Шығарма: Мен елімнің нағыз патриотымын
Абельдинова Ажар
7 сынып, №25 мектеп
Павлодар қаласы
Жетекшісі: Теміржанова М.Ә.
Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
Н.Назарбаев
«Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегін айтылмаса керек. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жеріне, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Бүгінде біздің
санамызда Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар болып қалыптасты.
Менің ойымша, әрбір қазақстандық өзінің жетістіктерін туған Отанына, еліне арнауы керек деп есептеймін. Сонда әлгі адамның да, елдің де мерейі тасып, әлемдік деңгейдегі беделі өседі.Оған дәлел қазақ жерінің әр кезде және әр жердегі биік жетістіктері.
Патриотизмді дамытудың басты шарты, отандастар бір жұдырық болып жұмылып, бірлік пен татулықты сақтау. Бірақ патриотизм жасанды болмаған жағдайда ғана өз жемісін береді. Патриотизмнің объектісі, қайнар көзі- Отан. Ал оның мазмұны табиғаты, оның байлықтары, жері, тарихы, тілі, т.б. Сондықтан біздегі патриотизмде ұлттық мазмұн болуы шарт. Мысалы, елімізде өмір сүріп жатқан өзге диаспоралар Абылайхан, Бөгенбай, Қабанбайды, Ахмет, Әлихан, Мұстафаны Отанын қорғаған батырлар ретінде тануы және өз қаһармандары ретінде қабылдаулары керек. Себебі өзге диаспоралар өмір сүріп жатқан Отан үшін құрбан болғандар, олардың да батырлары болып қабылдануы қалыпты жағдай. Өйткені оларға Отан болған жер үшін, өмір сүрулеріне жасалған жағдай үшін құрбан болғандарға құрмет көрсетуі азаматтық парызы. Көптеген мысалдар үшін алыс кетуге де керек емес, тіпті жиырма сегіз жыл бұрын болған Желтоқсан көтерілісі қазақ жастарының өз жерінің патриоты болғанын дәлелдеп отыр. Қаншама қазақ жастары өз өмірлерімен құрбан етіп, қазақ елі тәуелсіз ел болуына, қойған мақсаттарына жетті.Осы оқиғаға қарап, менің ойымша, әр бір қазақ азаматты туған жерін мен халқын құрметтеу керек.
Ал ұлттық табиғатымызға жат, ғасырлар бойғы салт-дәстүрлерімізге қарсы, жасанды патриотизмдер Қазақстанды ұшпаққа шығармайтыны екіні екіге қосқанда төрт деген заңдылықпен бірдей. Мысалыға, ұлттық табиғатымызға жат коммунистік патриотизмнің қандай жарға жыққанын тарихтан сабақ алғанымыз жөн болар. Осыған себеп кешегі Желтоқсан көтерілісінің пайда болуы.
Бір-ақ қандай жағдай болмасын қазақ ешқашан бір үйде құл болып қызмет етпеген. Өз намысын, елін, жерін әрқашанда қорғауға дайын.
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері — Ту, Елтаңба, Әнұран.
Осы рәміздерге қарап, қазақ баласының жүрегінде мақтаныш сезімі пайда болады. Бұл Қазақстанның қаншама ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін киелі қазына. Алаш жұртына осы рәміздер киелі болғанымен, оларға қарап қандай болмасын туған жерге деген мақтаныш сезімі келгенімен, олар біздің ата-бабаларымыз өткен қиын кезендерді бейнелейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 4 маусым күні 1992 жылы қабылданған.Оларды жасап, дұрыс суретін салып, мағыналы болуы үшін көптеген адамдар еңбек еткен.Соңында, елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов,тудың авторы Шәкен Ниязбеков, ән ұран сөздерін жазған кісілерЖұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, әні белгілі композитордікі Шәмші Қалдаяковтың.
Менің ойымша, осы нышандардың суреттері белгілі бір мағынада салынған. Жалауымыздың түсі көк болуы біздің халқымыздың бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымызды ,қыран бүркіт еліміздің мықтылығын, бүркіттей биік белестерді бағындыратынымызды білдіреді.Геральдика тілінде көк түс және оның түрлі реңкі адалдық,сенімділің,үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді.Күн-қозғалыс,даму,өсіп өркендеудің және өмірдің белгісі деп есептеймін.
Елтаңбының негізі- шаңырақ.Ол елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ мемлекеттің түп негізі отбасының бейнесі.Тұлпар дала дүлділі,ер азаматтың сәйгүлігі желдей ескен жүйрік аты,жеңіске деген жасымас жігердің қажымас қайраттың мұқылмас қажырдың тәуелсіздікке бостандыққа умтылған құлшыныстың бейнесі.Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі.Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы болады деп ойлаймын.
Патриоттық сезім шын жүректен шығуы керек деп есептеймін. Отанға адал еңбек етіп, көмегін көрсете білу керек.Туған елімізді, жерімізді сыйламасақ оның болашағы жоқ дегені. Өмір сүріп жатқан елдің болашағы жоқ болуы, ол елде тұрып жатқан адамдардың да болашағы жоқ. Бірақ, қазақ жұрты ондай емес. Біз ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аманат етіп қалдырып қойған жерімізді сыйлап өттік, сыйлап жаттырмыз және де әрқашанда да сыйлап өтеміз.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!