралар, күзет жауынгерлеріне казармалар салды, бастықтарға тұрғын үйлер салды.
Жалпы аумағы қазіргі Қарағанды облысының сексен пайызын алып жатқан Карлаг, оның Жезқазғандағы Сеплаг, Астана маңындағы Алжир бөлімшелері туралы жазу бірер Бір ғана Қарағандының іргесіндегі Спасск әскери тұтқындар түрмесі туралы әңгіменің өзі дәуір тарих.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!