Шығарма: Мемлекеттік рәміздер — еліміздің егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны | шығарма Мемлекеттік рәміздер — еліміздің егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Мемлекеттік рәміздер — еліміздің егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Мемлекеттік рәміздер
Муталипова Ғайнел
6 сынып, №39 гимназия
Қарағанды қаласы
Жетекшісі: Нығыметова Лаура
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – еліміздің егемендігін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын айқындайтын айшықты белгілер. Бұл мақалада рәміздердің рухани-танымдық қызметінің пайда болуы, қалыптасуы және оның құрылымының тарихи ерекшеліктеріне талдау жасауға арналған. Сондықтан автор қазақ қоғамының мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен білу деңгейі бойынша жүргізілген әлеуметтік сұрақ-жауаптар негінде әлеуметтік бірегейлікті сақтау үшін жастар арасында отансүйгіштік сезімді оятуға бағытталған рәміздердің ғылыми тұрғыда зерделенуі мен ағарту-насихаттау жұмысын жетілдіру қажет деп санайды.
Мемлекеттік рәміздер — еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, сонымен қатар халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Рәміздер тарихы алғашқы қоғамдағы төтемге табынудан бастап, кейін түркілер дәуіріндегі көк бөріге табыну, Орта ғасырдағы хандықтар мен патшалықтардың елтаңбалары мен жалаулары және теңгелеріндегі айшықты белгілерімен сабақтасады. Қазіргі кезде еліміздің мемлекеттік рәміздері оның бетке ұстар құжаты сияқты бірегей негіздері мен салт-дәстүрін айқындап көрсетеді. Көп көлемде мемлекеттік биліктің рәміздері кез келген мемлекеттің негізін құрайтын тұжырымдамасы – ұлттық идеяда көрініс табуы тиіс. Ал нақты ұлттық идея тікелей сол халықтың арасында қалыптасады. Саяси жүйенің көшбасшылары уақыт өте келе ауысып отыруы мүмкін, бірақ халық өзінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан, ғасырлар бойы иемденген және жоғалтып алған ұлттық құндылықтарымен, жағымды және жағымсыз қасиеттерімен қалады, сонымен қатар өзара ұлттық менталитетті қалыптастырады. Мемлекеттік рәміздер мәдениетіміз, тарихымызбен менталитетіміздің көркем туындысы болу керек. Еліміздің азаматтарының рәміздерге деген қарым-қатынасы, олардың қаншалықты деңгейде өздерін осы елдің азаматы санайтындықтарының және болашаққа сенімінің, отансүйгіштіктің көрсеткіші іспеттес. Мемлекеттік рәміздерді бойтұмардай қасиет тұтқаны туралы тарихта бұған мысал боларлық оқиғалар жетіп артылады, әсіресе, рәміздердің астында қаншама қаһармандық оқиғалардың орын алғандығын, ол үшін талай рет батырларымыздың басын қатерге тіккендігі жайлы білеміз. Яғни, рәміздер соғыс және бейбіт уақытта, жалпы ұлттық мейрам кезіндеде әрқашан ұмыт қалған емес.
1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының рәміздері бекітілген күн болып тарихта қалды. 2007 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қол қойып бекіткен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы мемлекеттік рәміздерімізді пайдалану тәртібін нақты белгілеп берді. Мемлекетіміздің Елтаңбасы қазақ тіліне аударғанда, ол «таңба», «белгі», тіпті «мұра» деген мағына береді. Бұл термин ежелгі түркі қағанаты (551-630 жылдар) кезінен бастап қолданыла бастаған . Қазақстанның қазіргі таңдағы елтаңбасы үлкен еңбектің арқасында, екі сәулеткер Жандарбек Мәлібек пен Шота Уәлихановтың шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде дүниеге келді. Елтаңбадағы шаңырақ — өз ұлтымызға ғана тән сәтті таңдалынған нышан. Шаңырақ қай кезде де қазақ үшін отбасының берекесі мен тыныштығының белгісіндей қызмет атқарып келген. Ортасындағы түндіктен көгілдір аспан көрінеді. Барлық тарабына тең тараған уықтар — өмір мен жылулықтың бастауы. Керегедегі күлдіреуіштер болса, үш жүздің басын біріктіріп тұрған белгі. Елтаңбамыз еліміздегі барша халықтарды бір шаңырақтың астына шақырып, біздің ортақ үйіміз Қазақстанның мықты уықтарына айналуды үндейді. Елтаңбаның келесі композициялық құрылымының бөлшегі – алтын қанатты , мүйізі ай тәріздес тұлпарлар. Жалпы мемлекеттік рәміздерде ат бейнесін таңбалау тарихтан тамыр алады . Арғымақтың бейнесі геральдистер тілінде терең мағына мен мазмұнға ие. Ол дұшпанға қарсы шыққанда қорқыныштан ада арыстанды, сұңқардың самғауын, өгіздің күшін, бөкеннің шапшаңдығы мен икемділігін, түлкінің тапқырлығын білдіреді екен. Сонымен қатар, арғымақтардың қанаттары бидайдың буылған алтын сабақтары сияқты. Бұл да еңбекті, байлық пен берекені және материалдық табыстылықты білдіреді.
Біздің Туымызға көгілдір және алтын түс таңдалып алынған. Көгілдір түс біздің халықтардың бұлтсыз келешегіне, аспан ортақ дегенге ырымдалады. Туымыздағы бұл түс ынтымаққа, ауызбіршілікке, жаһандағы халықтар бірлігіне бастап тұр . Бірегей көгілдір түс тектен текке таңдалған жоқ. Ол аспан мен өмір нәрі — судың да түсі. Халықаралық ауқымда алып қарасақ, саясатта ашық көк түсті ту көтерген халық барынша сеніммен, түсіністікпен қабылданады және таза көгілдір түс біздің халықтарымыздың этно-мәдени бірлігін білдіреді әрі бір мезетте мемлекеттің тұтастығын меңзейді. Қысқа қайырғанда, тудың ортасындағы күн өмір бастауы мен қуаттылық. Көшпенділер уақытты күннің жылжуымен белгілеген. Бүркіт те біздің халқымыз үшін көкке самғаған киелі құс. Бұл – тәуелсіздіктің символы, самғап бара жатқан сұңқарды ешкім тоқтата алмайды. Бұл идея да егемендік алған жас мемлекетіміз әлемдік өркениеттің биігіне жетсін деген мақсатпен жүзеге асты. Біздің туымыздың шетіне алтын түспен қошқар мүйізді ою салынған. Жалпы, қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Қазақ ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны.
Кез келген халықтың тарихында заманында сол халыққа күш-қуат берген, рухын жанып, жігерін шыңдаған музыкалық шығармалары бар. Ол тарихтың белгілі бір уақытында сол жұрттың әнұранына айналған. Мұндай әндер қазақ халқында да көп. Соның бірі — жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні. Бұл ән жоңғар шапқынышылығынан зардап шегіп, қаңсыраған халықтың қайта ес жиып, күшеюіне әсер еткен, сол сияқты басқа асыл сезімдерді бойына жинаған керемет ән болды. Осындай бір екінші ән — «Менің Қазақстаным». Бұл шығарма Қазақстан КСРО құрамында болған тұста қазақтың намысын қайрау мақсатында өмірге келді. Ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық бірлестігінен туындаған «Менің Қазақстаным» шын мәнінде қазақ халқының рухын көтерген, келер күнге деген сенімін арқалаған бейресми әнұран болды. Ал заман талабына сай,
2006 жылғы қаңтардың 6-да Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілгеннен кейін , яғни қаңтардың 10-да «Менің Қазақстаным» ресми Әнұран болып бекітілді. Сөйтіп, бұл күн тарихқа еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде жазылды.
Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған Әнұранның сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор — еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет еліміздің маңызды конституциялық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» былай делінген: «Елімізде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке тұлға ретінде Қазақстан Республикасының Туын, Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Қазақстан Республикасының Әнұранын міндетті түрде құрметтеуі керек. Осы Жарлыққа сәйкес азаматтардың оны құрметтеуі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін әлемге әйгілеу және насихаттау шаралар жиынтығы негізінде тұрақты түрде жүзеге асырсын делінген.
Қорыта келе айтатыным, еліміздің ежелден аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиісті. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!