Шығарма: Менің Отанымның жүрегі – Астана!

0

Шығарма: Менің Отанымның жүрегі – Астана! казакша Шығарма: Менің Отанымның жүрегі – Астана! на казахском языке

Сламия Мұхтар
8 сынып, №48 мектеп-лицейі

Астана арман қала бағы бір жанған қала, Тұрады ол көркейіп мен үлкен болғанда да!
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін елімізде үлкен өзгерістер болды. Алғашында 1997 жылы 10 желтоқсанда біздің еліміздің астанасы Ақмола болды. Ал содан кейін 1998 жылы 6 мамырда қаланың аты жаңаша Астана деп аталды.Ерте заманнан бастап мемлекеттердің астанасын үлкен өзендердің жанына орналастыру дәстүрі бар екендігі белгілі.Табиғаты әсем, көз тоймас көркем, суы көп болса, қала әдемі және жасыл болады деген.
Сол себепті де мен ойлаймын президентіміз Астана қаласын Есіл өзенінің бойына орналасқанын қалаған. Өйткені «Еуразия жүрегі» атты кітабында Нурсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп жазған: «…Бұл жерде біздің Отанымыздың жүрегі соғатын болады!…» — деген .Астанамыздың басты символы – «Бәйтерек». Осы алып құрылыстың биіктігі – 105 метр. Мұнараның жоғарғы жағында шыныдан жасалған алтын шар бар. Осы шар өзінің түсін күн сәулесінің түсуіне қарай өзгертіп отырады екен. Ал 97 метр биіктікте көру алаңы орналасқан. Бұл биіктіктен әсем қалам Астанам жақсы көрінеді. Осы 97 саны елордасының Алматыдан Астанаға көшіп келкен жылына сәйкес келеді.Бәйтерек мұнарасының ғимараттарында сурет галереясы, аквариум және мейрамхана бар.
Ертедегі Түркі халықтарының аңызы бойынша , осы алып ағаштың ұшар басына Самұрық құс жыл сайын жалғыз ғана алтын жұмыртқа салады екен. Сол жұмыртқа өмірдің нышанындай бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады екен. Бірақ жылдың белгілі бір мезгілінде осынау Ұлы құстың жыл сайынғы жалғыз балапаны өліп қала береді. Жұмыртқадан балапан жарып шыққан бойда бір айдаһар алып ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды екен. Бірақ сонысына қарамастан Самұрық құс келесі жылы тағы да жұмыртқасын сол ағашқа салады. Бұл қыс пен жаздың, күн мен түннің үнемі ауысып отыратынын, яғни осы өмірде Жақсылық пен Жамандықтың мәңгі күресін білдіреді .Сонымен қатар, «Бәйтерек мұнарасы – біздің еліміздің өткені , қазіргісі және келешегі деп, — ойлаймын. Осы мұнара тереңге кеткен тарихы бар жас, күшті мемлекетті көз алдыма елестетеді. Тіпті мемлекеттің тірегі мықты және келешекте гүлденуге талпынысы бар екенін білдіреді.Бүгінгі күнде «Астана – бас қала», — деп айтылуында үлкен сыр жатыр.

Ата – анам осы Астана шаһарына көшіп келгенде мен кіп-кішкентай сәби едім, ал қазір Астанаммен бірге ер жетіп келемін, мен осыны шексіз мақтан етемін. Астанамыз жаңаша ерекше дамуда, өйткені мен туған қалам Астанамды әлемдегі алып шаһарлар: Нью-Йорк, Токио, Шанхай, Мәскеу секілді болатынына кәміл сенемін. Өйткені Астанада аз уақыттың ішінде Ақ Орда, Қазақ Елі монументі, Үкімет үйі, биік ғимараттары және әдемі бұрқақтарымен, кең даңғылдарымен, бәрі – бәрі ерекше сәнмен орын тепкен.
Әсіресе алаңқайларға егілген, қазақша өрнекпен бейнеленген қызылды – жасылды гүлдер халқымыздың ертегі дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері Астанаға ерекше сән беріп тұрғандай.
Сонымен қатар, Президенттің мәдениет орталығында қазақстандықтардың салт – дәстүрлері мен мәдениеті, мұралары сақталған. Бұл кешен Қазақстан Республикасының мұражайы мен С.Сейфуллин атындағы республикалық кітапхананың бірігуінен ұйымдастырылды. Мұражайда 140 мың экспонаттар, кітапханада 700 мыңнан астам кітап бар.
Парламет үйінің жанында қазақтың атақты үш биіне – Төле би, Қазыбек биі мен Әйтеке биге арналған ескерткіш орнатылған. Олар халықты келешекке бастап тұрғандай.Тағы бір ерекше көз тартатын ғимарат – «Қазақстан картасы
– Атамекен» атты этнографиялық саябақ. Мұны ашық аспан астындағы мұражай деуге болады. Бұл жерден Қазақстанның барлық қалалары мен тарихы ескерткіштерін көре аласың.
Ал «Думан» ойын – сауық кешенінде тек Орталық Азияға тән океанариумды көре аласың. Ол жерде 2000-ге тарта балықтар мен акулалар мекен етеді. Елімнің жүрегі – Астанам тыныш және қонақжай қала. Жыл сайын Астанаға көп қонақтар келеді. Қалада халықаралық конференциялар, фестивальдар мен көрмелер өтеді. 1999 жылы «Әлем қаласы» атты ЮНЕСКО-ның жүлдесіне ие болды. 2000 жылдан бастап Астана – ірі қалалар мен астаналардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болды.Әр жыл сайын 6 шілдеде Астанада Қазақстан астанасының туған күні атап өтіледі. Бұл күні қалада мерекелік шерулер мен концерттер ұйымдастырылады.Отанымыздың қазақ елінің жүрегі туған қалам Астанам туралы мәңгілікке жырлай беремін.
Мен Астанаммен бірге қыран құстай биікке самғап, болашақта зор жетістіктерге жетуге аянбай еңбек етемін.
Астанаға деген махаббатым шексіз!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!