Шығарма: Көрікті де келбетті – Балқашым
Өмірбаев Ясин
2 сынып, № 15 орта мектебі
Балхаш қаласы
Жетекшісі: Cатыбалдина Г.Х.
Ерке толқыны жағаға ұрып, балығы тайдай тулағын, көкше көлдің теріскейіндегі шағын қаламыздың жетпіс жылдан астам тарихы бар. Осы жылдар ішінде талай тарихи оқиғаларды бастан кешкен Балқаш қаласы қазіргі таңда барша әлемге сары алтындай мысымен және орталық қазақстанның жауһары атанған – Балқаш көлімен де әйгілі.Жер шарындағы ішкі су қоймалары бар ең көне көл деп саналады. Қаламыздың тарихы жайлы ата-әжемнің аңыздарынан білемін. Тарих көшіне ілескен Балқаш қаласы Кеңес өкіметінің қарқынды бесжылдықтарының бастауында құрылып, ірі өндіріс орталықтарының біріне айналған. Балқаш өңірін игеру сонау 1928 жылы инженер, геолог И.П.Русаковтың басшылығымен Қоңырат тауларындағы геологиялық-барлау қызметінен бастау алған.
Көреген бабамыз Қараменде би айтқандай «Ойында балығы, қырында киігі» ұрпаққа азық болған қасиетті Балқаш өңірі тек қана өз еліміз емес Одақ көлеміне, шет елге өзінің даңқымен танымал.
Балқаш қаласы өзінің бай табиғи және минералдық қорларымен, өндіріс орындарымен ғасырлар қойнауына кететін тарихи дәстүрлерімен даңқты. Бірақ табиғаты қатал, сондықтан оның байлықтарын алу үшін табандылық және ерең еңбеккерлік қажет. Осының барлығы Балқашты игеруді бастаған адамдарда болды, бұл қасиеттер Қазақстанның осынау бір ғажайып та қайталанбас қаласында тұрып және еңбек етіп жатқан адамдар да бар. Балқашқа еңбегі сіңген еңбек ардагерлері, Балқаш қаласының құрметті азаматтары әрқашан біздің сынып сағаттарымыздың қадірлі қонақтары.
Көкше көлдің теріскейінде тербелген Балқаш қай уақытта болмасын еңбек бақытына бөленген жандар мен мыс бұлағын ағызған металлургтерге күш-қуат беріп келеді. Қазіргі күнде біз сол еңбек майталмандарымен мақтанамыз, шаттанамыз. Олар Көкше көлдің толқынымен кең тыныстап, қаламызды өркениет көшінен қалдырмай өркендеуіне сүбелі үлес қосқан түрлі мамандық иелері қаншама десеңші… Солардың арқасында қаламыз күн санап көркейе түскенін байқаймыз.
Балқаш бүгінде ұрпақтар ұясы аңыздер мекені, Балқаштың даңқын әлем таныды. Аталарымыз бен аналарымыздың жастығы өткен мекен. Бүгінгі ұрпақ біздер ырысты өлкенің тарихын қастерлеп , ескерткіштерді құрметтеу парызым деп білемін. Атланта олимпиадасының жеңімпазы, Баркер кубогінің иегері, боксшы В.Жиров Балқаш қаласының атын әлемге тағы бір қырынан танытты. Ұшқыш–космонавт В.Ланчаков, күміс көмей опера әншісі Э.Епонешникова, ҚазКСР-і еңбек сіңірген әртісі, шертпе күйдің шебері М.Хамзин, «КСРО Халық әртісі» К. Байсейтова және басқа өнер тарландары біздің мәңгі мақтанышымыз.
Балқаш – еңбеккер қала, достық қаласы, даңқтың қаласы. Туған жерім туралы кітаптарды көп оқимын, ендігі болашақтағы арманым сапалы білім мен саналы тәртіппен оқуымды аяқтап, туған жеріме қызмет етсем деп ойлаймын. Осындай көрікті қалада туғаныма мен қуанамын, өз өлкемнің тарихын мақтан етемін.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!